Сезім мүшелерінің қызметі қандай?

Мектеп: «№45 бейімделген орта мектеп» КММ

Сынып-топ: 0 “А”

Күні: 06.12.2019

Пәні: Жаратылыстану

Тақырыбы: Сезім мүшелерінің қызметі қандай?

Сабақ мақсаты:
1. Сезім мүшелерінің атқаратын қызметі, олардың маңызы жайында түсінік қалыптастыру. Сезім мүшелерін қалай сақтау керектігін үйрету.
2. Оқушылардың ойлау, жұппен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, сезім мүшелеріне ұқыпты болуларына, денсаулықтарын сақтау, жеке бас гигиенасын талаптарын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жұмбақтар, әңгімелеу.

Сабақ көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, жеміс-жидектер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтан қалмаймыз,

Жаман баға алмаймыз.

Кім болып өсуді

Қазірден таңдаймыз.

Алтын ереже:

  • Сабаққа белсенді қатысу
  • Тыныштық сақтау
  • Бірін- бірі тыңдау
  • Ойын ашық айту
  • Бір- бірін сынамау
  • Ынтымақтастық

 

Жаңа сабақ:

 

-Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып  қабілеттер бізге 5 сезім мүшесі арқылы беріледі.

— Олай болса, сезім мүшелерінің қызметімен танысайық.

– Балалар, әр сезім мүшесіне байланысты жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың жауабы бойынша жеке-жеке мағлұмат аламыз.

1.Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін? (Көз). (Суреті көрсетіледі)

— Көз не үшін керек? Көз адамның негізгі мүшесі.

« Көз – адамның айнасы».

-Көзді шаршаудан және зақымданудан сақтау керек.

-Компьютердің экраны көзден 50-55 см. қашықтықта болғаны дұрыс.

-Теледидарды көп көруге болмайды.

Есіңе сақта!

– Егер көзге бөгде зат түссе, дереу қайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу.

-Көзге қышқыл сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу керек.

-Көзді уқалауға болмайды,тек таза шүберекпен сүртеді.

 

Келесі жұмбақ:

2.Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың. (Құлақ).

-Бұл қандай мүше? Есту мүшесі. (Музыка қою).

Есіңе сақта:

а) Құлақты аса қатты дыбыстан, шудан қорғау;

ә) Желден қорғау;

б) Су кіргізіп алмау. Дұрыс тазалау.

в)Құлағың ауырса дәрігерге қаралу керек.

 

3.Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын).

(Суретін шығару).

Сарамандық жұмыс: (иіс су) шашырату, иісін сездіру.

Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынымен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады.

 

4.Екі баланы ортаға шығарып, көздерін байлап, ауыздарына мандарин беремін, олар сол дәмін сезу керек.

(Суретін шығару).

-Тіл туралы не білеміз? Нені сеземіз?

Дәмді тілмен сезеді. Тіл – дәм сезу мүшесі.

 

Тілді қалай күту керек?
– Өткір затты ауызға салуға болмайды, себебі кесіп алуың мүмкін.
– Тамақты асықпай жеу керек, себебі тілді тістеп алуың мүмкін.
– Тамақтан кейін ауызды шаю керек, себебі тамақ қалдықтары қалады.
– Ыстық тамақты суытып ішу керек, себебі тіл күйіп қалады.

 

5.Ал, балалар мен келесі сезім мүшесімен таныспас бұрын мен сендермен ойын ойнағалы тұрмын.

Ойын «сипап сезу»

(екі баланы шығарып, көздерін байлап, бірінің қолына алма, екіншісінің қолына қуыршақ беремін.) Олар сипап сезу арқылы қолдарындағы заттарды табады.

Ал, енді осы заттың ойыншық екенін сен қалай білдің?

Демек біз қолымызбен ұстап, сипап сезу арқылы білдік.

Тері – сипап сезу мүшесі.

Тері – адам денесінің сыртқы жабыны.

Теріні күту:

-Теріні жарақаттардан,күйіктен,үсіктен сақта.

– Денені аптасына 1-2 рет сабынмен және жөкемен жуу керек.

– Міндетті түрде қолды, бетті, мойынды, аяқты, қолтықтың астын күнделікті   жуу.

– Үнемі таза киім кию.

– Қыс мезгілі, яғни күн суық кезде жылы киініп, қолымызға қолғап киіуіміз  керек.

– Тырнақты таза ұстап ,уақытында оларды қию керек.

 

 

Сергіту сәті:

 

Топпен жұмыс. «Сәйкестендір» .

Балалар, мен сендерге суреттер беремін. Сол суреттерге қарап әр сезім мүшелерінің сәйкестігін табасыңдар.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексия:

-Ендеше балалар әр нәрсені сезу үшін нелер көмектеседі екен? (Сезім мүшелері).

Бағалау : «Бас бармақ » тәсілі

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *