Заттардың қасиеті өзгере ме?

Мектеп:  «Нұрлы орта мектебі» КММ
Сабақ  тақырыбы: Заттардың қасиеті өзгере ме?

 

Күні 21.11.19 жыл Мұғалімнің есімі Молдабекова Т

 

Сынып 4 «А» Қатысқандар саны                18 Қатыспағандар саны

 

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

 

4.3.1.1заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Оқушылар ауаны қолданудың тәсілдерін, желдің маңызын, пайдасы мен зиянын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ауаның ластану көздерін анықтап, ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсынады.

Кейбір оқушылар: Заттың қасиеттеріне байланысты қолдану аясын анықтайды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

 

-заттардың қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;

-ауаның орын ауыстыру үдерісін сипаттайды;

-желдің пайда мен зиян тигізуіне мысал келтіреді;

-ауаны ластауға мысал келтіріп, оны тазарту жолдарын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар:

-заттардың қасиеттері мен оларды қолдану аясы туралы әңгімелейді;

Терминология:

Зат, дене, қатты, жұмсақ, мортсынғыш, иілгіш, борпылдақ,

ғаламшар, ауа, тазалық;

мөлдірлік, газдану;

сақтау, жел, қозғалыс.

Сөз тіркестері:

Талқылау сұрақтары:

Адам жанды табиғатта кездеспейтін заттарды неден жасайды?

Түрлі заттарды жасағанда металдың қандай қасиеттерін пайдаланады?

Неліктен ауасыз тіршілік ете алмаймыз?

Ауаның таза болуы неліктен маңызды?

Жел қалай пайда болады?

Жел шаруашылыққа қандай зиян келтіреді?

Ауа тұрмыста қалай пайдаланады?

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Заттар  қандай болады?

 

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған  жаттығулар Ресурстар
Басталуы

10 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«1,2,3»  көңіл күй тренингі (шеңбер бойына тұрып 1,2,3 –ке саналады.1-екі рет шапалақ ұрады, 2-аяқпен екі рет тарсылдатады,3-«уау» деп айтады.

 Жемістер арқылы топқа бірігу

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Тақырыбы:Заттар қандай болады?

1.Табиғаттағы заттар нешеге бөлінеді?  (таза,қоспа)

2.Қоспа дегеніміз не? (ол  әртүрлі бөліктерден тұрады)

3. Таза деп қандай заттарды айтамыз? (бір ғана заттан тұрады)

4. Қоспаның құрамындағы заттарды бөліп алуға  болама?

5. Темірден балғаны қалай жасайды деп ойласың?

6.Заттардың өзгеріске түсуі деген не? (оның қасиет)

7.Заттардың балқуы,қайнауы қандай үдеріс кезінде болады? (қатты күйден сұйық,сұйық заттың жоғары температурада қайнап буға айналуы)

«Ойлан тап»  әдісі.Балқу,қайнау,еру,араластыру. Суреттерді сәйкестендіру

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

 

Сабақтың тақырыбын,мақсатын айқындау.

Күтілетін нәтижені анықтау

Кіріспе тапсырма.

Пісіп жатқан тамақ қатты қайнап,тасыған кезде не болады? (Төгілген тамақ күйіп,жағымсыз иіс шығарады және қарайып қатты затқа айналады.)

Заттар басқа затқа айналуы мүмкін бе?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Заттардың қасиеті өзгере ме?

Оқушылар

ды топтарға бірігу.

Жемістер

суретті.

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырма

лары

Суреттер

 

Тапсырма

ны орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Сабақтың

   ортасы

  20 минут

Ұжымдық жұмыс

Дастарқанға қалай келді?.«Жент (қоспа) дегеннің не екенін білесіңдер ме? Жентті жеп көрдіңдер ме?» Оның құрамы қандай заттардың қоспасымен жасалған? Жент қалай жасалады? Алдымен жуып, кептірілген тарыны қазанға қуырады, одан соң оны келіге салып түйеді, алынған ұнтақты елеуіштен өткізеді. Ұнтақталған тарыға қант және сары май қосып араластырады. Нәтижесінде жент алынады. Бұл заттар араласқанда олардың қасиеттері өзгере ме? Қалай ойлайсыңдар? (Женттің құрамындағы заттарды араластырғанда қасиеті өзгерді, мысалы, қатты тары ұнтақталды, сары май мен қант еріді.) Эврика мен Негеш заттың басқа затқа айналуы мүмкін бе деген сұраққа жауап тапты ма? Сендер қалай ойлайсыңдар? (Иә. Тарыны қуырып,ұнтақтап,ұнтақтап,заттармен араластырып, жаңа зат алынды.)

ҚБ өзін өзі бағалау.

басқа заттармен араластырып, жаңа зат алынды.)

Тары мен женттің айырмашылығы бар ма?

 

ҚБ өзін өзі бағалау.

Пиктограмманы оқы

Негеш әжесі дайындаған тосаптың жасалу жолын пиктограммалармен көрсетті.Пиктограммаға қарап, құлпынай тосабын дайындау үдерісін айтып бер.

Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру.

ҚБ өзін өзі бағалау.

Топтық жұмыс.Зертте.

Зерттеу жұмысы барысында картоптың құрамын зерделеп, қасиетіне байланысты қолданылуын анықтайды. Оқушыларға ресурстарды (картоп, үккіш, екі шыны ыдыс, тамшуыр, құйғы, сүзгіш, йод ерітіндісі), зерттеу нәтижесін тіркейтін парақтар мен маркерлерді таратып беріңіз. Жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін топтарға біріктіріңіз. Үккішпен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертіңіз Бұл эксперимент уақыт алатындықтан оны екі бөліп өткізуге, яғни үккіштен өткізіп, жылы суға салып қойып, ол тұнғанша басқа тапсырманы орындата беруге болады.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Оқушылардан «Картоп қоспа затқа жата ма, таза затқа жата ма?» – деп сұраңыз. Олар ешқандай үдеріс көздеріне көрінбеген соң оны таза затқа жатқызуы мүмкін. Таза зат компоненттерге ажырамайтынын, ал қоспаның құрамындағы компоненттерді бөліп алуға болатынын еске түсіріңіздер. Осыдан соң оқушыларға картоптың қандай затқа жататынын, оның құрамын анықтап  зерттеу арқылы сұрағын нақтылау. Оқушыларға болжам жасату, олар картоп қоспа болса, заттарға ажырайды, таза зат болса, ешқандай компоненттерге бөлінбейді деп болжам жасауы тиіс. Содан кейін тәжірибені нұсқайлық бойынша жасату.

• Тазартылған картопты үккіштен өткізеді;

• Үккіштен өткізілген картопты шыны ыдыстағы жылы суға салады;

•Біраз уақыттан соң шыны стаканға құйғы мен сүзгішті орналастырып, картопты сүзіп алады;

• Сүзгіш арқылы өткен сұйықтықтың астында, ыдыс түбінде ақ түсті зат – крахмалдың тұнғанын көреді;

• Шыны ыдыстағы тұнбаның жоғарғы жағындағы суды басқа ыдысқа құйып алады;

• Нәтижелерін тіркейді, қорытынды жасайды.

Зерттеу барысында картоптан крахмал бөлінгенін бақылады. Крахмалдың қайда және қандай қасиеті үшін қолданылатыны туралы қорытынды жасалады. (Крахмалдың қоюландырғыш қасиеті үшін оны қамыр, печенье, кекс, кисель, тұздық жасауда қолданады және кепкенде крахмал қатаяды, сондықтан киімдерді крахмалдауға қолданылады, киімді үтіктегенде формасын ұстайды).

ҚБ өзін өзі бағалау.

Дескрипторы:

Заттардың қайда қолданылатынын біледі;  заттардың қалай өзгеретінін, оған не әсер ететінін түсінеді. Заттар түрлі үдеріс кезінде басқа заттарға айналады. Ол үшін заттарды араластырады, қыздырады, ерітеді. Кейбір заттар араласқан қоспаның құрамында болса да, қасиеттерін жоғалтпайды. Ал кейбір заттар басқа заттармен әрекеттесіп, өз қасиеттерін жоғалтады немесе өзгертеді. Олар бастапқы қалпына келе

алмайды. Адамдар заттарды қосу, араластыру арқылы

заттың қасиеттерін жақсартуды, құрамын өзгертіп басқа заттар жасауды үйренді.

ҚБ мұғалімнің  кері байланысы

Сергіту сәті  (2 минут)

 

Оқулықтағы

сызба

 

Дәптермен

жұмыс

 

 

Тапсырма

ны орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Белсенді оқу тапсырма

лары.

 

 

 

Зерттеу нәтижесін жазуға арналған

картоп,шы

ны ыдыс,стакан,

сүзгіш,йод ертіндіс.

 

 

Ойлан

Заттардың қасиетін

білудің қандай пайдасы

бар?

 

 

 

 

 

Аяқталуы

8 минут

Жұптық жұмыс

Сүттен не жасалады?

Сүттен әзірленетінін тағамдарды атау.

Оқушылар «Қай кезеңде заттың күйі өзгерді? Қай

кезеңде жаңа зат пайда болды?» деген сұрақтарға

жауап табуы тиіс.

1)           Сүт – пісіру (піскен сүт) – ұйыту (айран) – сүзу

(қатық немесе сүзбе) – кептіру (құрт);

2) Сүт – майын айыру (қаймақ және көк сүт) – қаймақты шайқау (май);

3) Сүт – іріту (іріген сүт) – қайнату (ірімшік).

  Бір затты қоспа қосу арқылы екінші зат жасауға бола ма?

    Зат өзінің бастапқы қалпын өзгертеме?

 

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

 

Түрлі түсті

суреттер

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсыр

малары  арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?  

 

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?  
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *