Білім беру салалары: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Шартты өлшемнің көмегімен сусымалы денелерді өлшеу
6-ға дейін санау, реттік және мөлшерлік санау
д/о: «Бір, жалғыз, көп ұғымынасәйкес суреттерді ата»
Мақсаты: 6-ға дейін санау, реттік және мөлшерлік санау
Балалардың санау, логикалық ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру.
Шартты өлшемнің көмегімен сусымалы денелерді өлшеуге үйрету
Бір, жалғыз, көп ұғымдарына сәйкес суреттерді ажырата білу.
| Қызметтің кезеңдері | Тәрбиеші әрекеттері | Балалардың әрекеттері |
| Мотивациялық —
түрткі болатын |
Балаларға бүгін бізге қонаққа әжей келу керек.
Әжейге дәмді тамақ пісіру керектігін айтып түсіндіремін. Ішінде күріші бар банканы топқа әкелемін. |
Балалар қызығушылықтарын білдіреді, |
| Ұйымдық — іздену | Міне, столдың үстінде бір банка күріш тұр.
Оның ішінде қанша күріш бар? Қалай білеміз? |
Балалар өз пікірлерін айтады.
-Өлшеу керек. |
| -Немен өлшеуге болады? (таяқша, бау, жіп, қасы, стақан ұсынамын | -Стақанмен және қасықпен | |
| -Немен тез өлшенеді? | -Стақанмен. | |
| -Мен стақанды толтыра күріш саламын, ал сендер алдыларыңа бір пішіннен бөлек қойып отырыңдар.
Стақанды толтырып алып табақшаға саламын. |
Ал, балалар пішін қояды. |
|
| -Неше пішін қойдыңдар, санаңдаршы? | -6 пішін қойдық | |
| -Сонымен банкіде қанша стақан күріш болған екен? | -6 стақан күріш болды. | |
| -Сонымен, палау пісіруге маған қанша стақан күріш керек екен? | -Палау пісіруге 6 стақан күріш керек екен. | |
| Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық, Мойнымызды бұрайық. Қолымызды созайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға, солға иіліп, Денемізді бұрайық. |
Текске сәйке қимылдар жасайды. |
|
| -Палауды дайындамас бұрын ,біз әжейге арнап тәтті жеміс салатын жасауымыз керек | Балалар қызығушылықтарын білдіреді. | |
| -кассада көкөністер: 6 сәбіз, 2 алма, 1 ананас
-Балалар, сендер көздеріңді жұмыңдар, ал Малика тақтаға келіп, көкөністердің жанына сәйкес сандарды салады. |
— көздерін жұмады, қайта көздерін ашып, санап, сандар дұрыс қойылған-қойылмағанын тексереді. |
|
| -Міне балалар тәтті жеміс салаты да дайын болды. | -Балалар қуаныштарын білдіреді. | |
| Ойын «Қанша рет?»
Балалар, қазір көздеріңді жұмып, тоқылдақ ағашты қанша рет тоқылдататындарын тыңдаңдар. -Сылдырмақ қанша рет сылдырайды (4) -қасық неше рет тарсылдайды (3) |
-Тыңдайды, 6 рет тоқылдатты.
-Сылдырмақ 4 рет сылдырады |
|
| д/о: «Бір, жалғыз, көп ұғымынасәйкес суреттерді ата» | Балалар суреттен Бір, жалғыз, көп ұғымынасәйкес суреттерді атайды. | |
| Рефлекстік — түзету | Сабақты қортындылаймын. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап-мадақтаймын. | Балалар сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді. |
Күтілетін нәтиже
Біледі:
- Жалпы сандар туралы;
Игереді :
- 6-ға-ке дейін реттік және мөлшерлей санауды;
Меңгереді:
- Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруді;
- Шартты өлшемнің көмегімен сусымалы денелерді өлшеуді;
- Бір, жалғыз, көп ұғымдарына сәйкес суреттерді ажырата білуді;
- Дыбыстардың қанша рет дыбысталуын санай отырып ажыратуды.