«Біз отбасымызбен кітап оқимыз»

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебінде «Бір отбасы, бір кітап» жобасы аясында іс- шаралар өткізілуде.Мақсаты: жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуда, адамзаттың ой-өрісін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқудың отбасылық құндылыққа айналдыру. Отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде. Осыған орай Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты мектебімізде тамаша іс-шаралар, конкурстар өткізілуде. Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым . Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық.
«Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз» Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
Бұл өлеңдерде табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген. 4-сынып оқушылары жыл мезгілдеріне сахналық қойылымдар көрсетсе, қыс мезгіліне арналған лирикаларына 2-сынып оқушылары «Лэпбук», сурет сайыстарын ұйымдастыруда. Ал 3 сынып оқушылары да қалыс қалмады, олар да осы жоба аясында ата –аналарымен отбасылық кітап оқуды дәстүрге айналдыра бастады. Осы орайда Абай Құнанбаевтың әр отбасы «КҮЗ» өлеңін тамаша көлдің жағасында салқын, таза ауамен демалып жүріп отбасымен серуендеп те және де табиғат аясында кітап оқып та үлгеріп кереметтей бейнеролик түсірген Чекушкина Мадина, Шакижанова Адила. Айтан Аружан «Күз» өлеңін ата –әжесімен кезектесіп оқып, ал әкесі болса сол оқыған өлеңі бойынша күз табиғатын тамаша қағаз бетіне түсірді. Жұмағали Ердәулет отбасы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін анасымен әсерлі оқып шықты. «Жазғытұрым» өлеңін Қайратқызы Аружан мен Жұмағұл Ділнәз отбасыларымен мәнерлеп оқыды. Орта буын оқушылары Абай Құнанбаевтың мысалдарынан сюжетті буклеттер, Буктрейлер,Викториналық сұрақтар дайындады. Жоғары сынып оқушылары болса қара сөздерінен онлайн, шығармалар байқаулар және дөңгелек үстел ұйымдастырып осы жобаны қорытындылады. Осы жобадағы конкурстан жеңген оқушылар анықталып, олар диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты.
Дайындаған: Асылбекова Айгуль Тлеукеновна, бастауыш сынып мұғалімі

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *