«Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі»

Тәрбиеші-мектепке дейінгі балаларға тәрбие беретін ұлы педагог,ұлағатты адам.Балаларға тәлім тәрбие беріп,жақсы жаққа тәрбиелеп отырады.Тәрбиешінің берген тәрбиесін,білімін ата-аналары да бере алмайды.Әр баланың мінезі әр түрлі.Бір бала жылдам болса,екінші бала баяу,барлық нәрсені байыппен жасағанды жақсы көретін келеді.Ал үшінші бала болса,өзімен-өзі отырғанды жаны сүйетін болып келеді.
Абай атамыз айтқандай «жас бала анасынан туғанда екі мінезбен туады,біріншісі-«ішсем,жесем,ұйықтасам,ойнасам» болса, екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам,ол немене?Ол кім екен?» деген қызығушылығы тұрады.Мұның бәрін білгісі келген балаға тәрбиеші бағыт-бағдар беріп,көмек көрсетіп,тексеру,нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті.
Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде.Бқл жолда үлкен ізденіс,парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен,ертеңгі азаматты қалыптастыру,жауапкершілігімен ұштасып жатады.
Шын жүректен қалаған кәсіп пен таза тер төгілген еңбек арқылы өмірлік абырой-беделді,қоғам алдындағы құрмет сыйға ие болуға болады.Ал,тәрбиеші болу-айтуға ғана оңай шаруа болғанымен,бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар,осы жолда еңбек етіп,тер төгіп жүрген жандар ғана түсінеді.Бір мезетте алдындағы жиырма-жиырма бес балаға қарау,көңіл бөлу,олармен тілдесу тек сырт көзге ғана оңай жұмыс.
Тәрбиешілер елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші.Өйткені,жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі-қазақ тілін анасынан кейінгі сіңірушісі,үйретушісі.Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды,дәстүр мен салтты,ұлтымызға тән ізгіліктерді,жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды дариды.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа,одан соң ақыл-парасатқа,ақырында нағыз пайдалы ғылымға,еңбекке баулы» деген ұлы Абай.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.