Студенттік өмір

Өмірдегі ең қызық кезең меніңше «Студенттік өмір»!                                                 Бірінші курс «балмұздақ» атанып,үлкен оқу орнын қызықтап, мұғалімді көріп арыстанды көрген қояндай қорқып, жан жаққа жалтақтап жүретін кездер деп жатады бірақ біздің топ үшін МБ-17-1 тобы үшін қоян болатындай қорқатын себеп болмады, тапсырмаларды барлық мұғалімдердің көңілінен шығатындай етіп орындап жүрдік. Кураторымыз сол 2017 жылы жұмысқа жаңадан тұрып жатырған жас маман болды. Қәзіргі таңда декреттік демалыста. Есімі – Сайлаубай Айдана Ықыласқызы. 2018 жылы мамыр айының үшінші жұлдызында кураторымыз өзгерді. Көп топтың қорқынышына айналған, «арыстандай» атағына ие болған, талапшыл, әрқашан шындықты айтып, шындықты сүйетін, еңбекқор, бір сөзбен айтқанда колледждің ең мықты мұғалімдерінің бірі бізге куратор болады дегенде, қатты қуанғандар көп болды. Себебі тобымыздағы үздік студенттер қатал мұғалім ғана тың істер мен биік білімге жетелейді деп, ал біршама студенттер біздегі авторитет көтеріледі деп бір әзілдеп алған еді.

Екінші курс, университет қабырғасында бой үйреніп, сынақ кітапшасын тоқсанға толтырып, мәз болып жүретін кездеріміз. Бізде үздіктер саны төртеу болды, негізі біздің топта ылғи үшке оқитын студенттер болмады, бір студентіміз жан қалауымен педколледжден медколледжге ауысты. Ерболатова Светлана бір сөзінде: «Мені адамның миын емдеген емес, жанын емдеген көбірек шабыттандырады» дейтін. Бірақ қәзірге дейін бір топта оқитын студенттер сияқты араласамыз.

Үшінші курс, білім алудан білім беруге көбірек бейімделетін кезең, себебі практика кезеңі, бұрынғы мектептің иісі мен шуы енді басқаша сезіледі. Себебі сен онда оқушы болып емес, мұғалімді ауыстыратын машықкер ретінде барасың. Мектепке барып мұғаліммен құрбы құрдасша сөйлесіп жақсы балды қоржынға салып жүретін тәтті кезең.

Төртінші курс, практика, диплом деген екі сөзді көп қайталай беретін, төрт жыл төрт секундтай өткенін еске түсіріп, сағынышпен,үлкен өмірге аяқ басатын кезең… Бірақ еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қәзір оқу онлайн форматта. Бір-бірімізді  іздеп тұрамыз, қимастық бар…
Қызығы мен қоса шыжығы да қатар жүретін бұл кезеңде талай жастар болашақ өмірін айқындады, өмірлік жарын және достарын тапты! Біреулері үшін бұл уақыт алтыннан қымбат, күні түні кітаптан көз алмай, білім алу, оқу, болашағымды жасайтын өзім деп бір минутын құр жібермейтін жастар да бар (бұндайларды «оқымысты» деп шеттетуі мүмкін кейбірлері)… Біреулер үшін бұл уақыт бойда бар талантын ашуға көмек береді… Біреулері студенттік қоғамдық өмірге белсене араласу арқылы өзіне тәжірибе жинайды,  бір студент сөйлеуді үйренеді, біреулерін мүлдем түсіну қиын, сабақтан қалмайды, сабақ айтпайды не тобымен араласпайды…
Студенттік өмір туралы айта берсе том том кітап шығады! Сол кітапты оқыған кезде қызықты, айтып берерге тұрарлықтай қылу ол әрбір жазушының, ашығын айтқа студенттің қолында!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *