“Тазалық-таза баланың досы” оқу қызметі

Тәрбиеші: Қуатбекова Ж.
Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту,Аппликация.
Тақырыбы: Тазалық-таза баланың досы.
Мақсаты:Тазалық туралы түсінік беру,балаларды сөйлеуге, дыбыстарды естуге үйрете отырып сөйлеу,ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілік:Тазалық тақырыбындағы суреттер.
Керекті құрал-жабдықтар:түрлі-түсті қағаз,желім,далап.
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Блинквальдық компонент:сабын-мыло,сүлгі-полотенце,айна-зерколо.
Сөздік жұмыс:сабын,сүлгі,тарақ,айна.
Инклюзивті әлеумент:Дарамен жеке жұмыс.
І-кіріспе бөлім:
Шаттық шеңбері Қайырлы таң,көк аспан, Қайырлы таң, жер ана, Қайырлы таң, достарым, Қайырлы таң,қонақтар! Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
ІІ-Негізгі бөлім:
-Балалар таңертең ұйқыдан тұрған соң не істейсіңдер? -Жуынамыз -Немен жуынасыңдар? -Сумен жуынамыз -Жуынып- болған соң не істейсіңдер? -Сүлгімен сүртінеміз. –Жарайсыңдар балалар! -Ендеше балалар біз бүгінгі оқу қызметімізде «тазалық-таза баланың досы»туралы әңгімелейміз. –Суретпен жұмыс: Біз өзіміздің денсаулығымызды ойлауымыз керек,аурудың алдын алу үшін таза жүруіміз керек. Тосын сәт:(Топқа пошташы хат әкеледі )«Жұлдыз»тобының балалары беріп жіберіпті.
Пошташы:Орындауға дайынбыз ба?
-Ия
1.Тапсырма:Тазалықтың достарын атап беру.
-Сабын ,тарақ,тіс щеткасы,айна.
2.Тапсырма:Жұмбақ
1.Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың,
Бұл не? -Сабын
2.Шомылған баланы
Аймалап алады Сүртеді қолын да Сүртеді жонын да -Бұл не? -Сүлгі
3.Тапсырма:Тақпақ
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолын жу
Жуасың әрдайым
Аппақ бетін маңдайын
Сергіту сәті
Бармақ боп орманға
Сұр көжек жуынды
Басын жуды,
Құлағын жуды,
Бетін жуды,
Аяғын жуды,
Қолын жуды,
Сілкінді-сүртінді
Тап-таза боп шыға келді.
Балалар сергіту сәтін қызыға жасады.
Балалар ендеше өне орталығына өтіп,сүлгіні жапсырып,сабынды далаппен бояйық. Блинквалдық компонет:Сүлгі-полетенце,сабын-мыло,айна-зерколо
ІІІ-қорытынды бөлім
-Балалар бүгін біз қандай заттармен таныстық? -Сабын,сүлгі,айна,тарақ. -Бұларды біз бір сөзбен тазалық заттары деп атаймыз. -Тазалық заттарын үнемі пайдалансақ,мұнтаздай таза болып жүреміз. Балаларды мақтап-мадақтау арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Тазалықтың заттарын білді.
Не игерді:Сабақ барысында тазалық сақтауды үйренді.
Не істей алды:Сүлгіні,сабынды жапсыра алды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *