Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану Мектеп: Ақтөбе қаласы, №34 ОМ
Күні: 29.01.2020 Мұғалімнің аты-жөні: Сагынбаева Г.М
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.1.14

ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;

5.1.2.25

бөлшектерді бір  жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру.

Сабақ

мақсаттары

Білім,іскерлік, дағдылар жиынын өз бетімен қолдана алу дағдыларын меңгеру, оларды жаңа жағдайларға тасымалдануын жүзеге асыру. Мәселелік тапсырма бойынша өз бетімен және топта жұмыс жасау арқылы оқушылар ондық бөлшекті жай бөлшекке ауыстыруды үйренеді, бөліміндегі разрядтық бірліктері 10, 100, 1000- нан және т.с.с өзгеше болатын жай бөлшектерді ондық бөлшектерге ауыстыру дағдыларын бекітеді, жазбасының соңында нөлдері бар ондық бөлшектердің қасиеттерін шығарады, қай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ал қайсысын ауыстыруға болмайтынын түсіндіру шеберлігі арқылы айтылым дағдысын қалыптастырады
Сабақ типі Аралас
Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

–  ондық бөлшектерді жай бөлшектерге аударады;

–  алынған жай бөлшектерді, мүмкіндігінше, қысқарту қажеттілігін түсінеді;

–  ондық бөлшектермен амалдарды орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке аударуды қолданады

Тілдік

 мақсаттар

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай аудару керектігін ұғынады және түсінеді

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы

Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ……… қажет

Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады.

Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …)

Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін…. қажет

Құндылықтарды дарыту Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық

байланыстар

Ондық бөлшектерді оқуды және ондық бөлшектері бар өрнектерді қолданып, айтылымды дамыту арқылы қазақ тілі пәнімен пәнаралқ байланыс жүзеге асады.

Сабақтағы пәнаралық интеграция ағылшын тілінде ондық бөлшектерді оқу арқылы, түрлі әрекеттер бойынша іске асырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

интерактивті тақта
Бастапқы білім Жай бөлшектер, дұрыс\бұрыс бөлшектер, бөлу және бөлшек байланысы, , бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың және ондық бөлшектердің разрядтары
Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық аспектісі Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын  дамыту;

Өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

 

10 минут

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Тақтаға орналасқан «Көңіл-күй» ағашынан өздеріне ұнаған смайликтерді таңдайды. Смайликтердің артындағы есептерді шығарады. Есеп жауаптары бойынша топқа бөлінеді.

1)      «Ондық» үлес   2)«Жүздік» үлес   3)«Мыңдық» үлес

Білімді қайталау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Ондық бөлшектің жазбасында қай разрядтардың арасына үтір қойылады?

2) Үтір алдында жазылған сан нені білдіреді?

3) Үтірден кейінгі жазылған сан нені білдіреді?

4) Үтірден кейін қанша сан болатынын қалай анықтауға болады?

5) Бөлімі 1000 болса, үтінден кейін қанша сан болады?

 

 

Тал бейнесі, смайликтер

 

Слайд №2

Сабақтың ортасы

25 минут

 

Практикалық кезеңі

№1 тапсырма

Мына бөлшектердің қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болады?

                      ,              ,

 

,                ,        ,                 ,

 

№2 тапсырма

Нүктелерді координаталық түзуде кескіндеу

1.А(0,17)          2.А(0,64)        3. А(1,72)

В(0,23)             В(0,52)             В(1,45)

С(0,39)             С(0,43)            С(1,64)

 

A(2,3)                A(4,2)             A(0,3)

B(3,8)                B(3,7)              B(2,5)

C(0,9)                C(1,4)             C(3,6)

 

Өлшем бірліктерге есептер

23 м= __км  ,   9кг=____ц,  703см=___ м

43мм=___см , 70 гр=__кг, 122 дм=__м

Сергіту сәті. «Австралия жаңбыры»

Оқулықпен жұмыс. №627, 628 есеп

 

Слайд №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №4

 

 

 

 

Слайд №6

Сабақтың соңы

10 минут

 

 

 

 

Тест «Бөлшек сандардың ондық жазылуы».

Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыз

Он бір бүтін мыңнан бес саны қалай жазылады

А.11,005                 С.11005

В.11,500

Қай жазу он бір бүтін мыңнан бес санына келеді

А.      

1,020345 санының қай разрядында  4 саны жазылған?

А) жүздік      В)   мыңдық      С) жүзмыңдық

Дұрыс теңдікті көрсетіңіз:

А) 0,25м= 25см        В)   0,025м=250см     С) 25м=250см

Килограммен өрнектеңіз: 2кг 80 г?

А)   2,08кг        В)2,008кг     С)2,8 кг

Үлгі бойынша өзін-өзі тексеру

Сабақты қорытындылау. «Жасырынған сұрақтар». Іздер арқылы жасырылған сұрақты табады. Топ болып сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс «Нысана» тәсілі бойынша 5-10 балл арқылы  бала бүгінгі сабақты меңгергендігін көрсетеді.

 

 

Слайд №9-14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *