Әдістемелік нұсқау хат 2025-2026 оқу жылы

Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Әдістемелік нұсқау хат

«2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»

Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

 

Астана

2025

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2025 жылғы маусымдағы № хаттама).

«2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2025. – 82 б.

Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2025-2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие про- цесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.

Әдістемелік нұсқау хат орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагог- теріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласын- дағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен мамандарына арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2025

 

3

«2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат

МАЗМҰНЫ

6

І 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

7

1.1 Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы

9       ІІ БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

9       Тіл және әдебиет

15      Математика және информатика

19      Жаратылыстану

24      Адам және қоғам

28      Технология және өнер

  • Дене шынықтыру
  • «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
38

ІІІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

44

IV ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

4

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

 

 

58      V ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

61      VI АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ

65

VII БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ

 

69       VIIІ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ІХ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ

71      КІРІКТІРУ

 

Х ПЕДАГОГТЕР ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:

79       АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

 

81      ҚОСЫМША. Атаулы күндер

 

 

 

5

«2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат

Құрметті әріптестер!

2025–2026 жаңа оқу жылында білім беру сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жетілдіру, білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, педа- гогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер тұр.

Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында әзірленген әдістемелік нұсқау хат сіздерге оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруда көмекші құрал болады деп сенеміз.

2025–2026 жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта келесі бағыттар қамтылған:

  • оқу бағдарламаларының мазмұнын сапалы іске асыру;
  • оқу жетістіктерін бағалау және академиялық адалдықты ұстану;
  • мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық;
  • «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын жү- зеге асыру;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-пе- дагогикалық қолдау;
  • педагогтер мен мектеп басшыларының үздіксіз дамуы;
  • ауыл мен шағын жинақты мектептердің әлеуетін көтеру;
  • педагогтердің ғылыми мақала жазуына, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне әді- стемелік қолдау көрсету.

Жаңа оқу жылында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, зерттеу және жобалау дағдыларын, цифрлық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ оқу үл- герімі төмен білім алушыларға академиялық қолдау көрсету жұмыстары жалға- стырылады.

Құрметті педагогтер!

Әдістемелік нұсқау хат жаңа оқу жылында білім беру үдерісін тиімді ұйымда- стыруда сіздер үшін сенімді бағдар болады деп сенеміз. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы білім алушылар сапалы білім, саналы тәрбиені бойына сіңіріп, қоғам дамуына үлес қосатын адал азамат болып қалыптасады деп сенеміз. Жаңа оқу жылы табысты, нәтижелі болсын! Жаңа оқу жылы сәтті әрі жемісті болсын!

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

6        Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

 

  • Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2–11(12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының сабақта- стығын қамтамасыз ету жоспары іске асырылуда.
  • Сапалы және қолжетімді білім беру үшін заманауи форматтағы «Келешек мектебі» жобасы іске асырылуда.
  • Еліміздің 17 аймағында 5200 ауыл мектебінің әлеуетін дамыту бойынша «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда.
  • «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бейіндік сыныптар құрылуда.
  • Барлық орта білім беру ұйымдарында педагог – кәсіби бағдар берушілер білім алушылардың ерте кәсіптік өзін-өзі анықтау жұмысын ұйымдастыруда.
  • Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілуде (ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.2025 жылғы № 32 бұйрығы).

 

2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

7

1.1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

2025-2026 оқу жылында мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру

Мектепалды сыныптардың педагогтері жылына бір рет перспективалық жоспар әзірлейді, апта сайын Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының пе- дагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесі 1 – қосымшаға1 сәйкес цикло- грамма құрады, жылына үш рет (бастапқы – қыркүйекте; аралық – қаңтарда; қорытынды-мамырда) Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізеді.

 

Мониторинг нәтижелері бойынша тәрбиеші оқу жылына баланың Жеке даму картасын2 толтырады. Баланың жеке даму картасы мектептің (лицейдің, гим- назияның) мектепалды сыныптағы барлық балалар үшін толтырылады. Түзету, дамыту іс-шаралары критерийлер бойынша орта және төмен деңгей көрсеткен балалармен жүргізіледі.

 

Оқу жылының соңында мектепалды сыныптың тәрбиешісі бастауыш сынып мұғалімі бала дамуының одан әрі жеке траекториясын анықтау үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру қорытынды- лары бойынша Ұлттық білім беру дерекқорына баланың Жеке даму картасын2 толтырады.

 

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде педагог түсіндіруге уақытты көп бөлмей, оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді орындауына (іс-әре- кеттерге, ойындарға, пікір алмасуға, зерттеулерге, шығармаларға, сурет салуға, шешім шығаруына) мән беруі қажет. Педагог әрекетінің алгоритмі: балаларға айтып беру; балаларға көрсету; балалармен бірге орындау.

 

Мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдасты- рылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде неме- се жеке жоспарланады.

 

  • https://adilet.zan.kz/ kaz /docs/V1200008275
  • https://adilet.zan.kz/ kaz /docs/V2000020317

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
8
2025-2026 оқу жылында мектепалды сыныптарында тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастыру

 

2025-2026 оқу жылында мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру про- цесін жүзеге асыруды реттейтін құжаттар Балаларды ерте дамыту институты- ның www.irrd.kz сайтында орналастырылған (НҚА айдары)

 

Мектепалды сыныптарда тәрбиелеу-білім беру процесі 1 қыркүйек пен 31 ма- мыр аралығында (Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру кезеңі) жүзеге асыры- лады. Оқу жылы бойы мектептің (лицейдің, гимназияның) ішкі тәртіп ережелері- не сәйкес каникулдар белгіленеді. Мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарынан шығару жыл сайын 31 мамырда жүзеге асырылады.

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ                   9

 

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Бастауыш білім

Бастауыш білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім беру саласында білім алушылардың оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға, байланыстырып сөйлеу, ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ көркем мәтіндер мен сөйлеу әрекеті арқылы құндылықтарды қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

 

Оқу процесіне әңгімелер құрастыру, ертегілерді дауыстап оқу, шағын қой- ылымдар қою және оқыған мәтіндерді талқылау бойынша тапсырмаларды ен- гізу ұсынылады. Мысалы, оқушыларға кейіпкерлер арасындағы диалогты құра- стыру немесе ертегіні қосалқы кейіпкердің атынан баяндап беру ұсынылуы мүмкін. Бұл процесте жасанды интеллект тиімді көмекші құрал ретінде пайда- ланылуы мүмкін: ЖИ-чаттар көмегімен балалар мәтіндерді құрастыруға және түзетуге үйреніп, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытады; кескін генератор- лары әдеби шығармашылықты көрнекі әрі қызықты ету үшін иллюстрациялар жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, ЖИ сөйлеуді дамытуға қолдау көрсетеді, оқуға және жазуға қызығушылықты арттырады, коммуникативтік және шығар- машылық дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді.

Оқыту тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым сияқты негізгі сөйлеу әрекеті түрлеріне негізделеді.

Тыңдалым және айтылым. 2-сыныпта оқушылар тыңдалған материалдың тірек сөздерін және негізгі ойын анықтауға үйренеді. Бұл дағды «2.1.2.1 мәтіннің тақы- рыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау» оқу мақсаты арқылы қалыптасады. 3-сыныпта «3.1.1.1 тыңдалған материал бойынша тірек сөз- дерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру» мақсаты аясында оқушыларды талдау жасау, мәліметтерді салыстыру, және ой қорытындысын жа- сау дағдыларына үйретеді. 4-сыныпта «4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен диаграм- ма, сызба, кесте бойынша мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу» мақсаты негізінде оқушыларға дәлелмен сөйлеуді, ақпаратты құрылымдауды, және өз көзқарасын қорғауды үйретеді.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
10

Оқылым. 2-сыныпта оқушылар мәтін құрылымын түсініп, оның түрлерін ажыра- туды үйренеді. Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) «2.2.1.1 мәтін түр- лерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негіз- гі бөлім, соңы) анықтау». 3-сыныпта «3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау» оқу мақсаты оқушы- лар мәтіннің құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтауға, күрделі тілдік бірлік- терді түсінуге көшеді. мазмұнды түсіну, мәтіннің логикалық құрылымын ұғыну, және мәтін түрлеріне сараптама жасау дағдыларын қалыптастырады. 4-сыныпта оқушылар мәтінмен күрделі жұмыс жүргізіп, мәтіннің түрі мен құрылымын жан- жақты талдай алады. «4.2.1.1 мәтін түрлерін және олардың құрылымдық бөлік- терін анықтау» оқу мақсаты аясында мәтінді салыстыру, жанрлық ерекшелік- терді ажырату, және логикалық құрылымды тану дағдыларын дамытады.

Жазылым. 2-сыныпта оқушылар мәтінмен жұмыс жасауда алғашқы аналитика- лық дағдыларды қалыптастырады: 2.2.1.1 – сұрақ қою арқылы мәтін түрлерін және құрылымын анықтау мақсаты мәтін мазмұнына бағытталған зейінділік пен ой- лауды дамытады. Оқушылар не істеді? қандай? неге? деген сұрақтар арқылы мәтінді жүйелеуге үйренеді. 3.2.3.1 – мәтінге пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру – өз ойыңды білдіру мәдениетін және пікірталас жүргізуді үйретеді. 4-сыныпта оқушылар мәтінді толық талдауға және ақпаратты сараптауға көшеді:

  • – мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау – мәтіннің компози- циялық құрылымын меңгеру және ақпаратты мақсатқа сай өңдеу дағдыларын дамытады.

 

«Тыңдалым және айтылым», «Оқылым» және «Жазылым» тілдік дағдылары бой- ынша оқу мақсаттары пәндік дағдыларды, негізгі құндылықтарды – жауапкер- шілік, құрмет, еңбекқорлық, креативтілік, патриотизм және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Негізгі және жалпы орта білім

«Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағды- ларын дамытуды; қазіргі әлемде тілдерді оқып-үйренудің маңыздылығын түсіну- ді; рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды; көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсінуді; қарым-қатынас процесінде тұлғаарлық және мә- дениетаралық байланыстарды орнатуды; өзге елдердің мәдениетімен танысу арқылы әртүрлі көзқарастарды сыйлай білуге тәрбиелеуді; оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде интернет ресурстарымен, жасанды интеллект арқылы өз бетінше жұмыс істей білуді; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту және пайдалануды қамтамасыз етеді.

Мектептегі оқыту мен тәрбиенің тұтастығы «Адал азамат» (ҚР Оқу-ағарту ми- нистрі бұйрығы 26.05.2025ж. №123) бағдарламасында белгіленген базалық құн- дылықтарды пән сабақтарына кіріктіру негізінде жүзеге асырылады: тәуелсіздік және отаншылдық; бірлік және ынтымақ; әділдік және жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық және кәсіби біліктілік; жасампаздық және жаңашылдық.

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

11

Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне аталған құндылықтарды кіріктіру үшін мынадай алгоритмдік қадамдарды ұсынуға болады:

  1. Тақырыпты анықтау: тақырыпты таңдау (Оқыту жоспарына сәйкес қазақ тілінің грамматикасы, лексикасы, фонетикасы немесе әдебиет тақырыпта- рын таңдаңыз); құндылықтарды байланыстыру: Тақырыпты таңдағанда, оған сәйкес келетін құндылықтарды анықтаңыз.
  2. Оқу мақсаттарын белгілеу: құндылықтарды оқу мақсаттарымен үйлестіру (Мысалы, «Тәуелсіздік» тақырыбында білім алушыларға қазақ халқының та- рихы мен мәдениетін үйрету);
  3. Сабақ жоспарын құру: сабақ құрылымы (Сабақтың әр кезеңіне: кіріспе, не- гізгі және қорытынды бөлімдеріне құндылықты кіріктіруді жоспарлаңыз);
  4. Оқу материалдарын таңдау: әдеби шығармаларды, мультимедиялық ресур- стар пайдалану (Қазақ әдебиетінен тәуелсіздік, отаншылдық, бірлік, әділдік сияқты құндылықтарды насихаттайтын шығармаларды таңдаңыз).
  5. Тапсырмалар мен жаттығулар: жазбаша жұмыстар (Білім алушылардан эссе, шығарма немесе реферат жазуды сұрау арқылы құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік беріңіз).
  6. Білім алушылардың пікірлерін тыңдау: дискуссия жүргізу (Сабақ соңында білім алушылардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, құндылықтарды қа- лай түсінгендерін талқылаңыз).
  7. Бағалау: кері байланыс (Білім алушыларға өздерінің жетістіктері мен кемшіліктері туралы кері байланыс беріңіз).
  8. Қорытындылау: сабақтың нәтижелерін талдау (Білім алушылардың білім деңгейін, құндылықтарды түсінуін және сабақтың тиімділігін бағалаңыз); бо- лашақ сабақтарға ұсыныстар (Сабақтан алынған тәжірибе негізінде келесі сабақтарды жоспарлауда қолдану).

Тақырыпты болжау барысында білім алушылар тек тілдік дағдыларын емес, со- нымен қатар әлеуметтік және моральдық құндылықтарды да меңгереді.

Тілдік пәндерде ЖИ қолдану жолдары. «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытуда жасанды интеллектіні енгізу – білім мазмұнын жаңғыртып, білім алушылардың тіл мен әдебиетке деген қызығушылықтарын туғызып, қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Педагог жасанды интеллектіні қолдануда бірінші кезекте нақты мақсатын анықтап алуы керек. Мысалы: білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; грамматика мен пунктуацияны меңгертудің жеңіл, түсінікті, балаға қы- зықты жолдарын қарастыру; әдеби шығармаларды талдауға көмектесу; интерак- тивті тапсырмалар арқылы қызығушылықты арттыру.

ЖИ-ді сабаққа кіріктіру мысалы: Қазақ тілінен морфология, синтаксис сала- ларын өткенде мәтінге лексикалық талдау жасап болғаннан кейін жасанды ин-

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
12

теллектінің көмегімен грамматикалық тақырыптарды басшылыққа ала отырып, жедел тест немесе сұрақтар құрастыртуға болады. «Қазақ әдебиеті» сабағында Мысалы: Абайдың шығармашылығын өту барысында «ChatGPT-мен Абайдың

«Қара сөздері» туралы сұхбаттас. Қандай идеялар қозғалғанын анықта» деген тапсырмалар беріп, білім алушылар өздеріне керекті материалды қалай ала алады, сұрақты нақты жауап алу үшін дұрыс құра ала ма, алған жауаптарын өз көзқарастарымен толықтыра ала ма? т.б. сұрақтар төңірегінде балалармен бірге ауызша талдау жүргізген баланы қызықтырады.

Жазылым дағдысы бойынша: «эссе жазып ЖИ арқылы грамматикалық қа- телеріңді анықта» немесе «эссе жазу үшін ЖИ арқылы тақырыбыңа қатысты идеялар жина. Оларды өз ойыңмен салыстыр» т.б. тапсырмалар орындату арқылы білім алушыларды заманауи технологияны тиімді пайдалануға үйрету керек. Педагог білім алушыға ЖИ арқылы алынған тапсырмалардың жүз пайыз дұрыс бола бермейтіндігін түсіндіріп, ЖИ арқылы жасаған жұмыстарына сыни көзбен қарап, зерделеу керектігін түсіндіруі қажет. Бала ЖИ сеніп, ойлану қа- білетін тежемей, керісінші білім көкжиегін кеңейту үшін құрал ретінде пайдала- нуын үнемі назарда ұстау оң нәтиже береді.

Мектептегі ағылшын тілі пәнін құндылыққа негіздеп оқыту мен жасанды ин- теллектіні интеграциялау. Шетел тілі – мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде құндылықтық ұстанымдарды интеграциялау үшін зор әлеуетке ие. Оқу материалдарының тақырыптық әртүрлілігі, аутенттік мәтіндер, сөйлеу жағдаят- тары мен жобалық тапсырмалар адамгершілік және этикалық дилеммаларды талқылауға, әртүрлі мәдениеттердің әлеуметтік тәжірибелерін зерделеуге, реф- лексия, эмпатия және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Сабақты жоспарлау кезінде еңбекқорлық пен кәсібилік, жасампаздық пен жаңашылдық, әділдік пен жауапкершілік сияқты негізгі құндылықтарды қозғай- тын мәтіндер мен тапсырмаларды енгізу орынды. Мәтіндер аутенттік те, бейім- делген де болуы мүмкін, алайда олардың тақырыптық және моральдық-этика- лық мазмұнға бай болуын қамтамасыз ету маңызды.

  • кесте. Оқу үдерісіне құндылықтық бағдарларды интеграциялау моделі

 

Құндылыққа бағытталған оқы- ту стратегиялары Ұсыныстар мен іс-әрекет түрі Күтілетін білім беру нәтижесі
1. Мәселелі жағдайларды құру Білім алушылардың жас ерек- шеліктеріне сай моральдық дилеммалар, таңдау жағдай- лары, мәдени нормаларды са- лыстыру сияқты тақырыптар- да пікірталас ұйымдастыру. Білім алушылар әртүрлі жағдай- ларда моральдық және эти- калық аспектілерді анықтап, талдай алады, өз көзқарасын дәлелді түрде білдіреді, ба- лама пікірлерді ескеріп, құн- дылықтарға негізделген саналы шешім қабылдай алады.

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

13
2. Пәнаралық байланыстар Ағылшын тілі сабағының мазмұнын гуманитарлық және жаратылыстану пән- дерінің тақырыптарымен үндестіріңіз. Академиялық адалдық, әділдік немесе тех- нологиялардың әлеуметтік салдары секілді мәселелерді талқылау — әртүрлі контексте құндылықтарды тереңірек түсінуге ықпал етеді. Білім алушылар ағылшын тілі сабағы мен басқа пәндердің мазмұны арасында параллель- дер жүргізе алады, ғылыми және әлеуметтанулық құбылы- стардың моральдық-этикалық аспектілерін талдай алады және пәнаралық контексте құн- дылықтық пайымдарын дәлелді түрде білдіре алады.

Ағылшын тілін оқытуда құндылықтық компонентті интеграциялау қосымша жүктеме емес, жалпы білім берудің бағытын күшейтетін стратегиялық вектор болып табылады. Әдістемелік икемділік, мақсатты жоспарлау және мұғалімнің айқын аксиологиялық ұстанымы білім алушылардың тұрақты этикалық-мо- ральдық қағидаттарын қалыптастыруына және саналы құндылықтық бағдарла- рына негізделген шешімдер қабылдауға дайын болуына жағдай жасайды. Са- бақтарда негізгі құндылықтарды оқу мақсаттары мен тапсырмаларға кіріктіру арқылы жүзеге асыруға болады:

  • кесте. Негізгі құндылықтарды оқу мақсаттары мен тапсырмаларға интегра- циялау үлгісі

 

Негізгі құндылықтар Оқу мақсаттарының үлгілері Үлгі тапсырмалар Ескертпелер
Тәуелсіздік және отан- шылдық 6.4.2.1 understand

independently specific

information and detail in short, simple texts on a limited range of general and curricular topics

6.3.8 Vertraute gedruckte und digitale Ressourcen selbstständig nutzen, um Bedeutungen zu überprüfen und das Verständnis zu vertiefen.

6.3.8 Utiliser de manière autonome des ressources papier et numériques familières pour vérifier le sens et approfondir la compréhension.

Ұлттық қаһарман немесе мереке туралы қысқа мәтінді оқып, мазмұны бойын- ша сұрақтарға өз бетінше жауап беру. Мәтінмен өздігі- нен жұмыс істеу дағдыларын дамытады, бұл ретте мазмұны туған мәдениет- ке саналы көзқа- рас пен азамат- тық бірегейлікті қалыптастырады.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
14
Бірлік және ынтымақ 8.1.8.1 develop intercultural awareness through reading and discussion

8.1.4 Den Großteil der impliziten Bedeutung in längeren Gesprächen zu allgemeinen und unterrichtsbezogenen Themen weitgehend ohne Unterstützung verstehen.

8.1.4 Comprendre, presque sans aide, la majorité du sens

implicite dans une conversation

prolongée sur des sujets

généraux et scolaires.

Әр түрлі елдердің мәдени дәстүр- лері туралы мәтінді оқып, ұқ- састықтары мен айырмашылықта- рын талқылау, алуан түрлілікке құрмет білдіру. Жаһандық кон- тексте мәдени бірлік пен ын- тымақтастықтың маңызын түсі- не отырып, төзімділік, жа- нашырлық пен сыйластықты дамытады.
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік 9.1.1.1 use speaking and listening skills to

solve problems creatively and cooperatively in groups

9.2.5 Mit Mitschülerinnen kooperieren, um Lernaufgaben gemeinsam zu besprechen, abzustimmen, zu planen und zu priorisieren.

9.2.5 Interagir avec des camarades de classe pour coopérer, discuter, se mettre d’accord, planifier et établir des priorités en vue de réaliser des tâches d’apprentissage.

Білім алушылар топпен жұмыс істеп, жағдаят- тық тапсырманы шешеді (мысалы, мектептегі іс-ша- раны ұйымда- стыру), рөлдерді бөлісіп, нәтижені ұсынады. Ынтымақтастық, әркімнің еңбегі- не құрметпен қа- рау және кәсіби қызметке саналы көзқарас қалып- тастыру дағдыла- рын дамытады.

 

Құндылықтарға бағытталған тәрбиелеу үлгілік оқу бағдарламаларының тақы- рыптық мазмұны арқылы да қалыптасады. Мысалы, жаратылыстану-математи- ка бағытындағы 10–11 сыныптарға арналған ағылшын тілі бағдарламасындағы

«Ғылым және ғылыми құбылыстар», «Адам миының мүмкіндіктері», «Органика- лық және бейорганикалық әлемдер» бөлімдерін оқу барысында білім алушы- ларда «Жасампаздық және жаңашылдық» сияқты негізгі құндылықтар қалыпта- сады.

Шетел тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) элементтері бар тапсы- рмаларды қолдану – оқытуды жекелендіруге, мотивацияны арттыруға және ме- тапәндік дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін келешегі зор бағыт болып табылады. Генеративті ЖИ (ChatGPT, DALL-E және т.б.) интеграциясы тапсыр- маларды оқушы деңгейіне бейімдеуге ғана емес, сонымен қатар нақты уақыт режимінде кері байланыс беруге мүмкіндік жасап, білім алушылардың оқу дербестігін дамытуға жәрдемдеседі. Мысалы, генеративті модельдер оқу үшін

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

15

бейімделген мәтіндерді құрастыруға, лексикалық және грамматикалық тақы- рыптарға сай диалогтарды автоматты түрде генерациялауға, сондай-ақ жазба- ша немесе ауызша сөйлеуді бағалап, қателерді түзетуге қолданыла алады. Блум таксономиясы деңгейлеріне сәйкес ЖИ-тапсырмалар түрлі когнитивтік деңгей- лерді қамтуы мүмкін: сөздік қорды қайта жаңғырту (бірінші деңгей) және грам- матикалық құрылымдарды түсіну (екінші деңгей), тілдік білімді сөйлесім жағда- яттарында қолдану (үшінші деңгей), айтылымдағы мағыналық реңктерді талдау (төртінші деңгей), жазбаша пікірталастардағы дәлелдерді бағалау (бесінші дең- гей) және ЖИ-нұсқаулары арқылы түпнұсқа мәтіндер құрастыру (алтыншы дең- гей).

«7.4.9.1 Widersprüche in Argumentationen in kurzen, einfachen Texten zu einigen allgemeinen und unterrichtsbezogenen Themen erkennen» мақсаты аясында келесі тапсырманы ұсынуға болады: білім алушыларға қысқа аргументативтік мәтін ұсынылады, мысалы, «Fast Food ist gesund, weil es billig und bei Teenagern beliebt ist.» (Фаст-фуд пайдалы, себебі ол арзан және жасөспірімдер арасында танымал). Білім алушылар бұл мәтінді жеке немесе жұппен талдап, логикалық сәйкессіздіктерді (мысалы, «танымалдық» пен «пайдалылық» ұғымдарының ша- тастырылуын) анықтайды. Содан кейін сол мәтінді жасанды интеллект жүйесіне (мысалы, генеративті чат-ботқа) енгізіп, аргументативтік қателерді табуын сұрай- ды. Соңғы кезеңде топтық талқылау жүргізіледі: білім алушылар өз тұжырымда- рын ЖИ жасаған талдаумен салыстырып, ескертулердің дәлдігін бағалайды, ЖИ құралдарының сенімділігі туралы қорытынды жасап, ақпарат көздеріне сыни көзқарасты дамытады.

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

Бастауыш білім

Математика пәні баланың зияткерлік әлеуетін дамытумен қатар, оның бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жеке қасиеттер мен өмірлік маңызы бар құзыреттер оқыту процесі- нен тыс емес, тікелей сол арқылы дамытылуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, ма- тематика сабағында «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру – мазмұн мен оқыту формаларының әрбір компоненті белгілі бір құндылықпен тығыз байла- нысты болатын жүйелі көзқарасты талап етеді.

Еңбекқорлық пен кәсібилік. Бұл құндылық дәлдікке, жүйелілікке, алгоритмдерді сақтауға, есептеудегі ұқыптылыққа үйрету арқылы дамиды. Мысалы, оқу мақсаты

4.1.2.8 көп таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану, аясында

«Мектеп жобасының сметасы» атты тапсырманы орындауға болады. Бұл тапсыр- мада оқушылар материалдарды сатып алуға кететін шығынды кезең-кезеңімен есептейді, аралық есептеулерді жазады, есепті рәсімдейді. Мұндай жұмыс жау- апкершілікті, еңбекке құрметпен қарауды, ұқыптылықты қалыптастырады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
16

Жауапкершілік пен әділдік. Бұл құндылық ресурстарды әділ бөлуге немесе ең- бекақы, салықтар мен нормаларға қатысты есептерді шешу барысында қалып- тасады. оқу мақсаты 4.1.3.3 өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар мән- дерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалын орындау, бойынша, «Үш отбасының арасындағы өнімді бөлу» немесе «Тапсырмаларды орындауға кететін уақытты жоспарлау» сияқты шынайы жағдайлар ұсынылады. Топтық жұмыс кезінде ке- зеңдерге жауапкершілік оқушылар арасында бөлінеді, бұл сенім мен адалдыққа тәрбиелейді.

Бірлік пен ынтымақтастық. 3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және аудан- ды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу – «Сыныпты өлшейміз» ұсынылады. Мұнда оқушылар сыныптағы қабырғалар- дың, еденнің, терезелердің ұзындығын бірге өлшеп, ауданын есептеп, есеп беру құжатын жасайды. Мұндай жұмыс бір-бірінің еңбегін бағалауға, командалық рух пен өзара көмек көрсетуге баулиды.

Тәуелсіздік пен отансүйгіштік. 4.1.3.6 купюраларын және түрлі мемлекеттің ва- люталарын (рубль, евро, доллар) ажырату және түрлі төлем жасау, оның тәуел- сіздік нышаны ретіндегі рөлін талдауға мүмкіндік береді. «Менің елімнің дүкені» атты практикалық жұмыста оқушылар теңгені басқа валюталарға айырбастап, сатып алу қабілетін талдайды, купюралардағы мемлекеттік рәміздердің мәнін зерделейді. Бұл тапсырма қаржылық сауаттылықты, патриоттық көзқарасты да- мытады.

Креативтілік пен жаңашылдық. 4.2.1.8 оқу мақсаты қозғалыс формулаларын шығару және қолдану, негізінде «Мектепке қалай тез жетуге болады?» жобасы ұйымдастырылады. Балалар түрлі бағыттар бойынша жол моделін жасап, уақыт- ты есептейді, цифрлық карталарды пайдаланады. Шарттарды талдау және тиімді жолды таңдау арқылы логикалық әрі шығармашылық ойлау дамиды. Сонымен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктерін (мысалы, қозғалыс бағытын визуали- зациялау, формулаларды автоматты іріктеу) қолдану ұсынылады.

Заң мен тәртіп. 4.2.2.1 қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу, аясында «Зал- дың сыйымдылығы мен санитарлық нормалар бойынша қанша адам шақыруға болады?» деген есеп ұсынылады. Балалар мүмкін болатын мәндерді анықтайды, шешімдерін дәлелдейді, ережені бұзудың салдарын талқылайды. Бұл құқықтық мәдениетті, тәртіптілік пен нормаларды сақтауға деген құрметті қалыптастыра- ды.

Математика сабағындағы құндылыққа бағытталған оқыту – бұл абстрактілі идея емес, нақты педагогикалық міндет. Ол мазмұнды дұрыс таңдауға, тапсырмалар- ды мағыналы құрастыруға, оқушылар арасындағы өзара іс-қимылды тиімді ұй- ымдастыруға негізделеді. Әр математикалық тақырып тек білім беріп қоймай, әділетті және прогрессивті қоғамда өмір сүріп, әрекет ете алатын тұлғаны қа- лыптастыруға қызмет етуі тиіс.

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

17

Цифрлық ресурстар мен жасанды интеллектті қолдану мотивацияны арттырып, оқытудың тиімділігін көтеру үшін келесі құралдарды қолдану ұсыны- лады: бейімделген онлайн-тренажёрлер арқылы амалдар мен теңдеулерді пы- сықтау; қатені автоматты талдау және ұсыныс беру жүйелері; шарттары өзгеретін тапсырмаларды ИИ көмегімен генерациялау.

Негізгі орта және жалпы орта білім

Қазіргі білім беру тек пәндік және метапәндік білімді игеруге ғана емес, со- нымен қатар білім алушылардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Мектептегі математика курсын оқу ба- рысында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасында (ҚР Оқу-ағарту министрі бұйрығы 26.05.2025ж.

№123) белгіленген құндылықтар мен негізгі құзыреттерді дамытуға назар аудару маңызды.

Мектеп математика курсын оқыту процесінде құндылықтарды кіріктіруді және құзыреттілікті қалыптастыру бойынша ұсыныстар:

  • тәуелсіздік және отаншылдық – бұл ұлттық жетістіктерді сабақ мазмұнына кіріктіру. Мектептегі математика курсын оқытуда патриоттық тәрбие білім алушыларда туған елге деген құрметті, ұлттық мәдениет пен ғылым тарихы- на қызығушылықты қалыптастырады. Мысалы, қазақстандық ғалымдардың математикаға қосқан үлесін көрсету, елдің географиясы мен мәдениеті бой- ынша есептер шығару, Қазақстанның демографиясы мен экономикасына қа- тысты мәліметтерді математикалық модельдеу.
  • бірлік пен ынтымақ – бұл білім алушылардың бірлесіп жұмыс істеуін, өзара көмектесуін, қолдау мен құрмет көрсетуін, сонымен қатар ұжымдық күштің ортақ мақсаттарға жетудегі маңызын түсіну. Бұл құндылықтар бірнеше фор- мада көрінуі мүмкін: топпен немесе жұппен жұмыс істеу (мысалы, әр оқушы тапсырманың бір бөлігін шешуге жауап беретін содан кейін топ түпкілікті нәтижеге жету үшін күш біріктіреді топтық жұмысты ұйымдастыруға болады), талқылау және проблемаларды бірлесіп шешу (мысалы, тапсырма бойынша жеке жұмыс жасағаннан кейін, әрқайсысы өз шешімін түсіндіретін талқылау ұйымдастырылады) басқалардың пікірлерін қолдау және құрметтеу (мыса- лы, математикалық дебаттарда немесе пікірталастарда білім алушылар өз шешімдерін білдіре және қорғай алады, басқалардың шешімдерін құрмет- пен тыңдау және негіздеу), ұжымдық жобалар (мысалы, мектеп бюджетін жоспарлау жобасы немесе сыныпта ресурстарды бөлу моделін құру);
  • әділдік және жауапкершілік – бұл білім алушылардың оқуға деген адал көзқарасын, тапсырмаларды өз бетінше орындаудың маңыздылығын, сон- дай-ақ өз еңбегінің нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді.
  • креативтілік пен жаңашылдық – бұл оқытуға шығармашылық тапсыр- маларды қосу, өз тапсырмаларын құру, викториналар өткізу және дерек- терді визуализациялау, сонымен қатар стандартты емес тәсілдер мен түп- нұсқа шешімдерді іздеуді ынталандыру. Мектептегі математика курсын
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
18

оқуда шығармашылық пен жаңашылдықты ынталандыру білім алушылардың икемді ойлауын, бастамашылығын және пәнге деген қызығушылығын қа- лыптастыруға ықпал етеді. Білім алушыларға игерілетін тақырып бойынша өз тапсырмаларын құруды, білім ғана емес, тапқырлық та маңызды болатын жарыстар мен ойындар ұйымдастыруды, диаграммалар, графиктер мен схе- малар арқылы визуалды ойлауды үйретуді ұсынуға болады;

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі информатика пәні аясында құндылықтар- ды интеграциялау және құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша ұсыныстар:

Тәуелсіздік және отаншылдық. Қазақстанның жетістіктерін бейнелейтін цифр- лық жобаларды орындау, тақырыптық хакатондар мен цифрлық көрмелерге қа- тысу арқылы қалыптасады. Күтілетін нәтижелер: білім алушылар Қазақстанның тарихы, мәдениеті және рәміздеріне құрметпен қарайды, ұлттық мұраны наси- хаттайтын цифрлық контент жасайды.

Бірлік және ынтымақ. Командалық жобаларды жүзеге асыру, мультимедиалық өнімдерді бірлесе жасау, цифрлық ортада өзара әрекеттесу барысында дамиды. Күтілетін нәтижелер: білім алушылар топта тиімді қарым-қатынас жасай алады, өзгенің пікірін тыңдайды, келісіп жұмыс істейді, ортақ тапсырмаларды шешеді.

Әділдік және жауапкершілік. Цифрлық этиканы сақтау, авторлық құқық норма- ларын ұстану, ақпараттық ресурстарды жауапкершілікпен пайдалану және ақпа- ратты сын тұрғысынан бағалау арқылы қалыптасады. Күтілетін нәтижелер: білім алушылар ақпарат көздерінің шынайылығын ажырата алады, авторлық құқықты құрметтейді, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды, желіде өзін дұрыс ұстай- ды.

Заң және тәртіп. Киберқауіпсіздік, цифрлық құқықтар тақырыптарын оқу және мектеп пен желідегі ережелерді сақтау барысында дамиды. Күтілетін нәтиже- лер: білім алушылар цифрлық қоғамда заңдарды сақтау маңызын түсінеді, жеке деректерді қорғау мен құқықтық нормаларды меңгереді.

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. Бағдарламалық қамтамасыз етумен тұрақты жұмыс, алгоритмдеу, бағдарламалау, деректерді өңдеу және визуализациялау арқылы қалыптасады. Күтілетін нәтижелер: білім алушылар өз жұмысын жоспар- лайды, жүйелі және мұқият орындайды, оқу мен тәжірибеде АКТ-ны тиімді қол- дана алады.

Жасампаздық және жаңашылдық. Бағдарламалар, ойындар, интерактивті модельдер жасау, олимпиадалар мен ІТ-жобаларға қатысу арқылы дамиды. Күтілетін нәтижелер: білім алушылар өз цифрлық шешімдерін ұсынады, әртүрлі салалардағы білімді біріктіреді, креативті шешімдер табады, бастамашыл және жаңашыл болады.

Информатика – жасанды интеллект элементтерін енгізу үшін ең келешегі зор әрі икемді пәндердің бірі. Бұл пән аналитикалық ойлауды, алгоритм құруды

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

19

және цифрлық жүйелердің жұмыс істеу принциптерін түсінуді дамытуға мүмкін- дік береді. ЖИ информатика курсының әртүрлі бөлімдеріне, пайдаланушы дең- гейінде де, бағдарламалау негіздерін оқыту барысында да кіріктіріле алады.

ЖИ-ті кіріктіру мысалдары: мәтін, код генерациясы немесе деректерді талдау кезінде ЖИ құралдарын қолдану; компьютерге нысандарды тануды немесе ко- мандаларды орындауды үйрететін жобаларды орындау; ЖИ-тің қазіргі қоғам мен болашақ мамандықтарға әсері туралы тақырыптарды талқылау; адам әре- кетімен салыстырғанда автоматтандырылған шешімдердің артықшылықтары мен шектеулерін бағалау.

Бұл тәжірибе білім алушыларға ЖИ-тің шынайы өмірдегі рөлін түсінуге және алынған білімді оқу мен практикалық тапсырмаларды орындау барысында тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

Бастауыш білім

«Жаратылыстану» пәні – табиғат, адам, техника, құбылыстар мен процестерді зерделеу – балаларда ізденімпаздық, табиғатқа құрмет, жауапкершілік, отансүй- гіштік, экологиялық сана, еңбекқорлық және креативтілік сияқты құндылықтар- ды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасайды. Табиғи процестерді бақылау және зерттеу арқылы түсіндіру білім алушыларды өзіндік ойлауға баулиды және олардың дүниенің танымдылығына деген сенімін қалыптастырады.

1-сыныпта «Мен – зерттеушімін» бөлімі, «Ғылым мен зерттеушілердің рөлі» тар- мағында 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, процестері мен нысандарын зерт- теудің қажеттілігін түсіндіру, оқу мақсатты табиғи құбылыстарды бақылаудан басталады. «Табиғат құбылыстары» бөлімі, «Жарық» тармағында 1.5.2.1 жарық пен қараңғыны салыстыру және 1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көз- дерін ажырату, оқу мақсаттары аясында жарық пен қараңғылықты салысты- ру және табиғи мен жасанды жарық көздерін ажырату бойынша практикалық бақылау жүргізіледі. Мұндай тапсырмалар бақылағыштықты, дәлдікті, зерттеуге қызығушылықты және адамның табиғатпен байланысын түсінуді дамытады. Ал 2-сыныпта 2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже), оқу мақсаты аясында оқушылар зерттеудің мақсатын анықтай- ды, жоспар құрып, мерзімін белгілейді, шартты белгілер арқылы өзгерістерді тіркеп, қорытынды жасайды. Бақылау кезеңдерін сақтау және нәтижелерді дұрыс тіркеу логикалық ойлау, нақтылықты дамытып, еңбек пен ұқыптылық құн- дылығын тәрбиелейді.

3-сыныпта «Мен – зерттеушімін» бөлімі, «Ақпарат көздерінің түрлері» тармағын- да 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау, оқу мақсаты түрлі ақпарат көздерімен

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
20

жұмыс арқылы іске асады: кітаптар, энциклопедиялар, интернет. Балалар де- ректерді талдап, салыстырып, қорытынды шығарады. 4-сыныпта 4.1.1.1 зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау, оқу мақсатына сәйкес экологи- ялық мәселелер бойынша миға шабуыл ұйымдастырылады. Оқушылар шағын зерттеулер үшін тақырыптар ұсынып, олардың маңыздылығын талқылайды.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу мақсаттарын жүзеге зерттеу, тәжірибе, шағын жобалар, ақпарат көздерімен жұмыс, пікірталас және қорытындылау си- яқты белсенді, тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлерін қолдану маңызды.

Заманауи цифрлық ресурстарды, соның ішінде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану оқыту көкжиегін кеңейтеді: күрделі құбылыстарды визуализациялауға, деректерді талдауға, модель құруға, гипотезалар тұжырымдауға және нәтиже- лерді салыстыруға көмектеседі. ЖИ-пен жұмыс жасау үдерісінде сын тұрғы- сынан ойлау, ақпаратты саналы тұтыну және технологиямен өзара әрекет этика- сы құндылықтарын қалыптастыру да маңызды.

Негізгі орта және жалпы орта білім

«Жаратылыстану» оқу пәні (5-6 сыныптар). Әр түрлі тақырыптарды зерттеу про- цесінде білім алушылар зерттеу жоспарын құруды, объектілерді жіктеуді, бақы- лауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша түрде си- паттауды және бағалауды, қорытынды жасауды үйренеді. Бағдарламаны жүзеге асыру алған білімді күнделікті өмірде табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін қол- дануға бағытталған.

Аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарау- ды насихаттауға бағытталған жобаларды әзірлеу және оған қатысу ұсынылады.

«Дүниені өзгертетін жаңалықтар» бөлімінде қазақстандық ғалымдардың жара- тылыстану ғылымдарының дамуына қосқан үлесіне және жасанды интеллек- тінің адам өмірінің сапасын және қоршаған ортаның тұрақтылығын арттыру үшін қолданылуына назар аудару маңызды. Сондай-ақ, ғылыми жаңалықтарға қызығушылықты, ақпарат алмасуды және ғылыми мәселелерді талқылауға қаты- суды ынталандыру қажет.

География 7-11 сынып. «География» оқу пәнін оқытудың мақсаты – дүниенің гео- графиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәде- ниеті бар тұлға тәрбиелеу.

Географиялық мәдениетті қалыптастыру үшін білім алушыларда қоршаған ор- таға деген сүйіспеншілікті, табиғатты аялау сезімін ояту; әртүрлі халықтардың мәдениетімен және географиялық ерекшеліктерімен таныстыру; географиялық білімді күнделікті өмірде және практикалық қызметте қолдану дағдыларын қа- лыптастыру; экологиялық мәдениетке тәрбиелеп, табиғатты қорғауға бағыт- талған жобаларға қатысуға ынталандыру қажет.

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

21

Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану мақсатында интерактивті әдістерді (пікірталас, рөлдік ойындар, жобалық жұмыстар, т.б.) және ақпараттық-комму- никациялық технологияларды (электрондық оқулықтар, интерактивті карталар, GPS, ГИС, т.б.) пайдалану, оқыту процесінде виртуалды саяхаттарды, бейнема- териалдарды және фотосуреттерді қолдану, білім алушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыру маңызды.

 

Физика 7-11сынып. Физиканы оқыту үдерісінде базалық құндылықтарды кіріктіру формалды сипатта емес, пән мазмұнынан үйдесімді түрде туындауы тиіс және бұл пәндік әрі метапәндік оқу нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етуі қажет. Физика – іргелі ғылым ретінде білім алушылардың дүниетанымын қалып- тастыруға, сыни ойлауын дамытуға және жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіруге мол мүмкіндік береді.

 

Базалық құндылықтардың физика пәнінің оқу мақсаттарымен байланысы:

 

Отаншылдық құндылығы: Ұлттық ғылымға мақтаныш сезімін, физиканың ел дамуына қосқан үлесін түсінуді, Отанға деген сүйіспеншілікті және мәдениет- ке құрметті қалыптастыру. Физика пәнінің оқу мақсаттарымен байланысы. Ұлт- тық ғылым мен технологияға мақтаныш сезімін қалыптастыру. Оқу мақсаты:

7.1.1.1 Көрнекті физик ғалымдарды және олардың ашқан жаңалықтарын атау. Ықпалдастыру мысалы: Көрнекті ғалымдар тізіміне қазақстандық физиктерді (мысалы, Қаныш Сәтбаевтың геологиямен байланысты еңбектерінің терең физикалық негіздері бар; немесе қазіргі физика саласында жұмыс істейтін ға- лымдарды) және олардың әлемдік және отандық ғылымға қосқан үлесін қосу.

 

Бірлік және ынтымақ құндылығы: Бірлескен зерттеулердің философиялық және әлеуметтік аспектілерін түсіну, ғылымның әлеуметтік және этикалық жауапкер- шілігін терең түсіну. Физика пәнінің оқу мақсаттарымен байланысы. Ғылым- ның әлеуметтік және этикалық жауапкершілігі. Оқу мақсаты: 9.4.2.2 Ядролық энергияның қоршаған ортаға әсерін талдау. Ықпалдастыру мысалы: Ядролық технологияларды қолданумен байланысты тек ғылыми аспектілерді ғана емес, сонымен қатар этикалық дилеммаларды талқылау, ғалымдардың өз жаңалықта- рының салдары үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін атап өту.

 

Әділдік және жауапкершілік құндылығы: Заң мен қоғам алдындағы жауапкер- шілікті сақтау. Физика пәнінің оқу мақсаттарымен байланысы. Білімді қолдануға жауапкершілік. Оқу мақсаты: 7.5.1.1 Зертханалық жұмыстарды орындаудағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Ықпалдастыру мысалы: Қауіпсіздік үшін жа- уапкершілік әркімге жүктелетінін және әділдік барлық белгіленген ережелерді сақтауды талап ететінін атап өту.

 

Жасампаздық және жаңашылдық құндылығы: Шығармашылық ойлауды, бастамашылдықты және жаңа нәрсе жасауға деген ұмтылысты ынталанды- ру. Физика пәнінің оқу мақсаттарымен байланысы. Білімді жасампаздық үшін практикалық қолдану. Оқу мақсаты: 9.3.1.2 Әртүрлі оптикалық аспаптардың жұмыс істеу принциптерін сипаттау. Ықпалдастыру мысалы: Білім алушыларға

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
22

 

 

 

қарапайым оптикалық құрылғыларды (камера-обскура, телескоп) немесе фи- зикалық принциптерді көрсететін модельдерді жасау бойынша жобалар ұсыну. Бұл физикалық білімнің пайдалы нәрселерді жасауға қалай мүмкіндік беретінін көрсетеді.

 

Шығармашылық және жаңашылдық ойлауды дамыту. Оқу мақсаты: 10.6.1.1 Фи- зикалық принциптерді қолдана отырып, өзекті проблемаларға шешімдер ұсы- ну. Ықпалдастыру мысалы: Білім алушыларды нақты проблемаларға жаңашыл шешімдер іздеуге ынталандыру (мысалы, үйдің энергия тиімділігін қалай жақ- сартуға болады, мектепте жаңартылатын энергия көздерін қалай қолдануға болады). Физика мен техникадағы соңғы инновациялар туралы пікірталастар ұйымдастырып, жеке идеяларға шабыт беру. Бұл тәсіл физиканы ғылым ретін- де оқып қана қоймай, сонымен қатар елдің дамуы үшін қажетті құндылықтық бағдарлар мен құзыреттіліктерге ие азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

 

«Химия» пәні 7-11 сыныптар. «Адал азамат» (ҚР Оқу-ағарту министрі бұйрығы 26.05.2025ж. №123) тәрбие бағдарламасының базалық құндылықтарын пәнді оқытуға кіріктіру бойынша ұсынымдар:

 

Құндылықтар: тәуелсіздік және отаншылдық; бірлік және ынтымақ. Құзырет- тіліктер: Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу; басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.

 

«Химия және қоршаған орта» бөлімі, «Жер химиясы» бөлімшесі. Оқу мақсатта- ры: 7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу; 9.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстан- дағы кен орындарын атау; 9.4.2.5 Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру процестерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру. «Жер химиясы» тақырыбына тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ құн- дылықтарын кіріктіруге болады. Білім алушыларға еліміздің әлемдік пайдалы қазбалар қоры бойынша алатын орнын, мысалы, уран, хром, мыс, алтын, мұнай т.б. жөнінде мәліметтер беру керек. Сол арқылы туған жердің байлығын баға- лауға баулып, Қазақстанның табиғи байлықтарына деген құрмет пен мақта- ныш сезімі оянады. Пайдалы қазбалардың экологиялық аспектілерін, мысалы, пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін талқылау арқылы эко- логиялық жауапкершілікті дамытуға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу қажет. Пайдалы қазбалардың ел экономика- сына әсері және олардың тиімді, әділ пайдаланылу қажеттілігі жайлы пікірталас ұйымдастыру арқылы басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосуға дағдыланады.

 

Цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру, оның ішінде ЖИ қолдану.

 

Химиялық процестерді модельдейтін онлайн-симуляторларды қолдану (мыса- лы, PhET, ChemCollective). Молекулалық құрылымдарды модельдеуге арналған бағдарламаларды пайдалану (Avogadro, ChemSketch https://chemcollective.org).

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

23

 

 

 

Инновациялық материалдар туралы цифрлық презентациялар, интерактивті постерлер мен инфографика жасау. Заттарды синтездеуге арналған виртуал- ды зертханаларды қолдану. Тапсырма үлгілері: Интернет-ресурстарды қолдана отырып, графеннің қасиеттерін зерттеу. Нәтижелерді инфографика түрінде ұсы- ну. 3D-модельдеу арқылы жаңа полимердің молекулалық моделін жасау.

 

Бастамашылдық, идея генерациялау және ресурстарды тиімді пайдалану: білім алушыларға белгілі бір қасиеттері бар жаңа заттар немесе материалдар жаса- уға арналған жеке идеяларын ұсынуды тапсыру (мысалы, биосәйкестендірілетін пластик, ыстыққа төзімді жабын); идеядан бастап цифрлық таныстырылымға не- месе өнімнің макетіне дейінгі шағын жобаларды ұйымдастыру; топтық жұмысты ынталандыру: рөлдерді бөлу, ақпарат іздеу, идеяны қорғау. Тапсырма үлгісі: Қоршаған ортаға немесе тұрмысқа қатысты өзекті мәселені шешетін жаңа ма- териалдың тұжырымдамасын жасау (мысалы, еритін пластик, суды тазартуға ар- налған материал). Оның құрамын, қасиеттерін және қолданылуын негіздеу.

 

Қосымша әдістер: цифрлық портфолио құру; кейс-стади – жаңа заттарды жасау- дың нақты мысалдарын зерттеу; химиялық стартаптар – идеядан бастап өнімді таныстыруға дейінгі процесті модельдеу; хакатондар / идеялар сайысы – сабақ аясында шығармашылық жарыстар өткізу.

 

«Биология» пәні 7-11 сыныптар. «Адал азамат» (ҚР Оқу-ағарту министрі бұйрығы 26.05.2025ж. №123) тәрбие бағдарламасының базалық құндылықтарын пәнді оқытуға кіріктіру бойынша ұсынымдар:

 

Құндылық: заң және тәртіп. Азаматтық борыш және парасаттылық құзыреттілігі. Күтілетін нәтижелер: құқықтық жүйе мен адам құқығы негіздерін білу; тәртіп пен әділдік, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну; қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.

 

Бөлімше: Экожүйе. Биология сабақтарында «азаматтық борыш және пара- саттылық» құзыреттілігін қалыптастыруды «Қазақстан Республикасының Қы- зыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері» тақырыбын оқығанда кіріктіруге болады. Оқу мақсаты: 7.3.2.4 жер- гілікті өңірдің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануар- лары мен өсімдіктеріне мысал келтіру.

 

Сабақтарда пікірталастар, дөңгелек үстелдер, сұрақ-жауаптар ұйымдастыруға болады. Талқылау үшін сұрақтар: Сирек кездесетін түрлердің жойылып кетуіне азаматтар жеке жауап беруі керек пе? Жергілікті аумақта сирек кездесетін Грейг қызғалдағы өсетін жер кесіледі. Сіз қалай әрекет етер едіңіз?

 

Білім алушылардан өз аймағындағы волонтерлік эко акциялар туралы ақпарат табуды, жергілікті жойылып кету қаупі төнген түрді қорғау бойынша шағын жо- баны (мысалы, ақпараттық науқан, мектеп стенді, әлеуметтік желілер) ұсынуды сұрау.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
24

 

 

 

7-сыныптағы «Экожүйе» бөлімшесіндегі «Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары» тақырыбы құн- дылықтарды кіріктіру үшін өте қолайлы, әсіресе төмендегі құндылықтарды осы сабақтарда кіріктіруге мол мүмкіндік бар: тәуелсіздік және отаншылдық; әділдік және жауапкершілік; заң және тәртіп. Мұғалімнің тұжырымдамасының мысалы: Бүгінгі таңда Қазақстан қорықтарының тізіміне 10 қорық кіреді, олар: Ақсу-Жа- бағылы қорығы, Алматы қорығы, Алакөл қорығы, Наурызым қорығы, Барсакел- мес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы, Батыс-Алтай қорығы, Қаратау қорығы. «Қорықтар мен ұлттық саябақтар — біздің Отанымыз- дың асыл маржандары. Бұл жай ғана қорғалатын аумақтар емес, бұл біз болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек болатын мұра».

 

 

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Бастауыш білім

«Дүниетану» пәні бастауыш сыныптарда білім алушылардың қоршаған әлем туралы тұтас түсінігін қалыптастыруда, танымдық қызығушылықтары мен зерт- теу дағдыларын дамытуда, экологиялық ойлау, азаматтық жауапкершілік және мәдени дәстүрлерге құрмет сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Табиғат, қоғам және адам жайлы жүйелі білім алу арқылы білім алушылардың ғылыми дүниетанымының және тұлғаның адамгершілік-этикалық бағдарлары- ның негізі қаланады.

 

«Дүниетану» пәні бастауыш сыныпта саналы, білімқұмар және әлеуметтік бел- сенді, заманауи әлемге бейімделе алатын және келесі білім сатысында табысты білім ала алатын оқушыны қалыптастырудың негізі болып табылады.

 

Бірінші сыныпта «Менің отбасым» тақырыбын оқу барысында 1.1.1.2 отбасы мүше- леріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау; отбасы мү- шелеріне қатысты өзінің туыстық байланыс жүйесіндегі орнын анықтау арқылы

— білім алушыларда отбасы құрылымындағы әрбір мүшенің рөлін түсіну, құрмет пен қамқорлықтың маңыздылығын сезіну қалыптасады. Отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды талқылау арқылы білім алушылар ұлттық құндылықтар- мен танысып, туыстарына деген құрмет сезімі, отбасының қоғамдағы орны тура- лы түсінік және патриоттық сезім дамиды.

 

Білім алушының қоршаған ортамен және жергілікті жермен танысуы аясында

1.2.1.2 табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру; та- биғат аясындағы мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіру, орман, су қоймасы сияқты жерлердегі мінез-құлық үлгілерін құрастыру ұсынылады.

 

Екінші сыныпта «Отбасы қажеттіліктері» тақырыбын оқу барысында 2.1.1.4 бақы- лау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

25

 

 

 

құрылымын, олардың түсу көзін анықтау. Білім алушылар отбасылық бюджетті зерттеп, сауалнама жүргізіп, күнделікті қажеттіліктерді талдай отырып, экономи- калық ойлау мен жауапкершілік дағдыларын дамытады.

 

Үшінші сыныпта 3.1.2.3 қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру; ба- рысында өмірлік жағдайлар талқыланады, көріністер мен рөлдік ойындар ұй- ымдастырылады. Бұл білім алушылардың айналасындағыларға құрметпен қа- рауын, жанашырлық пен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады. «Табиғи апаттар» тақырыбын оқу барысында 3.2.2.2 ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру. Білім алушылар ауа райы құбылыстарын жіктеп, қауіпсіздік жаднамаларын жасап, төтенше жағдайларға дайындық дағдыларын дамытады.

 

«Дүниетану» пәні бойынша оқу үдерісі қауіпсіз, этикалық және патриоттық мі- нез-құлықты дамытуға бағытталған тақырыптарды жүйелі түрде біріктіреді. Білім алушылар тек білім алып қана қоймай, өмірлік маңызды құндылықтарды – жау- апкершілік, құрмет, өзіне, өзгелерге және қоршаған ортаға ұқыпты қатынас жа- сау дағдыларын да меңгереді.

 

Оқу үдерісінде жасанды интеллектті қолдану табиғи құбылыстарды модель- деуге, виртуалды тәжірибелер жүргізуге, статистикалық мәліметтерді талдауға, сұрақтар мен тапсырмаларды генерациялауға мүмкіндік береді. ИИ қолдану сыни ойлауды дамытып, білім алушыларға ақпараттың шынайылығын бағала- уға, дереккөздерді талдауға және негізделген пікір қалыптастыруға көмектеседі.

 

Негізгі және жалпы орта білім

Негізгі орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы оқу пән- дерінің мазмұны – білім алушылардың тарихи ойлау, бүгін және өткенді түсіну және пайымдау дағдыларын және олардың өзара байланысы, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтанулық ақпарат көздерінің материалдары бой- ынша негізделген қорытындылар жасау, зерделеу, талдау дағдыларын қалып- тастыру және олардың негізінде тәуелсіз пайымдаулар жасау, өз шешімдерін қабылдау; патриотизмге тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған.

 

«Адал азамат» бағдарламасы аясында құндылықтар мен құзыреттіліктерді оқу процесіне кіріктіру

 

Оқу процесінде «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндерін оқы- ту барысында білім мазмұнына түйінді тәрбие құндылықтарын кіріктіру білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, тарихи сана мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталады.

 

«Тәуелсіздік және отаншылдық» аясында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін зерделеу, тарихи оқиғалар мен тұлғалардың ел тағдырындағы рөлін саралау

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
26

 

 

 

арқылы білім алушылардың азаматтық ұстанымы мен елге деген жауапкершілігі нығаяды.

 

«Бірлік және ынтымақ» аясында білім алушылар халықтар бірлігі мен ынты- мағының тарихи негіздерін түсініп, түрлі тарихи кезеңдердегі бірігу мен бейбіт бастамалар арқылы ынтымаққа деген көзқарасын қалыптастырады.

 

«Заң және тәртіп» құндылығы білім алушының құқықтық санасын қалыптасты- рып, заңға құрмет пен қоғамдық тәртіпті сақтау дағдысын дамытады. Қазақстан тарихындағы құқықтық жүйелер мен Конституцияны оқыту арқылы заңның қоғамдағы рөліне баға беру дағдылары қалыптасады.

 

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» еңбектің тарихи рөлін ұғыну және білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту.

 

«Жасампаздық және жаңашылдық» – тарих сабақтарында білім алушылар- дың тарихи оқиғалар мен процестерді талдай отырып, балама шешімдер ұсыну арқылы жаңашыл көзқарас қалыптастырады.

 

«Адал азамат» бағдарламасының аталған түйінді құндылықтарын оқу пәндерінің мазмұнына кіріктіру білім алушылардың бойында ұлттық мүддені ілгерілету, қоғамға адал қызмет етуге дайын болу, адалдық және заңның үстемдігін сақтау, қоғам талаптарын құрметтеу, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу мен та- рихи-әлеуметтік құбылыстарды сын тұрғысынан бағалау, шешім қабылдау, өз көзқарасын дәлелдеу сияқты құзыреттіліктері қалыптастырып, дамытуға мүм- кіндік береді.

 

Сондықтан «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда «Адал азамат» бағдарламасының базалық құндылықтарын пән мазмұнына кіріктіру құқықтық сана, азаматтық белсенділік, адам мен азаматтың құқықтары мен мін- деттеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді қол- дану арқылы жүзеге асырылуы қажет.

 

Тәуелсіздік және отаншылдық. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алудағы негізгі кезеңдермен байланысты тарихи мысалдарды келтіру ұсынылады. Қа- зақстандағы негізгі конституциялық құқықтар мен бостандықтардың іске асы- рылу мысалдарын басқа мемлекеттермен салыстыра отырып қарастыру ұсыны- лады.

 

Бірлік және ынтымақ. Құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көр- сететін нақты өмірлік жағдайларды, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мысалдарын талқылау ұсынылады.

 

Әділдік және жауапкершілік. Мемлекеттік органдар мен азаматтардың құқықтық мәселелерді бірлесіп шешудегі өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында ұсыны- стар мен ұсынымдарды әзірлеу және оларды талқылау үшін топтық жұмыс ұй- ымдастыру ұсынылады.

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

27

 

 

 

Заң және тәртіп. Білім алушыларда құқықтық сананы және қоғамдық норма- ларға құрметті қалыптастыру мақсатында заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңыздылығына назар аудару ұсынылады.

 

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. Еңбек қатынастарын, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ зияткерлік меншік мәселелерін реттейтін құқықтық нормаларды зерделеу ұсынылады.

 

Жасампаздық және жаңашылдық. Оқу процесінде бұл құндылықты іске асы- ру құқықтық сауаттылықты үнемі арттырып отырудың маңыздылығын талқылау арқылы жүзеге асырылады.

 

Заманауи өзекті білім беру сұраныстары білім алушылардан білімді меңгеріп қана қоймай, ақпаратты өз бетінше іздеп, талдап, жүйелеп, түсіндіре білуді де та- лап етеді. Осы тұрғыда жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) құралдарын пай- далану жоғары сынып білім алушыларының зерттеушілік жұмыс тиімділігі мен сапасын арттырады.

 

ЖИ құралдары қазір ақпаратты жылдам табуға және өңдеуге, зерттеу сұрақта- рын тез құрастыруға, тарихи деректерді талдауға және нәтижелерді визуали- зациялауға көмектеседі. Соның арқасында білім алушылар білім жаңартуға не- гізделген тұжырым жасауға, анықталған әр түрлі фактілерді салыстыруға, өзінің жеке ұстанымдарын дәлелдеуге, және алынған зерттеу нәтижелерін кәсіби фор- матта ұсынуға үйренеді.

 

ChatGPT (күрделі ұғымдарды түсіндіру мен айғақтарды тұжырымдау үшін керек), Perplexity (әртүрлі деректер мен көзқарастарды жылдам талдау салыстыру үшін), DeepL Write және Grammarly (мәтіндерді стилистикалық және логика жағынан өңдеу үшін), сондай-ақ, ЖИ бар Canva мен ЖИ бар Tome (презентациялар мен инфографика жасау үшін керек) құралдарын пайдалану білім алушыларға зерт- теуге алынатын фактілерді терең талдауға алуға, фактілер арасындағы логи- калық байланысты ашуға, және зерттеу жұмыстары нәтижелерін инфографи- калармен құруға мүмкіндік береді. Мысалы, «Мәдениет пен дәстүр ұлттық код ретінде» тақырыбындағы зерттеу жұмысы бойынша ЖИ құралдарын пайдалану әр кезеңде материалды тереңдетіп, оны заманауи форматта көрсетуге мүмкіндік береді. Ақпаратты жинау және талдау кезінде қазақ мәдениетінің этнографиясы мен тарихына байланысты дерек көздерін, оның ішінде материалдық жәдігер- лер мен ескерткіштер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүр мен тұрмыстық, шаруашылық туралы материалдарды табуға және салыстыруға көмектесетін Perplexity ЖИ және Gemini ЖИ құралдарын қолдану ұсынылады.

 

Ал, зерттеу нәтижелерін тұжырымдау кезінде оқушыға өз пайымдауларын не- гіздеуге, деректерді жалпылауға, тарихи және мәдени контексте дәстүрлер сабақтастығын түсіндіруге көмектесетін ChatGPT ЖИ құралдарын пайдалану ұсынылады. Қорытынды презентацияны дайындау кезінде Canva, DeepL Write, Socratic by Google тәрізді көрнекі түрде беруге мүмкіндік беретін ЖИ құралдары қызметтеріне жүгіну ұсынылады, олардың көмегімен оқушы халықтардың ұлт-

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
28

 

 

 

тық дәстүрлері туралы инфографика, Отанның тарихи және мәдени ерекшелігін бейнелейтын диаграммалар жасай алады.

 

Жалпы орта білім беру деңгейінде «Құқық негіздері» пәні бойынша қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту бойынша ұсынымдар:
  1. Сабақты жоспарлауда азаматтың жеке басына қол сұғылмаушылық, бостан- дық, қауіпсіздік және ар-намысты қорғау құқығы сияқты негізгі құқықтарын түсіндіруге ерекше назар аудару керек.
  2. Интернет желісіндегі жеке деректерді қорғаудың құқықтық аспектілеріне, алаяқтық пен ақпараттық кеңістіктегі қауіптерден қорғану шараларына баса назар аудару қажет.
  3. Білім алушылардың өзге адамдардың құқықтарына құрметпен қарауын, өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтама- сыз етудегі заңнаманы сақтаудың маңызын түсінуін қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет.

 

Осы ұсынымдар 10-11-сыныпта «Құқық негіздері» пәні аясында білім алушылар- дың өмірлік жағдайларда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағыт- талған педагогикалық процесті құруға мүмкіндік береді.

 

 

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

Бастауыш білім

Цифрлық трансформация жағдайында жасанды интеллект технологияларын біріктіру пәннің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жасанды интеллект макеттер әзірлеу, материалдар таңдау, жұмыс кезеңдерін визуализациялау және нәтижелерді бағалау бойынша көмекші рөл атқарады. Бұл білім алушылардың кеңістіктік ой- лауын, алгоритмдік тәсілін және эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді.

Бастауыш сыныптағы «Технология және өнер» білім саласы – қоршаған ортамен саналы өзара әрекетке қабілетті, мәдениет пен еңбекке құрметпен қарайтын, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашыл әрі жауапты тұлғаны қалыпта- стырудың қуатты құралы болып табылады.

«Еңбекке баулу» пәні – балаларға өндірістік үдеріс негіздерін, қолмен бұйым жасау жолдарын, еңбек қауіпсіздігін және материалдарға ұқыпты қарау дағды- ларын меңгертеді.

1-сыныпта, «Қауіпсіздік техникасын сақтау» тақырыбында 1.2.3.1 материалдар және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен танысу; қара- пайым құралдар мен материалдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ереже- лерін сақтау. Білім алушылар қайшы, желім, біз сияқты құралдарды қолдануды

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

29

 

 

 

үйреніп, қауіпсіздік шараларын меңгереді, бұл – жауапкершілік пен ұқыптылықты қалыптастырады. 2-сыныпта, Шығармашылық жұмысты жасауда 2.2.1.1 қарапай- ым әдіс-тәсілдерді пайдаланып, материалдарды жинау, сұрыптау, қолдануға дайындау. Білім алушылар дайындау үдерісін жоспарлап, кезең-кезеңімен орындап, нәтижені бағалауды үйренеді. Бұл – жоспарлау, дәлдік пен кеңістіктік ойлауды дамытады. 3-сыныпта, «Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнері» тақырыбында 3.1.2.1 дәстүрлі және дәстүрлі емес қарапайым материал- дарды қолдану салаларын білу. Балалар қазақ ою-өрнегі мен бейнелері негізін- де аппликациялар мен бұйымдар жасап, ұлттық бірегейлік пен эстетикалық талғам қалыптастырады. 4-сыныпта, «Жобалық жұмыс» тақырыбында 4.3.1.1 өз жұмысының идеясы мен процесін шығармашылықпен ұсыну; (соның ішінде АКТ қолдану). Білім алушылар өз бетінше жобаның тақырыбын (мысалы, «Қарындаш салғыш»), материалдарын таңдап, жоспар құрастырады. Бұл – өз бетімен жұмыс істеу, сыни ойлау және практикалық міндеттерді шешу дағдыларын дамытады.

«Бейнелеу өнері» пәні – балалардың көркем-бейнелі ойлауын, қиялын, кеңістік- ті көру қабілетін дамытып, түрлі бейнелеу әрекеттері арқылы (сурет салу, мүсін- деу, композиция) эмоцияларын жеткізуге үйретеді.

1-сыныпта, «Өнер туындыларын қабылдау» тақырыбында 1.1.1.1 қазақтың ұлттық және әлемдік мәдениетінің түрлі өнер туындыларын эмоционалды қабылдау, білім алушылар қазақтың ұлттық және әлемдік мәдениеттің түрлі өнер туын- дыларын эмоционалды түрде қабылдауға, оларды түсінуге және өз әсерлерін жеткізуге машықтанады. 2-сыныпта, «Графика» тақырыбында 2.1.2.1 әр түрлі әді- стер мен тәсілдерді қолдана отырып, графикалық материалдар мен құралдарды қолдану, негізінде білім алушылар графикалық материалдар мен құралдарды әртүрлі әдіс-тәсілдермен қолдануды үйренеді. 3-сыныпта, «Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)» тақырыбында 3.2.1.1 көркем экспрес- сивтіліктің қолданылатын құралдарын және жұмыстарды орындау техникасын айқындау, оқу мақсаты бойынша көркемдік экспрессивтілікті жеткізу құралда- рын және жұмыс техникасын анықтау дағдылары қалыптасады.

Осылайша, «Еңбекке баулу» мен «Бейнелеу өнері» пәндері бастауыш мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын, шығармашылық қабілет- терін, ұлттық мәдениетке деген құрметі мен эстетикалық талғамын қалыптасты- руда маңызды рөл атқарады.

«Музыка» пәні арқылы білім алушылар қазақ халқының дәстүрлі музыкасын, оның ішінде күй, ән және халық аспаптарын зерттейді. Музыка сабағында әртүр- лі этностардың музыкалық шығармаларын тыңдау және орындау арқылы білім алушылар басқа мәдениеттерге құрметпен қарауды, ұлттық құндылықтарды, шығармашылықты және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырады.

Музыкалық шығармашылық, топтық орындаулар мен жобалар арқылы білім алушылар өз пікірін білдіру, тыңдай білу және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Бұл оларды жауапкершілікке, ынтымақтастыққа және өзара құрметке тәрбиелейді.«Музыка» пәнінде ұлттық музыкалық шығармаларды орындау, му- зыкалық аспаптарда ойнау, шығармашылық жобалар жасау және әртүрлі мәде-

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
30

 

 

 

ниеттердің музыкасын зерттеу арқылы жоғарыда аталған құндылықтарды дамы- туға болады. Бұл білім алушылардың ұлттық құндылықтары мен шығармашылық қабілеттерін арттырады.

«Музыка» пәні сабақтарында білім алушыларға авторлық құқық, музыкадағы заңдылықтар туралы қарапайым түсінік беру (мысалы, шығарманы рұқсатсыз көшірудің заңсыз екені) маңызды. Ол жұмысты келесі оқу мақсаттарымен үй- лестіруге болады: 5.2.1.1 музыкалық-шығармашылық жұмыстарды жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және материал жинақтау; 6.2.1.1 музыкалық-шығар- машылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық мате- риалға интерпретация жасау; 5. 2. 2. 1 музыкалық көркем құралдарын, музыка- лық аспаптар мен дауысты қолдана отырып, қарапайым композициялар шығару және импровизация жасау; 6. 2. 2. 1 музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысты қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау.

Цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні интеграциялау

Музыка сабағында цифрлық технологияларды қолдану білім алушылардың му- зыкалық қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар заманауи құралдар мен платформаларды меңгеруге мүмкіндік береді:

  • нейрожүйе арқылы музыкалық шығармаларға арналған визуалды контент жасау білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру. Бұл құрал- дар арқылы білім алушылар музыкалық туындылардың атмосферасын, көңіл-күйін және мәнін бейнелейтін суреттерді жасай алады. Мысалы, музы- ка сабағында визуалды контент жасау білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың музыкалық туындыларға деген көзқарасын кеңейтуге және заманауи цифрлық құралдарды меңгеруге мүмкіндік бе- реді. ChatGPT сияқты ЖИ құралдарын пайдалану арқылы білім алушылар музыкалық шығармаларға арналған альбом мұқабаларын, тректердің визу- алды бейнелерін және мультимедиялық жобаларды жасай алады. Бұл білім алушылардың музыкалық білімін тереңдетіп, олардың шығармашылық әлеу- етін толық жүзеге асыруға ықпал етеді. Мысалы, келесі оқу мақсаттары аясын- да жүзеге асыруға болады: 2.2.2 компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау; 6.2.2.2 компью- терлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Кино- студия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау.
  • цифрлық дыбыс жұмыс станцияларын қолдану, мысалы, GarageBand, FL Studio, Ableton Live, Logic Pro және басқа да цифрлық дыбыс жұмыс станци- ялары білім алушыларға өзіндік музыкалық шығармаларды жасау, аудионы біріктіру (микширование) және мастеринг жасау, вокал мен аспаптардың ды- бысын жазу, музыкалық аранжировканың негіздерін меңгеру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;
  • музыкалық қосымшалар мен онлайн-платформаларды пайдалану білім алушыларға нота жазуды үйренуге, ноталарды оқуға, аккордтар мен интер- валдарды түсінуге көмектеседі; Sibelius, Finale, MuseScore сияқты бағдарла- малар музыкалық шығармалар құрастыруға және оларды басып шығаруға

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

31

 

 

 

мүмкіндік береді; музыкалық ойындар мен тренажерлер арқылы есту қа- білетін, ырғақты және музыкалық жадыны дамытуға мүмкіндік береді;

  • Piano Marvel, Synthesia сияқты виртуалды аспаптар, сондай-ақ онлайн-синте- заторлар мен драм-машиналар білім алушыларға түрлі аспаптарда ойнауды үйренуге мүмкіндік береді. Виртуалды пианино мен гитараларды келесі мақ- саттарда қолдануға болады: түрлі аспаптарда ойнаудың негіздерін меңгеру; музыкалық есту қабілеті мен құрылымдарды түсінуін дамыту; түрлі аспаптар- ды қолдана отырып, музыкалық шығармалар жасау;
  • мультимедиалық жобалар мен презентациялар жасау, мысалы Adobe Premiere, iMovie видеоредакторлармен жұмыс істей отырып, музыкалық орындау видеоларын жазу; Adobe After Effects немесе оның тегін аналогта- ры арқылы музыкалық бейнебаяндар немесе анимациялар жасау. Сондай-ақ әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауға арналған онлайн-видео сабақтарды көруге болады.
  • білім алушылар дыбысты цифрлық өңдеудің негізгі қырларын үйрене ала- ды, соның ішінде: дыбысты жазу және өңдеу (Audacity немесе Adobe Audition бағдарламалары арқылы); түрлі жобалар мен видеоларға арналған саунд- тректер мен дыбыстық эффектілер жасау; эквалайзерлер сияқты эффектілер- мен жұмыс істеу және дыбысқа манипуляциялар жасау.

 

Сандық құралдар білім алушыларға келесі мүмкіндіктерді береді: музыканы ар- найы бағдарламалар мен жасанды интеллект көмегімен талдау, ол аккордтар- ды, ырғақты және композицияның басқа да элементтерін анықтай алады. Оны келесі оқу мақсаттарына кіріктіруге болады: 5.1.1.1 музыкалық жанрын, стилін, түрін және көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы (туған өл- кедегі музыкалық өнердің ерекшеліктері туралы түсінігінің болуын) талдау; 6.1.1.1 туған өлкенің жыршы-термеші, әнші және сазгерлерінің шығармашылығы ту- ралы тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі мен жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлері мен байланысын анықтау;

5.3.1.1 өз жұмысын шығармашылықпен көрсету, критерийлерге сәйкес бағалау және өзінің жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу 6.3.1.1 шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерийлерге сәйкес баға- лау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу.

Бұл мақсаттарды орындау үшін модель әртүрлі музыкалық шығармаларды, со- ның ішінде дәстүрлі қазақ жанрлары — жыр, терме және айтысты тануға және жіктеуге, сондай-ақ олардың музыкалық-көркемдік құралдарын анықтауға қа- білетті.

Неғұрлым тиімді сұраныс мысалы: «Жасанды интеллект фортепианода ойнауды үйренуге қалай көмектесе алады?». Мұндай сұраныс ЖИ-дің сіздің сұранысыңы- зды нақты түсініп, дәл жауап беруіне көмектеседі.

Құрылымдық тәсіл: «Мақсат – Әдіс – Нәтиже». Мақсат: Музыкалық шығарманы талдау, музыкалық ерекшеліктерін анықтау. Әдіс: ЖИ және арнайы бағдарла- малар арқылы ырғақ, аккорд, стиль, жанрды тану. Нәтиже: Музыканы тереңірек түсіну, дәстүрлі музыкамен байланысын көру, орындаушылық және аналитика- лық дағдыларды дамыту. Мысалы, келесі оқу мақсаттарына кіріктіру: 5.1.1.1 музы- калық жанрын, стилін, түрін және көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
32

 

 

 

шығарманы (туған өлкедегі музыкалық өнердің ерекшеліктері туралы түсінігінің болуын) талдау.

ЖИ музыкалық шығармалардың түрін, стилін және жанрын анықтауда, сон- дай-ақ оларды басқа өнер салаларымен байланыстыруда көмектесе алады. Мо- дель дәстүрлі қазақ музыкалық формалары мен олардың ерекшеліктері туралы ақпарат ұсына алады. ЖИ қазақ музыкалық мәдениетін талдау және түсіндіру үшін пайдалы құрал бола алады, соның ішінде шығармалардың музыкалық си- паттамаларын анықтау мен оларды туған өлке дәстүрлерімен байланыстыру. Музыкалық шығармалардың құрылымын түсіну мен үйренуге көмектесетін му- зыкалық қосымшаларды пайдалануға болады, мысалы: SoundCloud, Spotify не- месе YouTube — әртүрлі жанрлар мен стильдерді зерттеу үшін.

Музыка сабағында онлайн-ресурстарды пайдалану кезінде жеке деректердің қауіпсіздігі. Музыкалық білім беру үшін онлайн-ресурстар мен платформалар- ды (мысалы, виртуалды музыкалық аспаптар, цифрлық дыбыс жұмыс станцияла- ры, музыкалық қосымшалар) қолданған кезде білім алушылардың жеке дерек- терінің қорғалуына назар аудару маңызды.

Виртуалды коммуникациялардағы этикет пен қауіпсіздік. Музыка бойынша виртуалды сабақтар бейнеконференциялар, чаттар және өзара әрекеттесудің басқа түрлерін қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды: білім алушыларға онлайн-ортада өзін қалай ұстау керектігін, жеке шекараларды құрметтеуді, агрессиядан немесе басқа адамдардың жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізуден қалай аулақ болу керектігін түсіндіру.

 

Негізгі орта және жалпы орта білім

«Көркем еңбек» және «Графика және жобалау» пәндері

«Көркем еңбек» оқу пәні (5-9 сыныптар). Жалпы орта білім беру жүйесіндегі

«Көркем еңбек» оқу пәнінің ерекшелігі әр түрлі өнер түрлерін зерделеу, өнер құралдарымен идеяларды көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білім мен дағдыларды, материалдар мен заттарды түрлендіру және көркемдік өңдеу дағдыларын, сондай-ақ үй мәдениеті және технологияларды қолдану дағ- дыларын игеру болып табылады. Дәстүрлі әдістермен қатар, цифрлық техноло- гияларды қолдану өнер және дизайн саласында білім алушылардың дағдыла- рын дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады. 3D модельдеу негізінде интерьерді құру және редакциялау сияқты күрделі міндеттер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді және оларды инновациялық ойлау мен тех- нологиялық сауаттылыққа үйретеді.

3D модельдеу интерьер дизайны мен құрылысында маңызды құралға айналды. Бұл әдіс арқылы білім алушылар техникалық дағдыларды игеріп қана қоймай, эстетикалық талғаммен және инновациялық тәсілмен жұмыс істеуді үйренеді. Мысалы, білім алушылар эргономика мен жайлылық принциптерін ескере оты- рып, бөлмені безендіруге арналған эскиздер жасайды, мамандандырылған бағдарламаларды қолдана отырып, өз жобаларының 3D модельдерін жасайды.

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

33

 

 

 

Білім алушылар бірегей интерьер жасау үшін табиғат элементтері (өсімдіктер, табиғи материалдар) біріктірілген 2D/3D модельдерін жасай алады. Өсімдіктер, ағаш, тас сияқты табиғи элементтерді қолдана отырып жиһазды немесе декор- ды жобалау және тұрақты 3D модельдерін жасау сияқты заманауи технология- ларды енгізу.

«Көркем еңбек» пәнін оқытуда цифрлық технологияларды қолдану бойынша пе- дагогтерге арналған ұсынымдар (5-9 сыныптар):

  • Оқу процесіне 3D модельдеуге арналған бағдарламаларды (мысалы, Tinkercad, Fusion 360), графикалық редакторларды және виртуалды ма- стер-класстарды өткізуге арналған онлайн-платформаларды енгізу.
  • Көркем және техникалық еңбекті зерттеу үшін виртуалды зертханалар мен модельдеулерді қолдану.
  • Цифрлық технологияларды практикалық міндеттермен үйлестіру, мысалы, макет жасау, сурет салу, модельдеу процесінде. Бұл материалды тереңірек сіңіруге көмектеседі.
  • Цифрлық технологияларды білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу құралы ретінде пайдалану, оларды жобалар жасауға және инноваци- ялық өнімдерді әзірлеуге ынталандыру.
  • Білім алушыларды цифрлық құралдармен өз бетінше жұмыс істеуге ынталан- дыру, оларға жеке жобалар жасауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.
  • Жұмыстарды көрсету және талқылау үшін платформаларды енгізу, бұл білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу және сыни талдау дағдыларын да- мытуға ықпал етеді.

 

Бұл ұсыныстар мұғалімдерге оқу процесіне цифрлық технологияларды тиімді енгізуге, білім беру сапасын арттыруға және білім алушылардың болашақ кәсіби өміріне қажетті маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі.

«Көркем еңбек» пәні бойынша қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту үшін, әсіресе цифрлық технологиялар мен 3D модельдеуді пайдалану кезінде, білім алушылар үшін де, олардың жобалары үшін де қауіпсіздіктің бірнеше негіз- гі аспектілерін ескеру қажет. Сабақта қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту бойынша нұсқаулар:

  • сандық технологияларды пайдалану кезіндегі кибер қауіпсіздік негіздерін үйрету, яғни білім алушыларға 3D модельдеу бағдарламалық жасақтама- сымен және графикалық редакторлармен қауіпсіз жұмыс істеуге үйрету, со- ның ішінде антивирустық бағдарламаларды пайдалану және интернетте жұ- мыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау (мысалы, күдікті файлдарды жүктемеу немесе жеке деректерді рұқсатсыз пайдалану);
  • бағдарламалармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін үйрету, мәселен, Tinkercad және Fusion 360 сияқты бағдарламалық жасақтаманы қа- уіпсіз пайдалану бойынша сабақтар өткізіп, құралдармен дұрыс жұмыс істе- уді және компьютерлік жүйені зақымдауы немесе деректердің жоғалуына әкелуі мүмкін қателіктерден аулақ болуды түсіндіру;
  • құралдармен және материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік не- гіздерін үйрету, яғни физикалық құралдарды қауіпсіз пайдалануға үйрету,

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
34

 

 

 

оның ішінде материалдардың ықтимал қауіптерін түсіну, оқушыларға тиісті сақтық шараларын қолдана отырып (мысалы, респираторларды немесе жақ- сы желдетуді қолдану) бояулар, желімдер немесе химиялық заттар сияқты әртүрлі материалдармен қауіпсіз жұмыс істеуге үйрету;

  • деректермен жұмыс істеу және жұмысты сақтау кезіндегі қауіпсіздік ереже- лерін үйрету, оқушыларға нәтижелерді жоғалтпау үшін жобалармен жұмыс істеу барысында деректерді үнемі сақтау және резервтік көшірудің маңыз- дылығын түсіндіру.

 

«Көркем еңбек» пәнін оқытуға жасанды интеллект кіріктіру

  1. Шығармашылық жобаларда ЖИ қолдану, яғни идеялар мен тұжырымдама- ларды құру. ЖИ білім алушылар жобаларға арналған бірегей идеяларды табуға көмектеседі (мысалы, 3D модельдері үшін пішіндерді құру, түс схема- лары мен стильдерді таңдау). Болашақ бөлікті немесе интерьерді визуализа- циялау үшін кескін генераторларын (мысалы, ЖИ бар DALL-E немесе Canva) пайдалану.
  2. ЖИ қызметтерімен қауіпсіз өзара әрекеттесуді үйрену-жеке деректерді ен- гізбеу, дереккөзді тексеру, авторлық құқықты айналып өту үшін ЖИ қолдан- бау. ЖИ-ді этикалық қолдану негіздерін үйрету, яғни оқушылармен ЖИ қалай дұрыс пайдалану керектігін талқылау — басқалардың жұмысын тағайында- мау, қорлайтын немесе зиянды мазмұн жасау үшін жасанды интеллектті пай- даланбау.
  3. Сабақ барысында білім алушылардың жұмыс сапасына кері байланыс беру үшін ЖИ қолдану (мысалы, si талдауы).

 

«Графика және жобалау» пәнінің ерекшелігі – графикалық материалдарды, сызбаларды және дизайнды жасауға байланысты тақырыптардың кең ауқы- мын қамтиды. Бұл бағыттағы негізгі тақырыптардың бірі-3D модельдеу мүмкін- діктерін қолдана отырып сызбаларды жобалау. Бұл тақырып объектілердің үш өлшемді модельдерін жасау үшін заманауи технологиялар мен бағдарламалық жасақтаманы қолдануды қамтиды, бұл дизайн мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді және әртүрлі бөлшектер мен конструкцияларды визуализациялауды жеңілде- теді.

3D жобаларын тереңірек визуализациялау үшін білім алушыларды виртуалды және кеңейтілген шындық (VR және AR) сияқты инновациялық технологиялар- ды пайдалануға ынталандыру. Мысалы 10.3.4 .1 бағдарламалық жасақтама, 3D ба- сып шығару мүмкіндіктерін қолдана отырып сызба жасай білу: курсқа 3D басып шығару негіздерін қосыңыз және оны жасалған модельдерді көрсету үшін пай- даланыңыз. Бұл білім алушылармен олардың жобаларының физикалық нысан- дарға қалай айналатынын көруге мүмкіндік береді.

3D модельдеу бағдарламаларымен жұмыс істеу кезінде деректерді қорғау және жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін бірнеше қауіпсіздік шараларын сақтау қажет, ол вирустар мен зиянды бағдарламалардан қорғау. Вирустар немесе зи- янды бағдарламалар болуы мүмкін сенімсіз нұсқаларды жүктеп алмау үшін ли-

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

35

 

 

 

цензияланған бағдарламалық құралды пайдалану қажет. Сыртқы қауіптерден қорғауды қамтамасыз ету үшін 3D модельдеу үшін қолданылатын барлық ком- пьютерлерде антивирустық бағдарламаларды үнемі жаңартып отыру.

«Графика және жобалау» сабақтарына жасанды интеллект кіріктіру

Дизайнды автоматтандыруда, мысалы, CAD бағдарламаларындағы ЖИ: кейбір Cad жүйелері (мысалы, Autodesk Fusion 360) дизайнды оңтайландыру, жүктеме- лерді есептеу және материалдарды сәйкестендіру үшін ЖИ қолданады.

Генеративті дизайн үшін ЖИ білім алушыларға инженерлік ойлаудың балама тәсілдерін үйрететін берілген параметрлер негізінде дизайн нұсқаларын дер- бес жасай алады. ЖИ сызбалар мен 3D моделдеуде логикалық немесе симме- триялық қателерді таба алады, эргономиканы жақсартуды ұсынады. ЖИ бар бағдарламалар автоматты түрде өлшемдерді, белгілерді орната алады, техника- лық сипаттамаларды жасай алады.

Нақты объектілерді модельдеуде ЖИ фотосуреттерді/сканерлеуді талдай алады және олардың негізінде 3D моделін жасай алады, бұл нақты объектілерді жоба- лауды жеңілдетеді. Білім алушыларды ЖИ ақпаратын талдауға үйрету маңызды, яғни ЖИ-ге толық сенбей, оның ұсыныстарын қателіктер мен қайшылықтарға тексеруді дағдыландыру. Білім алушылар ЖИ — бұл олардың шығармашылық пен жауапкершілікті алмастыратын құрал еместігін түсінуі керек. Сонымен бірге, жұмыс нәтижелерін қалай сақтау керектігін үйрету маңызды, әсіресе бұлтты қы- зметтер мен ЖИ орталарын пайдалану кезінде.

 

 

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

«Дене шынықтыру» білім беру мазмұны физикалық қасиеттерді дамытуға, жал- пы дамыту жаттығуларын өз бетінше орындауға қызығушылықты арттыруға; салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға; дене шынықтырудың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерін қалыптастыруға, спорт, ұлттық спорт түрлері туралы өз бетінше ақпарат тауып, оны денсаулықты нығайтуға пайдалана білуге бағытталған.

Білім беру ұйымының қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарла- рын таңдау кезінде «Дене шынықтыру» пәніне вариативтік компонент есебінен 1 сағат міндетті түрде спорттық ойындарды өткізуге бөлінеді.

Дене шынықтырудың үшінші сағатында педагог оқу бағдарламасының мазмұ- нын өзгертпестен оқу процесінің заманауи әдістері мен педагогикалық техно- логияларын әзірлейді және енгізеді. Педагог бағдарламаны үшінші сағатқа жа- саған кезде МЖМБС және үлгілік оқу бағдарламасына сүйенуге міндетті. Дене шынықтырудың үшінші сағатын өткізу кезінде үлгілік оқу бағдарламасына ен- гізілген бірнеше спорттық ойындарды пайдалану ұсынылады. Спорттық ойын- дарға сағаттарды біркелкі бөлу жан-жақты дамуды, жеке қызығушылықты сақта-

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
36

 

 

 

уды және салауатты дене тәрбиесі принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді. Физикалық дайындықты бағалау кезінде максималды нәтиже де, нәтиженің өсуі де ескеріледі. Сонымен қатар жеке жетістіктер (яғни нәтижелердің өсуі) басым мәнге ие. Дене шынықтыру бойынша бағалау кезінде теориялық білім, қозға- лыс әрекетін орындау техникасы және дене шынықтыру-сауықтыру қызметін жүзеге асыру қабілеті ескеріледі. «Дене шынықтыру» пәні бойынша емтихан тапсыруға қойылатын талаптар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім акаде- миясының сайтында ұсынылған: https://uba.edu.kz/storage/app/media/Metod%20 usynymdama/2019/shynytyru-muzyka-korkem-ebek-ozin-ozi-tanu-ksipkerlik-zhne- biznes-negizderi-grafika-zhne-zhobalau-ou-pnderi-boyynsha-syna-talaptary.pdf.

Дене шынықтыру сабағын өткізуде педагогтің басты назары білім алушылардың техникалық дайындығына бағытталуы керек: 1-4 сыныптарда жалпы физикалық дайындық құралдары туралы ақпаратты қоса алғанда, негізгі қозғалыс дағдыла- рын игеруге және білім алушылардың физикалық дайындығын арттыруға назар аудару. 5-9 сыныптарда жалпы физикалық дайындық құралдары туралы ақпа- ратты қоса алғанда, білім алушылардың физикалық дайындығын арттыруға на- зар аудару. 10-11 сыныптарда білім алушылардың физикалық қасиеттері мен тех- никалық-тактикалық дайындығын жетілдіруге назар аудару.

«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде қауіпсіз жағдайлар жасау және қамтамасыз ету қажет.

Дене шынықтыру педагогтеріне білім беру ұйымдарында мектептен тыс спорт- тық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды, бұқаралық спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру бой- ынша әдістемелік ұсыныстарды пайдалану ұсынылады (https://www.nnpcfk.kz/ index.php/ru/metodicheskie-materialy), «Әдістемелік материалдар» бөлімі).

 

 

 

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

10-сыныпта білім алушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын да- мыту, сондай-ақ әскери іске қызығушылығын қалыптастыру мақсатында оқу жылының соңында ұл балалармен бес күндік оқу-далалық (лагерлік) жиындар өткізіледі. Олар әскери бөлімдердің базаларында (әскери бөлім командилер- мен келісу арқылы) немесе тиісті оқу-материалдық базасы бар білім беру ұй- ымдарында 30 сағат көлемінде ұйымдастырылады.

Оқу-далалық (лагерлік) жиындарға қойылатын талаптар ҚР Оқу-ағарту мини- стрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығына 127-қосымшада көрсетілген.

10-11 сыныптарда «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» (БӘТД) пәні бойынша сабақтарда қауіпсіздік техникасын сақтау шараларымен таныстыру қа- жет.

 

БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,

ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

37

 

 

 

Жалпы қауіпсіздік шаралары: Сабақ басталар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізіліп, арнайы журналға тіркеледі. Сабаққа бөгде заттар- ды (пышақтар, шырпы немесе оттықтар, үшкір заттар) әкелуге қатаң тыйым са- лынады. Білім алушылар мұғалімнің барлық бұйрықтары мен нұсқауларын дәл және өз бетінше әрекет етпей орындауға міндетті. Ғимарат ішінде және саптық алаңда тәртіп пен тәртіптілік сақтау қажет.

Оқу қаруымен (муляждармен) жұмыс істеу кезінде: Оқу қаруымен тек мұғалімнің рұқсатымен және қадағалауымен жұмыс істеу керек. Қаруды (тіпті оқу муляжін да) адамдарға бағыттауға болмайды. Мұғалімнің бұйырғынсыз қаруды бөлшек- теуге немесе өзгертуге тыйым салынады. Қару макеті болса да, оны пайдаланбас бұрын, бос екеніне көз жеткізу қажет.

Саптық және дене дайындығы кезінде: Киім мен аяқ киімнің ыңғайлылығы, тайғақ болмауы тексерілуі тиіс. Сабаққа тек спорттық немесе әскери киіммен, ауа райына сәйкес (ашық ауада) қатысу керек. Арақашықтықты сақтау, бір-бірін итермеу, күрт немесе рұқсат етілмеген қимылдар жасамау қажет. Денсаулығы нашарлаған жағдайда – бұл туралы дереу мұғалімге хабарлау керек.

Жергілікті жерде сабақ өткізу кезінде: Қиын жерлермен қозғалғанда жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Бейтаныс нысандарға, күмәнді заттарға жақындауға болмайды. Ашық су көздерінен су ішуге тыйым салынады. Ауа рай- ының жағдайына мән беру керек – қызып кетуге немесе тоңып қалуға жол беріл- мейді.

Төтенше жағдай кезінде әрекет ету: Мұғалімнің бұйрықтарын тез және сабы- рмен орындау қажет. Эвакуация жолдарын, жиналу орындарын білу керек. Алғашқы медициналық көмекті көрсете білу қажет.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

38       Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ           38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН ІШКІ БАҒАЛАУ

Ішкі бағалаудың негізінде критериалды бағалау жүйесі жатыр, оған жиынтық бағалау (ЖБ) және формативті бағалау (ФБ) кіреді.

Формативті бағалау. ФБ мақсаты – білім алушылардың оқу барысындағы іл- герілеуін ерте кезеңде бақылау арқылы оқыту әдістерін бейімдеу және білім беру процесінің тиімділігін арттыру.

Формативті бағалауды тиімді іске асыру үшін педагогке қажет:

  • әрбір сабақтың / оқу процесінің мақсатын жүйелі түрде түсіндіріп отыру, соның ішінде бағалау критерийлері мен жоғары сапалы жұмыстардың үл- гілерін нақты көрсету арқылы;
  • сыныптағы бағалау нәтижелерін жүйелі түрде талдап, оқыту әдістерін қайта қарау және түзету үшін пайдалану;
  • білім алушыларға оқуын тиімді жоспарлауына көмектесетін тұрақты, мазмұн- ды, нақты және жедел кері байланыс ұсыну;
  • білім алушыларды өзін-өзі және бірін-бірі бағалау дағдыларын дамыту мақ- сатында бағалау процесіне белсенді қатыстыру.

Жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау мақсаты – білім алушылардың оқу бағдар- ламасының бөлімдерін меңгеру және оқу тоқсанының соңындағы білім деңгей- ін анықтау.

ЖБ ұйымдастыру кезінде педагог келесі нормаларды басшылыққа алуы тиіс:

  • Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) түрін (бақылау жұмысы, практика- лық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығар- ма, тестілеу) және оның өткізу уақытын педагог өзі айқындайды;
  • Академиялық адалдықты сақтау – басты қағида: педагог бағалау тапсырмала- рын адал құрастыруы, ал білім алушылар оларды әділ орындауы қажет;
  • ЖБ тапсырмалары үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес және өткен оқу ма- териалы негізінде педагогтер тарапынан әзірленеді;
  • Тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырмалары жүргізілмес бұрын педагогтердің әдістемелік бірлестігінде қаралып, олар оқу мақсаттарына сәй- кестігі, көлемі, нұсқаулығы және орындалу уақыты бойынша талқыланады;

 

ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
39

 

 

 

  • БЖБ өткізу жиілігі: тоқсанда 3 реттен артық болмауы тиіс. Егер тоқсанда төрт немесе одан да көп бөлім/ортақ тақырып қарастырылса, оларды біріктіріп, БЖБ-ны екі кезеңде өткізуге жол беріледі;
  • ТЖБ өткізу жиілігі: бір күнде 3 реттен артық емес, пәндердің күрделілігі ескеріледі. ТЖБ оқу тоқсанының соңғы күні, сондай-ақ сол күні сол пән бой- ынша БЖБ өткізілген жағдайда ұйымдастырылмайды.
  • Бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету: жазбаша ТЖБ бойынша дау- лы жағдай туындаған кезде педагогикалық кеңестің шешімімен модерация тағайындалады. Модерация қорытынды бағалар қойылардан бір күн бұрын- нан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.
ФБ, БЖБ және ТЖБ бойынша балл қою кезінде мұғалімдер келесі аспектілерді ескереді:

Нәтижелерді тіркеу: Формативті бағалау (ФБ), бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) бойынша алынған балдар электронды журналға енгізіледі.

Тоқсандық бағаны қалыптастыру: ФБ нәтижелері – 25%, БЖБ нәтижелері – 25%, ТЖБ нәтижелері – 50% үлесте ескеріледі.

ФБ бойынша балдар: 2–11-сыныптарда ең жоғары балл – 10 балл (ФБ үшін балл әр сабақта қойылуы міндетті емес).

БЖБ бойынша балдар: 1–4-сыныптар – 7-ден 15 балға дейін; 5–11(12)-сыныптар – 7-ден 20 балға дейін.

ТЖБ бойынша балдар: Пәндер мен сыныптар ерекшеліктеріне байланысты тех- никалық сипаттамаларға сәйкес белгіленеді.

Бағалаудың объективтілігі: БЖБ және ТЖБ бойынша қорытынды балл қойған кез- де қателер, тапсырма шарттарының рәсімделуі немесе білім алушының тәртібі есепке алынбайды.

Балды бағаға ауыстыру шкаласы: 0%–39% – «2»; 40%–64% – «3»; 65%–84% – «4»; 85%–

100% – «5»

Жылдық баға (2–11(12)-сыныптар үшін): Тоқсандық бағалардың арифметикалық ортасы ретінде есептеледі және бүтін санға дөңгелектенеді. Жылдық баға қоры- тынды баға болып табылады.

Қазақ тілі пәні бойынша емтихан

2023–2024 оқу жылынан бастап 5–8 және 10-сынып білім алушылары оқу жылы- ның соңында қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырады. Емтихан аттестаттау жүр- гізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес өткізіледі және жазбаша мен ауызша бөлім- дерден тұрады.

Тапсырмалар академиялық адалдық талаптарын сақтай отырып, пән мұғалім- дері тарапынан құрастырылып, білім беру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі. Емтихан қазақ тілінде өткізіледі. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде емтихан оқу, жазу және сөйлеу нормаларын сақтау дағдыларын тексеруді қамтиды. Оқы-

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
40

 

 

 

ту тілі қазақ тілі емес мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емти- хан тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын бағалауға бағыт- талады.

Емтихан нәтижелері бес балдық шкала бойынша бағаланады, бұл ретте рубри- калар арқылы жұмыс деңгейлері сипатталады: жоғары деңгей – 5 балл, орта дең- гей – 3–4 балл, төмен деңгей – 1–2 балл. Қорытынды баға емтихан нәтижесінің 30% және жылдық бағалаудың 70% үлесі негізінде есептеледі. Қорытынды нәти- же ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектеледі.

 

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ САҚТАУ

Академиялық адалдық – сапалы білім берудің негізі болып табылады және білім беру процесінің барлық қатысушыларынан жауапкершілікке, этикалық норма- ларға негізделген мінез-құлықты талап етеді. Мектептерде академиялық адал- дықты тиімді дамыту үшін академиялық адал мінез-құлық талаптарын және оларды бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік шараларын айқындайтын мектепішілік ережелерді әзірлеп, енгізу маңызды.

Білім алушылар үшін білім беру процесіндегі академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары:

  • барлық оқу тапсырмаларын адал орындау және алдау, көшіріп жазу мен пла- гиатқа жол бермеу;
  • білім алушылар орындаған жұмыстардың шынайылығына сенім білдіру;
  • әділеттілік, жауапкершілік және батылдық тапсырмаларды адал орындау, іс-әрекеттің салдарын түсіну және заңбұзушылықтар туралы айтуға дайын болу.

Білім беру процесіндегі білім алушылардың этикалық нормаларына:

  • өзгенің интеллектуалдық еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарау, басқа білім алушылардың идеялары мен жұмыстарын иемденуге жол бермеу;
  • сыныптастарымен және педагогтермен өзара сенімге негізделген диалог құруда ашықтық пен шынайылық таныту;
  • көшіруге немесе өзгенің жауаптарын пайдалануға жол бермеу және тапсыр- маларды өз бетінше орындауға жауапкершілікпен қарау жатады.

Білім алушылардың академиялық адалдық қағидаттарын бұзу әрекеттеріне:

  • жиынтық бағалау мен емтихандар барысында көшіру, шпаргалка, түрлі көмекші материалдар немесе техникалық құралдарды пайдалану;

 

ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
41

 

 

 

  • авторды көрсетпей, өзгенің идеяларын, мәтіндерін немесе шығармаларын өзінікі ретінде ұсыну;
  • шындықты жасыру мақсатында эксперименттер, сауалнамалар, зерттеу- лердің нәтижелерін бұрмалау;
  • өз жұмыстарын басқа білім алушыларға беріп, олардың бұл жұмыстарды өз еңбегі ретінде көрсетуіне жағдай жасау жатады.

Білім беру ұйымында академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру үшін ұсынылады:

  • академиялық адалдық бойынша мектепішілік ережелерді әзірлеу және ен- гізу. Бұл ережелерге әділетсіз мінез-құлық түрлері, жасанды интеллектіні пайдалану ережелері және ереже бұзушылықтарға әрекет ету алгоритмдері кіруі тиіс. Құжат мектептің стратегиялық материалдарына (МДЖ, МБЖ және т.б.) енгізілуі қажет;
  • білім алушылармен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде ақпарат- тық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу (жадынамалар, ақпараттық буклеттер, ата-аналар жиналысы, постерлер, мессенджерлердегі хабарламалар және т.б. арқылы);
  • педагогтердің академиялық адалдық қағидаттарын сақтауы, бағалау рәсім- дерінің ашықтығы, сабақта сенім мен ашық диалог атмосферасын қалыпта- стыру, бұл білім алушыларда ішкі жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.
  • академиялық адалдық және этика мәселелері жөніндегі мектепішілік бір- лестіктерді (кеңестерді, комитеттерді) құру, олардың қызметі мектепте акаде- миялық адалдық қағидаларының іске асырылуын және сақталуын бақылауға, сондай-ақ бұзушылық жағдайларын қарастыруға бағытталуы тиіс.

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) – бұл оқу жетістік- терінің МЖМБС талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында білім беру ұйымда- рынан тәуелсіз түрде өткізілетін сыртқы мониторинг. Мақсаты – бастауыш және негізгі орта білім деңгейлерінде білім беру сапасын арттыру бойынша шешім- дер қабылдау үшін объективті деректер алу.

Өткізу мерзімі. ББЖМ 2026 жылдың сәуір айында еліміздің барлық өңірлерін- де бірыңғай форматта бекітілген кесте бойынша өткізу жоспарлануда. Өткізу мерзімдері туралы ақпарат бұйрықпен бекітіліп, білім беру ұйымдарына алдын ала жеткізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
42

 

 

 

Бағаланатын бағыттар. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы келе- сі үш бағыт бойынша бағаланады: оқу сауаттылығы; математикалық сауаттылық; жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.

Тест мазмұны мектеп бағдарламалары негізінде әзірленген және халықаралық зерттеулер талаптарын ескере отырып бейімделген.

Өткізу форматы. ББЖМ онлайн режимінде компьютерлік форматта өткізіледі. Білім алушылар тестілеуді мектептердің компьютерлік сыныптарында жеке ком- пьютерлерде интернетке қосыла отырып орындайды. Қағаз форматында те- стілеу өткізу көзделмеген.

Қатысушылар: 4 және 9-сынып білім алушылары.

Тестілеу барысында қатаң түрде тыйым салынады:
  • ұялы телефондарды, смарт құрылғыларды және басқа да электрондық гад- жеттерді пайдалану;
  • көмекші материалдарды (шпаргалкалар, формулалар, оқулықтар) алып кіру;
  • тест мазмұнын жариялау, көшіру, суретке түсіру және тапсырмаларды тарату;
  • ресми өкілеттігі жоқ бөгде адамдардың аудиторияда болуы.

Ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылады: қаты- сушыны аудиториядан шығару, нәтижелерін жою және акті жасау. Білім алушы- лар тестілеу барысында және одан кейін де тапсырмалар туралы ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратуға жол берілмейтіні туралы алдын ала хабардар етіледі.

ББЖМ нәтижелері тек диагностикалық сипатқа ие болып табылады, білім алушылардың аттестациясына және мектептердің рейтингіне әсер етпейді. Бұл нәтижелер білім беру жүйесінің жай-күйін талдау, проблемалық аймақтарды анықтау және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қолданылады. Әр мектепке өз білім алушыларының және жалпыұлттық мәліметтердің нәтижелері көрсетілген диагностикалық есеп ұсынылады.

Ескерту: ББЖМ қорытындыларын шығару кезінде аномальды жоғары нәтиже- лерді анықтау үшін деректерге кешенді талдау жүргізіледі. Академиялық адал- дықты бұзу күдігі туындаған жағдайда мұндай деректер қорытынды есептерден алынып тасталады. Қорытынды есепте тек объективті түрде алынған нәтижелер ескеріледі.

МОДО нәтижесінде анықталған оқушылардың типтік қиындықтары:

Оқу сауаттылығы бойынша 4 және 9-сынып білім алушылары арасында ортақ үрдіс байқалады: тапсырма күрделілігінің деңгейі артқан сайын оны орындау пайызы төмендейді. 4-сынып білім алушылары әртүрлі типтегі мәтіндерді тақы- рыбы, құрылымы мен тілдік құралдары бойынша салыстыруда қиындықтарға тап болады. 9-сынып білім алушылары үшін ең күрделі тұстар – стильдік және жан- рлық ерекшеліктерді талдау, авторлық ұстанымды түсіну, сондай-ақ көркемдік бейнелеу құралдарын (ирония, әсірелеу, астарлау және т.б.) қолдану.

 

ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
43

 

 

 

Математикалық сауаттылық бойынша бастауыш және негізгі орта білім дең- гейлерінде оқу бағдарламасының меңгерілуі күрделі бөлімдері арасында са- бақтастық байқалады. Атап айтқанда, еліміздің 4-сынып білім алушылары «Ма- тематикалық модельдеу», «Жиындар, логика элементтері» және «Геометрия элементтері» бөлімдерін оқуда айтарлықтай қиындықтарға тап болуда. Ал 9-сы- ныптарда соңғы үш жыл ішінде «Геометрия», «Математикалық модельдеу және талдау», сондай-ақ «Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімдерінің меңгерілу деңгейі жеткіліксіз болып отыр.

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 4 және 9-сынып білім алушы- лары жекелеген бөлімдерді меңгеруде қиындықтарға тап болуда. Бұл жағдай мазмұндық сабақтастықтың бар екенін көрсетеді. Бастауыш мектепте қиындық туғызатын тақырыптар негізгі орта білім деңгейінде жаратылыстану-математи- калық бағыттағы пәндерде (физика, химия, биология, география) жалғасын та- бады.

 

PISA Технологиялар қарқынды дамып, білім беруге қойылатын талаптар жаһан- дық деңгейде өзгеріп жатқан қазіргі жағдайда функционалдық сауаттылықты бағалау мазмұны мен құрылымы үнемі жаңартылып отырады. Осыған байла- нысты, PISA-2025 зерттеуінің шеңберін мұқият зерделеу ерекше маңызға ие. Аталған зерттеуде басым бағыт ретінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бел- гіленген, сонымен қатар шет тілдерін меңгеру, сандық құралдар мен тәжірибе- лерді қолдана отырып мәселе шешу дағдыларын бағалауға қосымша көңіл бөлі- неді. Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп жатқан кезеңде білім алушыларда бейімделгіштік, сыни ойлау, ақпаратты талдау және жедел өзгеретін ортада негізделген шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру ерекше маңызды.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

44       Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025–2026 оқу жылынан бастап бұл бағдарлама «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы (ҚР Оқу-ағарту министрі бұйрығы 26.05.2025ж. №123) (бұдан әрі – Бағдарлама) деп аталатын болады. Бағдарлама бұған дейін іске асырылған ба- стаманың толыққанды жалғасы болып табылады.

Бағдарлама мақсаты – «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдарына сай, па- триоттық рухта тәрбиеленген, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру. Жаңа оқу жылында негізгі 6 құндылық бойынша тәрбие бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады: тәуелсіздік және отаншылдық; бірлік және ынтымақ; әділдік және жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық және кәсіби біліктілік; жа- сампаздық және жаңашылдық.

Бағдарлама мазмұнына сәйкес ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

  • Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
  • Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
  • Қараша – әділдік және жауапкершілік айы;
  • Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
  • Қаңтар – заң және тәртіп айы;
  • Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
  • Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
  • Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
  • Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.

2024-2025 оқу жылының талдамалық анализінің қорытынды негізінде жаңа оқу жылында Бағдарлама аясында ұсынылған 6 әлеуметтік жобалары және алдын алу шаралары бойынша жұмыстарды күшейту ұсынылады.

Жүзеге асырылуға ұсынылған жобалар:
  • «Қамқор» – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
45

 

 

 

  • «Еңбегі адал – жас өрен» – білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қы- зығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «Шабыт» – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құн- дылықтарды дәріптеу.
  • «Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «Smart bala» – инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
  • «Балалар кітапханасы» – кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалып- тастыру.

Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие про- цесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:

күнделікті:

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыпта- стыру.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату.

апта сайын:

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық дана- лығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.

Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі: Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам; Буллингтен қорған! Ойынға салауатты көзқарас; Өмірге салауатты қадам; Қоғамдық мүлікті қорға!

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
46

 

 

 

Қауіпсіз қоғам.

 

2025-2026 оқу жылының салтанаты ашылуы

1 қыркүйек «Білім күні» өткізу бойынша ұсыным

«Білім күнін» өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес анықтайды және мектептің барлық қауымдастығының қатысуын қамтамасыз етеді. Білім күніне арналған сынып сағатының ұсынылып отырған тақырыбы: «Мектебім – мейірім мекені!». Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республика- сының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Жаңа оқу жылында педагогтер «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясындағы құндылықтарды дәріптеуге және жыл көлемінде білім алушылардың бойына дарытуға ерекше мән беруі қажет.

Салтанатты жиынға мектеп білім алушыларының ата-аналары/заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып білім алушылары- ның ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңы- зды екендігіне назар аудару қажет. Осы орайда педагогтерге:

  • Жазғы демалыстың қорытындысы және жаңа оқу жылынан күтілетін үміттер туралы ашық диалог құру;
  • Жаз бойы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқыған ең қызықты немесе әсерлі кітаптарын таныстырады, ұнаған кейіпкерлерді, маңызды оқиғаларды айтып, олардың өміріне қандай пайдасы болғанын сипаттайды.
  • Сынып сағаттарында заманауи технологияларды (интерактивті тақта, пре- зентация, бейнематериалдар, жасанды интеллект) пайдалану.
  • Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында әлеуметтік желілерде 2025-2026 оқу жылына арналған «Мектебім – мейірім мекені» республикалық интервью-челленджін өткізу ұсынылады.

Челленджтің форматы: Әр білім алушы (немесе ата-ана, сынып жетекшісі) 1-2 ми- нуттық бейнеролик түрінде қысқа интервью түсіреді:

  • 2-4-сынып білім алушылары: «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері»
  • 5-8-сынып білім алушылары: «Жаз – жаңа тәжірибе уақыты»
  • 9-11-сынып білім алушылары: «Арманым мен мақсатым»

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
47

 

 

 

Бейнероликтерді 1 қыркүйек күні 17.00 – 21.00 аралығында #Bilim_quni #Mektebim_meirim_mekeni хештегтерін пайдалану арқылы жұмыстарын жа- риялау ұсынылады.

2025-2026 оқу жылына арналған «Жеке қауіпсіздіқ сабақтары» Білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары нені үйретеді?

Жылдам өзгеретін әлемде балалар мен жасөспірімдер күнделікті және цифрлық қауіптерден психологиялық қысымға, кибербуллингке және төтенше жағдай- ларға дейінгі қауіптердің жаңа түрлеріне тап болады. Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жыл сайын балалардың үйде, көшеде, көлікте, суда және т.б. жарақаттануы мен өлімі туралы мәліметтердің өсуі тіркеледі.

Киберқорқыту, балалардың қауіпті флешмобтар мен деструктивті желілік топ- тарға (соның ішінде агрессияға және өзін-өзі өлтіруге шақыруларға) тартылуы және «жасырын тасымалдаушы» ретінде танылу жағдайларының артуы байқал- ды.

Негізгі себептері: еліміздің заңдарын, қарапайым қауіпсіздік ережелерін білмеу, практикалық дағдылардың болмауы, қауіпті бағалай алмау

Жеке қауіпсіздік сабақтарында «жасырын тасымалдаушы» болудан қалай ау- лақ болу керек, алғашқы медициналық көмек көрсету, интернетте қауіпсіз мі- нез-әрекет, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстаудың нақты стратегиялары, білім алушылардың дұрыс мінез-әрекеті тәжірибесін дамыту, салауатты әдеттерді қа- лыптастыру сияқты маңызды тақырыптармен қамтылған.

Сондай-ақ, қоғамда қауіпсіз мінез-құлық дағдылары, әлеуметтік желілердегі қа- рым-қатынас мәдениеті, салауатты өмір салты, балалар мен жасөспірімдер ара- сындағы жағымды, салауатты ортаны қалыптастыру тақырыптары. Өзінің және басқалардың өмірін сақтап қалуға көмектесетін және зиянды әрекеттерден ал- дын ала қорғайтын практикалық дағдыларды меңгеру туралы да тақырыптар.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда жеке қауіпсіздік – өмірде қауіпсіз мінез-әрекет мәдениетін тәрбиелеу, салауатты әдеттерді, дұрыс мінез-әрекеті тәжірибесін қа- лыптастыру, жауапкершілікті дамыту.

Жеке қауіпсіздік сабағының мақсаты:
  • өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-әрекеттің автоматты дағдыларын қалып- тастыру;
  • салауатты әдет ретінде қауіпсіздік мәдениетін дамыту;
  • балаларды қауіптерді тануға, көмек сұрауға және шешім қабылдауға үйрету;
  • мектепте және мектептен тыс зорлық-зомбылық, қорқыту және қайғылы оқиғаларын азайту.

Ғылыми-практикалық негізі. Педагогика және психология саласындағы зерт- теулер балаларға жеке қауіпсіздік негіздерін жүйелі оқыту мыналарға ықпал ететінін растайды:

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
48

 

 

 

  • білім алушылардың мазасыздану мен күйзеліс деңгейін төмендету;
  • қауіпсіз және салауатты ортаны құру;
  • эмоционалдық интеллект пен қолдау іздеу қабілетін дамыту.

Нормативтік құқықтық база: Қазақстан Республикасында балаларды зор- лық-зомбылықтан қорғаудың, суицидтің алдын алудың және олардың құқықта- ры мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы N748 қаулысымен бекітілген);

Білім беру ұйымының тәрбие жұмысының жоспары. Жеке қауіпсіздік сабағын ұйымдастыру ережесі:

Мектепке дейінгі ұйымдар

  1. Сабақтарды үйлестіруге жауапты мұғалімдерді/тәрбиешілерді тағайындаңыз.
  2. Аптасына кемінде 1 сабақ өткізілуін қамтамасыз етіңіз.
  3. Интерактивті, көрнекі және ойын әдістерін қолданыңыз.
  4. Дағдылардың дамуын бақылау: салыстырма қадағалау, әңгімелесу.

Жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру меке- мелері үшін

  1. Сынып сағаттарында апта сайын 10 минуттық сабақ өткізу.
  2. Бақылау парақтарын, сауалнамалар мен бақылауларды, жарыс- сайыстарды пайдалана отырып, дағдылардың дамуын бақылау.
  3. Қауіпсіздік сабақтарына ата-аналарды тарту және ақпараттандыру.
  4. Пікірталас тудырыңыз, дайын жауаптарды білім алушыларға жүктемеңіз.
  5. Жасөспірімдер түсіне алатын шынайы оқиғаларды пайдаланыңыз.
  6. Қарапайым қадамдар түрінде мінез-әрекет алгоритмдерін ұсыныңыз.
  7. Сабаққа төтенше жағдайлар, полиция, денсаулық сақтау және т.б. өкілдерін шақырыңыз.
Қауіпсіздік техникасын оқытудың жас ерекшеліктері мен тәсілдері

Мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас). Мақсаты: эмоциялар, рөлдік ойын- дар және визуализация арқылы «қауіпсіз – қауіпті» туралы негізгі түсінікті қалып- тастыру.

Әдістемелік тәсілдер:

  • қарапайым ережелер («Алма – ашпа – барма»);
  • қауіпсіздік туралы қуыршақ театрлары мен ертегілер;
  • ойыншықтармен және кейіпкерлермен әңгімелесу;
  • эмоциялар арқылы үйрену: «ыңғайсыз», «қорқынышты», «жоқ» — нұсқаулық ретінде.

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
49

 

 

 

1–4 сыныптар (7–10 жас). Негізгі мақсат: өзін-өзі қорғаудың, қауіпті тану және көмек сұрау негізгі дағдыларын дамыту.

Әдістемелік тәсілдер:

  • Суреттер немесе қадамдар түріндегі алгоритмдер (мысалы, «Көмекке шақы- рудың 5 қадамы»);
  • «Не істеу керек, егер…» көріністері мен жаттығулары, рифмалары;
  • «Қауіпті және қауіпсіз жағдайлар» суретін салу;

5-9 сыныптар (11-15 жас). Мақсаты: жағдайларды талдаудың тұрақты дағдысын, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау және әрекет ету қабілетін дамы- ту.

Әдістемелік тәсілдер:

  • нақты жағдайлармен және жаңалықтармен тәжірибелік жұмыс;
  • интерактивті сабақ, жағдайды талдау, шағын топтарда жұмыс, бейне мазмұ- нын көру және талқылау, ситуациялық тапсырмалар.
  • рөлдік ойындар, жарыстар/викториналар;
  • цифрлық тәуекелдерді, кибербуллингті, келеңсіз қатынастарды талқылау;
  • бейне форматтары, сандық квесттер, бейнелер.

10-11 сынып (16-17 жас). Мақсаты: рефлексияны дамыту, тәуекелдерді бағалау, тәу- екелдерді/қауіптерді бағалау қабілеті, тәуекел, қауіптер мен беймәлім жағдайла- рындағы жауапты мінез-әрекет – нақты және цифрлық ортада.

Әдістемелік тәсілдер:

  • қысым астындағы ойсыз әрекеттердің салдарын, айла-шарғы жасаудың, қы- сым көрсетудің немесе қауіпті әрекеттерге қатысудың нақты жағдайларын талқылау (мысалы: «жасырын тасымалдауға» қатысу, «достық» бопсалау, «ке- леңсіз оқиғаға шақыру», қорқыту);
  • YouTube немесе TikTokта оқиғаларды талдау: «Бұл жерде қауіп қайда?»
  • Сандық визуализациясы бар интерактивті тапсырмалар;
  • Дағдарыс жағдайындағы мінез-әрекетті модельдеу;
  • Алғашқы, жедел көмек көрсету қызметтері және т.б.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
50

 

 

 

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы әлеуметтік жобалары арқылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын енгізу

Мақсаты: Елдің бірегейлігін нығайта алатын, ұлттық құндылықтарға негізделген әділетті қоғамды құруға қабілетті, білімді, адал және парасатты ұрпақты тәрбие- леу.

Жобалар: «Балалар және театр», «Жасыл клубтар», «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Ба- лалар-жастар қозғалысы»

Шабыт жобасы аясында «Балалар және театр» ағартушылық жобасы. Жоба- ның мақсаты: Өскелең ұрпақты театр өнерінің әлеміне тарту

«Шабыт» жобасының аясында «Балалар және театр» ағартушылық жобасы ая- сында мектеп білім алушылары театр үйірмелері мен студияларына қатысып, театрларға барады. Бұл жоба жас ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыпта- стырудың, тұлғаны әлеуметтендірудің, көркемдік талғамын дамытудың құралы бола алады. Сонымен қатар, бұл – эстетикалық тұрғыдан дамыған, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеудің, балаларды қоғамдағы ережелер мен нормаларға бейім- деудің тиімді тетігі.

«Қамқор» жобасының аясында «Жасыл клубтар» республикалық жобасы. Жо- баның мақсаты: Мектеп білім алушыларының табиғатқа деген құндылық қаты- насын қалыптастыру, экологиялық білім деңгейін арттыру, өскелең ұрпақтың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу. Мектептегі экологиялық «Жа- сыл клуб» – қоршаған ортаны қорғауға, энергия мен ресурстарды үнемдеуге бағытталған ғылыми жобаларға, экология саласындағы StartUP пен бизнес жо- баларға қызығушылық танытатын білім алушылардың ерікті бірлестігі.

«Еңбегі адам – жас өрен» жобасы аясында «Балалар-жасөспірімдер қозғалы- сы» жобасы («Жас ұлан», «Жас қыран»). Мақсаты: Балаларды әлеуметтендіру және өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті, іске деген жауапты көзқарасты қалыптастыру – бұл жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асырылады.

Балалар-жастар қозғалысын жандандыру, балаларды әлеуметтендіру және өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті, іске адал- дықты тәрбиелеу. Бұл мақсат жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар не- гізінде жүзеге асырылады. «Жас ұлан» мен «Жас қыран» ұйымдары арқылы ба- лалар мен жасөспірімдер қоғамдық өмірге белсенді араласады, отансүйгіштік рухта тәрбиеленеді, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерді меңгереді.

«Балалар-жастар қозғалысы» балалардың шығармашылық қабілеттерін да- мытуға, кәсіби бағдар беруге, сондай-ақ олардың әлеуметтік маңызды жоба- ларға қатысуына бағытталған. Бұл жоба балаларды қоғамдық өмірге тартуға, оң тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді, олардың мүдделері мен құқықтарын біл- діру мен қорғау құралы болып қызмет етеді. Негізгі іс-шаралар:

  • Республикалық балалар-жастар қозғалысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы (қазан)

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
51

 

 

 

  • Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» (қазан)
  • Мектеп/оқушылар парламенті президенттерін сайлау (қазан)
  • «Іс-әрекет уақыты» Республикалық білім алушылар өзін-өзі басқару көшбас- шыларының балалар құрылтайы (қараша)
  • «Үздік балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық байқауы (желтоқсан)
Ата-аналарды қолдау орталықтары 2.0 бағдарламасы 2025–2026 оқу жылында жалғасады

Ата-аналарды тәрбиелеудің жағымды құзыреттіліктерінің мәнімен, принцип- терімен, әдістерімен таныстыру және меңгеруге ынталандыру. Сабақтардың мазмұны балалардың физикалық, когнитивтік, эмоционалдық және әлеуметтік салауатын қамтамасыз етуге ата-аналардың құзыреттілігін дамытуға арнала- ды.

1.           Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін ұйымда- стыру ғылыми тұжырымдамасы:

Ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру: ата-аналарды балалар мен жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктерін білуге бағыт- талған педагогика және жас ерекшелік психологиясының негіздеріне үйрету.

Психологиялық қолдау және кеңес беру: ата-аналарға балалармен және жасөспірімдермен қарым-қатынаста туындаған қиындықтардың алдын алу және оларды шешу мақсатында кеңес беру қызметтерін ұсыну.

Қақтығыстардың және девиантты мінез-құлықтың алдын алу: жасөспірімдер арасында девиантты және деструктивті мінез-құлықтың, сондай-ақ отбасындағы қақтығыстардың алдын алу әдістері мен бағдарламаларын енгізу.

Эмоционалды құзыреттілік пен ата-ана рефлексиясын дамыту: ата-аналардың өз сезімдерін түсіну және балалардың эмоционалды жағдайын дұрыс интер- претациялау мен басқаруға қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін эмоционалды құзыреттілікті дамыту.

2.           Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсетудің міндеттері:
  • Балалардың салауаттығын қамтамасыз ету үшін ЖАҚСЫ АТА-АНА МӘДЕНИ- ЕТІН дамыту, олардың психологиялы-педагогикалық және әлеуметтік құзы- реттерін дамыту үшін жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
  • Орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;
  • Балаларды тәрбиелеу мен дамытуға ата-аналардың жауапкершілігін артты- ру.
3.           Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін ұйымда- стырудың ерекшеліктері:

Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары орталықтың қызметін ұйымдасты- руды жүзеге асырады: жоспарлау, кесте құру, бақылау.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
52

 

 

 

Ата-аналарға педагогикалық қолдауды сынып жетекшілері, педагог-психолог- тар, әлеуметтік педагогтер, қосымша білім беру педагогтері жүзеге асырады.

Ата-аналардың сұранысын ескере отырып, ұсынылатын бағдарламаның 30% дейінгі көлемде сабақтардың тақырыптарын өздігімен анықтауға болады.

Қосымша ата-аналар арасынан аға буынының белсенді өкілдерін тарта отырып,

«Даналық мектебі» клубын ұйымдастыру ұсынылады.

4.           Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсетудің әдістері мен тәсілдері
  1. Диагностика және кеңес беру: ата-аналар мен олардың балаларының қа- жеттіліктерін тұрақты түрде диагностикалау, сондай-ақ психологтар мен пе- дагогтармен жеке және топтық кеңестер ұйымдастыру.
  2. Оқыту тренингтері мен семинарлары: ата-аналар үшін жас ерекшелік дағда- рыстары, балалардың қорқыныштары, қақтығыстық мінез-құлық және ба- лалармен позитивті қарым-қатынас орнату жолдары тақырыптарына оқыту іс-шараларын ұйымдастыру.
  3. Интерактивті өзара әрекеттесу нысандары: ата-аналардың балалармен өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру үшін отбасылық кеңес беру әді- стерді, рөлдік ойындарды, кейс-әдістерді және жағдайлық тапсырмаларды қолдану.
  4. Қолдау және сүйемелдеу бағдарламалары: қиын балалар мен жасөспірім- дері бар ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларын әзірлеу.
  5. Саналы ата-ана тәжірибелері: рефлексия және эмпатия дағдыларын дамы- ту үшін саналы болу мен түсінуді қамтитын ата-ана тәжірибелері мен техни- каларын енгізу.
5.           Күтілетін нәтижелері
  1. Отбасылық құндылықтар жүйесінің ата-ана мен бала қарым-қатынасындағы және жақсы ата-аналық арқылы біртұтастай қалыптасуы.Отбасындағы пси- хоэмоционалды жағдайдың жақсаруы және қақтығыстық жағдайлардың дең- гейінің, жасөспірімдерде агрессивті және девиантты мінез-әректтің төмен- деуі.
  2. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге саналы, жақсы көзқарастың артуы,
  3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары балалар мен жасөспірім- дерді тәрбиелеу және үйлесімді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға маңы- зды құралға айналуы.

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

53

 

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Еңбек нарығында өз орнын табатын мамандарды сапалы даярлау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл шешім білім беру жүйесін жаңғыртуға және мамандарды даярлау сапасын арттыруға жаңа серпін береді. Үкімет бекіткен Жұмыс мамандықтары жылына арналған жоспардың 7 бағытының бірі мансаптық басшылықты дамытуға ар- налған.

Мектепте кәсіби бағдар беру және әдістемелік жұмыстарды педагог-кәсіби бағдар беруші жүргізеді.

Педагог-кәсіби бағдар беруші жұмысының негізгі мақсаты: білім алушылар- дың өз мүддесін, бейімділігін, күшті және әлсіз жақтарын түсінуіне көмектесу; кәсіптер әлемімен және еңбек нарығының талаптарымен таныстыру; оларға ма- мандық пен оқу бағытын таңдауға бағыт беру.

Педагог-кәсіби бағдар берушінің негізгі функциялары: диагностика, консал- тинг, ақпараттық жұмыс, таңдау қателерінің алдын алу, ынтымақтастық.

Педагог- кәсіби бағдар берушінің лауазымдық міндеттері:
  • білім алушылардың кәсіпті саналы таңдауына бағытталған іс-шараларды жү- зеге асырады.
  • білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, олардың ата-аналарына, педагог қыз- меткерлерге кәсіп таңдау туралы шешім қабылдауда көмек көрсету.
  • қызығушылықтарды анықтау үшін диагностика жүргізу, кәсіби бағдарлауды диагностикалауды талдау.
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларға, тәрбиеле- нушілерге психологиялық қолдау көрсету, олардың дамуына жәрдемдесу.
  • кәсіпорындарда экскурсиялар өткізу, әр түрлі мамандықтағы қызықты адамдармен кездесулер (әңгімелер) ұйымдастыру.
  • кәсіби құзыреттілікті арттыру, заманауи әдістер мен технологияларды қолда- ну.
  • құжаттаманы белгіленген нысанда жүргізу.
  • балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтау.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
54

 

 

 

Білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысын сыныптар бойынша ұйымдастыру.

Бастауыш кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс. Дайындық кезеңі. Кәсіби бағдар берудің алғы шарттары (1-4-сыныптар). Мақсаты: білім алушыларда мамандық таңдаудың моральдық, идеологиялық негіздерін, еңбекке деген әлеуметтік мәні бар кез келген кәсіпке бастапқы қызығушылықты қалыптастыру. Міндеттері: білім алушылардың тәрбиелік, қоғамдық пайдалы жұмысқа деген қажеттіліктерін да- мыту, оларды кәсіптер әлемімен одан әрі таныстыру, олардың қол жетімді кейбір жұмыс түрлерін меңгеруіне қол жеткізу, оларға қызығушылықты қалыптастыру.

Бастауыш мектеп бітірушінің құзыреттері: қоғамдағы кәсіптердің сан алуан- дығы мен маңызын түсіну; кәсіпті саналы түрде таңдаудың моральдық-идеялық негіздерін қалыптастыру; әлеуметтік маңызы бар кәсіптер туралы хабардар болу; әр түрлі кәсіптерге бастапқы қызығушылық және олар туралы көбірек білуге ұмтылу; тәрбиелік және қоғамдық пайдалы жұмысқа деген қажеттілікті дамыту; түрлі кәсіптер бойынша жұмыстың кейбір қол жетімді түрлерін игеру; еңбек- ке және оның нәтижелеріне оң көзқарасты қалыптастыру; өз еңбегінің маңыз- дылығын көре білу және басқа адамдардың еңбегін құрметтеу қабілетін дамыту.

Мұғалімдерге ұсынымдар. Ата-аналармен жұмыстың негізгі нысандары: Ата-аналар жиналысы: «Баланы кәсіби өзін-өзі билеудегі отбасының рөлі» тақы- рыбындағы әңгіме; «Жұмысқа деген жағымды көзқарасты қалай қалыптастыруға болады?» дөңгелек үстелі; «Ата-аналарды кәсіби бағдарлаудағы қолдау» тақы- рыбындағы кездесулер. Ата-аналарға арналған тренингтер мен семинарлар: баланың кәсіби мүдделерін анықтау бойынша практикалық ұсынымдар; кәсіби бағдар берудің ерте әдістері бойынша ақпараттық дәрістер мен семинарлар. Ата-аналардың қатысуымен ашық сабақтар мен сынып сағаттары: — «Ата- анамның кәсібі» тақырыбында интерактивті сабақтар; кәсіби шеберлік сынып- тарын өткізу, ата-аналар арасында өз мамандығы туралы әңгімелесу. Жеке кон- сультациялар: бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-кәсіби бағдар беруші

/мектеп психологы мұғалімінің ата-аналармен баланың кәсіби бағдарының деңгейі туралы пікірлері; баланың кәсiби мүдделерi мен бейiмдiлiгiн дамыту жөнiнде консультациялар өткiзу. Отбасылық жобалар мен шығармашылық жұмыстар: отбасылық альбом жасау немесе «Менің отбасымдағы кәсіптер» тақырыбында тұсаукесер; «Менің ата-анам не істейді?» бірлескен ғылыми-зерт- теу жобаларын әзірлеу және іске асыру. Экскурсиялар мен кездесулер: ата-а- налары жұмыс істейтін кәсіпорындарға немесе ұйымдарға экскурсия ұйымда- стыру; белгілі бір кәсіп мамандарымен кездесу, ата-аналардың кәсіби ортамен танысуы. Әлеуметтік сауалнамалар мен диагностика: «Баламды қалай көремін?» деген тақырыпта ата-анадан сұрақ қою; баланың кәсіби мүдделерін зерттеуге бағытталған психодиагностикалық әдістерді қолдану. Ақпараттық-түсіндіру жұ- мыстары: мектеп қабырғасында «Ата-аналар кәсіптері» тақырыбында стендтер, көрмелер ұйымдастыру; Отбасылық еңбек дәстүрлерін насихаттау; ата-аналары мен балаларының қатысуымен «Отбасылық шеберхана» ұйымдастыру (аспаз- дық, қолөнер, шеберлік сыныптары); үйде жұмыс істеуге қатысу, еңбек дағдыла- рын дамыту жөнінде пікір алмасу.

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
55

 

 

 

Орта мектепте кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс. Кәсіби таңдау тақырыбын нақтылау (5-7-сыныптар). Мақсаты: білім алушылардың кәсіптік бағдарын қа- лыптастыру, яғни қоғамға қажетті кәсіптерді, көп кәсіптерді таңдау мүмкіндігін қалыптастыру. Міндеттері: білім алушыларды қазіргі уақытта өз өңірлеріне қа- жетті кәсіптермен мақсатты түрде таныстыру, жаппай жұмысшы мамандықтары бойынша білімдерін тереңдету, оларға қызығушылықты дамыту, практикалық еңбек дағдыларын жетілдіру.

Білім алушылардың құзыреттері (5-7-сыныптар): қоғамның қажеттіліктерін не- гізге ала отырып, кәсіби таңдауға қызығушылық қалыптастыру; өңірде сұранысқа ие кәсіптерді білу және олардың қоғам үшін маңызын түсіну; жұмысшы кәсіп- терімен терең танысу, олардың экономикадағы рөлін түсіну; жұмысшы кәсіп- теріне тұрақты қызығушылықты дамыту және оларды игеруге ұмтылу; практика- лық еңбек дағдыларын жетілдіру; алған білімдері мен дағдыларын түрлі кәсіби салалар контекстінде қолдана білу; әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыра- тын мамандық таңдауға кәсіби бағдар мен уәждемені дамыту.

Мұғалімдерге ұсынымдар. Кәсіби бағдар берудің проблемалары бойынша негiзгi буын үшiн педагог- кәсіби бағдар беруші жұмысының мазмұны мына- дай бағыттарды қамтуы тиiс: «Дұрыс мамандық таңдау деген нені білдіреді?»,

«Өзіңізді болашақ кәсіби қызметке қалай дайындау керек?», «Білім деңгейі және мамандық таңдау», «Нарық жағдайында кәсіп таңдау» және т.б. тақырыптар бой- ынша әңгімелесу. Әртүрлi кәсiп өкiлдерiмен, өндiрiстiк, өнеркәсiптiк кәсiпорын- дарға, акционерлiк қоғамдарға, фирмаларға және кәсiби бiлiм беру ұйымдары- на экскурсиялар өткiзу. Білім алушылардың «Кәсіп туралы көбірек білетіндер» конкурсына қатысуы, кәсіптер туралы эссе жазу және қорғау, «Кәсіптерді қорғау» ұжымдық шығармашылық жұмыстары. Әрбiр білім алушының бейiмдiлiгiн да- мытуға ықпал ететiн салаға енгiзу: шеңберлiк және қосымша сабақтар, қоғам- дық iс-шаралар. Болашақ мамандықты таңдауға күш-қуат сынағы ретінде мектеп оқушысының қоғамдық пайдалы жұмысын ұйымдастыру. Білім алушылардың оқу қызығушылығын зерттеу. Кітапханамен бірге жеке оқу жоспарларын жа- сау, кәсіби бағдар мәні бар кітаптарды талқылау. Әрбiр бiлiм алушы үшiн кәсiптi таңдау жөнiндегi өзiнiң шығармалары, өзi толтырған мүдделерi мен бейiмдiлi- гiн анықтайтын сауалнамалар, «Кәсiби консультациялар парағы» бар портфель- дi тiркеу. Оқу бейінін таңдауда көмек көрсету. Білім алушылар еңбек бірлестік- терінің жұмысына қатысу. Ата-аналар жиналысында «Дұрыс мамандық таңдау дегеніміз не?», «Мектеп білім алушыларын мамандық таңдауға дайындаудағы отбасының рөлі» тақырыптары бойынша әңгімелесу.

Іздеу және анықтау (8-9-сыныптар). Мақсаты: білім алушылардың кәсіби өзін- өзі сезінуін қалыптастыру, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді өздерінің идеалда- рымен, құндылықтар туралы идеяларымен олардың нақты мүмкіндіктерімен сәй- кестендіре білу. Міндеттері: білім алушыларды мамандық таңдау негіздерімен таныстыру (кәсіпті дұрыс таңдау үшін қажетті білім, білім алушыларды таңдаған жұмыс саласының талаптарымен олардың жеке ерекшеліктерімен сәйкестікке қабілеттілікпен жарақтандыру), белгілі бір экономикалық өңірдің қажеттіліктері- не сәйкес таңдалған жұмыс саласын игеру үшін қажетті кәсіби маңызды қасиет- терді дамыту, білім алушылардың таңдап алған еңбек саласы бойынша өз қаси-

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
56

 

 

 

еттеріне барабар өзін-өзі бағалауын қалыптастыру.

Білім алушының құзыреттері (8-9-сыныптар): әлеуметтік қажеттіліктерді құн- дылықтар туралы жеке идеалдармен және идеялармен сәйкестендіре білу; кәсіпті дұрыс таңдау үшін қажетті білім мен дағдыларды түсіну; олардың жеке сипаттамаларын таңдалған жұмыс саласының талаптарымен сәйкестендіре білу; таңдалған еңбек саласын табысты дамыту үшін қажетті қасиеттердің болуы; таңдалған кәсіби сала контексінде өз мүмкіндіктерін объективті бағалай білу; өңірге қатысы бар кәсіптерді және олардың маңыздылығын білу; әлеуметтік қа- жеттіліктерге де, жеке қабілеттер мен мүдделерге де жауап беретін мамандықты саналы түрде таңдауға дайын болу.

Мұғалімдерге ұсынымдар. 8-9-сыныптардағы педагог-кәсіби бағдар беруші жұ- мысының мазмұны келесі бағыттарды қамтуы тиіс: өңірлердің ерекшелігін еске- ре отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарын жасау; кәсіби кеңес беру.; білім алушының портфелін толтыру; оқудың одан әрі бағытын анықта; кәсі- би бағдар беру сабақтарын ұйымдастыру; кәсіби әңгімелесуді ұйымдастыру; диагностикалық тестілеу; облыс экономикасының түрлі салаларындағы маман- дармен кездесулер ұйымдастыру; кәсіби бағдар беру экскурсияларын ұйымда- стыру және өткізу; мектептен тыс кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдасты- ру және өткізу; кәсіби сынақтарды ұйымдастыру; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру; ата-аналармен кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізу.

Орта мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы. Таңдауды нақтылау (10-11-сынып- тар). Мақсаты: білім алушылардың әлеуметтік және кәсіби мәртебесін нақтылау. Міндеттері: болашақ түлектердің кәсіби өзін-өзі анықтауы, кәсіби қызмет субъ- ектісі ретіндегі көзқарасын қалыптастыру, яғни оларды белгілі бір мамандық бойынша кәсіби білімдерімен және дағдыларымен, өндірістік ұжымға бейімде- лу тәсілдерімен, оның нормаларымен және құндылықтарымен жарақтандыру.

Жоғары сынып (10-11 сыныптар) бітірушінің құзыреттері: кәсіп таңдау және ман- сап құру процесінде өз рөлі мен жауапкершілігін түсіну; таңдалған кәсіби өріс және олардың болашақтағы орны туралы нақты түсінік; таңдаған кәсібін терең білу және оған қажетті практикалық дағдыларды меңгеру; кәсіби ортадағы өза- ра әрекеттесудің нормаларын, құндылықтары мен ерекшеліктерін түсіну; таңдап алынған салада өз-өзіне деген сенім мен кәсіби қызметті бастауға әзірлік; өз кәсіби қызметін тиімді жоспарлап, өз бетінше шешім қабылдай білу; таңдалған салада үздіксіз кәсіби даму мен оқытудың маңыздылығын түсіну.

Мұғалімдерге ұсынымдар. 10-11 сынып білім алушыларымен кәсіби бағдар беру мынадай бағыттары ұсынылады: кәсіби бағдар берудің дараланған бағдар- ламаларын әзірлеу; экскурсиялар, кәсіпорындар, ұйымдар, оқу орындары өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру және өткізу; жеке ерекшеліктерін диа- гностикалау; білім алушылар мен олардың ата-аналарының өтініші бойынша тереңдетіп жеке психодиагностика; диагностика нәтижелері бойынша, білім алушылардың өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша топтық және жеке кон- сультациялар; тереңдетiлетiн диагностиканың нәтижелерi бойынша консульта-

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
57

 

циялар; білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбие қызметінің ерекшеліктерін зерделеу бойынша жеке консультациялар; білім алушылар мен олардың ата-аналарынан тақырыптық сұрақ қою; жасөспiрiмдердiң әртүрлi өмiрлiк құндылықтарын зерттеу; кәсіптік білім беру ұйымдарын таңдау курста- рын ұйымдастыру; түлектер мен олардың ата-аналарына кәсіби ілгерілеу мен даму мәселелері бойынша дәрістер курсы, сондай-ақ нарықтағы сұранысқа сай бірқатар мамандықтар бойынша дәрістер курсы; іскерлік ойындар өткізу; кәсіби тестілерді ұйымдастыру.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

58       Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

 

Инклюзивті білім берудің тиімділігінің басты критерийі барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды табысты әлеуметтендіру, оларды мәдениетке баулу, қоғаммен өзара әрекеттесу және қатысу тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

2025 жылғы 29 сәуірде «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогика- лық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің № 92 бұйрығы бекітілді. Оған сәйкес 2025-2026 оқу жылында білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және дамыту үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (бұдан әрі – ППҚҚ) та- лаптары ұсынылған.

 

Білім беру ұйымының басшысы бекітетін ППҚҚ құрамына басшының орынба- сарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, арнайы педагогтер, педа- гог-ассистенттер, педагог-кәсіби бағдар берушілер кіреді.

 

Сыныптағы қолдау – пайда болатын қажеттіліктерге ең көп таралған және әдет- те бірінші жауап. Ол сыныптағы басқа балаларға қолданылатын тәсілдерді то- лықтыратын немесе одан ерекшеленетін оқыту тәсілдерін қажет ететін ерекше немесе жеке білім беруді қажет ететін білім алушыларға бағытталған.

 

Мектептегі қолдау. Кейбір жағдайларда сыныптағы қолдау деңгейіндегі іс-ша- ралар білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін толық қанағаттан- дыру үшін жеткіліксіз болады. Сондықтан сынып жетекшісі келесі кезеңге өтіп, ППҚҚ мамандарын қиындықтарды шешуге тартады. Бұл процесс ақпаратты жүйелі түрде жинауды, мектепті қолдау жоспарын немесе білім алушыларды оқытудың жеке бағдарламаларын әзірлеуді және бақылауды қамтиды.

 

ҚР БҒМ 12.01.2022ж. № 4 «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидала- рын және бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді, оған ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бағдарламалары енгізілді. Бұйрықтың жаңа редакциясына сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі оқу- да қиындықтары бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін мынадай параметрлер бойынша бағалайды: 1) когнитивтік және орындаушылық функци- ялар; 2) сөйлеуді дамыту; 3) оқу, жазу және санау дағдыларының болуы/болмауы;

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
59

 

 

 

4) эмоционалды-еріктік сала; 5) мектепке бейімделу; 6) сенсорлық және мотор- лық; 7) отбасындағы әлеуметтік проблемаларды анықтау.

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды жоспар- лау және іске асыру кезінде ҚР Оқу-ағарту министрі м.а. 12.07.2024 ж. №178 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» пайдаланылады.

Инклюзивті білім беру көрсеткіштері бойынша деректерді білім беру ұйымдары ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №354 бұйрығымен бекітіл- ген «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүй- емелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қа- уіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде (ҰБДҚ) толтырады.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту ту- ралы» 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрықтың қабылдануымен ҚР Үлгі штат- тары инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін қажетті мамандардың қосымша ставкаларын енгізу үшін нормативтік негізді бекітеді. Бастауыш, негізгі орта, жал- пы орта білім беру ұйымдарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша білім беру ұйымдарындағы жеке көмекші лауазымының штат бірлігі белгіленеді.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту «Жоғары және жоғары оқу орнынан кей- інгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту Министрінің 31.08.2022ж. №385 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру ұй- ымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 75-тармағымен регламенттеледі. Зи- яты зақымдалған балаларға арналған арнайы оқыту шарттары:

  1. зияты зақымдалған білім алушыларды оқыту жалпы білім беретін мектеп- тердің Үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына бағдарланбаған арнайы оқу бағдарламалары және арнайы оқулықтар бойынша;
  2. зияты зақымдалған білім алушыларды сынып педагогінің және психологи- ялық-педагогикалық қолдау мамандарының балалардың мүмкіндіктерін пси- хологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жасалған және жарты жыл- дан аспайтын мерзімге арналған жеке оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту;
  3. өлшемді сипаттамалық бағалау және бес балдық шкаланы пайдалана оты- рып, оқу жетістіктерін бағалау. Орташа түрде зияты зақымдалған білім алушы- лардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды;
  4. сөйлеу тілі мен мінез-құлығының айқын түрдегі бұзылыстары болған жағдай- да логопедиялық және психологиялық көмек көрсету;
  5. емдік дене шынықтыру, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтар.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
60

 

 

 

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ         61

 

Арнайы мектеп/сыныптарда балаларды оқыту және тәрбиелеу «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығына, «Жалпы білім беретін ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курста- рының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Арнайы мектеп/сыныптарда оқыту білім алушылардың дамуындағы бұзылы- стардың түрлері бойынша ұйымдастырылады: есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған; көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған; сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған; тірек-қимыл аппараты- ның бұзылыстары бар балаларға арналған; психикалық дамуы тежелген бала- ларға арналған; зияты зақымдалған балаларға (жеңіл және орташа түрдегі зият зақымдалуы). Арнайы мектептер болмаған жағдайда, жалпы білім беретін мек- тептерде көру қабілеті (нашар көретін/көрмейтін), есту қабілеті зақымдалған (нашар еститін/естімейтін), сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар, тірек-қи- мыл аппаратының бұзылыстары бар, зияты жеңіл түрде зақымдалған, психика- лық дамуы тежелген балаларға арналған сыныптар және зияты орташа түрде зақымдалған балаларға арналған өмірлік дағдылар сыныптары құрылады.

Арнайы мектеп/сыныптарда бір сыныпта толымдылығы екі баладан аспайтын қа- рым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекет бұзылыстары немесе қиындықта- ры (оның ішінде аутизмі немесе аутисттік спектр бұзылыстары) бар балаларды оқыту көзделеді. Жергілікті жағдайлар мен қаржылық мүмкіндіктерге байланы- сты арнайы мектептерде/сыныптарда сыныптардың толымдылығы ұсынылған шекті мөлшерден төмен болуына рұқсат етіледі.

Оқу жылының ұзақтығы Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 0-сыныпта – 32 апта, 1-сы- ныпта — 33 апта, 2 – 12 сыныптарда — 34 аптаны құрайды.

Есту, көру, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары, сөйлеу тілінің күрделі бұ- зылыстары бар, психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарларының инвариантты бөлігінің жалпы білім беретін пәндерінің тіз- бесі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес келеді. Екін- ші (қазақ, орыс) және үшінші (шетел) тілдерді оқыту білім алушылардың сөйлеу

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
62

тілінің даму деңгейін ескере отырып жүзеге асырылады, дене шынықтыру са- бақтарының сағаттық жүктемесін азайту – білім алушылардың психофизикалық жай-күйінің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Үлгілік оқу жоспарымен қарастырылған сағаттар шегінен шықпай, тілдік пәндер мен дене шынықтыру сабақтары арасында сағаттарды қайта бөлуге жол беріледі.

Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүм- кіндіктерін ескере отырып, негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары негізін- де әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын (бағдарламалар АИБД ҰҒПО-ның special-edu.kz сайтында орналастырылған), сондай-ақ жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқу процесінде ар- найы оқулықтар мен ОӘК, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК қолданылады.

Арнайы мектеп/сыныптарда оқытудың түзету-дамыту бағыты түзету пәндері, жалпы білім беру циклі пәндері шеңберінде, сондай-ақ қосымша білім беру жүй- есінде іске асырылады. Үлгілік оқу жоспарының түзету компоненті арнайы білім беру жағдайында оқитын мүмкіндіктері шектеулі балалардың бұзылған функци- яларын түзетуге және орнын толтыруға бағытталған арнайы оқу сабақтарының жиынтығын қамтитын міндетті компонент болып табылады. Түзету компоненті пәндері бойынша білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау қолданылмайды. Арнайы мектеп-интернаттарда түзету компонентінің жеке/ кіші топтық/ топтық сабақтары білім беру ұйымының басшысы бекіткен кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында өткізіледі.

Есту, көру қабілеті зақымдалған және тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларда зияттың зақымдалуы анықталған жағдайда 4–6 білім алушы- ны қамтитын арнайы сыныптар құрылады. Аталған сыныптарда оқыту зияты зақымдалған балаларға арналған Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша, негізгі бұзылыс түріне сәйкес Үлгілік оқу жоспарының түзету компо- нентін енгізе отырып, жүзеге асырылады.

Арнайы мектеп/сыныптар жағдайында көру қабілеті зақымдалған (көрмейтін, на- шар көретін), есту қабілеті зақымдалған (естімейтін, нашар еститін), тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар білім алушылар 11-12 сыныптарда жалпы орта білімді алады, онда оқыту қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-мате- матикалық бағыттар бойынша бейіндік оқыту негізінде жүзеге асырылады. Білім беру процесінің түзету-дамыту бағыты жалпы білім беретін пәндер бойынша са- бақтарда, түзету компонентінің сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы мектеп/сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Көру қабілеті зақымдалған ба- лаларға арналған арнайы мектепке/сыныпқа көрмейтін, нашар көретін балалар қабылданады, онда оқыту бөлек жүзеге асырылады, тиісті типтегі сынып бол- маған кезде бірлескен оқытуға жол беріледі немесе оқыту шағын жинақты мек- тептердің типі бойынша ұйымдастырылады.

 

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ
63

 

Жалпы орта білім беру деңгейінде түзету компонентінің сабақтары әлеумет- тік-тұрмыстық бағдарлау, кеңістіктікте бағдарлау, мимика мен пантомимиканы дамыту бойынша топтық және жеке түрде өткізіледі.

Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы мектеп/сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Есту қабілеті зақымдалған ба- лаларға арналған арнайы мектепке/сыныпқа естімейтін және нашар еститін, со- ның ішінде кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады, онда оқыту бөлек жүзеге асырылады, тиісті түрдегі сынып болмаған кезде бірлесіп оқытуға жол беріледі немесе оқыту шағын жинақты мектептердің типі бойынша ұйымдасты- рылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінде түзету компонентінің сабақтары дыбыстар- дың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту, ауызекі және тұрмы- стық сөйлеуді дамыту, ым-ишараттық сөйлеу тілін оқыту бойынша топтық және жеке түрде өткізіледі.

Трек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мек- теп/сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектепке/сыныпқа өз бетінше жүріп-тұратын, арнайы құралдар арқылы жүріп-тұратын, жеке көмек- ші арқылы жүріп-тұратын балалар қабылданады. Жалпы орта білім беру деңгей- інде түзету компонентінің сабақтары емдік дене шынықтыру, әлеуметтік-тұрмы- стық бағдарлау бойынша топтық және жеке түрде өткізіледі.

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп/ сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің күр- делі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектепке/сыныпқа 1-2 дең- гейдегі сөйлеу тілі жалпы дамымаған, оның ішінде кохлеарлы импланты бар ба- лалар қабылданады.

Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп/сыныптар- да оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектепке/сыныпқа әртүрлі генездегі психикалық дамуы тежелген, оның ішінде кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады. Психикалық дамуы тежелген балаларда он екі жастан кейін шектік зияткерлік жеткіліксіздік жағдайы белгіленеді.

Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектеп/сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Зияты зақымдалған балаларға ар- налған арнайы мектепке/сыныпқа жеңіл және орташа түрде зияты зақымдалған балалар қабылданады.

Зияты зақымдалған білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары мен оқулықтар МЖМБС мазмұнын іске асырмайды. Оқу про- цесі зияты жеңіл және орташа түрде зақымдалған білім алушыларға Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, арнайы оқулықтар мен ОӘК пайдалана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
64

 

Зияты орташа түрде зақымдалған білім алушыларды оқыту педагогикалық кеңестің шешімі бойынша жекелеген сыныптарда немесе зияты жеңіл түрде зақымдалған білім алушылармен (3 оқушыдан аспайтын) бірлесіп ұйымдасты- рылады.

Зияты орташа түрде зақымдалған білім алушыларды оқыту зияты орташа түрде зақымдалған білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған жеке оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Кәсіби еңбекке баулу, жалпы еңбекке даярлау, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, шаруашылық еңбек, қолөнер сабақтары үшін сыныптар екі топқа бөлінеді.

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН

ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ         65

 

Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру «Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымда- стыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту мини- стрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы №253 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу білім беру сала- сындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестікпен жүзеге асырылуы тиіс. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, әдістемелік материалдар және басқа да құжаттар әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік кеңестердің отырыстарында қаралуы қажет.

Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарында пәндер бойынша білім алушы- лардың тақырыптық білім олқылықтарын анықтау және жою бойынша іс-шара- лар, оқу мотивациясы төмен балалармен қосымша жұмыс, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс, цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту әдістері, білім алушылардың сыни ойлауын және зерттеу дағды- ларын дамыту мәселелері қамтылуы тиіс.

Әдістемелік бірлестік шеңберінде сабақ өткізуге қатысты мәселелерді тұрақты түрде талқылап отыру, сабақ жоспарларын бірлесе әзірлеу, жекелеген білім алушылардың үлгеріміндегі оң және теріс динамикаларды талдау, оқу мотива- циясы төмен балаларға қолдау көрсету бойынша қосымша шаралар қабылдау, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыс жүргізу маңызды болып табылады.

Авторлық бағдарлама. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың бір түрі – әдістемелік және ғылыми-әдістемелік материалдарды (авторлық бағдарлама- ларды) әзірлеу. Педагогтер әзірлеген әдістемелік және ғылыми-әдістемелік ма- териалдар (авторлық бағдарламалар) білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік кеңестердің отырыстарында қарастырылып, оң қорытынды алғаннан кейін білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Педагогтің әдістемелік материалдары мен әзірлемелері бойынша шешім әдістемелік кеңес отырысында кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданып, хаттамамен рәсімделеді.

 

Педагогтердің әдістемелік және ғылыми-әдістемелік материалдарын (авторлық бағдарламаларын) сараптау, жинақтау және республикалық деңгейде енгізу 2020 жылғы 29 желтоқсанда бекітілген Республикалық оқу-әдістемелік кеңес

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
66

жанындағы Сараптамалық кеңестің ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Са- раптамалық кеңестің отырыстары тоқсан сайын бір рет өткізіледі.

 

Аталған ережеге сәйкес, педагог Сараптамалық кеңеске келесі құжаттарды ұсына- ды: 1) Педагогтің өтініші (үлгі бойынша); 2) Электрондық тасымалдағыштағы портфолио;

3) Педагогтің әдістемелік материалдары (авторлық бағдарламасы); 4) Зерттеу тақырыбы бойынша мақалалардың тізімі және олардың көшірмелері; 5) Антиплагиаттан тексеріл- гені туралы анықтама; 6) Рецензиялар (1. тиісті бейіні бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғадан; 2. «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаты бар тұлғадан);

7) Облыстық сараптамалық кеңес отырысының хаттама көшірмесі; 8) Білім беру сапасы- на әсерін көрсете отырып, кемінде екі білім беру ұйымында енгізілгені туралы актілер (оқу жылдары бойынша); 9) Білім туралы дипломның көшірмесі (транскриптпен бірге);

10). Жұмыс орнында расталған жеке кадрлық парақ; 11) Инновациялық педагогикалық тәжірибенің ақпараттық картасы.

 

Кәсіби шеберлік конкурстары. «Үздік педагог», «Үздік авторлық бағдарлама», «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» және басқа да осындай конкурстар педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың әдістемелік және шығармашылық құзыреттерін дамытуға ықпал етеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстар), орындаушылар кон- курстары, кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстар тізімі Қазақстан Респу- бликасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген. Қажетті конкурс осы тізімде болмаса, қосымша ақпарат алу үшін өңірлік әді- стемелік кабинетке (орталыққа) жүгінуге ұсынылады.

 

Педагогтердің біліктілігін арттыру. Педагогтердің біліктілігін арттыру үздіксіз білім бе- рудің ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Пе- дагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, кәсіби қызмет атқаратын педагогтер үш жыл- да кемінде бір рет білім беру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалары бойынша курстардан өтуі қажет. Курстарды аяқтаған соң педагогтер жаңа алған білімдерін оқу-тәрбие процесіне енгізуі, тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісуі және мектептегі әдістемелік жұмыстарға белсенді қатысуы тиіс.

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН

ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ

67

 

Жас педагогтарға тәлімгерлік. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі тура- лы» Заңына сәйкес, орта білім беру ұйымында алғаш рет кәсіби қызметке кіріскен пе- дагогқа оқу жылы бойы тәлімгерлік ететін педагог бекітіледі. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

 

Педагогтерді аттестаттау. Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы

«Педагог мәртебесі туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, педагогтер бес жылда бір рет аттестациядан өтеді. Аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтар- дағы №83 бұйрығымен (2025 жылғы 25 ақпандағы Білім министрінің №32 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген Педагогтерді аттестаттауды өткізу қағидалары мен шарттарымен реттеледі.

Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) педагогтері, әдіскерлері, бірінші басшылары, басшы орынбасарлары біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттау кезінде өтініші негізінде біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.

Аттестаттау рәсіміне келесі өзгерістер енгізілді:

  • Педагогтер «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы – «педа- гог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаттары бойынша; қалған санаттар бойынша – kz «Электронды үкімет» порталы арқылы аттестаттаудан өтеді;
  • Педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) пәндік құзыреттер бойынша жүр- гізіледі;
  • Біліктілік санатын беруге (растауға) өтініш уақтылы берілмеген жағдайда Комиссия- ның шешімі бойынша педагогке бір жыл мерзімге қолданыстағы деңгейден бір дең- гейге төмен біліктілік санаты беріледі. Біліктілік санатын беруге (растауға) кейінгі ат- тестаттау бірізділік қағидатына сәйкес жүргізіледі.
  • «Педагог-модератор» біліктілік санаты аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ өтініш негізін- де ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі бар тұлғаларға, білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, біліктілікті арттыру институттарынан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұй- ымдарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға беріледі.
  • Басшының орынбасары лауазымына немесе керісінше тағайындалған педагогтерге (біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес) біліктілік санаты теңестіріледі және білік- тілік санатының қолданылу мерзімі екі жылдан аспайтын мерзімге сақталады: «пе- дагог-сарапшы» — «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «педагог-зерттеуші»

— «екінші санаттағы басшының орынбасары», «педагог-шебер» — «бірінші санаттағы басшының орынбасары».

  • Бір жыл өткеннен кейін «педагог-тағылымдамашыға» аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен «педагог» санатын беріледі.
  • Барлық лауазымдардың педагогтері келесі жағдайларда ПББ тапсырудан босаты- лады және қызметінің нәтижелерін кешенді қорытындылаудан өтеді: қолданыстағы жүйе бойынша бұрын берілген біліктілік санатын растаған жағдайда 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар, «бірінші» немесе «жоғары» біліктілік санаты бар педагогтер «педагог-модератор» біліктілік санатына берген кезде, «педагог-зерт- теуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын қатарынан екі реттен артық емес растаған жағдайда.
  • Біліктілік санатын арттыру (растау) бойынша аттестаттау кезінде педагогтің матери- алдары мәлімделген біліктілік санатына қойылатын талаптарға сәйкес тиімділік көр- сеткіштеріне қол жеткізуді көрсетуі тиіс. Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес бар- лық критерийлер орындалуы қажет.
  • жыл сайын 5 бақылау жүргізіледі, яғни 5 түрлі сабақ (оқу, ұйымдастырылған қызмет, іс-шара, тексеру рәсімдері және консультациялар) әр түрлі күндері өткізіледі. Әр бақылауды 2 немесе одан да көп бақылаушы жүргізуі мүмкін, бақылаушылардың балдары қосылып, «Оқыту» (өткізу, ұйымдастыру) сапасы» көрсеткіші бойынша ариф- метикалық орташа мән шығарылады.

 

 

1-сурет. Педагогтің тәжірибесін тарату бойынна алгоритм

 

Педагог-зерттеушілер мен педагог-шеберлердің тәжірибесін тарату білім беру сала- сында уәкілетті органның жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік материалдар немесе бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады (1-су- рет).

 

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ        69

 

Ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту – Қазақстан Республикасы Премьер-Ми- нистрі О. Бектеновтың төрағалық етуімен 2024 жылғы 3 желтоқсанда өткен Қа- зақстан Республикасы Үкіметі отырысының №40 хаттамасын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенованың 2024 жылғы 19-20 қыркүйектегі Ақтөбе облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмасын басшылыққа ала жүзеге асырылды.

Хаттамалық тапсырмалар негізінде 2025 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Респу- бликасы Оқу-ағарту министрінің № 21 «Қазақстан Республикасында ауыл мек- тептерін дамытудың «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдері» бұйрығы бекітілді.

Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдері: Ағымдағы жағдайға талдау; Білім беру ұй- ымдарының білім алушылары, басшылары мен педагогтері, олардың сапалық құрамы; «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы аясында жүзеге асқан бастамалар; Ауыл мектептерін дамытудың мақсаты мен міндеттері;

Ауыл мектептерін бағыттар бойынша дамытудың принциптері; Ауылдық ШЖМ- ны дамытудың тәсілдері; Күтілетін нәтижелер сынды маңызды тарауларды қамтиды.

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдері» негізгі 4 тәсіл:

  1. ШЖМ-ны оңтайландыру және тірек мектептерінің бөлімшелерін құру;
  2. «Ауыл мектебі – сапа алаңы» («Тірек мектебі – ШЖМ») республикалық жоба- сын масштабтау;
  3. Ауылдық мектептерді мәдени-ағарту кешендеріне (комьюнити-орталықтар) трансформациялау;
  4. ШЖМ-ның 5-11-сынып білім алушылары үшін «Білім-Инновация» лицейіне, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ұқсас жаңа формациядағы мектеп-ин- тернаттар құру бойынша жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
70

 

 

Ауыл мектептерін дамыту – ел болашағына жасалған ұзақ мерзімді инвестиция. Нақты талдау мен мүдделі тараптарды тарту негізінде мәлімделген шешімдерді қабылдау арқылы ауылдық жерлерде болашақ ұрпақты табысқа жетелейтін тұрақты білім беру жүйесі құрылады.

 

ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ КІРІКТІРУ        71

 

2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, №5 хаттама, 10.06.2024 ж.) негізінде білім беру ұйымдарына оқыту мен тәрбие беру процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын жүйелі түрде енгізу ұсынылады.

Орта білім беру ұйымдарына арналған ұсынымдар:
  • Педагогикалық ұжымды әдістемелік ұсынымдардың мазмұнымен танысты- ру, оларды оқыту тәжірибесіне кезең-кезеңімен енгізуді ұйымдастыру;
  • Жасанды интеллектті пайдалануға байланысты этикалық қағидаттар, рұқсат етілетін қолдану формалары, академиялық адалдықты сақтау алгоритмдері мен бұзушылықтарды қарау механизмдері қамтылатын мектепішілік саясатты әзір- леу;
–  ЖИ-ді оқу процесіне кіріктіру жолдары:
  • Әдістемелік ұсынымдардың 4.1–3.4.4 тарауларына сәйкес жасанды интел- лектті қолдана отырып сабақтар әзірлеу;
  • Жаңа материалды түсіндіру, жоспарлау, бағалау және рефлексия барысында ЖИ құралдарын пайдалану;
  • Педагогтардың цифрлық сауаттылығы, ЖИ этикасы және генеративті модель- дер бойынша біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және әдістемелік қолдау көрсету;
  • Білім алушылардың ЖИ өнімдерімен жұмыс істеуі кезінде ЖИ қолдану эти- касын насихаттау (әдістемелік ұсынымдардың 1.3 бөлімі);
  • Білім алушылардың сыни пайымдау, ақпараттық гигиена және цифрлық тех- нологияларды саналы пайдалану дағдыларын қамтитын цифрлық құзыреттерін дамытуға жағдай жасау.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

72

 

 

 

Жасанды интеллект – бұл педагогтің жаңа мүмкіндіктері мен цифрлық көмекшісі

 

 

 

Жасанды интеллект (ЖИ) – бұл келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар:

—       деректерді жинап, талдайды;

—       материалдарды білім алушының деңгейі мен қызығушылықтарына бейімдейді;

—       күнделікті     тапсырмаларды автоматтандырады (тест, есептер);

—       көрнекі және интерактивті ресурстарды жасауға көмектеседі.

 

 

Педагогке ЖИ не үшін қажет

 

Педагогтің міндеті ЖИ көмегі Нәтиже
Сабақ жоспарлау Идеяларды, мақсаттарды, критерийлер мен материалдарды ұсынады Уақытты үнемдейді (≤ 1 сағатта жоспар)
Сабақ өткізу Презентациялар, тапсырмалар, көрнекі материалдар жасайды Сабақ көрнекі әрі қызықты болады
Бағалау Тест тапсырмаларын автоматты түрде құрастырып, тексереді Жедел кері байланыс
Оқушыны қолдау Жеке ұсыныстар мен кеңестер береді Жекелеген прогресс қамтамасыз етіледі
Сыныптан тыс жұмыс Мақалаларды қысқаша мазмұндайды, жобалар ұсынады Зерттеу дағдыларын дамытады

 

 

Педагог — басты жауапты тұлға

  • ЖИ – көмекші құрал, ауыстырушы емес. Қорытынды шешімдерді (контентті таңдау, бағалау, педагогикалық қолдау) мұғалім қабылдайды.
  • Педагогке технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, материалдардың дұрыстығын тексеру және этикалық нормаларды (деректер, авторлық құқық, психологиялық қауіпсіздік) сақтау маңызды.
  • Педагог балаларды ЖИ-ресурстарымен саналы, қауіпсіз және сыни түрде жұмыс жасауға үйретеді.

 

ПЕДАГОГТЕР ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
73

 

 

 

Педагогтерге арналған ЖИ-құралдар

Педагогтердің цифрлық көмекшілері — жасанды интеллект негізінде құрылған, олардың жұмысын жеңілдетіп, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға ар- налған құралдар..

 

САБАҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ МАЗМҰН ҚҰРАСТЫРУ
ЖИқұралдар Сілтеме Мазмұны
1. Zotero,                 Mendeley, Scite https://www.zotero.org/

https://www.mendeley. com/

https://scite.ai/

зерттеулерді                       жинау, жүйелеу, аннотациялау, дәйектеу және бөлісу құралдары
2. Deepl https://www.deepl.com/ ru/translator ғылыми мәтіндер мен үлкен көлемдегі файлдарды аударуға арналған аударма құралы
3. YesChat, ChatGPT https://www.yeschat.ai/ https://chatgpt.com/ сабаққа арналған суреттерді генерациялау                           және жүктеу, тапсырмалар мен глоссарийлер құрастыру
4. Picsart, https://picsart.com/ru/ create онлайн фото және видео өңдеуші редакторлар
5. Nolej https://nolej.io/ оқулықтар мен онлайн- контент негізінде интерактивті материалдар жасау платформасы
6. Diffit https://web.diffit.me/ сынып деңгейіне сай мазмұнды ұсынып, педагогтің уақытын үнемдейтін сапалы оқу материалдары
7. Perplexity https://www.perplexity.ai/ нақты уақыттағы дәл жауаптар мен дәйеккөздері бар AI-жүйе
8. Google Arts & Culture https://artsandculture. google.com/ әлемдік өркениеттердің 2000+ музейі мен мәдени көрмелеріне онлайн қолжетімділік
9. Convai https://convai.com/ ашық әлемде сөйлейтін және әрекеттесетін виртуалды кейіпкермен оқыту ойынын жасау
10. Gemini https://gemini.google. com/app/ мәтін, сурет, аудио және видеоны өңдейтін AI- модель

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
74

 

 

 

11. Kandinsky https://www.sberbank. com/promo/kandinsky/ сурет пен анимация жасауға арналған қосымша
САБАҚ ӨТКІЗУ
ЖИқұралдар Сілтеме Мазмұны
1. Tome,

Gamma, Slidebean

https://tome.app/ https://gamma.app/

https://slidebean.com/

Презентациялар жасауға арналған платформалар
2. Magicschool, https://app.magicschool. ai/ Жаттығулар, сабақ жоспарлары мен тапсырмалар жасау платформасы
3. Questgen Quizrise https://www.questgen. ai/ https://www.quizrise. com/ Викторина генераторы:

таңдамалы жауаптар (MCQ),

«Ақиқат/Жалған», «Бос орынды толтыр», жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

4. Quizgecko, Quiz Wizard, Prepai https://quizgecko.com/

https://app. getquizwizard.com/

https://www.prepai.io/us/

мәтін бойынша тест құрастыру құралы
5. Explainlikeimfive https://domore.ai/ күрделі материалды қарапайым тілмен түсіндіретін платформа
6. Adaptemy, Smartsparrow https://www.adaptemy. com/

https://www. smartsparrow.com/

оқушылардың жауаптарын немесе эсселерін

талдай отырып, нақты қиындықтарды көрсетеді

7. Educaplay https://www.educaplay. com/ ойын түріндегі жаттығулар мен тапсырмалар жасау платформасы
БАҒАЛАУ
ЖИқұралдар Сілтеме Мазмұны
1. PrepAI, Teachology, ChatGPT https://www.prepai.io/

https://www.teachology. ai/

https://chatgpt.com/

емтихан материалдарын әзірлеуге арналған платформалар
2. Edint https://www.edint.io/ ЖИ негізіндегі прокторинг платформасы

 

ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ КІРІКТІРУ

75

 

 

 

3. Copyleaks, Smodin, Turnitin, Gptzero https://copyleaks.com/

https://app.smodin.io/

https://search.vyager. com/

https://gptzero.me/

тапсырма жазу кезінде ЖИ қолданылғанын

анықтайтын платформалар

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС
ЖИқұралдар Сілтеме Мазмұны
Scholarcy https://www.scholarcy. com/ ғылыми мақала немесе оқулықтың қысқаша мазмұны
Elicit https://elicit.com/ зерттеу тапсырмаларын автоматтандыру
МҰҒАЛІМНІҢ ЦИФРЛЫҚ АССИСТЕНТТЕРІ
ЖИқұралдар Сілтеме Мазмұны
1. Diffit https://app.diffit.

me/

оқушы   деңгейіне                бейімделген                оқу материалдарын жасау құралы
2. Magicschool, https://app. magicschool.ai/ интерактивті жаттығулар мен сабақ жоспарларын жасау платформасы
3. Gradescope https://www. gradescope.com/ қолмен жазылған немесе қағаздағы жұмыстарды сканерлеу арқылы бағалау құралы
4. Elicit https ://el icit. com/ машина оқыту негізіндегі зерттеу процестерін автоматтандыратын ЖИ- зерттеуші
5. Mathigon h t t p s : / / ru.mathigon.org/ математикаға арналған ойын алаңы

Дереккөз: EduProject

Жасанды интеллектіні енгізу бойынша ұсыныстар
  1. Шағыннан бастаңыз: бір-екі қарапайым сервисті таңдап, оларды сабаққа дайындық кезеңінде қолданып көріңіз.
  2. Саралап қолданыңыз:      материалдарды          оқушылардың                      жасы          мен бағдарламасына сәйкес өңдеп, бейімдеңіз.
  3. Қауіпсіздікті сақтаңыз: оқушылардың құпия деректерін ашық сервистерге жүктемеңіз.
  4. Тәжірибе алмасыңыз:     сәтті    тәжірибелерді          мектептің    әдістемелік бірлестіктерінде талқылаңыз.

 

 

ЖИ — бұл уақытты үнемдейтін және оқыту тәсілдерін кеңейтетін құрал. Алайда басты құндылық бұрынғыдай — сіздің педагогикалық шеберлігіңіз.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
76

 

 

 

Жасанды интеллект құралдарын педагогикалық қызмет тиімділігін арттыру мақсатында қолдану бойынша ұсыныстар

Сабаққа дайындық пен оны өткізу барысын оңтайландыру, сондай-ақ педагогтердің рутиналық жүктемесін азайту мақсатында жасанды интеллект технологияларын келесі бағыттарда қолдану ұсынылады:

1.    Сабақты жоспарлау және дайындау:
  • ЖИ технологияларын Үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сай сабақ мақсаттарын қалыптастыру үшін пайдалану;
  • сабақ мақсаттарына сәйкес келетін бағалау критерийлерін (дескрипторларды) әзірлеу;
  • жас ерекшелігіне және әртүрлі күрделілік деңгейлеріне сай тапсырмаларды іріктеу арқылы сараланған оқытуды қамтамасыз ету;
  • тірек-конспектілер, көрнекі материалдар, сызбалар, негізгі ұғымдарға арналған анықтамалар мен түсіндірмелер құрастыру.
2.      Сабақтың басталуын ұйымдастыру:
  • білімді өзектендіру және проблемалық сұрақтар қою элементтерін қамтитын кіріспе бөлімді әзірлеу;
  • оқушылардың танымдық қызығушылығын ынталандыратын визуалды және мәтіндік материалдарды таңдау үшін ЖИ қолдану.
3.      Жаңа білімді түсіндіру және меңгеру:
  • талдау, салыстыру, жалпылау және білімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру;
  • сабақ тақырыбы мен білім алушылар деңгейіне бейімделген мысалдарды құрастыру үшін ЖИ мүмкіндіктерін пайдалану.
4.       Оқу және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру:
  • мазмұнды оқу және интерпретация дағдыларын дамытуға бағытталған, әртүрлі форматтағы ақпаратпен жұмыс істеуді көздейтін тапсырмаларды әзірлеу;
  • сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін жағдайларды модельдеу үшін ЖИ қолдану.
5.      Оқу жетістіктерін бақылау және бағалау:
  • түрлі форматтағы (көп нұсқалы жауаптар, ашық сұрақтар, сәйкестендіру) тесттік және бақылау тапсырмаларын генерациялау;
  • білім алушылардың ағымдағы ілгерілеуін қадағалауға бағытталған формативті бағалау тапсырмаларын дайындау;
  • қорытынды тапсырмаларды әзірлеу және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру үшін автоматтандырылған құралдарды пайдалану.

 

ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ КІРІКТІРУ
77

 

 

 

Практикалық ұсынымдар
  1. Қолдану мақсатын анықтаңыз
    • ЖИ қандай мәселені шешетінін нақты тұжырымдаңыз (жоспарлау, көрнекілеу, тестілеу және т.б.).
    • ЖИ-құралды тек уақытты үнемдейтін немесе оқытудың сапасын арттыратын жағдайда ғана пайдаланыңыз.
2.      Мазмұнды тексеріп, бейімдеңіз
  • Генерацияланған мәтіндер, суреттер мен сұрақтарды міндетті түрде қарап шығыңыз.
  • Жас ерекшелігіне, оқу бағдарламасына және сабақтың контексіне сай келетін- дей етіп түзетулер енгізіңіз.
3.      Бақылау өз қолыңызда болсын
  • Сабақ мазмұнына, бағалауға және оқушыны қолдауға қатысты соңғы шешімді мұғалім қабылдайды.
  • ЖИ — көмекші құрал ғана. Оны кеңес беруші ретінде қолданыңыз, «автопилот» ретінде емес.
4.       Оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз
  • ЖИ нәтижелерін (дәлдігі, шынайылығы, маңыздылығы) сыни тұрғыда бағалау- ды үйретіңіз.
  • Ақпаратты қауіпсіз әрі жауапты іздеу, дереккөздерді дұрыс дәйектеу дағдыла- рын қалыптастырыңыз.

 

 

Этикалық нормалар

 

Норма Нені білдіреді Педагогтің әрекеті
Ашықтық Оқушы ЖИ қай жер- де қолданылғанын біледі ЖИ арқылы жасалған немесе тексерілген материалдар туралы оқушыларға алдын ала хабарлаңыз
Құпиялық Оқушының деректері қорғалған Жеке           мәліметтерді                   ашық платформаларға жүктемеңіз
Қауіпсіздік Зиянды                  контенттің болмауы Оқушыларды зиянды, қауіпті немесе орынсыз мазмұннан қорғауды қамтамасыз етіңіз
Әділдік Дискриминациясыз орта ЖИ жасаған материалдарды стереотиптер,                      алалаушылық белгілері бар-жоғын тексеріңіз
Дәлдік Контент нақты және тексеруге болады Фактілерді тексеріп, дереккөздерді көрсетіңіз

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
78

 

 

 

Жауапкершілік Педагог     —                  басты жауапты тұлға ЖИ       қатесін       түзетіңіз,            оның шектеулерін оқушыларға түсіндіріңіз
Психологиялық әл-ауқат Оқушының мотива- циясы мен өзін-өзі бағалауына әсер ескерілген Қолдау көрсетіңіз, шамадан тыс жүктемені болдырмауға назар аударыңыз

Жасанды интеллектінің білім беру процесіндегі практикалық аспектілерін зерделеу үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында ашық қолжетімді орналастырылған орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдардың толық мәтінімен танысу ұсынылады.

 

ПЕДАГОГТЕР ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

79

 

Педагогтер жарияланымдары: академиялық жазылым бойынша нұсқаулық

Мақала анық, логикалық және дәлелді болуы тиіс, әріптес педагогтер немесе оқырмандар сіздің идеяларыңызды түсініп, тәжірибеде қолдана алуы қажет.

 

«Білім-Образование» журналына мақаланы қалай жіберуге болады?

«Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық басылымына мақаланы жария- лау үшін жолдау журналдың ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Авторлар журналдың веб-сайтына алдын ала тіркелуі керек. Басылымның редакциялық саясаты, авторларға арналған ережелер, материалды жіберу нұсқаулығы, ре- цензиялау тәртібі, жарияланым этикасы нормалары, журнал мұрағаты және т.б. туралы толық ақпарат келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://bilim-uba.kz/

2024 жылдың шілде айынан бастап Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жария- лау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесінің 2-Тізіміне енді (ҚР Ғылым және білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 603 бұйрығы).

«Алтынсарин академиясының хабаршысы» журналына мақаланы қалай жа- риялауға болады?

Мақаланы жіберу үшін авторлар танысуы қажет:

  1. Редакциялық саясат (журналдың мақсаты, тақырыптық бағыттары, мерзімділі- гі және т.б.);
  2. Мақаланы ресімдеу талаптары;
  3. Мақала үлгісі;
  4. Шығарылымдар мұрағаты.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
80

 

 

 

Осы көрсетілген материалдар Алтынсарин академиясының ресми сайтында қолжетімді: https://uba.edu.kz/ru/vestnik-akademii-altynsarina

«Алтынсарин академиясының хабаршысы» әдістемелік журналына арналған мақаланың құрылымы келесідей болуы тиіс: кіріспе, әдістеме, практикада қол- дану, ұсыныстар, қорытынды және пайдаланылған дереккөздер тізімі.

Кіріспе: мақала тақырыбының өзектілігін және оның практикалық маңызын не- гіздеуі тиіс. Автор зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақты тұжырымдап жазуы қажет. Осы бөлімде ҚР Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, МЖМБС, үлгілік оқу бағдарламалары, ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрықтары және басқа да регла- менттеуші құжаттарды қамтитын нормативтік-құқықтық негіздемесін жазу мін- детті болып табылады. Сонымен қатар кіріспеде қарастырылып отырған мәселе бойынша отандық және шетелдік зерттеулердің қысқаша талдауын ұсыну қажет.

Әдістеме: мақалада баяндалған әдістеменің егжей-тегжейлі сипаттамасы, әді- стеме қалай әзірленгені, оның негізгі кезеңдері мен қағидаттары ұсынылады. Оқу үдерісінде немесе білім алушылармен жұмыс істеу барысында қолданыла- тын әдістер де талданады.

Практикада қолдану: әдістеме практикада қалай қолданылғаны баяндалады. Автор әдістемені қолданудың нақты тәжірибесін (сабақтарды, авторлық бағдар- ламаны, жобаларды немесе басқа білім беру іс-шараларын) іс жүзінде білім беру процесінде қалай жүзеге асырғанын жазуы керек. Әдістемені қолдану нәтижелерін талдап, оның тиімділігін бағалау қажет. Әдістемені қолданудың ар- тықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттауға да болады.

Ұсыныстар: сынақтан өткен әдістемені оқу процесіне енгізу бойынша ұсыны- стар беріледі. Әдістемені қолдануға дайындық туралы кеңестерді, нәтижелерді бағалау әдістерін, әртүрлі оқу топтары мен контекстерге бейімдеуді, сондай-ақ басқа да практикалық ұсыныстарды жазуға болады.

Қорытынды: мақалада көтерілген проблема туралы ойлар мен тұжырымдарға, әдістемелерге және олардың практикада қолданылуына қатысты жалпы қоры- тынды жасалады. Қорытынды қысқа, мазмұнды және педагогтердің қызметі мен білім беру процесін дамыту үшін маңызын көрсетуі тиіс.

Пайдаланылған дереккөздер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.5-98 және ГОСТ 7.1-2003 стандарттарына сәйкес ресімделеді. Барлық дәйексөздер түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Мақала- да келтірілген сілтемелер мен ескертпелер нөмірленіп, төртбұрышты жақшаға алынады.

 

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ         81
81

 

 

ҚОСЫМША

АТАУЛЫ КҮНДЕР

 

  • Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим) Құнанба- евтың туғанына 180 жыл (10.08.1845–1904).

 

  • Жазушы, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына 110 жыл (15.11.1915–2.11.1973)

 

  • Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткерi Мiржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл (21.11.1885–05.10.1935).

 

  • Жазушы, қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн салушы Сапарғали Ысқақұлы Бе- галиннiң туғанына 130 жыл (24.11.1895–05.03.1983)

 

  • Көрнектi ағартушы, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зертте- ушi, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл (1835–1865)

 

  • Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (24.12.1910–10.06.1982).

 

  • Қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846–1945)

 

  • Қоғам және мемлекет қайраткерi, Алаш қозғалысының жетекшiсi Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл (25.03.1866–1937).

 

  • Педагог, қоғам қайраткерi Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл (29.04.1906–1968).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»

Әдістемелік нұсқау хат

 

 

 

 

 

 

Басуға                      ж. қол қойылды. Формат 60×84 1/8.

Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі Montserrat. Шартты баспа табағы 13.17

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8/2, «Алтын Орда» БО

5 комментариев к “Әдістемелік нұсқау хат 2025-2026 оқу жылы”

  1. Уведомление: Әдістемелік нұсқау хат 2025-2026 оқу жылы — Балабақша әлемі

  2. Уведомление: 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат Алтынсарин — Bilimger.kz Республикалық білім порталы

  3. Уведомление: 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат Алтынсарин — Балабақша әлемі

  4. Уведомление: Әдістемелік нұсқау хат 2025-2026 оқу жылына — Bilimger.kz Ақпараттық-танымдық білім порталы

Добавить комментарий для Bilimger Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх