Білім сапасы – мұғалім ізденісінде
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — ұстаз. Ұстаз – балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі,білімді,мәдениетті болуына ықпалын тигізеді.Тәлім-тәрбие бе-ріп,баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де,осы – ұстаз.Ұстаз деген сөзге лайық болу үшін,білімді,шығармашыл болу қажет.Ол үшін,әрқашан біліктілігін арттырып, үнемі тынбайеңбек етіп отыру қажет.Сол мақсатпен мен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі Бағдарламасының Үшінші деңгей курсына біліктілігімді арттыру үшін келдім. Бұл курсқа келген мақсатым: Кембридж бағдарламасындағы оқытудың сындарлы теориясын меңгеру. Міне,осы қағидаларды – мен Үшінші деңгей бағдарламасына үш айлық курсқа келгенімде оқып үйрендім. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқытатын пәнді терең түсіну, сол алған білімдерін кез-келген жерде тиімді,ұтымды пайдалана білу керек. Оқыту екі жақты үдеріс,онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді,яғни бұл сабақ беру үдерісі.Осы модульдерді сабақтарда пайдалану – оқу мен оқыту барысында білім сапаның көтерілуіне зор ықпалын беретін де ұстаз.Білім сапаны көтеру, тек мұғалім мен оқушының қолында.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім мамандығы -ауыр мамандық. Ол адамнан тек аса жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар рухани күш пен табандылықты және батылдықты да талап етеді. Мұғалім ұстаным, көзқарас, шешім, іс-әрекетқағидаларын орындаса,оқушыларының алдында өз беделін жоғалтпайды деп ойлаймын. Мен болмасам, сіз барсыз, үміт еткен ұрпағым», – деп Ы.Алтынсарин атамыз нық сеніммен айтып өткендей болашақ ұрпағымыз білімді,көзіашық,шығармашыл болу үшін,тынбай білім алып,тынбай еңбектену керек. Сондықтан ұрпағымыз ұқыпты болса,болашағымыз жарқын болады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей әрқашан талмай еңбек етуден жалықпайық.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718