Бірлік бар жерде – тірлік бар

Бірлік бар жерде – тірлік бар

 

       Ән залы әдемі безендірілген.Балалар қолдарына жалаушаларды ұстап,әсем әуенмен жұптасып кіреді.

 

        Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,әріптестер,бүлдіршіндер!Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бірлік бар жерде – тірлік бар» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

 

Қуаныштан желпілдейді түндігім,

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін!

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!

 

Адамзаттың арманын ұғып бірден,

Сенім құйып үнінен үміт күлген

Сан халықты бір тудың аясына,

Бір әнмен біріктірген.

 

Ән:«Жаса Қазақстан!»

 

          Осы кезде есік тақылдап қырғыз ұлтының өкілі келеді.Балалармен амандасады,бүгінгі мерекелерің құтты болсын!Қазақстан мемелекетіміз көп ұлтты мемлекет,береке-бірлігіміз арта берсін ағайын!

 

Жүргізуші: Біздің мерекеге қош келдіңіз!Бүгінгі мерекеге арналған балаларымыздың өнерін тамашалаңыз!

 

       Балалар тақпақ айтып береді.

Мереке:   Мамырдың бірі достық күні,   

                  Ән салып билеген халықтың үні.

                  Тұтасып тойлаған ұлттар

                  Керемет мереке мамырдың бірі.

Бектұрған:Біз балдырған тең басқан,

                    Дос құшағын кеңге ашқан.

                    Тілегіміз әділдік,

                    Ашық болсын кең аспан!

Досымжан:Сырдың бойын ежелден жайлаған,

                     Орыс,қазақ қатар қонған бай далам.

                     Халықтардың достығының айғағы,

                     Бүгінгі күн мерекедей жайнаған.

Мөлдір:       Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

                      Қайта тудым,қайта келдім.

                      Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

                      Айта бергім келеді,айта бергім.

Жүргізуші: Елім менің жарқыраған,жайнаған,

                     Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

                     Елім менің биіктігі шарайна

                     Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Ойын:«Отбасы ойыны».

Жүргізуші: Жер анамыз жасайды тарлық кімге,

                      Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

                      Қайталанып,жаңарып айтылады,

                      Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

Ән: Мерей «Анашым».

Жүргізуші: Тілегі бір,жүрегі бір

                      Достармен біз біргеміз.

                      Туыс барда құрыштан да

                      Берік біздің іргеміз.

Балнұр:      Мой степной богатырь,

                     Мой родной Казахстан.

                     Как повезло тебе и мне,

                     Мы родились в такой стране.

Азамат:      Әкелер мен апалар

                     Ел үшін қызмет жасаған.

                     Мақтанышы елінің,

                     Бірлік туын берік ұстаған.

Иназ:           Дос болайық бәріміз,

                     Жарасып тұр әніміз.

                     Тыныштықты сақтаймыз,

                     Атсын күліп таңымыз.

Әділжан:     Дос болып түрлі халықьар,

                      Жасайтұғын ғасырмен.

                      Бақыт шамын әлемге,

                      Ұмытылмас асылым.

Нермин:        Достық – ұранымыз,

                        Достық – шырағымыз.

                        Достық – туымыз,

                        Достық – әніміз.

Жүргізуші:   Ағайын,туған бар адам,

                       Адалдық үшін жаралған.

                       Бар қымбат достық,

                       Баянды болсын тыныштық,-дей келе

БИ:«Дүнген биі».

Жүргізуші:   Бейбітшілік құсы-ақ көгершін,

                       Биік ұшып самғасын!

                       Тілегіңді жерге жайсын,

                       Қанаттары талмасын!-дей келе «Ақ көгершін» әніне кезек берейік.

Ән: «Ақ көгершін».

Ойын:

Жүргізуші:   Сәбилер зәресін бұлт алмасын,

                        Гүл,бәйшешек ешқашан солмасын!

                       Ақ көгершін аспаныңда қалықтап,

                       Бейбіт күнді барлық әлем қолдансын!

Ән:Мөлдір.«Балалық шақ».

Жүргізуші:   Достық, ынтымақ туралы даналық сөздер.

Жанарыс:    Ынтымақ,достықтың бірлігі.

Балнұр:        Ырыс алды – ынтымақ.

Досымжан:  Достық күші – бірлікте.

Мерей:          Достық түбі –береке,

                       Береке түбі-мереке.

Ерік:             Ел бірлігі-ел теңдігі.

Мунира:      Ынтымақ жүрген жерде,ырыс бірге жүреді.

Жүргізуші:  Достықты үлгі санаған,

                      Бір үйде біз тұрамыз.

                      Қалған ата-бабадан,

                      Бірлік асыл-мұрамыз.

Би:«Үнді биі».

Тақпақтар.

Ерасыл: Қырғыз,қазақ,өзбектер,

                Манғол,ұйғыр,дүнгендер,

                Армян,тәжік,грузин,

                Орыс пенен украин,

                Терезесі тең жақын.

Жанарыс:Қазақ жері қонақжай,төрдің жері,

                  Қазақ елі қас сақтай,ердің елі.

                  Толқынында тарихтың қуғын көрген,

                  Барша ұлтқа құт-мекен болған еді.

Лейла:      Ортақ мекен жер шары,

                  Төбемізде бір аспан.

                  Барлық ұлттың баласы,

                  Достығымыз жарасқан.

Рамазан:  Ортақ бізге бір Отан,

                  Ортақ жердің байлығы.

                  Еңбек ортақ,жыр ортақ,

                  Ортақ бізге барлығы.

Жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы, – дей отырып ағылшын биін тамашалаңыздар!

Би:«Ағылшын биі».

 

Жүргізуші: Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

                     Ну орманы,тауы,өзені,көлі бар.

                     Қазағымның елін,жерін қорғайтын,

                     Жас жеткіншек,ұланы бар,елі бар.

Би:«Қазақ биі».

Қырғыз өкілі:Ой балалар,сендер өнерлі екенсіңдер,бүгінгі сендердің бірлік мерекесіне арналған тақпақтарыңды естідім.Балалар,бірлік халық салты.Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып,бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

        Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен:қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады.Ұлдары олай әуреленіп,былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды.Қарт буманы шешіп,шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады.Шыбықтар оп-оңай сынады.

Қария: Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді.Ал жеке-жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.Міне,балалар,көрдіңдер ме,бірлік бар жерде – тірлік бар.Қазақстан сияқты жас мемлекеттің  өркендеуінің бір кепілі – еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір.

Сау – саламатта болыңыздар!

Жүргізуші: Кең жазира,ұлан-байтақ еліміз,

                     Туған елін, туған жерін сүйетін.

                     Біз қазақтың ұланымыз,еріміз.

Ән:«Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші:  «Бірлік бар жерде-тірлік бар»-ертеңгілігіміз аяқталды.

Ендеше,бейбітшілік жасасын!

Қазақстан жасасын!

Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Осымен,бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Сау – саламатта болыңыздар!

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *