н дыбысы Баламен жеке сабақ
Тақырыбы: «Н» дыбысы. Жеке сабақ
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, «н» дыбысының артикуляциясын үйрету, дыбысты дұрыс айтуға үйрету.
Керекті құралдар: заттық суреттер, сиқырлы шары бар үрлегіш, сергіту жаттығуы (бейнеролик), қызыл далап.
Баламен сәлем десу.
І. Шаттық шеңбері.
Көңілденіп күленіп,
Бақытты боп жүремін.
Бәрін біліп алатын,
Мен ақылды баламын.
-Жарайсың!
Логопед: -Айта қойшы, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қандай ай?
-Аптаның қай күні?
-Бүгін нешесі?
-Қазір қандай сабақ болады?
- Жаңа сабақ:
-Есік қағылатын сияқты, бұл кім болды екен? Бүгін бізге қонаққа қоян келіпті. Қолында ыдысы бар. Қанекей, қарап жіберейікші,
ыдысында не бар екен?
– Нан бар.
– Нанды бәріміз білеміз бе? Ол не, ол дастарханға қалай келеді?
– Ол қасиетті тағам.
– Дұрыс.
– Нанның жасалу жолдарын түсіндіріп, нан (суреттер арқылы) сөзін бірнеше рет айтқызып, қандай дыбыс естілетінін баладан сұрап, айтқызу.
– Н, н, н.
– Н дыбысы қалай айтылып тұр?
– Н дыбысы қысқа, тез айтылып тұр.
– Олай болса бұл қандай дыбыс?
– Дауыссыз дыбыс.
– Қандай түспен белгілейміз?
– Көк түспен белгілейміз
– Дұрыс. Біз бүгін дыбысымен танысамыз.
– Мына суреттерге назар аударайық.
– Нан, айна, қоян т. б сөздер
– Ендеше н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен.
Н н дыбысының артикуляциялық қалпымен таныс болайық. Айнамен жұмыс:
– «Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің үстіне тиеді,
– тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады.
– Н дыбысын айтқызу.
Тыныс алу жаттығуын орындайық.
- Қоянның алып келген ыдысында тағы не бар екен, қарайықшы. Шары бар үрлегіш екен. Бұл сиқырлы үрлегішпен қалай жұмыс жасау керектігін білеміз. Тыныс алу жаттығуын орындаймыз.
- Ол үшін мұрынмен терең тыныс алып, түтікшеге үреміз, сол кезде шарымыз жоғары көтерілуі керек. Қанекей, бірге орындайық.
Тіл ұстару жаттығулары:
-Тіл ұстарту жаттығуын орындайық. Менің айтқанымды мүдірмей қайтала.
На – на – на
Но – но – но
Ну – ну – ну
Ен – ен – ен
Ын – ын – ын
Он – он – он
Ан – ан – ан
Сергіту жаттығуы
-Балақай, аздап шаршаған шығарсың. Қазір біз сергіту жаттығуын орындап, бір сергіп алайық. Бізге көмекке компьютер керек. Бейнероликті қарап бірге орындаймыз.
Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бір қадам алға басамыз,
Алақанмен соқ-соқ.
Бір қадам артұа басамыз,
Аяқпенен топ-топ!
-Жарайсың, балақай!
Дидактикалық ойын:
-Қоянымыздың ыдысында не бар екен. Қандай тапсырма алып келген екен, қарайық. «Н» дыбысын дұрыс айту мақсатында келесі дидактикалық тапсырманы орындап жіберейік.
-Берілген заттық суреттерге қарайық. «Н» дыбысына басталатын сөздерді бір қатарға, «н» дыбысы жоқ сөздерді бір қатарға орналастырайық.
-Жарайсың! Бұл тапсырманы да өте жақсы орындадың! Енді көзімізге арналған жаттығуымызға кезек келді. Ол үшін компьютеріміздің көмегіне жүгінеміз. Видеороликті қарап, басымызды қозғамай, көзімізбен жұмыс жасаймыз.
-Қоянымыздың тағы бір тапсырмасы бар екен. Келесі тапсырмамызда екі бөлікті суреттер берілген. Екінші жартысын тауып, құрастырып, шыққан суреттерді дұрыс айтайық.
ІІІ. Қорытынды.-Жарайсың! Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстың. Қоянымыздың барлық тапсырмаларын мұқият орындадың. Қоянымыздың ыдысының түбінде тағы бір зат тығылып қалыпты. Қанекей, өзің алып көрші, бұл не екен?
-Төсбелгі. Бүгінгі жетістігің үшін төсбелгі ала келген екен. Рахметсаған, қоян! Сау бол!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718