Шалқан (орыс халық ертегісі)
Күні:
Тақырыбы: Шалқан (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: Шалқан.
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері:
Достар, достар, жүрсің қайда, Бірге еді ғой жанымыз. Көмек сұрап бір-бірінен Жеңіп шықтық бәріміз. |
Балалар шеңбербойына тұрыпорындайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Кіріспе әңгіме.
– Балалар, бүгін біз оқу қызметімізде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып,одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын,қаншалықты түсінгенін жеткізеді.Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. – Балалар қандай кейіпкерлердіестеріңде сақтай алдыңдар? – Шалқан қайда өседі? – Атай көмекке кімді шақырды? – Әжей кімді шақырды? – Немере қыз кімді шақырды? – Күшік кімді шақырды? – Мысық кімді шақырды? -Сонымен, бәрі бірігіп не істеді? – Ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз.
|
Зейін қойыптыңдайды.
Балалардыңжауабы.
Әжейді Немере қызды Күшікті Мысықты Тышқанды
|
Рефлексиялык-түзетушілік | Ертегіні сахналау. Қорытындылау.
Қазақтың мақал-мәтелдерін айтқызаотырып, оқу іс-әрекетін аяқтау. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»демекші, бірліктің арқасында шалқанды жұлып алды. Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады, Қиындықты жеңсе кім, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай Болайықшы, досым-ай. |
Рөлге бөлініп
сахналайды.
Мұқияттыңдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауды.
Меңгереді: сахналау арқылы ертегіні көрсете білуді.