Туризм және экотуризм

 

Шымкент қаласы,

М.Сапарбаев институтының

«Парасат» колледжінің

арнайы пәндер оқытушысы

Кетпенова Индира Мухамедияевна

 

Тақырыбы:Туризм  және экотуризм

Демалыс-  денсаулық сақтаудың, оны күшейтудің, жоғары еңбек ету қабілеттілігінің жəне ұзақ жыл бойы белсенділікке қол жеткізудің маңызды жағдайлардың бірі болып саналады. Толық көлемді демалыс салауатты өмір салтының бөлінбейтін бір бөлімі ретінде есептеледі жəне ол бос уақытты тиімді ұйымдастырумен, сонымен қатар еңбек ету режиміне енгізілген арнайы қалпына келтіру шараларымен қамтамасыз етіледі. Курорттарда, демалыс үйлерінде жəне т.с.с. демалу адамның жұмыс істеуін қалпына келтіруге көмектеседі. Осындай демалудың бір түрі ретінде туризм саналады. Туризм (французша tourisme, tour – серуендеу, бару), бос уақытта сапар шегу (көлікпен бару, жаяу жүру)дегенді білдіреді. Туризм – сауықтыру, танымдылық,  адамның өндіруші күшін қалпына келтіру сияқты рекреациялық қызметтің бірқатар түрлерін біріктіретіндіктен, рекреациялық қажеттілікті қамтамасыз ететін адамға ең қажетті құрал деп саналады. Туризм – денсаулық сақтаудың, дене шынықтырудың негізгі құрылымдық бөлімі, жеке тұлғаның рухани, мəдени жəне əлеуметтік дамуының құралы.

Қазіргі кезде кез келген адам жер шарының кез келген жеріне баруына  мүмкіндігі бар: ұшақ, поезд, автокөлік, жылдам жүзетін теңіз лайнері сізді қайда бет бұрсаңызда баратын жеріңізге апарып, қайтадан алып келе алады. Бірақ кейбіреулер демалу мен барып қайтудың басқа жолдарын таңдайды.

Заманауи туризм – бұл əлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін бір саласы. Мамандардың есептеулері бойынша, орташа алғанда, бір шетелдік туристтің беретін кірісі əлемдік рынокқа шамамен 9 тонна тас көмірді, немесе 15 тонна мұнайды, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды шығарып сатумен пара-пар келеді екен.Шетел экономисттерінің есептеулері бойынша, орташа алғанда қалада екі сағат уақыт жүргенінде 100 мың турист 350 мың долларға дейін ақша жұмсайды екен, немесе бір адамға шаққанда əр сағат сайын 17,5 доллар жұмсалады. Осы себептерді ескерсек, шикізатты сату дегеніміз экономикалық шектелуге алып келсе, ал туризмді дамыту – ұзағынан экономикалық кірісті тиімді болашағы бар сала деп тануға болады.

Туризм – мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың маңызды көзінің бірі болғандықтан, негізінде бүкіл зайырлы əлем туристтік ағынды өзіне қаратқысы келеді. Осы себепті Қазақстанға да шетел туристерінің келуінің көлемін арттыру қажет болып отыр. Осы мақсатта туристтік ұйымдардың қызметтерін елімізге келетін туризм бағытына бұру қажет, бұл өз кезегінде көліктердің, тасымалдау құралдарының жəне мамандармен қамтамасыз етілу жағдайына тікелей байланысты.

Қазіргі заманғы туризм дамуының басты ерекшелігі, экологиялық туризм арқылы толық ашылады деп айтуға болады. «Экологиялық туризм» термині және «экотуризм» яғни оның қысқартылған түрі ағылшындардың «ecological tourism» және «ecotourism» сөздерінен шыққан. «Экологиялық» эпитеті әрине ағылшындардың, американдықтардың, канадалықтардың әдебиеттерінде және басқа да көптеген елдерде жалғыз емес, мысалы, тағы «табиғи туризм», «жасыл туризм», «жұмсақ туризм» терминдері кездеседі. Соңғысы негізінен неміс тілді елдерінде қолданылады. Оларда «экологиялық» анықтамасы өте сирек қолданылады.Менің өзімнің де осы тақырыпқа арналған «Туризм және экология»атты ашық сабағым болды.

Бұл саланың іс-әрекет сферасын ұғу үшін оның анықтамасының  бірнеше айқындамаларын анықтау  керек. Бірақ айта кететін бір  жайт, ол экотуризм ұғымының қазіргі кезге дейін толықтырылып (өзгертіліп) және дамып келе жатқандығында. Бірақ осы анықтамалардың әрқайсысы экотуризмнің маңызды аспектілерін ашады. И. Криппендорф (J. Krippendorf) анықтамасына сәйкес, экологиялық туризмнің басты мақсаты, ол автор алдын ала айтып кеткендей «тыныш немесе тыныштық туризмнің» осы адамдардың, жергілікті халықтың және ландшафт талаптарына сай, ландшафтпен физикалық және мәдени байланысын қамтамасыз ету.

К.Х. Рохлитц (K.H. Rohlitz) басқа анықтама ұсынған. Осы автордың ойынша «жұмсақ туризм – жергілікті халыққа экономикалық пайда түсіретін және келген қонақтар мен соңғылардың арасында қарым қатынасты қамтамасыз ететін және ландшафт пен жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаға зиян келтірмейтін сандық біркелкі туризм».

Келесі кезекте Австралия Үкіметі мен туристік-табиғи ұйымдардың «Экотуризмнің ұлттық стратегиясы» құжатында келтірген анықтамасы. Анықтамада былай жазылған: «Экотуризм – қоршаған ортамен таныстыратын және оны түсіндіретін, тірегі табиғат болып табылатын тұрақты экологиялық туризм».

Кейбір мәліметтер бойынша «экотуризм» терминін күнделікті өмірге 1987 жылы Hector Ceballos-Lascurian енгізен. Ол мынадай анықтама ұсынды: «Саяхат кезінде біршама бүлінбеген және ластанбаған, өзіне тән таңқалдырарлық, әдемі, зерттеу және ләззат алу ландшафттары, жануарлар, өсімдіктер әлемін өзіне қосатын туризмнің бір саласы».

Кейін, 1991 жылы АҚШ-та орналасқан Экотуризм қоғамымен оның өзгертілген  анықтамасы ұсынылды. Соған сәйкес, экотуризм – табиғи ортасы жақсы  сақталған жерлерге шынайы және мәдени-этнографиялық ақпарат алу мақсатымен жасалатын саяхат түрі. Сонымен қатар ол экожүйенің бірқалыптылығын бұзбайды және жергілікті табиғатты қорғауды табысты іске айналдырады. Бірақ 1993 жылы сол Қоғаммен ұсынылған анықтаманың тағы бір нұсқасы бар:«Жергілікті халықтың көңіл күйін жақсартатын және қоршаған ортаны қорғайтын табиғи аймақтарға жауапты сапар».

Осы анықтамалардың қысқаша  анализін қорытындылай келе экотуризмге  қойылатын бес негізгі крийтерийлерді ерекшелеуге болады:

  1. Экотуризм негізінен табиғатқа бағытталу керек және негізінен керек табиғи ресурстарды пайдалану;
  2. Экологиялық тұрақты болу керек, яғни адамның тұрғылықты ортасына зиян келтірмеу немесе зиян келтіру дәрежесін минимизациялау;
  3. Экологиялық білім беру мен танымдылыққа бағытталу керек және адам мен табиғат арасында толыққанды қарым-қатынастың құрылуына ықпалын тигізу керек;
  4. Жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын өз қарамағына алу керек;
  5. Өзінің болған аймақтарында экономикалық эффективті және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек.

Осы бес  критерий экологиялық турларды  басқа экологиялық емес турлардан  айыру үшін жеткілікті.

Қоршаған орта мен  жалпы туризм арасында екіжақты байланыс бар. Экологиялық туризмде – табиғатты  қорғауға туристердің өзі де және туристік ұйымдар да талпынады; соңғылары өздерінің қызмет көрсетулерін алға жылжытуға байланысты, олардың ішінде сапалы қызмет көрсету, табиғи территорияларды жақсарту, жануарлар мен өсімдіктердің популяциасын қайта жаңғырту кіреді, себебі шынайы табиғи орта туристердің арасында үлкен сұранысқа ие.

Экологиялық туризм –  бұл соңғы жылдары бүкіл әлемде кеңінен дамыған қазіргі туризмнің жаңа бағыттарының бірі. Бұл жөнінде экотуризмнің даму қызметіне белгілі. Оны Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры(WWF) және халықаралық табиғатты және табиғат ресурстарын қорғау одағы(IUCN) сияқты халықаралық ұйымдардың одағы растайды. Сонымен қатар, экотуризмнің халықаралық және аймақтық деңгейде дамуы үшін конгресстер, семинарлар өткізіледі, туризмнің барлық түрінен негізінен экологиялыққа көп көңіл бөлінетін фирмалар саны көбеюде.

Экологиялық туризмнің  жалпы туризмнен айырмашылығы неде?

  1. Біріншіден, экотуризм  – территориясы жақсы сақталған  табиғи ортаға сапар шегу. Бұндай территорияларға  қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа қорғалатын территориялар жатады.
  2. Екіншіден, экотуризм  – ең экологиялық табиғатты пайдаланушы  болып саналады. Экотуристердің табиғатты  эксплуатациялау технологиясы визуальды  түрде өтеді, яғни көрікті жерлерді қарау, пейзажды тамашалау, өсімдік және жануарлар әлемін бақылау және тыңдау түрінде (құстардың ән айтуы, су сылдыры, жапырақтың сыбдыры), иіс сезімі (ормандар мен шалғындардың жұпар иісі) және сезіну арқылы (өзен суының мөлдірлігі). Дәл осы мақсатпен экологиялық туризм әлемдегі ерекше қорғалатын табиғи территориялар шегінде табиғи ресурстарды қолданудың бірден-бір жолы болып табылады.
  3. Үшіншіден, экотуризм  туристердің ЕҚТТ-да жүріс-тұрысын  қадағалайды, соның ішінде қатаң  тәртіп белгілеу арқылы (турист гид-жолаушыға  еріп жүргенде арнайы жолды пайдалануы керек, өсімдіктерді жұлмау, шуламау, т.б.).  Бұл ережелерді сақтау экологиялық туризм дамуының ұстанымды шарты болып табылады.
  4. Төртіншіден, экотуризм  жергілікті тұрғынның ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, ұлттық-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жаңғыруына әсер ететін дәстүрлі ұлттық өнер түрлерін дамыту жолымен. Бұның барлығы халыққа белгілі пайда келтіреді және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Құлмаханова  Г. Б.

Əбеуов О.Х.

Ақоев М. «Экологиялық туризм»

  1. Мырзабеков. Ж.М. Особо охраняемые природные территории Казахстана: экология, биоразнообразие и перспективы развития их сети. – Алматы,2000
  2.  Квартальнов В.А. Туризм: Учебник.-М.: Финансы и статистика, 2002.- 320 б.
  3. Карманная энциклопедия туриста.- М.: Вече, 2000. – 462 б.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *