«Балабақшадағы құм терапиясының тиімділігі»
Кіріспе
«Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен
биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»
Н.Назарбаев
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты Қазақстан-2050 стратегиясында «Адамзат үшін 21 ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»-деп ұстаздар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр.
Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгтің «Құм терапиясын» балабақшадағы балалармен жұмыс жүргізіуді жөн көрдім.
Менің алған жұмысымның мақсаты- балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Негізгі бөлім
Құм терапиясы – адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құмдағы терапиясының қолданудағы мақсаты:
1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.
2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардың
ұсақ моторикаларын дамыту.
3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым – қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру.
4. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс – әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс – әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау)
2. Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру – ойлай білу, көрнекі – шынайылық, көрнекі – бейнелік, сөздік – логикалық, шығармашылық ойлау.
3. Эмоционалдық және коммуникативтік ортаны (қарым – қатынастың табысты ағымына қажетті, ауызша және ауызша емес құралдарды қолдана отырып) дамыту.
Құм терапиясының маңыздылығы:
• сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлау мен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
• Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ менің тәжірбиемде терапияның еркін әдіс екені көрсетіледі.
Мысалы көгілдір түсті құмзар, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады.
Балалармен жұмыс істеу барысында балалардың сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шыдамдылық танытпауы басым.
Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенін сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.
Құммен ойын – балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Мен өзімнің тобымда балалардың сөздік қорларының дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымды аударамын. Осы жұмыстарды шешудің бірден-бір жолы «Құм терапиясы». Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», торттарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және коммуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді.
Құм терапиясына керекті құрал-жабдықтар:
Құм терапиясында стандартты өлшемде (50 х 70 х 8 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді.
-адам кейіпкерлері;
– жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т. б.);
– көліктер (құрғақта жүретін, суда жүзетін, ғарыштық және т. б.);
– өсімдіктер (ағаштар, гүлдер, көкөністер, жаңғақтар және т. б.);
– табиғи заттар (ұлутастар, бұтақтар, әр түрлі пішіндегі тастар және т. б.);
– лақтырым материялдар (пласмасс ыдыстар, тығындар және т. б.);
– Пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, геометриялық пішіндер.
Әрекет үстіндегі құмды қолдану.
Тіл құзіреттілік дамыту сабақтарында мен келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:
1. Әңгімелесу «бөлмедегі құммен ойнау ережелері» бұл сабақта мен топттағы не істеуге болады және не істеуге болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерге тасуға т.б.)
2. Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялдары туралы әңгімелейді.
3. Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып отырып бұл процесті өте ұзақ қарап отыра алады. Бұл көрініс оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері туралы әңгімелейді.
Тәрбиешілер мен бірлесіп оқу қызметі арқылы құм терапиясын қызықтыра, отырамыз атап айтқанда математика оқу қызметінде төмендегіндей жаттығуларды қолданамын:
1. «Өлше де сана». Балалар қасыкпен құмды өлшейді және санын санайды.
2.«Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды балалар түрлі белгілері бар қасықтармен өлшеп салыстырылады және санын санайды.
Сурет салу оқу қызметінде келесі түрлерін қолданамын:
1. «Құммен сурет салуды үйренеміз». Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.
2. «Суретті құммен саламыз». Сабаққа түрлі- түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды қолданамыз. Түрлі- түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.
3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.
Құм ойындары
Қыстың суық күндерін де сыртқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар ұйымдастырылады.
Ойын түрлері: «Ненің ізі», «Келесіге бер», «Сезімтал алақандар» «Еркін ойындар».
Бала құммен ойынды тек балабақшада ғана ойнап қана қоймай, үйге барғанада да сол ойынды жалғастырады.Осы орайда балабақша мен ата-ананың байланысын нығайту барысында ата-аналарға үйге төмендегідей тапсырмалар беріп отырамын.
Ұсақ моториканы дамыту жаттығулары: «Моншақтар», «Фасольды теру», «Жіпті орау», «Сусымалы заттарды сапыру»
Аудандық семинарда балабақшада, ата-аналармен «Үй жағдайында түрлі-түсті құмдарды жасау» шебер сыныпын өткіздім.
Облыстық мектепке дейінгі ұйымдар арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Құм терапиясына» арналған түрлі-түсті құмдарды тиімді және қолжетімді жасалу жолдары туралы «шебер сынып» көрсеттім.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау -ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті.
Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.
Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктері дамыды:
● Шығармашылық
● Танымдық
● Интеллектуалдық
● Қарым–қатынас
Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан – жақты дамуына Құм терапиясының тигізер үлесі өте зор.
«ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесі аясында өткізілген «Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік әрекеттінің ең үздік экологиялық жобасы» көрмесіне қатысып «Ең үздік тұсаукесер» номинациясымен мараптталдым.
Мен осы баяндамамды Карл Густав Юнг мынандай сөздерімен аяқтағым келіп отыр «Біздің ойлап жүргенімізді қолымыздың көмегі арқылы шешуге болады».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Чудеса на песке» практикум по песочной терапии. Из-во « Речь» 2005 год
2. Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Игры в сказкотерапии» СПб 2008
3. М.В. Кисилева «Арт-терапия в работе с детьми»СПб 2006
4. Балапанов Е .Қ.Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері. Әдістемелік нұсқау-Алматы,2005жыл.
5. Венгер Л.А. Қабылдау мен оқыту-М.Просвещение 1969жыл
6. Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Практикум по сказкотерапии СПб 2013
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718