Мен азаматпын
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 23
Мұғалімі:
Сыныбы: 4
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Мен Азаматпын
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Әділдік, адалдық, шыншылдық.
Мақсаты: Оқушыларға азаматтық парыз туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
|
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru |
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Жағымды күйге келу. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. 2. Үй тапсырмасы. 1. №22 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №23, «Алтын бала» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: • Көрші Зәукенді неліктен «азамат екен» деп айтты? • Нағыз азаматтың бойында қандай қасиеттер болады? • Азаматтық парыз дегенді қалай түсінесіңдер? • Өзің азаматтық парызыңды қалай орындап жүрсің? Айтып бер.
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі.
Парыздан биік шың жоқ. Бауыржан Момышұлы Сұрақтар: 1. Парыз дегенде нені түсінесіз? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Ар, Ұят, Намыс
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен-кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. – Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, – дейді Ұят. –Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың істеріне жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді Ар. Сонда Намыс тұрып: – Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныбы, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: – О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың – адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам – нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді-бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар, деп бата беріпті. Содан бері намыс – ағасы, ар – інісі, ұят – кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен. · Әңгімеде қандай қасиеттер туралы айтылады? · Олардың құндылық ретіндегі мәнін қалай түсінесіңдер? · Адамның өмірде Ар-ұжданды басшылыққа алуы қандай игіліктерге жеткізеді? · Осы қасиеттерді өмірде ұстанасыңдар ма? Қалай?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. 3-тапсырма Мәтінді оқыңдар және сахналап көрсетіңдер. |
|
6. Топпен ән айту.
Байқоңыр Өлеңін жазған Әбжан Омарқұлұлы Әнін жазған Мэлс Керейбаев Байқоңыр, Байқоңыр, Бұл – ғарыш алаңы. Ғажайып сонда өмір, Паш еткен даламды. Қайырмасы: Ұшамыз алысқа, Шолпанға, Марсқа. Құс жолы құпия, Жетеміз ғарышқа! Боламын ғарышкер Тоқтар мен Талғаттай. Көк жүзі күлімдеп, Ер ұлын тапқандай. Қайырмасы: Ұшамыз алысқа, Шолпанға, Марсқа. Құс жолы құпия, Жетеміз ғарышқа! |
|
7. Үй тапсырмасы.
1. №23 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №24 – сабақ, «Азамат» мәтінін оқып келу |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет)немесе1………………2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |