Баяндама: «Мектепке дейінгі білімді жетілдірудегі құзырлылық амалы-тәрбиешінің кәсіби және тұлғалық өсуінің негізі»

Еліміздің басты байлығы ол адам,халыққа сапалы біліммен рухани азық беру-білім саласындағы қызметкерлердің басты міндеті.Елімізде болып жатқан оң өзгерістер,табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге өмірге келді.
Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқыасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп,қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді.
Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады.Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақытылы дайындалса,соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.
Баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін құру талабы алдымызда тұр.
Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:мектепке дейінгі білім беру,сауықтыру,түзету болса,ал атқарылатын міндеттері:
-Бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету:
-Баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерге тәрбиелеу:
-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру деңгейін-үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы
буынын іске асырушы -тәрбиеші:
-Тәрбиеленушілерге сапалы білім ен саналы тәрбие беруші-тәрбиеші:
«Жақсы тәрбиеші бәріненде қымбат,өйткені тәрбиеші балабақшаның жүрегі» деп бекер айтылмаған.Яғни,тәрбиеші қаншалықты қиялы терең,білімді,сауатты болса,балабақшадан соншалықты білімді балалар дариды екен.Солай болған соң ең әуелі білімді,педагогикадан,методикадан хабардар терең білімі бар тәрбиеші мамандығын терең меңгеру болып табылады.
Бүгінгі күннің талабы баланы жан жақты тәрбиелеу. тәжірибеге арқа сүйейді.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие негізінен өткен жылдарда жинақталған.
Жаңа типті балабақшаларда оқыту мен тәрбиелеудің соңғы тәсілдерін игерген диагностиканы қабылдай алатын,педагогикалық жұмыста қалыптасқан ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік қолтаңбасы бар шығармашыл педагог-тәрбиеші қажет.
Педагогика-үнемі дамып отырған ғылым.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Тукпашева Тилекши:

    Bilimger.kz білім порталына алғысым шексіз!Көп рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *