В.В. Васкобович

В.В.Воскобовичтің әдестемісін қолдана отырып, балалардың білімін арттыру.
педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.Білім берудің алғашқы баспалдағы балабақшадан басталады. Ал, мақсаты- мектепке дейінгі білім балалардың білімді болуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Әрбір жаңашыл тәрбиеші терең теориялы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шебер, бадалардың жанын түсінетін тұлға болу керек.Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында баланың өмірде интелектуалды, танымдық қабілеті дамыған тұлға болуы үшін дамыту ойындар әдістемесінің маңыздылығы өте жоғары.Қазіргі таңда дамыту ойындар әдістемесі тақырыбы өте әйгілі болып тұр, бұл әдістеменің бас июшілері қаншалықты көп болса,қарсыластары да аз емесқалай болғанда да, ата-аналардың әдістемесін қолдану , қолданбау өз
еріктерінде , ал егерде қолданған жағдайда қайсысына тоқталғаны жөн. Бұл жағдайда тәрбиешілер көмек
береді.Қазіргі заманда дамыту ойындары әдістемесі өте танымал және ең талап етілген әдістемелердің бірі болып тұр. Адамзаттың осы әдістемеге деген көзқарасы өмір сүруге құқылы және ғылыми тұрғыдан да негiзделуде.
Зерттеулер нәтижесінде , баланың миі ересек адаммен салыстырғанда бір жасында 60%-ға дамиды, ал үш жасында 80 %-ды бірақ көрсетеді екен. Бұдан, біздің бөбегіміздің бізбен бірдей болуы әбден мүмкін, сондықтан неге осыпотенциалды дамытуды жүзеге асыруға үйренбеске. ВячеславВладимирұлы Воскобович Запорожье қаласында дүниеге келді. Сосын Санкт-Петербургке кетті. Политехникалық институтты бітірді. 40 астам дамытушылық
ойындар мен құралдарды шығарды. Воскобовичтің дамытушы ойындары. Дамытушы ойындары – психологиялық және педагогикалық технологиялардың интеграциясы, танымдық дамуын ынталандыратын және анықталғагн дағды және біліктерін нығайтуарқы ыіске асырылады. Дамыту ойындарының алдына қойылған әр түрлі міндеттерді
шешу барысында олар әлі де қызықтың бірегей болып қала беруі, бала үшін шығармашылыққа орын қалдыратындыруы, ойыннан ойынға қарай өздерінің тартымдылығын жоймауы маңызды. Осы толып жаққан шығармашылық бағыттар, ойындар педагогика дидактикасы бойынша бізге таныс арасынан, ерекше, өздік ерекшелігі
бар, шығармашыл өте мейірімді ойындар тобы – Воскобовичтің дамыту ойындары. Осы ойындарының негізіне салынған негізгі принциптері – қызығушылық – таным –шығармашылық – максималды түрде әрекетте болады, өйткені ойын балаға мейірімді,өзіндік ерекшелігі, көңілді және мұңды ертегі, шымтырық, қызықты кейіпкер
немесе қызықты сапарларға шақыру тілімен берілген. Осы ойындарды ойлап табуға өзінің балалары себеп болған. Инженер-физик Вячеслав Воскобовичтің балаларыПерестройка кезеңінде туды, ойын дүкендері жас әкені тығырыққа тіреді. Онда бар ойындарды біздің әжелеріміздің әжелері ойнаған ойындарды ұсынды. Ал елімізде
альтернативті педагогика туралы әңгімелер белсенді жүріп жатты. Сондықтан да Вячеслав Владимирұлы Воскобович тәрбие берудің алдыңғы қатарлы әдістеріне өзінің лебін қосуды жөн көрді. Воскобовичтің алғашқы ойындары 90-шы жылдардың басында пайда болды. “Геоконт”, “Ойын шаршысы” (қазір бұл “Воскобовичтің шаршысы”), “Складушки”, “Түс сағаттар” бірден өзіне зейін аударды. Жылдан жылға олар көбейе берді – “Мөлдір шаршы”, “Мөлдір цифр”, “Домино”, “Көбейту планетасы”, “Сиқырлы басқатырғыштар”,”Математикалық себеттер”сериялары. Бірінші әдістемелік ертегілер де пайда болды. Воскобовичтің практикасы отбасы аясынан тез шықты. Оны тәжіриемен бөлісу үшін әр түрлі семинарларға алдымен өзінің туған қаласы ( онда әлі Ленинград) шақыра бастады, ал содан кейін оның аумағынан да шыға бастады. Ойын ерекшеліктері:Воскобович ойындары несімен қызықты?1.Конструктивтік элементтерімен.Мысалға алатын болсақ, “Геоконтта” – құрастыру құралы ретінде динамикалық
«резеңке”, “Воскобович шаршысында” – қаттылық пен иілгіштік бірге, “Мөлдір шаршыда” – мөлдір пластинка мөлдір емес бөлігімен,”Затейник-бауда” – бау және т.б. Ойын қатысушыларының жас ерекшеліктерінің кеңдігімен. Бір ойын үш жастағы да, жеті жастағы балаларды да,кейде орта мектеп оқушылары да қатыса алады. Сәбилер үшін де және ересек жастағы балалар үшін де бір-екі әрекеттентұратын және қиын көп сатылық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. 2.Көп функционалдығы. Бір ойынның көмегімен көптеген білім беру міндеттерін шешуге болады. Өзі сезбей-ақ сәбилер цифрлар мен әріптерді меңгере бастайды; түс, пішінді біледі және есінде сақтайды; қолдың ұсақ моторикасын шынықтырады; тілін, ойын, зейінін, есте сақтауын, қиялын жетілдіреді. Ойындар оқу,математикалық дағдылар, құрастыру, шығармашылыққа білеттерін дамыту тәсілдерін арқылы жүреді.”Ура! Мен оқимын” кешені – ойынның ынталандырушы материалдары арқылы оқуға үйрететін, оқуға үйретудің авторлық көзқарасы, зейін мен
фонетикалық-фонематикалық естуін дамытатын авторлық өлеңдері мен әндерімен байытылған.Басқа дидактикалық кешендерден айырмашылығы материал қарапайым берілген, бұны қосымша оқусыз-ата-аналар да, педагогтар және тәрбиешіл ертепайдаланалады. Шығармашылық мүмкіндігімен.Қандай ойынмен бала барлығынан көбірек ойнайды? Әрине, балаға өз ойын іске асыруға мүмкіндік беретін ойын мен ойнайды. «Сиқырлы бас қатырғыштар»,түрлі-түсті «Өрмектермен», «Геоконтпен», «Мәңгі оригамимен», «Воскобович шаршысымен» неше түрлі қызықты нәрселерді ойлап және оларды осы ойындардың бөлшектерінен құрастыруға болады: машиналар,ұшақтар, кемелер, көбелектер мен құстар, батырлар мен ханшайымдарды – бүкіл ертегін әлемін құрастырылады! Ойындар ересектерге де шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3.Ертегілік “қоршау”. Балалар шаршы, үшбұрыш және трапециялармен емес, ал Айс Көлінің Ерімейтін Мұздарымен және Юк Өрмекшісінің түрлі-түсті өрмектерімен
қызыға ойнайды, үлестерді зерттемей қоспайды.Қорытынды: Қазақстанның білім саласындағы саясатын айқындайтын «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», сондай-ақ «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құруда жеке адамдардың, қоғамның және еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыра алатын, бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған «Білім туралы» заң білім беру жүйесін реформалауды қамтамасыз ететін аса маңызды құжат болыпотыр. Ерте дамытудың әдетте екі жолы бар: біреуі – теориялық ережелерден практикалық негіздеуге, екіншісі- керісінше – практикалық тәжірибеден, оны жалпылаудан теориялық негіздеуге бағытталған. Ерте дамытудың әдетте екі жолыбар: біреуі – теориялық ережелерден практикалық негіздеуге, екіншісі- керісінше– практикалық тәжірибеден, оны жалпылаудан теориялық негіздеуге бағытталған.Воскобович технолгиясы – практикадан теорияға қарай жүретін жол. Неге технология, әдістеме емес? Негізінде, бұлар бір-біріне ұқсас түсініктер.”Педагогикалық технология” термині педагогикада жақында пайда болған термин. Әдістемелерде көбінесе мазмұндық жақтары, ал технологияларда –процессуальдық жақтары берілген.Бала – біздің болашағымыз, олай болса,болашағының жарқын, егемен елдің көк байрағы әлемді шарлай берсін.В.В.Воскобовичтің ойындарын қолданамын. Балалардың жылдамдығын, түсін, пішінін,білімін арттыруға қолданамын. Басқа ойындардан материалдардың ерекшелігіне қарай тез баланың есте сақтауына қолданамын. Осы әдістемені қосымша ата-аналар да, тәрбиешілер де пайдалана алады. В.В.Воскобовичтің әдістемесін қолдана отырып, балалардың білімін арттырғанына сенімдімін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *