Қ дыбысы мен әрпі
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Сабақ: Менің отбасым
Тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі Пән: Сауат ашу |
Мектеп: Ғ. Қараш атындағы орта жалпы білім беретін мектеп | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Арыстангалиева Салтанат Бакытжановна | |
Ортақ тақырып | Менің отбасым және достарым | |
Сынып: 1 | Қатысқандар: 8 | Қатыспағандар:– |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.1.8.1. Берілген сюжетті суретбойынша шағын әңгіме құрап айту 1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
|
Бағалау критерийлері | 1. Қ, қ дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны атайды, анықтайды.
2. Сөздердің мағынасын ажыратады, хормен, тізбектей, жекелей оқиды. 3. Сызба және сөздермен мәтін құрастырады. 4. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады. 5. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды |
|
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар:
Қ дыбысы мен әрпін таниды,сөздерді оқып,дыбыстық талдау жасайды |
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Тыңдау арқылы мәтінді баяндайды |
||
Кейбір оқушылар:
Сурет атаулары бойынша сөйлем құрайды, берілген сөздерді үш тілде айтады |
||
Тілдік мақсат | 2.1 Оқу түрлерін қолдану
3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 1.4 Оқиғаны болжау 1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау |
|
Алдынғы оқу: | Менің отбасым. М,м дыбысы мен әрпі.
Менің отбасым- суретпен жұмыс |
|
Жоспар | ||
Жоспарланған уақыт есебі | Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) | ресурстар |
Басы
|
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қайырлы күн, достым, Қайырлы күн болсын. Сауат ашу сабағы Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын! Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын. – Сіздер ойын ойнағыларыңыз келе ме? – Ендеше балалар, бүгін шаттық шеңберін ойынмен бастайық. – Менің қолымда доп бар. Сіздерге допты көздеп лақтырамын, ал
– сіздер қойған сұраққа жауап беру керексіздер. – Сұрақтар: – Сауат ашу іс-әрекетінде нені үйренеміз? – Әріп дегеніміз не? – Дыбыс дегеніміз не? – Дыбыс нешеге бөлінеді? – Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? – Дауыссыз дыбыстар ше? – Дауысты дыбыстар қалай айтылады? – Дауыссыз дыбыстар ше? 2 – топқа бөлу. |
«Мен аған, сен маған» әдісі
|
1. -Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?
Кел,тыңдайық ертегі, Ертегі сыр шертеді. Талай ғажап оқиға Естіген жан елтеді. -Ерте,ерте ертеде ну орманда көптеген ағаштар өсіп,құстар сайрап,аңдар тіршілік етіпті.Түн болып,орман да,ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің барлығы мүлгіп ұйқыға кетіпті.Тым-тырыс. Сәлден соң тау арасынан күн де сығалады.Қалың ағаш үстінен шыққан бір құстың үні орманды жап-жақсы жаңғыртып жібереді. -Ол қандай құс? -Тоқылдақ -Тоқылдақты,орман емшісі дейді.Себебі ол ағаштағы құрт-құмырсқаларды жеп емдейді екен. Сонымен,тоқылдақ «Ерте тұрып,еңбек етсін» деген оймен теректің басына қонып айғай салады. Тоқылдақ: Тоқ-тоқ-тоқ Күн шықты енді ұйқы жоқ ,-деп теректің қабығын тақылдап жатады. Тоқылдақтың айғайына ызаланып,ұйқысы қанбаған аңдар ояна бастайды. Кейбір аңдар тоқылдақтың айғайын елемей, ұйықтап жата береді. -Ол қандай аңдар екен? Гүлшелерден тақырыпты жұмбақ шешу арқылы ашу. Жұмбақ Қалқиған екі құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. (Қонжық)
Аузы бейне шалғы,орақ, Шөп емес,бірақ мал орады. (Қасқыр) Бұл аңдар да оянып,ашуға булығып,ызалана бастайды.Аңдардың барлығын ашуландырып алған тоқылдақ,енді олармен достасудың амалын іздейді. Балалар ол бізден көмек сұрайды.Бізге тоқылдақ бірнеше тапсырма береді. Сол тапсырмаларды орындасақ,тоқылдақ аңдармен қайта достасады екен. Қане балалар қандай тапсырма екен көрейік. 1 тапсырма: 1. Тыңдалым Қ дыбысына ведиоролик тыңдату Оқулықпен жұмыс. 2.Айтылым Қарақат сөзіне дыбыстық талдау. Және үш тілде тапқызу Қарақат – смородина -currant І – топ Оқулықтағы сюжетті суретке сөйлем құрау «Суретті әңгімеле» әдісі (Айтылым) Отбасына байланысты суреттер іліп, әңгіме құрау
Анам тамақ дайындады. Ол қасық, шанышқы алды. Мен атамды тамаққа шақырдым. Тамақ пісті. Тамақтан кейін ыстық шай іштік. ІІ- топ 3. Оқылым 1.Оқулықпен жұмыс. «Тізбектелген оқу» әдісі
қала қара қалақ қалта қола қора қонақ тақта асық қармақ талқан Қанат қасық сылдырмақ тышқан Қуат
-Балалар! Қ дыбысы буынның басында, буынның ортасында және буынның аяғында берілеген сөздерді атайық.
І – топ Оқылған сөздерді буын санына қарай вагонға орналастыру. Дескриптор 1.Буындып оқиды, тұтастай оқиды 2. Сөздердің мағынасын ажыратады 3. Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды. Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі. ІІ- топ 2 – сурет. Заттардың кімге тиесілі екенін тап: (Айтылым) Топпен жұмыс.
1-топ 2-топ Жұмыс құралдары Ыдыстар
3-топ Ойыншықтар Дескриптор: 1. Суреттегі заттарды топтарға бөледі, атын атайды. 2. Құрамында қ дыбысы бар сөздерді табады. 3. Құрамында қ дыбысы бар сөздерді буынға бөледі. 4. Қ дыбысының орналасу ретін біледі 5. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу. Кері байланыс «Бас бармақ» Сергіту сәті. «Артығын алып таста.» ойыны ( Құрамында қ дыбысы жоқ сөзді табады.)
Дескриптор 1. Суреттегі заттарды атау. 2. Сөздердің мағынасын ажыратады 3. Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды. 4. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу. 5. Әр заттың өмірде қажеттілігіне байланысты сөйлем құрау Дәптермен жұмыс. 1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады. 2. Каллиграфиялық нормаларды сақтайды 3.Сауатты жазады |
Оқулық Суреттер Электронды оқулық
Қима суреттер
Дәптер, қаламсап |
|
Соңы
|
Кері байланыс
«Тілек ағашы» Жасыл алма – жақсы түсіндім Сары алма – әлі де көп үйрену керек Қызыл алма – түсінбедім |
«Тілек ағашы»
Жасыл, сары, қызыл алма стикерлері |
Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
«Тілек ағашы» әдісі «Бағдаршам» әдісі «Басбармақ» әдісі Өзін-өзі бағалау «Суретті әңгімеле» әдісі «Тізбектелген оқу» әдісі |
Пәнаралық байланыс – дүниетану
денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс- проектор, интербелсенді тақта. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» 2. Оқушылардың топтық жұмыстары кезінде өзара әлеуметтік әрекеттестік орнату |