Өсімдіктерді қалай күту  керек?

Адилбекова Айжан

Білім беру саласы:  Таным

Білім беру бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы:  Өсімдіктерді қалай күту  керек?

Мақсаты:    Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру.Оларды қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекілігі:  Бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар,слайд.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті

түзетуші

 

 

 

 

 

 

 

         Балалардың назарын аудару

                  Шаттық  шеңбері

Гүлдей болып жайқаламын,

Күн нұрына бояламын.
Жапырағым желбіреп,
Таңмен бірге оянамын.
Көрік беріп далама,
Жүремін әркез қуана.

Ой қозғау

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын атайықшы?

-Қазір қандай ай?

-көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Жарайсыңдар,балалар

                  Жұмбақ жасыру

1.  Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын.

Қай жерде,қай дақыл,

Өнім берер бай дақыл,

Қарап бәрін жүретін,

Кім бәрін білетін.

2. Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады.

3. Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетедіалақанын жазып.

 

«Сыйқырлы себет» ойыны.

Мақсаты: Себеттен сипап сезіп,заттарды алу, аттарын атау.

(Гүлге суқұйғыш,сусепкіш,күрек,тырма)

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктерді  қалай күту керек?»

 

                 Ертегі тыңдау

Ертеде гүлдер патшалығы болыпты. Гүлдер өте әдемі,көздің жауын алады. Адамдар гүлдерді жақсы көреді. Олардың сұлулығы көңілді көтереді.гүлдер ауаны тазартады. Бірақ қыста олар өспейді, сосын адамдар көңілдері түсетін болады.Сондықтан олар гүлдерді үйде отырғызып, оны күтетін болады.Сөйтіп бөлме өсімдіктері пайда болады.

 

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Балалар табиғат 2-ге бөлінеді екен.

Жанды табиғит және жансыз табиғат

Жанды табиғатқа –ағаштар,шөп, гүл, өсімдіктер.

Жансыз табиғатқа- тас,құм,су,топырақ жатады.

Бөлме өсімдіктерін таныстыру

 Әйел бақыты      Алоэ            Фикус

Доллар гүлі      Қазтамақ       кактус

Слайд

Ойын: «Бөлме өсімдігін жапсыру және гүлдің суретін бояу»

Балалар түрлі-түсті қағаздан қиылған бөлме өсімдігін желіммен жапсырады және гүлді бояйды.

Сергіту сәті «Көңілді күн»

-Балалар гүлдер туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер кім біледі?

Зерттеу жұмысы

Ыдысқа гүл отырғызу.

Мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

2-3 баланы  шығарып, ыдысқа бөлме өсімдіктерін отырғызады.

Қорытынды:

-Қандай бөлме өсімдіктерін білесіңдер?

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Гүлдерді қалай күтеміз?

 

 

Шаттық шеңберін балалар бірге айтады

 

 

 

 

4 мезгіл бар

көктем

наурыз,сәуір,мамыр

сәрір айы

жылы

 

 

 

 

 

 

бағбан

 

 

гүл

 

гүл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар зейін қойып тыңдады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар топтық жұмыс жасады

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *