Ұлт кемеңгері-Ахмет

Ахмет Байтұрсынұлы қазақты рухани тәрбиелеп,менің ұлтым келешекте сауатты болсыншы деп, басқа біреудің жетегіне ермесінші деп , біліммен байытқан ұлтымыздың асыл ұстазы.С.Сейфуллин өз сөзінде Ахаңды “өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп , ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп ,өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен.А.Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл”-деп атап өткен.
Ол 1917 жылы құрылған Алаш автономиясының негізгі өкілі болып табылады.Өмірінің әр күнін қазақты тәуелсіз әрі білімді етуді армандаумен тер төгіп өткен.
Сол кездегі Ресей үкіметінің ақсақ жағын көрсетіп,қазақ халқын өнерге ,білім игеруге шақырып ,жалпыұлттық “Қазақ” газетін шығарып , онда бас редактор болған.
Алматы , Ташкент, Орынбор қалаларында қазақ тілі , әдебиет , тарих, әдебиеттану,мәдени тарих пәндерінен сабақтар берген.Ахмет қазақ әліппесін жазудағы еңбегін 1910 жылдан бастап қолға алып, араб таңбалары арқылы оны қазақ фонетикасына икемдеп,қазақ әліппесін ойлап тапқан.Ол әліппиді осы күні Қытай,Ауғанстан, Иран еліндегі түркітілдес 30 миллионға жуық халық қолданады.Қазақ тарихындағы 30-жылдарға дейінгі 200 мыңнан астам материалдар мен құжаттар дәл осы Ахмет Байтұрсынұлының әліппесінде сақтаулы тұр.Өзіңіз ойлап қараңызшы,бұл қаншама ұйқысыз өткен түн?Қазақтың ұлт ретінде болашағы бар екендігін осындай тұлғалардың біздің ұлтта болғандығынан анық көре аламыз.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *