Математикалық жұмбақ. Цифр туралы өткенді пысықтау.

Мукашева Гулжанат Танжарбаевна

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: Математикалық жұмбақ. Цифр туралы өткенді пысықтау.

Мақсаты: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру, әрі қарай жалғастыру, математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету: сандардың арасындағы байланыстарды түсіндіру: логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету.

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Саламатсыздар ма, балалар!

-Саламатсызба!

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті, кане амандасайық.

-Саламатсыздарма!

Жылулық шеңбері.

Дөңгеленіп тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық!

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң бақшамыз

Қайырлы күн достарым!

 Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі:

-балалар мен сіздерге құр қол келген жоқпын

Мына шарларды сендерге ала келдім.

-1 жылда неше мезгіл бар?

-4 мезгіл бар.

-Қане атап шығайық.

-қыс, күз, көктем,жаз.

Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

Мына шардың түсі қандай?Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

-Ақ,Қыз мезгілін себебі қыс мезгілінде жердің бетін ақ қар басады.

Мына шардың түсі қандай? Қай мезгілді білдіреді?

-Сары, күз мезгілін білдіреді. Себебі күзде жапырақтардың түсі сарғайады.

Мына шардың түсі қандай? Қай мезгілді білдіреді?

-Жасыл, көктем мезгілін білдіреді. Себебі көктемде жер бетіне жасыл шөптер шығады.

Мына шардың түсі қандай? Қай мезгілді білдіреді?

-Қызыл. Себебі жаз мезгілінде қызыл гүлдер көп болады.

Балалар түстерді білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерін келеді ме? Қане, шардыжарайық.

Бір бала шығып шарды жарады.Бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орынасаңыздар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.

  • Тапсырма: 1 ден 5 ке дейін тура және кері санау,үш тілде.
  • Тапсырма: 5 ке дейінгі санамақ.
  • Тапсырма: Ағашта бес құс отыр, оның екеуі ұшып кетті, ағашта неше құс қалды?
  • Тапсырма: Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

Сергіту сәті:  Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмай жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ,уй салсақ.

Балалар ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.

Түрлі-түсті пішіндерді караныздаршы. Олардың қандай пішіндер екенін атайды, түстерін ажыратады, неге ұқсайтынын айтыпғмысалдар келтіреді.

Балалар: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

Балалар шеометриалық пішіндерді ажырата білдік, енді «ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшеге қарай геометриялық пішіндерімізді бояйық.

Қарандаршы қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемшелердегі оюлар қандай пішіннен құралған?

Балалар: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Қорытынды: геометриялық пішіндерді бояу арқылы кілемше жасадық, 1 ден 5 ке дейін тура және кері санадық, үш тілде, санамақ айттық, логикалық есептерді шығардық.

Балалар келесі оқу іс-әрекетімізде осы кілемшеге отырып «ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.

-жарайсыздар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *