Ойын және мінез. Мм дыбысы және әрпі.
Умарова Гулдарай Каскырбаевна
Облысы: Ақтөбе
Қаласы: Ақтөбе
№41 «Назерке» МДҰ
Қызметі: Тәрбиеші
Тақырыбы:Ойын және мінез. Мм дыбысы және әрпі.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: Ойын және мінез. Мм дыбысы және әрпі.
Мақсаты: М дыбысын сөз ішінен бөліп айту білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Баспа түрімен таныстыру. Дұрыс оқуға төсілдіру. Ойлауын дамыту. Төзімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау , әңгімелеу,«Ой қозғау» стратегиясы.
Көрнекіліктер:суреттер, кеспе әріптер, дәптер,түрлі түсті қарындаштар, ойыншық, сызбалар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі.
-Балалар, бүгін біздің оқу қызметімізге апайлар келді. Кәне, апайлармен амандасып алайық. (Балалар амандасады)
Ойын: «Сиқырлы үйлер»: -Балалар, қарандаршы екі үй тұр. Бір үй қызыл, ал екінші үй көк.
-Қызыл үйде қандай дыбыстар тұрады?
-Көк үйде қандай дыбыстар тұрады?
-Дауысты әріптерді оқып, еске түсірейік: а,о,у,ы.
-Дауыссыз әріптерді оқып, еске түсірейік: н,л,р,ш,с, д.
ІІ. Іздену- ұйымдастырушы кезеңі.
Тосын сый. Қонаққа Білгішбек келеді, балалармен амандасып:- Бұл мектепке даярлық тобы ма? Сендер мектепке баруға дайындалып жатырсыңдар ма? (Балалар амандасып, жауап береді)
-Ал мен Білгішбекпін. Мен балалардың мектепке дайындығын қарап жүрмін: олар жұмбақ шешу біле ме, әріптерді тани ма, оқу біле ме, әріптерді жазу біле ме екенін.
Тәрбиеші:- Білгішбек, біздің балалар осының бәрін «Сауат ашу негіздері» оқу қызметінде үйреніп жатыр. Төрлетіңіз, балалар не үйренгенің қараңыз.
Білгішбек: -Менің қызықты тапсырмаларым бар. Соларды орындап көріңдер.
Тәрбиеші: -Кәне, балалар, Білгішбектің әкелген тапсырмаларын орындайық.
Жұмбақ жасырамын.Шешуін дұрыс тапқан соң, сиқырлы себептен ойыншық-мысықты алып шығамын: «мысық» деген сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
Хормен 3рет «м» дыбысын айтқызып, ол қандай дыбыс екенін анықтаймыз.
«м» дыбысын қандай текшемен белгілейміз? «м» дыбысы қай үйде тұрады?
Ойын: «Кім көп біледі?»: М дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.
Балалар, Білгішбектің М дыбысына жазып келген сөздері бар. Мен оқимын , ал сендер мұқият тыңдаңдар: қай сөзді сендер айтқажоқсыңдар.
М дыбысын әріптерімен белгілейміз: мынау бас әрпі-М, ал мынау кішкентай әрпі-м. Мен әріптерді оқып: -М әрпі кімнің әрпісі? Дұрыс; Мөлдір және Мединаның әріптері деп, бас әріпті көрсетем.
Ойын: «Кім тез табады?». Ойынға керек зат: сызбалар, суреттер.М әрпі сөздің басында, ортасында және соңында тұрады: алма, машина, қалам.
-Балалар, сендер шахмат ойының білесіңдер ме? Ол ойынды ойнау үшін бізге не қажет?
–Ойын: «Буын құр». Ойын шахмат түрінде берілген, әр суреттің қасыңда әріптер жазылған- м, а,у, о, ы. Ферзьде «м» әрпі, ол жүріргенде басқа әріптермен буын құрады: ма,му,мо, мы.
Сергіту сәті: № 38 «Қыздар мен ұлдар».
Дәптермен жұмыс. Әр тапсырмаларды талдап орындау.
№2-сөйлемді аяқтау. Бұл тапсырманы ойынмен жалғастырып жіберемін. Қонаққа «тілші» келеді: -Балалар, қалай ойнау керек?Не істеуге болмайды?
№6 –жазу. Жазу жолын көрсетемін. Балалар өлең жумағын айтып, м әрпін өз бетінше жазады.
Білгішбек ,балалар тапсырмаларды жақсы орындаған үшін рахмет айтып, шығып кетеді.
ІІІ. Рефлекті-коррекциялаушы кезеңі.
-Балалар, мен де сендерге қызықты тапсырмалар дайындадым.
Ойын: «Сөз құра». Сызба беріледі ,онда әріп және буындар жазылған : ма,л, т,та, са. Сөздер: маса, мал, мат, мата.
Тіл ұстарту жаттығуы: Ма-ма-ма,
Жалқау бала болма.
-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-Белсеңді қатысқан балаларды мадақтау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718