Коучинг Cабақ үдерісінде тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдары
Пән мұғалімі: | Нурымбетова Шолпан Маратовна | ||||||||||||||||
Күні: | Коучинг | ||||||||||||||||
Коучинг тақырыбы: | Cабақ үдерісінде тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдары | ||||||||||||||||
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
«Мектепті дамытуды жоспарлау жөніндегі нұсқаулық» |
||||||||||||||||
Жалпы
мақсаттары: |
-Сабақта тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру;
-Оқу сапасын арттыруда тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығын таныту; |
||||||||||||||||
оқу нәтижесі | -Тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдарын қарастырады;
-Оқушылардың сөйлеу тілінің дамуын сөйлесім әрекеті түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, тілдесім) бірлікте қарастырады; -Табысты оқушы дайындау әдістерін таңдай біледі; -Оқушы білімін бағалауда тілдік дағдыларды игеру деңгейін сараптайды;- |
||||||||||||||||
Пайдаланған
Әдіс–тәсілдер |
1.Тренинг 2. Топтық жұмыс 5. «Кереге диктанты»
3. Жеке жұмыс 4. Кері байланыс |
||||||||||||||||
Ресурстар | Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер, Тілдік дағдыларды туралы ақпарат, органайзерлер | ||||||||||||||||
Негізгі идеялар | Тілдік дағдыны жетік меңгерту арқылы табысты оқушы даярлау
Оқушының білім сапасын арттыруда тілдік дағдыларды тиімді жүргізу |
||||||||||||||||
Коучинг өткізу кезеңі | Уақы– ты | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | ||||||||||||||
1. Жағымды атмосфера қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету. | 3 мин | -Қатысушылармен амандасу.
-Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Ұстаздарды шәкірттерінің білімдері әр кез терең толғандырады. Сіздер шәкірттеріңізге нені қалай оқытып жатқандарыңызды жақсы білесіздер. «Білім негізі-бастауышта» дейтін болсақ, бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудың салмағын айтпасақ та түсінуге болады. Осындай кедергілерге қарамай, Сіздер бар күш-жігерлеріңізді шәкірттеріңізге білім беруге жұмсап жатырсыздар. Осындай еселі еңбектеріңіз үшін рахмет айтып қойсақ- артық болмас деймін. Бастауыш сыныпта тілдік дағдыларды дұрыс меңгерген оқушы жоғарғы буында да өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалана біледі. Десек те, қазіргі таңда оқушылар арасында айтылым мен тыңдалым барысында, жазылым мен оқылым барысында көптеген кедергілер кездесіп жатады. Кейбір оқушылар мүлдем ғылымға негізсіз грамматикалық тұлғаларды қолданады. Әдеби тілдік нормадан ауытқушылық пен қосымшалардың дұрыс жалғанбауы да кездесіп жатады. -Мұндай кемшіліктер қайдан туындап жатыр? -Бұл кедергілерді қалай жеңуге болады? деген сұрақтар төңірегінде сіздермен бірге жауап іздеп көрелік. |
«Бүгінгі жағдай….» (тренинг)
Коучингке қатысушылар бүгінгі сабақ үстінде оқушыға қатысты болған ерекше бір жаңалығымен немесе кездескен кедергілермен бөліседі.
Мақсаты : қатысушылардың тәжірибесінде кезіккен жағдаяттармен танысып,өзара пікір білдіру. |
||||||||||||||
Топқа бөлу | 2 мин
|
Суреттер арқылы топқа бөлу | Мұғалімдер суреттер арқылы 3топқа бөлінеді. | ||||||||||||||
І. Кіріспе кезең | Бүгінгі коучингтің мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. | Бүгінгі коучингтің мақсатымен, нәтижесімен танысады. | |||||||||||||||
1.Теориялық материалдар | Тілдік дағдылар туралы ресурстар ұсынамын | Қатысушылар тілдік дағдылар туралы материалдармен танысады.
Өздеріне белгілі мәліметтер мен жаңа ақпараттарды топта талқылап отырады |
|||||||||||||||
2.Миға шабуыл | 3
мин |
Ашық сұрақ қоямын:
3.Туындаған мәселелерді шешу жолында қандай қадамдар жасар едіңіз? 4. Мақсатқа жетуде тілдік дағдылардың қайсысын маңыздырақ санайсыз? Бұл талқылауға өз үніңізді қосуыңызды сұраймыз. |
«Сұрақтар себетінен» сұрақ алып, мұғалімдер өз пікірлерін ұсынады | ||||||||||||||
3.Топтық жұмыс.
Сипаттамасы: Мәтіні бар парақ отырған жерден алыс қабырғаға ілінеді. Әр топтан бір адам мәтіннің бір сөйлемін оқып,есіне сақтап, өз тобына жаздырады. Бір топ мүшесі қайтып оралып әкелген ақпаратын айтып жатқанда,келесі оқушы керегеге бет алуы керек.
4. Бағалау
|
10
мин
|
Топтық жұмыс. Шығармашылық тапсырма.
І тапсырма «Кереге диктанты» Мақсаты: оқу,тыңдау,айтып жатқа жаздыру,есте сақтау дағдыларын дамыту,топтарда кезекпен ынтымақтастыққа жұмыс жасау,қарым-қатынас дағдыларын оңтайлы қолдану; Ережесі: Топ мүшелерінің бірі диктант мәтінін оқып алады да, топқа келіп айтады, топ мүшелері тыңдай отырып, емлеге сай жазып шығады. Ойлы сөз Бір күні үнді тайпасының данышпан қариясы өзінің немересімен әңгімелесіп отырды. -Неге жаман адамдар болады?-деп сұрады немересі. -Нашар адамдар болмайды,-деді көсем. –Әр адамның екі жағы болады: ашық және күңгірт. Жанның ашық бөлігі адамды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа шақырады. Ал күңгірт жағы өзімшілдікті, өтірікті, бұзақылықты қолдайды. Бұл екі қасқырдың арпалысы сияқты. Бала кішкене ойланып қалды да атасынан: -Соңында қай қасқыр жеңеді?- деп сұрады. – Әрдайым сен тамақтандырған қасқыр жеңеді, – деді данышпан .
|
Қатысушылар тапсырманы орындайды. Орындап болған соң қиын не жеңіл болғандығы сұралады.
Мәтіннің идеясы туралы да айтып кетуіне мүмкіндік беріледі.
Дескриптор бойынша топта өзара бағалау жүреді
|
||||||||||||||
ІІ. Негізгі кезең
1.Жеке жұмыс:
2. Бағалау
|
7 мин |
Жеке жұмыс: Ертеде бір патша білімді етіп «тәрбиеле» деп ұлын ұстазға береді. Бір күні ұстаз: – «Тақсыр, білім алды, балаңыз зерек екен» – дейді. Патша ұстазға рахметін айтып, баласының білімін сынайды. Арнайы тапсырма беріп, өзінің тәжінің астына тығылған заттың не екенін сұрайды. Қолына қағаз, қалам алған баласы есептеп, ол заттың дөңгелек, ортасының сары екенін айтады. – Аты не? – дейді патша. – Шамасы, күн болар, – дейді бала. – Түсін түстегеніңмен, атын дұрыс айтпадың, (Мәтінді үзілген жерден жалғастырады) ол – жұмыртқа еді, – дейді патша баласының біліміне көңілі толмай. Сонда ұстаз: – Тақсыр, балаңыз алған білімінің арқасында жасырған заттың пішіні мен түсін тапты. Әйтсе де, тәждің астына күннің сыймайтынына қабілет жеткенімен, сезімталдығы жетпеді. Мен шәкіртіме білім үйреткеніммен, сезімталдығын бере алмадым. Білім – бізден, парасат – сізден.
Тапсырма: 1. Патша баласына көмектесіп, жұмбақты шешіп көріңіз. 2. Үзілген мәтінді өз нұсқаңыз бойынша жалғастырып айтыңыз. 3. Осы мәтіннің идясына сәйкес тұжырымдаңыз. 4.Бүгініг коучинг мақсатын түйіндейтін идея ұсыныңыз.
Әр қатысушы өз нұсқасын ұсынады. Барлық қатысушы белгіленген уақыт аралығында аяқтаған соң, түпнұсқамен салыстыру тапсырылады.
Аңыз астарындағы философия мені терең ойға жетелейді. Баланың заттың атын дұрыс таппағанына кім кінәлі? Әкесі ме, ұстаз ба, бала ма?
Дәл қазір бұл мәселе қаншалықты шешілген? Бұл мәселені шешімін табу сіз үшін қаншалықты маңызды боп табылады?-деген сұрақтарға жауап іздеу үшін 5-сынып оқушыларына сауалнама арқылы бақылау жүргізіп көрген едім. Сауалнама қорытындысына назар аударып көрейік. |
Интер тақтада мәтін беріледі Қатысушылар сол ресурстарды пайдаланып, тапсырмалар орындайды. Үш топ та берілген тапсырмаларды орындайды. Бағалау критерийлері арқылы бір-бірінің тапсырмаларын өзара бағалайды.
Берілген сұрақтар төңірегінде ауызша ой бөліседі.
Қатысушылар бір-бірін гүл күлтелері арқылы бағалайды.
|
||||||||||||||
ІІІ. Қорытынды кезең
|
8 мин | «Оқушы үні» (сауалнама)
Ата-ана, мектеп, оқушы – үшеуі қоғамның ажырамас бөлігі. Бірігіп, үздіксіз байланыста бір-біріне әсер етуші күш бола алса, біздің шәкірттеріміздің де тілдік дағдылары өз деңгейінде дами алады. Сонымен қатар, отбасылық оқырмандықты да өз тәжірибелеріңізге енгізулеріңізге болады. Сыни ойлаудың тілдік дағдыны дамытудағы 8 қағидасы Оқу барысында ақпаратты дайын күйінде ұсынбаңыз. Оқушы тапсырылған жұмысты орындау барысында жаңа білімді өз бетімен іздеуі тиіс. Тапсырма берген кезде жалпылама әдісті пайдаланыңыз. Ол сізге мынадай мүмкіндік береді: Оқу үлгерімі жақсы оқушылардың мүмкіндіктерін сынға саласыз; Үлгерімі тәуір оқушылардың жауабы үлгерімі нашарларға көмектесуі тиіс. Тапсырманы оқушылар қинала бастаған жағдайда ғана нақтылаған дұрыс. Сауал қойылған соң азғантай үнсіздікті пайдаланған дұрыс. Сауалға өз болжамын білдіруге мүмкіндік беріңіз. Оқушылар өз жауаптарын тиянақты түсіндіре алуы тиіс. Жауапты бағалауға асықпаңыз: біріншіден, оқушының ойлау процесіне кедергі келтіруіңіз мүмкін. Екіншіден, бағалауды оқушының өз үлесіне қалдырыңыз. Баланы бағалайтын «ақылдысың!», «жарайсың!», «дұрыс!» деудің орнына мысалы , «қызықты ой…», «қызықты бақылау…» деген сияқты тұжырымдарды қолдаунға болады. Барлық жауаптарды талқыға салу керек. Тіпті қате жауаптарды да. Қате жіберген оқушы оны өзі тауып, себеп-салдарын ұғынып, мойындайтындай жағдай туғызған жөн. 8.Оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы тілдік дағдыларын жетілдіруді естен шығармаңыз. |
«Оқушы үнімен» алынған сауалнама қорытындысымен танысады.
Идеялар ұсынылады |
||||||||||||||
Бекіту | 5 мин | Топқа бөлуде Т/А. Ж.О. болып топтасқандықтан,әр топ өздері таққан төсбелгідегі дағдыға қатысты мақал не даналық сөз айтады. | Тыңдау,оқу, жазу, сөйлеу туралы мақалдар айтады. | ||||||||||||||
Рефлексия
Кері байланыс |
2 мин |
Қатысушылдарға арналған: «Бес саусақта-сенімді жауап»
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген даналық сөзі ізденімпаз, сіздер мен біздердей жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Шығыстың ғұламасы Сағди «Ерінбей еңбек етсең, шыдап егер, тікен де гүлге айналып шыға келер» -деп, әр істің үздіксіз еңбекпен ғана жемісті болатынын түйіндеген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің басты мақсаты болып отыр.Осы мақсатты шешуде ұстаздар қауымының көтерер жүгі жеңіл болмасы анық. Осы жолды таңдаған екенбіз – талмай еңбектенуге шақырамын. |
Қатысушылар өздеріне қатысты берілген
сұрақтар төңірегінде «Бес саусақ» әдісімен рефлексия жасайды.
Коуч қатысушыларға кері байланыс береді |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718