Мазмұнға өту

1желтоқсан Тұңғыш приздент күні

Көмектесова Асия Усенбайқызы 2 мин оқу 239 оқылым

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:   «1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні»

Мақсаты:

Білімділік:  Елбасымыздың туып,  өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:  Балаларды қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Балалардың көркем сөз арқылы тілін жетілдіру.

Тәрбиелік : Балаларды   Отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,шаттық шеңбері,сергіту сәті, әңгімелеу, ойын ұйымдастыру, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекі  құралдар:  Елбасының және президент  Қ.Ж. Тоқаевтың  суреті,ту,елтаңбаның  суреттері

Жеке жұмыс: Айназға,Шұғылаға,Ғаниға,Айзереге  Елбасы туралы тақпақтар жаттату.

Оқу қызметінің барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.
- Балалар, бүгінгі тақырыптық оқу қызметіміз қызықты өтпек, себебі бүгінгі оқу қызметімізді Тұңғыш президент күніне арнаймыз.

Оқу қызметімізді ән ұранмен бастаймыз.

II.Негізгі бөлім:

- Балалар, Отанымыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Нұрсұлтан

-Елбасымыз кім?
- Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы)

-Балалар Н.Ә.Назарбаев-біздің бірінші президентіміз. Ал кәзір,біздің мемлекетімізді басқарып отырған президентіміз-Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

-Ендеше балалар елбасымызға арнап тақпақтар орындаймыз.
Айназ:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Шұғыла:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Айзере:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы.

Сергіту сәті:

Ән: «Алға Қазақстан»

- Балалар,Қазақстан Республикасының рәміздері бар?

-Сендер қандай рәміздерді білесіңдер?

- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.
- Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының   авторы: Ш. Ниязбеков атамыз .

-Тудың түсі қандай?

-Ортасында не бейнеленген?

-Тудың шетінде не бейнелеген?

-Балалар енді біздің Ғайнидің көк туымызға жаттағын өлең жолдарын тыңдайық.

Ғайни:

Көк аспандай  көкпенбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы
- Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының  авторы: Мәлібаев және Уәлиханов аталарымыз.

-Балалар, біздің Елтаңбамыздың  пішіні қандай?
- Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аталарымыз
Тәрбиеші: Балалар әнұранымыз қалай басталады?
- Жарайсыңдар, балалар

Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті  Н. Ә. Назарбаевтың арқасы!

Ойын: «Жалаушаны жалғастыр?»

Ойының шарты: ән айтып тұрады ән тоқтағанда кімнің қолында жалауша қалады сол мақал-мәтеле, тақпақ немесе Қазақстан Республикасының қалаларын айтып береді.

III.Қорытынды бөлім:

-Елбасымыз кім?

-Мемлекетімізді кәзір кім басқарып отыр?

-Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

Оқу қызметке жақсы қатысқан балаларды мадақтап аяқтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Көмектесова Асия Усенбайқызы

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Сандар әлемі

Күні: Білім беру саласы: Таным, Комуникация Бөлімдері: Математика Тақырыбы: « Математикалық ойындар » Мақсаты:балардың жылдық білімдерін қорытындылау. Математикалық мазмұндағы В.Васкобовичтің дамытушы ойындар арқылы…

Көмектесова Асия Усенбайқызы 84 оқылым 6 мин
Балабақша

1желтоқсан Тұңғыш приздент күні

Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні» Мақсаты: Білімділік: Елбасымыздың туып, өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы…

Көмектесова Асия Усенбайқызы 551 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Мақсаты: Балаларға ҚР Конституциясы — Ата Заң екенін түсіндіру Құқық пен міндет туралы алғашқы ұғым қалыптастыру Отанына, заңға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Көрнекіліктер: Қазақстан Туы, Елтаңбасы, Президент суреті…

Bilimger Media 357 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Тақырыбы: Ата Заң — ел тірегі Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы түсінік беру; Құқықтары мен міндеттері жайлы ой қалыптастыру; Заңды, елді, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:…

Bilimger Media 424 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

Сабақтың тақырыбы: Ата Заң — ел тірегі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен таныстыру; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділікке баулу; Отанды, елді, заңды…

Bilimger Media 660 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Дене тәрбиесінде 3 D технологиясын білім беру жүйесінде қолдану»

Cабақ жоспары Модуль /пән атауы: Дене тәрбиесі, Информатика Дайындаған педагог: Усенова Багила Сәуірбайқызы,Майрамбаев Нұржан Асқарбайұлы,Рзаханов Даурен Мырзабекұлы 20__жылғы «____»____________ 1.Жалпы мәліметтер: Курс,…

Bilimger Media 40 оқылым 4 мин