Сызба мен технология әлеміндемін!
«СЫЗБА МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ӘЛЕМІНДЕМІН! атты сайыс жүрісі:
1 ЖҮРГІЗУШІ:
Саламатсыздарма құрметті ұстаздар мен студентер ! «Сызба мен технология әлеміндемін! атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымызда Сызу мен технология пәнінен меңгерген білімдеріне саяхаттап,өз деңгейлерін саралайды.Сызба – ол халықаралық тіл. Сызбаның адам өмірінде атқаратын ролі ерекше.Кез-келген сызбаны орындау, сызбаның тілін жетік меңгеру,қазіргі білім берудің заманауи сұранысы болғандықтан,болашақ мамандардың жетік меңгергені абзал.
Сайыстың мақсаты
2 ЖҮРГІЗУШІ:
Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуымыздың қарқындауына байланысты ғылым мен техниканы жетік меңгерткен заман.
Арнайы технология – құрылыс өндірісінде құрылым индустрия деңгейін дамыту мен арыттыру негізінде бұйымдарды, құрылымдарды жасау жөнінде және оларды дайын құрылыс өніміне – үймәреттер мен ғимараттарға айналдыру процестерінің жиынтығы және техниканы пайдалануды, құрылыс аландарында жүзеге асырылатын өндірістік процестерді ұйымдастыруы және эконимика саласындағы білім жиынтығы.Арнайы технология пәні мен сызу пәні бірлескен түрде алған білімдерін қорыта келе, сайыс сабақ түрінде өткізгелі отырмыз.
1 ЖҮРГІЗУШІ: Сайысымыздың әділ-қазылыар алқасы мүшелерімен танысып алайық.
Директордың оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Лапиденова Маржан Сисекенова
Директордың ғылыми оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Искалиева Асия Сағитжановна
Колледж әдіскері Сқақова Акмарал Дайрабековна
Құрылыс техникалық пәндер цикл төрайымы Суйесинова Айгуль Есенкуловна
Арнайы пән оқытушысы Джайтлеуова Бактылы Сиденовна
Арнайы пән оқытушысы Камиева Алима Едилбаевна
2 ЖҮРГІЗУШІ: Сайысымызға 2с1,2с2 оқу тобынынан студенттерінің қатысуымен құралады.
2 с 1 оқу тобы «Заманауи қарындаштар»
2 с 2 оқу тобы «Құрылыстағы деңей өлшеуіштер» тобы
1 ЖҮРГІЗУШІ:
Ендеше сайысымыздың жүру барысымен таныстырып өтейін.
2 ЖҮРГІЗУШІ:
Құрметті ұстаздар мен көпшіл қауым,
Биік қойған сайыста бүгін құрылысшылар арын !
Таныстырумен бастайық сайысымызды
Қатал сынға түсетін әр қадамың!
1- кезең «Таныстыру»
1.Бұл кезеңде топтар өздері туралы ақпарат беріп, тобын таныстырады.
2.Топтың ұраны мен эмбемаларын таныстырады.
Ұпай сандарын беріп отырыңыздар.
1 ЖҮРГІЗУШІ:
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», – деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепілі.
2-кезең «Білім – таусылмайтын кен»
1.Топ сайыскерлері «Сызу мен технология » пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру.
Ұпай сандарын беріп отырыңыздар.
2 ЖҮРГІЗУШІ:
Үдере көшкен уығын сындырады,
Жұмыла жұмыс істеген,
Жұмысты тындырады,
3- кезеңіміз «Жұмыс алаңындағы жылдамдық»
а) Сызба қағазына негізгі жазуды орындау.
б) Шартты элементтерге түсінік беру.
Ұпай сандарын беріп отырыңыздар.
1 ЖҮРГІЗУШІ:
Елден алғыс алатын
Өскен кезде ер болам.
Сәнді үйлер салатын
Құрылысшы мен болам.
4-кезең «Озық – құрылысшылар»
а) Сызбада жетіспейтін элементтерді толтыру.
б) Құрылыс технологиясына саяхат.(Құрылысқа пайдаланатын құрал саймандардың атқаратын ролі.)
Ұпай сандарын беріп отырыңыздар
2 ЖҮРГІЗУШІ:
5- кезең «Тығырықтан шыға біл!» Қаңқалық –қаптаушы тақтайшалармен
берілген тапсырманы орындау.
а) Қаңқалық –қаптаушы тақтайшаларға сызба сызу,оны ою.
б) Қаңқалық –қаптаушы тақтайшалар туралы мәлімет беру.
Ұпай сандарын беріп отырыңыздар
1 ЖҮРГІЗУШІ:
Ақыл мен білім арманыңды іске асырады –деп қазақ халқы жырлағандай
6- кезең « Мамандық – біздің жетістігіміз»
Бұл кезеңде сайыскерлер шығармашылық жұмыстарының сызбасын мен технологиялық ерекшеліктерін айта отырып,қорғайды.
Ұпай сандарын беріп отырыңыздар.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл сайыста әр топ өз белсенділігімен көзге түсті.Сызу мен технология пәндерінің туыстас екенін сіздер жақсы білесіздер.
Өз мамандықтарыныздың шыңдалған шеберлері аталуларыңызға тілектеспін!
ІІІ.Қортынды сөз әділ-қазылыар алқасына беріледі.