Кешіре білуді үйренеміз

Түркістан облысы

Арыс қаласы

С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Машрапова Бакытжан Аушамановна

 

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары                                             Мектеп C.СейфуллинМерзім 28.01.2020ж МұғалімМашрапова Б                       Сынып 2«А» Оқушылар саны23
Тақырып №19 Кешіре білуді үйренеміз Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер:мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік.

Мақсаты:Оқушыларғакешіре білу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-кешірімді болу,кешіре білу, кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

-мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік қасиеттерін дамыту;

-мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар дерек көздер)

Стикерлер түрлі қағаз суреттер

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»(Баяу әуенмен).

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Ыңғайланып отырыңыздар , денелеріңізді түзу ұстаңыздар .Аяқ –қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға сөз бен әсем әуенді ғана көреді.Нұр бірте –бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңзге, достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.

Үй тапсырмасын тексеру:Шіріген картоп.Өсиет әңгіме. Тапсырманы «Хикаят» картасы әдісімен сұрау.4-топқа суреттер беріледі. Суреттерді сөйлетеді.

1.Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?

2.Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

3.Өкпе-реніш неліктен сасыған картопқа ұқсайды?

4.Сендер өкпе-ренішті қалай жеңесіңдер?

5.Өздерің өкпелегенде кешіре білесіңдер ме?

Ескерту:

5Т-ны сақтау керектігін еске түсіру.

(Тәртіп,Талап,Тазалық,Тыныштық,Татулық)Өткен сабақпен байланыстыру

3  Дәйексөз:

    «Кешіре білген адам-күшті адам»
Нақыл сөз

Дәйексөздің мағынасын түсіндіру бірге қайталау.

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2.Барлық оқушылар қайталайды?

3.Дәптерге жазу?

Қорытынды

Кешірімді болу-айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.

 
 4.Бірге оқимыз

Шіріген картоп

Өсиет әңгіме

Баяғы заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында түсініспеушілік туып, отбасынан  береке-бірлік кетеді.

Олардың бұл әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып, былай деді:

-Балаларым, сендерге менің бір тілегім бар: дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп, жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарғак жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсаңдар да, тұрсаңдар да, жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.

Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды.Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды.Айналадағы адамдар да оларға бір түрлі қарайтын болды.Балаларға сасыған ауыр жүкті арқалап жүру азап болады.Олар өзара ақылдасып әкесіне келеді:

-Әке, мына тапсырмаңызды енді одан әрі орындай алмаймыз. Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып, шіріп барады. Адамадар да  бізге жиіркенішпен қарайтын болды. Әке сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік,-дейді.

Әкесі:

-Балаларым, мен бұл тапсырманы берген себебім: сендердің бір-біріңе, айнала қоршаған ортаға өкпе-реніштерің осы картоп сияқты екенін түсіндіргім келіп еді. Тек қана салмақ салып қоймай, оны бүлдіреді. Ал бүлінген, ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды, әркез осы шіріген картоп сияқты болады.

Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе-реніштің зиянын ұғынып, әркез кешірімді болып, кешірімділіктің  күшін түсініп, тату-тәтті ғұмыр кешіпті деседі.

Түрлі суреттер,стикерлер
(мұғалім сыйы)

«Кешіре білу» бейнеролик

 

 

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. «Ашық микрафон» әдісі

1-топ. Зерттеуші тілші

Тәулік бойы кешірімділік жайлы орын алған оқиғалар туралы  хабарлайды.

2-топ. Теледидар жүргізушісі

Кешірімділік жайлы оқиға орнынан жиынтық ақпараттар ұсынады.

3-топ. Сұхбат алушы тілші.

Әлемдегі барлық адамдар кешірімді болсма онда….

4-топ. Сахналық көрініс. «Отбасы татулығы»

Қазақтың ұлттық ойындары: Орамал тастау, Асық ату, Алтыбақан, Арқан тартыс. Мәлімет бере отырып  топтық жұмыс жасау.

Жаңаны білеміз

Адам кешірімді болып, кешіре білуге үйренгенде  өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзімен және өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді.

Кешірімді болу-айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.

Цитуациялық сұрақтар:

1.Сыныпқа кешігіп келсең, мұғалімге қандай жауап айтасың?

2.Байқаусызда біреуді қағып кетсеңіз не деу керек?

3.Телефонға біреуді шақырғанда алдымен не деген жөн?

4.Мектептен қайтарда немесе қонақтан  кетерде не деп айту керек?

Топпен ән айту

Әрқашан күн сөнбесін

Сөзін жазға: Л.Ошанин

Әнін жазған:А.Островский

Аударған:І.Мәмбетов, Қ.Ыдырысов

1.Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл суретті жас баланың.

Ақ қағазға салған өзі,

Жазылған бар сөзі.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін,

Қасымда болсын мамам,

Болайын менде аман.

 

2.Айрылмас дос,айнымас дос,

Бейбіт өмір керек елге.

Отыз беске біз келсек те,

Тұрар жүрек сөз есте.

 

3.Анда солдат, мында солдат,

Қалдық оқтан шышынады.

Сұм соғысты, қан төгісті,

Болдырмаймыз ешқашан.

 
Үй тапсырмасы. 20 сабақ .Өткел.Иван Василенко. 2-тапсырманы аяқтау  
Қорытындылау. Мен сіздерден кешірім өтінемін! Өлеңін тыңдау.

Кешіре білудің жолдары:

1.Қателікті мойындау;

2.Татуласуға бірнінші қадам жасау;

3.Кішіпейіл болу;

4.Өзара түсінісуі;

5.­Өкпе-ренішті ұмыта білу;

Оқушылар кері байланыс жасайды.Стикерлерді өмір ағашына жапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *