Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру

Ниязбаев Жарасхан Жанкейқызы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», -дегені белгілі.

Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де,жан-жақты, саналы да тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу жаңа технологияның педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің сабақтастығы, баланың танымдық кабілетін қалыптастыру және дамыту, баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту.Сондықтан, қазіргі заманға лайықты мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи, танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол жаңалыққа жаны құштар болып, шығармашылықпен жұмыс істесе, оқу мен тәрбие ісіне етене еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр,сол себепті бұл тақырыптың өзектілігі сонда:
Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлерін білу,жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпараттарды пайдалана отыра,баланың білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа формаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану..
Осы мақсатқа сай қазіргі заман оқушыларынан кең ауқымды дағдылыр талап етіліп отыр:

білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;сын тұрғысынан ойлау;

зерттеу жұмысын жүргізу;ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;

топпен,жұппен және жеке жұмыс жасай білу.

Жанаша оқытуда жаңаша форматтағы мұғалімнің басты міндеті – оқыту материалын дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын қарастыру. Мұғалімнің негізгі міндеті – өз ойын, пікірін айтқысы келген оқушыны тыңдау, ой пікір білдірушінің жағына шығып, оның логикасын түсіну, қате пікірді жоққа бірден шығармай,бағыт-бағдар беру арқылы, оқушылардың өзара пікір алысуы барысында елеусіз түзету. Жалпы айтқанда, оқушының өзін ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызуы қажет. Бастауыш сынып оқушыларының жеке-дара қызығушылығы, қабілеттері, бейімділіктері болғандықтан, оны дамыту үшін сабақ үстінде түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Мұғалім өзі айтып бермейді. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысында бағыт-бағдар береді, жетелейді. Бастауыш сыныпта ана тілі, қазақ тілі сабағының тиімді жерлерінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқылған материалдар бойынша алған білімдерін тексеру барысында олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады.О үшін, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастырудың жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін білу қажет:

Алдымен пән мазмұнының  спиралді қағидатпен берілуі. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді; бейнелік; таңбалық. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады, спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді, оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қол­дануға жетелеу спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтары­на жатады.

Бағдарлама Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы қолданылады, білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша бағалау критерийлері бойынша сабақ мақсаттары анықтала.Білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптар»  беріледі. Әр пәнді жеке оқыту маңызды болып табылатынына қарамастан, пәнаралық байланыс жаттығулары пәндерді анағұрлым сапалы зерделеуге мүмкіндік береді. Каррдың пайымдауынша, пәнаралық байланыс тәсілі білім өзара байланысты құбылыс деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің араларындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді. Оқушылар бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Білімдерді ықпалдастыру оқушы үшін оқу үдесірін анағұрлым байланысқан және маңызды етуге бағытталған. Бастауыш мектептің 1-2 сынып оқушылары жаттығуларды белгілі бір пәнге жатқызбайды, сондықтан пәнаралық байланыс тәсілі олардың оқу түрін анағұрлым нақты көрсетеді.

Бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн және дағдылар сипатталған. Дәл осы оқу мақсаттарын оқу бағдарламасынан, оқу жоспарынан және критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтан таба алады.

Оқу жоспары көптеген орта мерзімді жоспарлардан, бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы оқу кезеңінің бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны топтастырып бірден жоспарлаған тиімді . Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық қамтуға мүмкіндік береді.

Орта мерзімді жоспарды әзірлеп болған соң, мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын (қысқа мерзімді жоспар) дайындайды. Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын біледі. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында баяндалған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау қажет.  Осы қысқа мерзімді жоспарлау барысында сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударылады, сабақты жоспарлауды жеңілдетеді, оқуды бағалауды, оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.

Ең бастысы, оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік рухани қасиеттері қалыптастырылады. Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін сіңіреді.

Сонымен бірге, білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қойылады.

Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет болады.

Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Ұрпақ тәрбиесі- бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Жан жемісі, ең алдымен, оқу, білім,тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз- білім ошақтары емес пе? Білім деңгейі қасиет пен қабілетті бағалау жолдарымен жүзеге асады.Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізудеҚазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз.. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру – педагог- ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім келеді . Бастауыш класс оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне ,оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып,оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ.

П А Й Д А Л А Н Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р

1. Жалпыбілімберетімектептіңоқубағдарламалары. Бастауышсаты
( 1- 4 сыныптар) Алматы, 1995

2. Республика Президенті Н. НазарбаевтыңЕліміздіңшығармашылықзиялықауымыныңтанымалөкілдеріменкездесуіндегісөзінен.
ЕгеменҚазақстан, 1998 ж.

3. Концепция развития образования в Республике Казахстан до 2005.
Астана.2004.

4.Шалғынбаева Қ. Шығармашылықесептердіңмаңызы.
Бастауыш мектеп,2006.№1,7-бет.

5. Галиев.Т. Интенсификация учебного процесса: системный подход.
Астана,2005.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *