Диаграмма

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.4 С Диаграмма.
Мектеп:№238

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қазбекова Гузелья Айдархановна

СЫНЫП:5 Қатысқандар :
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Диаграмма
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.4.3.2
Дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу;

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Сызықтық және бағанды, дөңгелек, диаграммалар сала алады.

Оқушылардың басым бөлігі:
Кестелер мен диаграммаларды салу алгоритмін түсіндіреді , диаграммалар мен кестелерден статистикалық ақпараттарды ала алады.

Кейбір оқушылар:
АКТ ны пайдаланып Excel программасында диаграмма құра алады, басқа да түрлерін анықтайды
Бағалау критерийі Сызықтық және бағанды, дөңгелек диаграмма сала алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Диаграммалардың түрін ажырата алады.Мәліметтерді дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар түрінде көрсете алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:
-Дөңгелек диаграмма,
-сызықты диаграмма,
-бағанды диаграмма,
-статистикалық деректер,
-ақпарат,


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

-Диаграммада геометриялық кескіндеулерді пайдаланып,белгілі шарттар мен шаманың сан мәндері және арақатынастарын айтуға болады;

– Дөңгелек диаграмма салу толық бір шаманы құрамды бөліктерге бөліп, сол бөліктерді салыстыра кескіндеу үшін қажет.

– Сызықтық диаграмма салу бір немесе бірнеше шама мәндерінің өзгерістерін салыстыру үшін қажет
– Бағанды диаграмма түзу бойында бірдей қашықтықта орналасқан ендері бірдей, ұзындықтары шамалардың сан мәндеріне сәйкес бағандардан тұрады
Құндылықтарға баулу «Қазақстан Тәуелсіздігі және Астана», қарым- қатынас жасау және жауапкершілік
Пәнаралық байланыс Информатика (Exsel бағдарламасы ), биология (жемістер түрлері, тамақтану гигиенасы және нормасы, тәртібі)

Алдыңғы оқу
Дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар

Сабақтың басы
13 мин
3 мин

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу,түгендеу, топқа бөлу,психологиялық дайындық жасау.Оқушылар «бағанды», « сызықтық», « дөңгелек», « графиктік» атты сөздері бар суреттерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында ұжымшылдық қабілетін ояту.

1. Бастапқы білімін еске түсіру үшін«Қарлы кесек әдісі» арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Әр топ допты сұрақ қойып лақтырады қағып алған оқушы сол сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаған оқушының сұрағына допты лақтыру арқылы келесі оқушы жауап бере алады.
Мақсаты: Жылдам жауап беруге,естеу сақтауға, бір-біріне қолдау көрсетуге дағдыландыру.
2. «Көршіңді тексер» әдісі бойынша үйге берілген есепті Интербелсенді тақта арқылы жауаптарымен тексеру.
Мұғалім үйге берілген есептің 5-6 есебі,3-4 есебі,0-2 есебі дұрыс болған оқушыларды қолдарын көтеру арқылы анықтайды Excel бағдарламасында сызықты,дөңгелек, бағанды,түрінде диаграмма салып бүгінгі тақырыпты анықтауға ықпал жасайды, тақырыпты оқушылар айтады

Үлестірме қағаздар

Қағаз доп

Слайд №1
Сабақтың ортасы
25 мин 10 мин

5 мин

10 мин

Сабақтың тақырыбы анықталғаннан соң топ болып оқушыларға диаграммаларды салу алгоритмін анықтау үшін «Джигсо» әдісі бойынша тапсырма береді. Әр топ өз тақырыбын қорғайды
1-топ: Бағанды диаграмма салу алгоритмін анықтау
2- топ: Сызықты диаграмма салу алгоритмін анықтау.
3-топ: Дөңгелек диаграмма салу алгоритмін анықтау.
4- топ: Диаграмманың басқа түрлерін анықтайды.
Мақсаты:Оқушылар тақырыпты оқып жеке, жұпта, топта талқылап,басқаларға түсіндіре алуы.
1-тапсырма: «Кім шапшаң?» жеке жұмыс
Бақшада алма, алмұрт, шабдалы және шие ағаштары бар. Олардың 110-ы алма, 100-і алмұрт, 80-і шие ал 70-і шабдалы ағашы.Осы мәліметтерді көрсететін дөңгелек диаграмма салыңдар.
Дескриптор:
-дөңгелектің толық бұрышы ауданын біледі.
-толық бұрышты жалпы ағаштар санына бөле алады.
-бөліндінің мәнін ағаштар санына көбейте алады.
-транспортир көмегімен сектор сала алады.
Мақсаты: Жеке жұмысты орындау арқылы кері байланыс жүргізіп оқушылардың деңгейін анықтау, келесі тапсырманы айқындау .
-Орындай алмадым

– Орындауда кедергілер болды.

-толық орындадым

2-тапсырма: Деңгейлік тапсырма .
А деңгейінің тапсырмасы; Дәрігерлердің кеңестері бойынша тәуліктік тамақтанудың 4 кезеңі белгіленген. Онда барлық тамақтану мөлшерінің таңертең 25%- ін, екінші тамақтануда -15%-ін, түсте-45%-ін, кешке- 15%-ін пайдалану керек. Тәуліктік тамақтану мөлшерінің дөңгелек диаграмасын салыңдар.
В деңгейінің тапсырмасы;
Сыныпта 30 оқушы бар. Оқушылардың 12-сі үздік, 10-ы екпінді, 8-і орташа оқиды. Сыныптың үлгерім көрсеткішінің бағанды диаграммасын салыңдар
С деңгейінің тапсырмасы
Өмірмен байланыстырып есеп құрастырып, Excel бағдарламасында диаграмма салыңдар.
Оқушылар компьютерде диаграмма құрады.
Бағалау: Қалыптастырушы бағалау арқылы,яғни дұрыс шығарған жағдайда «жарайсың» мына жерде…..деген мақтау сөзбен, ал қате болған жағдайда С деңгейіндегі оқушы есептің шығару тәсілін көрсетеді.

Плакат, үлестірмелер

оқулық

Бағдаршам арқылы бағалау

Бағдаршам түстері

Үлестірме қағаздар

ноудбук
Сабақтың соңы
2 мин
2мин

Үйге тапсырма: №
Кері байланыс
«БББ диаграммасы» әдісі бойынша.
Оқушылар дөңгелек диаграмма түрінде берілген шеңбердің жасыл түсіне не білемін?,сары түсіне не білдім?қызыл түсіне не білгім келеді? деген сұрақтарға жауаптарын жазады.

Стикерлер, маркер
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қабылдау деңгейіне байланысты тапсырмалар таңдау. Тапсырманы күрделендіруде әдістерді күрделендіре отырып, деңгейлеріне сай дайындау. Дискриптор құру арқылы.Қалыптастырушы бағалау: жарайсың,керемет,өте жақсы Сергіту жаттығуы
қимылмен көрсету:

Рефлексия
Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *