Колоннада бір-бірден кезектесіп жүру мен жүгіру; гимнастикалық орындықта өрмелеу және одан секіру, допты нысанаға домалату. Қ. Ойын «Поезд»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№ 98 технологиялық картасы
Өткізген: Сулейменова Г.М.
Өткізу мерзімі:04.05.2021 ж.
Топтың жас ерекшелігі: №1 I кіші топ
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Колоннада бір-бірден кезектесіп жүру мен жүгіру; гимнастикалық орындықта өрмелеу және одан секіру, допты нысанаға домалату. Қ. Ойын «Поезд»
Міндеттері:
Б.М.: Колоннада бір-бірден жүруді және жүгіруді кезектестіруге үйрету. Гимнастикалық орындықпен өрмелеу, одан секіруге, допты нысаға лақтыруға үйрету;
Д.М.: Тепе-теңдік пен көз мөлшерін, сезімдерін дамыту;
Т.М.: Шыдамдылық, батылдық тәрбиесіне ықпал ету.
Қызмет кезеңі | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың
іс – әрекеті |
Мотивациялық-
қозғаушы |
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.
Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру. Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру. |
Жаттығу жасауға кіріседі
|
Ұйымдастырушы-
ізденуші |
-Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.
-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.Жаттығуларды атайды.
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді. Жаттығулар 3-4 рет жасалады
Негізгі қимыл түрлері 1.Тізені жоғары көтеріп жүру
2.Ирелеңдеген жол бойынша жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м)
3. .Қақпа арқылы доп домалату (көлемі 50 см, 1,5 м).
Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау. Қозғалмалы жарыс ойыны: 1.«Поезд» -Балаларға ойынды аяқтап саптізбекке тұруға нұсқау береді -Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады). Негізгі қимылдарды біледі. |
–Балалар шеңбер бойымен қол мен аяқтың қимылын үйлестіре, тізені жоғары көтеріп жүреді.
– Балалар саптізбекте тұрып ирелеңдеген жолмен жүреді.Жаттығуды 3-4 рет қайталап жасайды -Алдыңғы жасаған жаттығуларды бекітіп, доғаның астынан жүру жаттығуларын жалғастырады. -Балалар қақпаға доп домалату жаттығуларын орындайды.
-Балалар екі топқа бөлініп ойнайды. Екі топтан кезек-кезек қақпаға доп соғып жарысады. Қай топ қақпаға допты көп тигізеді сол жеңіске жетеді.
|
Рефлексивті-
түзетуші |
-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?
-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру. – Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады. Балаларға рахмет айтып қоштасу |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу – сұрақтарға жауап береді:
Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту -(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтар жинайды) Қоштасу |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тізені жоғары көтеріп жүруді біледі;
Игереді: Ирелеңдеген жол бойынша жүруді игереді;
Меңгереді: Тұрақты теп-теңдікті сақтауды біледі.
Тексерді:
Ескерту:
Педагогикалық қолдауын мұқтаж болған балалар: