Моншақ құрастыру таным саласы

Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Моншақ
Мақсаты: Ермексазды уқалап, алақан арасына салып домалату арқылы моншақтар жасау дағдыларын және оларды орындау реттілігін қалыптастыру. Бірдей бөлікке бөлінген шеңберлердегі сандарды реттілігімен бауға өткізіп , шамасы бойынша моншақты құрастыруға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін, ұсақ қол маторикасын дамыту. Сұлулықты, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: ермексаз,тақтайша, бау,жіп, тәрелке,қиынды суреттер, сіріңке, сандар.
Көрнекілігі: Моншақтың суреттері, әр түрлі моншақтар, слайд, үлгі суреттер
Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын технологиясы, ақпараттық технология, Step by step технологиясы.
Биленгвалды компонент: Моншақ – бусы.
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы Саламатсыңдар ма?
Здраствуйте?
Good moning?
-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс айларын ата.
— Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар назарымызды теледидарға аударайық.
Сурет көрсету. (әшекей бұйымдар). Мына суреттердің барлығы әшекей бұйымдар деп аталады.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін тауып көресіңдер ме?
1.Қолға көрік береді
Жалт-жұлт етеді.
2. Сыңғыр- сыңғыр етеді
Құлаққа ілсе әдемі болып кетеді
Жылтырайды мойнымда,
Жылтырайды қолымда
Ол не? Амандасады.

Балалар шеңберге тұрып сұрақтарға жауап береді.

Сақина

Сырға

Моншақ.
Ұйымдастыру кезеңі Олай болса бүгінгі біздің құрастырудан өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы моншақтар деп аталады.
Моншақты түрлерін көрсету.
Моншақ дегеніміз мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі – түсті, пішіні әр түрлі болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. Моншақтың ортасы тесік болады. Моншақ деген сөз көне түркі тілінде мойынға байлау деген мағынаны береді.
Балалар менің үстелімнің үстінде үш түсті моншақтардың суреттері бар. Барлығымыз қалған түсті моншақтың суретін бір- бірден алып, сол бойынша партаға отырамыз.
Балалар жұмысымызды бастамас бұрын әр топ не істеуіміз керек екенін түсініп аламыз.
Түсіндіру.
1.Қызыл түсті моншақтың суретін таңдаған балалар таяқшада қиылған моншақтың суреттерін құрастырады.
2. Көк түсті моншақтың суретін таңдаған балалар ермексазды кішкене бөлшектерге бөліп алып, алақанның арасына салып домалатып, сіріңкенің талшығымен тесік жасап жилькаға өткізеді.
3. Сары түсті моншақтың суретін таңдаған балалар домалақталған пішіндегі сандарды рет – ретімен баудан өткізеді.
Қауіпсіздік ережесі.
Балалар моншақты, ермексазды мұрынға, ауызға, құлаққа салуға және сіріңкені бір- бірімізге сермеуге болмайды.
Көрсету. Әр топқа бір- біреуден жасап көрсету.
Балалар өздері жасайды.
Биленгвалды компонент: моншақ- бусы
Сергіту сәті:
Сыңғыр-сыңғыр моншақтар,
Құлағында сырғалар,
Оң қолында білезік.
Сол қолында білезік
Саусақтарда сақина,
Санап көрші, кәнеки
1,2,3…..1,2,3,
Орындарын ауыстыру.

Балалар мұқият тыңдап, түсінеді.

Қауіпсіздік ережесін мұқият тыңдап, есте сақтайды.

Биленгвалды компонентті қайталап айтады.

Сергіту жаттығуын қимылмен жасайды.

Рефлексивтік түзетушілік Балалар шеңбер бойымен тұрып кім қай топта моншақты неден құрастырғандарын айтады. Қыздар моншақ туралы тақпақтарын айтады.
Назым
Моншақтарды алайық
Мойнымызға тағайық
Дөңгелене би билеп
Көңілденіп алайық.
Жәния
Балқытып ол күмісті
Сапырады судайын
Білезік пен алқаны
Сақинаны, сырғаны
Күміс сымнан тартады.
Расул. Апай қыздарға топтың ұлдарының арнаған сыйлықтары бар.
(қыздарға моншақ тарату)
Мадақтау.
Балалар қандай топта моншақты неден жасағандарын айтады.

Тақпақтарын айтады.

Ұлдар қыздарға моншақ таратады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *