«Рымбек Байсейітовтің отбасы, жастық шағы туралы»

Тақырыбы:  «Рымбек Байсейітовтің отбасы, жастық шағы туралы»

Мақсаты: Студенттерге Р.С.Байсейітовтың ғылыми еңбектері туралы, ерліктері туралы мағлұмат беру. Р.С Байсейітовтың атын алып жүрген оқу орнына мақтаныштық, патриоттық сезімін ояту. Ойлап, талдау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Презентация

Топ сағатының өткізілу уақыты: 08.10.2020

          Қатысушылар: 20AJ-2 топ студенттері

Өткізілу уақыты: 30 минут

Тәрбие сағатының барысы:

Қазақстан  Республикасына  Еңбегі  Сіңген  экономист,«Халықтар  достығы» орденінің, «Құрмет  белгісі» орденінің, «Ұлы  Отан  соғысының   Бірінші және  Екінші  дәрежелі» ордендерінің, иегері, Қаржы  жұмысының  үздігі, дарынды  түлектердің  бірі, ұлағатты, сом  тұлға – Рымбек  Сымақұлы  Байсейітовтың  бүгінде  ізгі  істері сонау 1931 жылдан бері елімізге 25 мыңға жуық қаржы мамандарын даярлап келе жатқан Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі  ұрпақтарының  жүрегінде  жаттаулы, естерінде  сақтаулы.

Рымбек  Сымақұлы 1949-жылы техникумды жедел  түрде  салық мамандығы  бойынша бітірді. Бұған  дейін  1942жылдары  Отанын  қорғауға  соғысқа  аттанды. Ұлы  Лука  жерінде  соғысты.

Аталған  жерді  жау  қоршауынан  босатқандағы  ерлігі  үшін  «Қызыл  Армия  үздігі» деген  медальмен  марапатталды.

Рымбек Сымақұлы  соғыста  жаудың 3  танкісін  бірден  құртқаны  үшін  «Совет  Одағының  Батыры» атағына  ұсынылған.

Р.С.Байсейітов 1922 жылғы 8 қазанда Семей облысының Абралы ауданындағы Қайнар ауылында туды. Еңбек жолын 1939 жылы совхоз есепшісі болып бастады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап аяғына дейін Калинин және 1-ші Балтық бойы майдандарында шайқасты. 1943 жылы КОКП (Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы) мүшелігіне өтті.

Соғыстан кейінгі жылдары Р.С.Байсейітов Семейдің қаржы органдарында: учаскелік инспектор, аға инспектор, аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің аға бухгалтері, облыстық қаржы басқармасында бөлім бастығы болып істеді. 1951 жылы ол Қазақ КСР қаржы министрлігінің салық, алым және дайындау басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін осы басқарма бастығы, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1956 жылы Бүкілодақтық сырттай қаржы институтын бітірді.

1961 жылдан – Қазақ КСР қаржы министрінің бірінші орынбасары. 1973 жылы республика Министрлер Кеңесінің Баға жөніндегі мемлекеттік комитетінің төралығына бекітіледі. 1974 жылдан бастап зейнет демалысына кеткенге дейін  Р.С. Байсейітов Қаржы КСР қаржы министрі болды. Рымбек СымақұлыБайсейітов зор ұйымдастырушылық қабілет, экономика саласындағы терең де жан-жақты білім иесі болатын. Ол Қазақ КСР қаржы жүйесінің қалыптасуына, халық шаруашылығының салалары мен мәдениетті, ғылым мен ағарту ісің, республиканың өндіргіш күштерін дамытуды қаржымен қамтамасыз етуге айтулы үлес қосты.

Отан алдындағы еңбегі үшін Р.С. Байсейітов екі мәрте Еңбек қызыл Ту орденімен,  II дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, КСРО медальдарымен марапатталған. Ол бірнеше рет Қазақ КСР Жоғары Кенесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды.

1991 жылғы 2 тамызда одақтастық  дәрежедегі дербес зейнеткер, республиканың еңбек сіңірген эконономисі, Қазақ КСР – інің бұрынғы қаржы министрі. Рымбек Сымақұлы Байсейітов 69 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

Еңбек жолы:

Уақыты Қызметі
1939ж. қыркүйек – 1941ж. желтоқсан Семей облысы Ленин атындағы совхозда есепші.
1941ж. желтоқсан –  1945ж. қараша Ұлы Отан соғысына қатысқан, зеңбірек, взвод командирі, аға сержант.
1946ж. ақпан – 1947ж. маусым Жаңа Семей қаласы қалалық Ұн комбинатында қабылдаушы.
1947ж. шілде – 1948ж. қыркүйек Семей қаласы Калинин аудандық қаржы бөлімінде инспектор, аға инспектор.
1948ж. қыркүйек – 1951ж. наурыз Семей облыстық қаржы бөлімінде аға инспектор, салық және алымдар бөлімінің бастығы.
1951ж. наурыз – 1952ж. ақпан Қазақ КСР Қаржы министрлігі салық және алымдар басқармасы бастығының орынбасары.
1952ж. ақпан – 1952ж. желтоқсан Қазақ КСР Қаржы министрінің көмекшісі.
1952ж. желтоқсан – 1958ж. мамыр Қазақ КСР Қаржы министрлігі салық және алымдар басқармасының бастығы, салық және дайындау басқармасының бастығы.
1958ж. мамыр – 1961ж. қыркүйек Қазақ КСР Қаржы министрлігі Мемелекеттік кіріс басқармасының бастығы.
1961ж. қыркүйек – 1973ж. ақпан Қазақ КСР Қаржы министрінің бірінші орынбасары.
1973ж. ақпан – 1974ж. тамыз Қазақ КСР Баға жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.
1974ж. тамыз – 1984ж. желтоқсан Қазақ КСР Қаржы министрі.
1943 жылы КОКП мүшесі.
1948ж. – 1949ж. Семей қаржы-экономикалық техникумында жеделдетіп оқыды.
1950ж. – 1956ж. Бүкілодақтық қаржы институтында сырттай оқыды.

 

 

Рымбек  Сымақұлының  қарапайым  салықшыдан  қаржы  министрлігіне  дейін  көтерілуінің  өзі  ерлік,  болашақ  қаржыгерлерге  нағыз  үлгі  боларлық  мұра  дерсіз.

Рымбек  Сымақұлы Қазақстанның  экономикасын  көтеруде  талмай  еңбек  етті. Бірнеше  ғылыми  еңбектер  жазды. Осындай  ерен  еңбегінің  нәтижесін  1974-1985  жылдарға  дейін  Қазақстан  Республикасының  Қаржы  министрі  болуы  дәлелдейді. Бүкіл  ғұмырын  елінің  гүлденуіне, болашақтың  қамына  жұмсады. Көрнекті экономист, азаматтық парызға адал, жаны жайсақ жан Рымбек СымақұлыБайсейітовтың жарқын бейнесі жүрегімізде әрдайым сақталады.

Бүгінде  колледждің  барлық  оқу-тәрбие  жұмысы  Рымбек  Смақұлының  есіміне  бағытталады. Осы  негізде  1996  жылы  колледж  директоры болған,  экономика  ғылымдарының  кандидаты, «Ерен  еңбегі  үшін»  медалінің, Алтынсарин  атындағы  медальдің  иегері, «Педагог-зерттеуші», «Құрметті  профессор»  атағының  иегері  Түсіпбеков  Тілеуғали  Темірғалиұлының  ұйғарымымен  Байсеитов  Шыңын  Бағындырушылар  мектебі  ашылды. Бұл  мектептің  мақсаты: дарынды  студенттердің шығармашылық  деңгейлерін  кәсіби  тұрғыда  оқу-тәрбие  үрдісі  арқылы  шыңдау.

Байсейітов шыңын бағындырушылар мектебінің міндеті -Р.С.Байсейітовтің  өмірлік  және кәсіптік  жолдарын, сондай-ақ Қазақстан  мемлекеттілігінің  қалыптасу  тарихын, ұлы  тұлғалардың  өмір  баяндарын, өткендегі  және қазіргі  кездегі  ерлік  беттерін  терең  зерделеу  арқылы  қазақстандық  патротизмді   қалыптастыру.Елімізді демократиялық және еркін, экономикасы гүлденген мемлекет етуде жастарға нағыз патриоттық  тәрбие беру. Сонымен қатар, Конституциялық міндеттерді орындауға, Отанына деген адалдық қасиеттерін жастар бойында қалыптастыру және насихаттау. Бұл мақсаттарға жету үшін патриоттық тәрбиенің  жүйелі  жүгізілуін мектеп арқылы қамтамасыз ету, патриоттық тәрбиенің нормативтік-құққтық, ұйымдастырушылық-әдістемелік жақтарын  мектеп  тыңдаушылары  арқылы мейлінше орнықтыру.

Қазақстан  Республикасының  Қаржы  министрі  Р.С.Байсеитовтің  кәсіби  қызметтерінің  негізгі  кезеңдерімен, егеменді  Қазақстанның  экономикалық, саяси, әлеуметтік  және  рухани  қалыптасуы  мен  дамуына  қосқан  үлесімен, еліміздің  әлемдік  қоғамдастықта  позитивті   имиджін  жасаудағы  рөлімен  мектеп тыңдаушыларын  және барлық студенттерді  таныстыруда  жүйелі,  терең жұмыс жүргізіліп келеді.

Осы тұрғыда  студенттермен  жүзеге  асырылған  іргелі  нәтижелер  негізінде  колледжде  Қазақстан  Республикасының  Қаржы министрі, колледж  түлегі  Рымбек  Байсейітов өнегесінде  колледжде  1996 жылдан бастап Байсейіов Шыңын Бағындырушылар  мектебі нәтижелі, қарқынды жұмысын жүргізіп отыр.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *