Абай – ұлы ақын
Абай – ұлы ақын!
Тәрбие сағатының мақсаты: Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең – жырларын, дұрыс түсіне білуге бір – бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу, шығармалар мазмұны бойынша өсиет – өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, жалқаулыққа қарсы шығу, Отанды және елді қадірлеуге үйрету.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаев портреттері, интерактивті тақта.
Барысы: Балалар келген қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіндер ме балалар! Көңіл күйлерін қандай? Балалар: Жақсы. Тәрбиеші: Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын біз алдымен келген қонақтарымызбен амандасып алайық. Балалар: амандасады Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс. Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар, ал қыс айларын айтайықшы? Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан Тәрбиеші: Жарайсындар, ал балалар жалпы қанша жыл мезгілі бар? Балалар: 4. Күз, қыс, көктем, жаз. Тәрбиеші: Жақсы балалар. Балалар осы жылдың 4 мезгіліне де арнап өзінің әдемі өлеңдерің арнап жазған қандай ақын атамызды білеміз? Біз ол кісімен алдыңғы оқу қызметтерінде де танысып өткен болатынбыз? Балалар: Абай Құнанбайұлы атамыз. Тәрбиеші: Өте жақсы, Абай ата осы төрт мезгілге арнап тамаша өлең жазған. Бұл өлеңдерінде табиғаттың әсем, сұлу көрінісі бейнеленген.
– Қане, осы өлеңдерін есімізге түсіріп жіберейік
Күз Шаттық
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Расул
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланек
Балалар бүгін күн біз үшін өте ерекше әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін күн. Біз бүгінгі күнді Абай атамызға арнаймыз.Ол кісінің шығармашылығымен, бізге мұра етіп қалдырған өсиет-нақыл сөздерімен танысатын боламыз. Абай атамыздың өмір жолымен танысу үшін барлығымыз экранға назар аударайық. (Слайд 8 мин ) Тәрбиеші: – Абай атамыз Семейдің Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Әкесінің аты Құнанбай. Шешесінің аты Ұлжан. Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Абай атамыз артына ойлы да, мәнді өлеңдерімен бірге қара сөздерімен де өшпестей із қалдырған. Жас бала анадан екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем, көрсем, естісем, үйренсем деп тұрады.
Адам үш нәрседен қашу керек:
Біріншісі надандық,
Екіншісі еріншектік
Үшіншісі залымдық.
Егер ақылды болғың келсе күніне бір рет немесе жұмада бір өзіңнен өзің есеп ал; : Адам ата – анадан туғанда есті болмайды, естіп – көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы – жаманды таниды. Міне, көрдіңдерме, Абай атамыз не жақсы, не жаман екенін көрсетіп берді. Біз атамыздың өсиетін орындап жүруіміз керек.
Балалар біздің мемлекетімізде қандай ұлттар мекендейді? Балалар: орыс, украйн, беларусь, өзбек т.б Тәрбиеші: Олар тату, дос. Бір – бірінің тілін, дінін құрметтейді. Абай атамыз оны да бізге үйретіп кетті.
Тату ел – берекелі ел, көрікті де сұлу өлке болады. Сонымен қатар ол кісі бізді білімге, ғылымға, ізденімпаздыққа шақырды. Өнімдері мол бай мемлекет болады деді. Қанекей балалар осы өсиеттерді қамтыған Абай атамыздың өлең-тақпақтарын айтайық.
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Ақберен Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз, Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөңсеңіз? Арай Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз.
Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл
Аллаға ауыз қол емес
Ынталы жүрек,шын көңіл
Өзгесі хаққа жол емес Айша
Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін
Жүректің ақыл суаты Махаббат қылса тәңірі үшін
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан! Кәусәр
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
Құлақтан кіріп, бойды алар Ясина
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Арикош
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашу керек:
Бірінші — надандық
Екінші — еріншектік
Үшінші — залымдық
Надандық — білім, ғылымның жоқтығы. Дүниеде білімсіз еш нәрсені біліп болмайды. Білімсіз хайуандық болады.
Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік.
Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.
Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.
Балалар бүгінгі оқу қызметінен сендер Абай атамыз жайлы кішкене болсын мағлұмат алдындар деп сенемін. Қанекей әрқайсысымыз Абай атамызды рет-ретімізбен бір ауыз сөзбен сипаттайықшы.
1. Абай атамыз- парасатты 2.Ақкөңіл 3.Адал 4. Алғыр 5.Сезімтал 6. Әділ 7.Табанды 8.Жүйрік ойлы 9. Ашық мінезді 10.Өткір тілді 11. Қабілетті 12. Көпшіл 13. Ұлтжанды 14. Шыншыл 15.Қайсар 16. Ақын жанды 17. Дарынды 18. Өнерлі
Жарайсындар балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды барлығымыз бірге Абай атамыздың әдемі әні «желсіз түнде жарық ай» әнін шырқап аяқтайық.