Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
Пәні: Информатика
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
Сабақ мақсаты: а) оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру. Олардың түрлерімен таныстыру.
б) сынып алдында өз ойын жеткізуге және өз пікірін дәйектермен дәлелдеуге,қорғауға үйрету, әр түрлі идеялар, көзқарастарды ортаға салу оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.
в) оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Слайд шоу
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.
Сабақ типі: Кіріспе сабақ
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Слайд
Слайдтағы практикалық жұмысты орындау
Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау
«Ақпарат» термині латыншадан аударғанда түсіндіру, мазмұндау, мәліметтер жиынтығы» деген ұғымдарды береді.
Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.
Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар түсініктерін байланыстырады.
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға болады.
Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.
Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.
Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.
Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтас, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискета, сурет, слайд, перфокарта т.б. бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организм), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім-оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін. Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады. Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.
Кім ақпарат хабарласа сол акпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы, сарқырама шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты к,абылдап алса, онда ол акпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік, т.б. Ал ақпарат тасуьшы: сынып тактасы, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискет, сурет, слайд, перфокарта, ген т. б. бола алады. Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындагы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім – оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін. Акпарат кабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайларда кездеседі,
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
• Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
• Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
• Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
• Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
1.Практикалық жұмыс:
Оқушылар бағаланды.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.