Бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру
Ф.И.О : Исмаилова Асия Амандыковна
Облысы: Ақтөбе
Қаласы: Ақтөбе
№41 «Назерке» МДҰ МКҚК .
Қызметі: Тәрбиеші
Тақырыбы: «Бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру»
Эстетикалық тәрбие
Мектепке дейінгі жастағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің өрісі кеңейіп, өз деңгейінде жүргізілуі тәрбиешілердің ұлттық психологияны, халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерін тиянақты меңгеруіне және өз жұмысында сапалы пайдалана білуіне байланысты. Балабақша тәрбишісі бағдарламалық және оқу-әдістемелік талаптарды орындаушы ғана емес, ол балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында кездесетін күрделі мәселелерді өздігінен шешетін, оны жүзеге асыратын ұстаз.
Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, оның бойына ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.
Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жамап келеді.
Эстетикалық бағытта бейнелеу іс-әрекеті (сурет, мүсіндеу, жапсыру) түрлері еңбек тәрбиесі, құрастыру және музыка сабақтары арқылы балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, көркемдік талғамын дамыту іскерлік-дағдыларды меңгеруге, ұлттық қол-өнер ерекшеліктерін, оның әсемдігін сезінуге көңіл бөледі.
Бағдарламаға сәйкес бейнелеу өнері сабақтарына басшылық жасауда тәрбиеші баланың күнделікті өмірден алған әсерлері мен психикалық процестеріне: есте сақтауы, қабылдауы, ойлауы, қиялдауы және арнайы қабілеттілігінің дамуына ықпал етуін ескертуі тиіс. Бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыруда айналаны бақылату үшін саяхаттар мақсатты серуендерге апарады, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамытуды, баланың белгілі бір затқа немесе құбылысқа зейінін тұрақтандырып, бейненің сипатына қарай іс-әрекет тәсілдерін таңдап алуға бағыттайды.
Бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі жұмыстың нәтижелі болуы тәрбиешілердің шеберлігі мен іздемпаздығы, шығармашылығы, білім деңгейңмен де тығыз байланысты болмақ. Осы орайда, тәрбиеші бейнелеу өнері түрлерін жетік біліп, балаға түсінікті түрде қарапайым мазмұнын шығармашылықпен әңгімелеп бере білуі баланың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар көркемөнер туындыларының мазмұнын түсінуге, бояу түстерін ажырата білуге, көркемдік мәнерін сезіне білуге баулиды.
Бейнелеу өнерін үйретуге мынандай мақсат алынады:
– бейнелеу өнері түрлері жайында баланың қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
– живопись, кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының әсемдігін, көркемдгін сезініп, эстетикалық талғамын арттыру;
– өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту;
– жақсыға сүйсініп, жаманға күйіне білуге, өнер арқылы адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
– ұлттық өнердің айшықты нақыштарын сезіне білуге баулу;
– басқа халықтар өнерімен салыстыру, ерекшелігін сезіну;
Алға қойған мақсатты жүзеге асыруда баланың айналаны бақылау және қабылдауын дамытуға, көркемөнер туындыларымен таныстыруға, көркемдік талғамын арттыруға, іскелік дағдыларды меңгеруіне баса назар аударылады. Көркемөнер туындыларын, шағын көлемді мүсіндерді сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын қолданады. Сәулет өнеріне байланысты көркем суреттер,диафильмдер, слайдтар пайдаланылады.
Сабақтарды жоспарлауда бейнелеу іс-әрекетнің барлық түрлерінің өзара байланысы қажетігін есте ұстаған жөн. Осы іс-әрекеттің әрбір түрінің өзіндік ерекшелігі болатынын ескеру маңызды: мүсіндеуде заттар мен қоршаған орта құбылыстарын – көлемде, сурет салуда – жазықтықта, түсте, кеңістікте, жапсыруда – түсте және сұлбалық (силуэттік) түрде беруге мүмкіндік береді.
Балабақшада балаларды тәрбиелеу жұмысының негізі, баланың өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы ой-өрістерін дамыту, білім және қабілеттерін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік жұмыстарды қамтиды. Балабақшада балалардың іскерліктері, олардың қоршаған ортадағы заттар дүниесінің ерекшеліктерін танып, білуіне бағытталған іс-әрекеттердің бірі бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерге арналған көркемдік сабақтар арқылы қалыптастырылады.
Көркемдік тәрбиенің басты құралдары – бейнелеу өнері, музыка, көркем әдебиет т.б.
«Баланы жастан» деп қазақ бекер айтпаса керек. Дүниетаным,айналаға деген құштарлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік, сұлулыққа деген еліктеушілік бала жастан адам бойына қалыптасады.
Батылдыққа, шындыққа, имандылық пен әсемділікке, сұлулыққа үйір етіп тәрбиелеуді сәби жасынан ескергшен жөн. «Табиғатты аялау ата-баба салтымыз, тәрбиегеде мән берген дана халқымыз» демекші ата-бабамыз бастан-ақ табиғат пен тәрбиені бөле жарып көрмеген, екеуін қатар ұстаған. Балаға табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат, шапағатын ұялататын, сұлулық пен әсемдік әлемі екендігін тұла бойына сіңіру. Орман, дала, өзен-көл тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдері мен құбылыстары, құстар үні мен жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезіміне әсерлі суреттеліп, оларды сиқырлы сырды білуге ынтықтырады. Балалардың көркемдікті қабылдауы мен оны өз қолымен жасауға бағытталған әрекеттерінің арқасында бейнелеу өнерінің мәнерлілігі, көркемділігі баланың шығармашылық белсенділігіне сол арқылы олардың көркемдік талғамының дамуына зор ықпал етеді.
Балалар қоршаған ортаны суретке салу, сазбалшық пен ермексаздан мүсіндеу, түрлі-түсті қағаздан қиып жапсыру, табиғи материалдардан көркем өңдеу, музыка тыңдау т.б. жұмыстары кезінде танып білуге мүмкіндік алады. Олар қоршаған ортадағы түрлі заттарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемін, пішінін бояулар мен түстер арқылы айқындай білуге жаттыға отырып, бұл дағдыларды өз қиялымен пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, ермексаз т.б.) әшекейлеуді, бұйымдар үлгісін жасауды, оларды өрнектеуді үйренеді. Ал мүсіндеу арқылы заттардың, адамның, жануарлар мен құстардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Ермексаздан бейненің кескінін, қимыл-қозғалыстарын, өзіндік ерекшелік, күнделікті көргендерін еске түсіріп, заттың дене құрлысын, «бөлшектердің» өзара байланысы туралы алғашқы түсініктерді алады. Сәндік – қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар қағаздан арнайы желі құруға, үлгі арқылы қию, қағаз бетіне желімдеп жапсыру кезінде элементтердің жарасымдылығын, оюлардың түс жағынан үйлесімділігін меңгеруге үлкен көмегін тигізеді. Қатты, түрлі-түсті қағаз, мата қиындылары т.б табиғи заттарда көркем құрастыру жұмыстары негізінде балалардың ойлау қабілеттерінің, қиялының жетілуіне, еңбек нәтижесінің әсемдігінен сұлулықты сезіну дағдыларының дамуымен бірге еңбек етуге тәрбиелейді. Балаларды бақшада ұлттық сәндік қолданбалы өнермен таныстыру, үйрету олардың бойында еңбек дағдысын қалыптастыру, шеберліктерін ұштауға мүмкіндік берумен бірге олардың пайдалы нәрселерді жасасам деген ынтасын оятады. өз беттерімен жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, шығармашылықпен белсенділік көрсетуге жол ашады, еңбек теуге жігерлендіріп, халық шығармашылығына деген құлшынысын тудырады, әсемдік талғамын арттырып, түс мен бояудың әдемілігіне құштарлық сезімін жетілдіреді. Олардың адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеумен бірге, рухани жағынан да дамуына әсерін тигізеді.
Айналадағы дүниемен таныстыру сабақтарында балалар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жайында біраз мағлұматтар алады, халық өнерінің әсемдік әлемін таниды. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілеттерін дамытуда, педагогтың жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады. Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық, сурет өнерінің классикалық шығармаларымен толық игеруді үйренеді.
Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз.
Балалардың көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді.