Цифрлық медианың анықтамасы мен ерекшеліктері
Нугманова Анель Мухановна
Журналистика, 1 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы
«Тұран» университеті, Қазақстан, Алматы қаласы
Аңдатпа. Бұл мақалада цифрлық медианың мәні, даму үрдістері мен оның қоғам өміріне ықпалы жан-жақты талданған. Автор цифрлық медианың дәстүрлі ақпарат құралдарынан айырмашылығын, оның негізгі сипаттарын – жеделділік, интерактивтілік, мультимедиалылық пен жаһандық қолжетімділікті нақты мысалдармен ашады. Цифрлық медианың саясат, білім беру, мәдениет және экономика салаларындағы рөлі қарастырылып, оның қоғамдағы демократиялық процестерге, ұлттық мәдениеттердің сақталуына және жаңа экономикалық бағыттардың қалыптасуына ықпалы көрсетілген. Мақалада сондай-ақ цифрлық медианың сын-тегеуріндері: жалған ақпарат таралуы, авторлық құқықтың бұзылуы, киберқауіпсіздік мәселелері сияқты проблемалар қозғалған. Автор болашақта цифрлық медианың жасанды интеллект, нейрожелі және метавселенің дамуымен тығыз байланысты болатынын атап өтеді. Мақала цифрлық медианың әлеуетін тиімді пайдалану үшін медиасауаттылықты арттыру, цифрлық этика мен құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру қажеттігін баса көрсетеді.
Түйін сөздер: цифрлық медиа, дәстүрлі медиа, ақпараттық технологиялар, медиасауаттылық, фейк жаңалықтар, киберқауіпсіздік, авторлық құқық, жасанды интеллект, медиаконвергенция, қоғамға ықпал.
Аннотация. В данной статье всесторонне рассматриваются сущность, тенденции развития и влияние цифровых медиа на общественную жизнь. Автор акцентирует внимание на ключевых отличиях цифровых медиа от традиционных СМИ, подробно раскрывая их основные характеристики — оперативность, интерактивность, мультимедийность и глобальную доступность, приводя конкретные примеры. Анализируется роль цифровых медиа в политике, образовании, культуре и экономике, показывается их влияние на демократические процессы, сохранение национальных культур и развитие новых экономических направлений. Статья также затрагивает основные вызовы цифровой среды, такие как распространение дезинформации, нарушение авторских прав и угрозы кибербезопасности. Отмечается, что будущее цифровых медиа будет тесно связано с развитием искусственного интеллекта, нейросетей и метавселенной. В заключение подчеркивается необходимость повышения медиаграмотности, развития цифровой этики и совершенствования механизмов правового регулирования для эффективного использования потенциала цифровых медиа.
Kлючевые слова: цифровые медиа, традиционные СМИ, информационные технологии, медиаграмотность, фейковые новости, кибербезопасность, авторское право, искусственный интеллект, медиаконвергенция, влияние на общество.
Annotatoin. This article provides an in-depth analysis of the nature, development trends, and societal impact of digital media. The author highlights the key differences between digital and traditional media, emphasizing core features such as immediacy, interactivity, multimedia integration, and global accessibility with concrete examples. The role of digital media in politics, education, culture, and the economy is explored, demonstrating its influence on democratic processes, the preservation of national cultures, and the emergence of new economic sectors. Furthermore, the article addresses major challenges associated with digital media, including the spread of misinformation, copyright infringements, and cybersecurity threats. The author emphasizes that the future of digital media will be closely linked to developments in artificial intelligence, neural networks, and the metaverse. Finally, the article stresses the importance of enhancing media literacy, digital ethics, and legal regulation mechanisms to maximize the positive impact of digital media.
Keywords: digital media, traditional media, information technologies, media literacy, fake news, cybersecurity, copyright, artificial intelligence, media convergence, societal impact.
Кіріспе. Цифрлық медиа – сандық технологиялар арқылы таралатын кез келген ақпараттық контент. Бұған онлайн жаңалық сайттары, әлеуметтік желілер, блогтар, подкасттар, бейнежазбалар және тағы басқа форматтар жатады.Цифрлық медиа қоғамдағы коммуникация форматын өзгертіп отыр. Қолданушы тек ақпарат тұтынушысы емес, сонымен қатар оның таратушысы болып табылады. Бұл демократиялық пікір алмасуға жол ашқанымен, жалған ақпарат пен манипуляцияның да таралуына мүмкіндік береді. Дәстүрлі медиа (газет, радио, теледидар) цифрлық ортаға бейімделіп келеді. Көптеген дәстүрлі БАҚ өз сайттарын, әлеуметтік желідегі парақшаларын дамытып, мультимедиялық контент жасауда. Бұл процесс «медиаконвергенция» ұғымымен сипатталады – яғни әртүрлі медиа платформалардың бірігуі.
Цифрлық медианың жылдам дамуы ақпараттық сауаттылық мәселесін туындатты. Қоғам мүшелерінің медиамәтінді талдай білуі, фейк жаңалықты ажыратуы, дереккөздерді тексере алуы маңызды. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, авторлық құқық, жеке деректерді қорғау сынды проблемалар өзекті бола түсуде.Цифрлық медианың болашағы жасанды интеллект, нейрожелі және метавселенің дамуымен тікелей байланысты. Жаңа технологиялар медианың мазмұны мен форматын одан әрі өзгертіп, интерактивті және жеке тұлғаға бейімделген ақпараттық кеңістік қалыптастырады. [1]
XXI ғасыр – цифрлық технологиялар ғасыры. Бұл кезеңде ақпаратты өндіру, тарату және тұтыну тәсілдері түбегейлі өзгерді. Бүгінгі таңда интернет, әлеуметтік желілер, онлайн платформалар дәстүрлі медиа құрылымдарын қайта қарастыруға мәжбүр етуде. Цифрлық медиа – тек ақпарат көзі ғана емес, қоғамдық пікір қалыптастырудың, саяси, экономикалық, мәдени ықпал етудің маңызды тетігіне айналды.
Цифрлық медиа – сандық технологиялар арқылы таралатын кез келген ақпараттық контент. Бұған онлайн жаңалық сайттары, әлеуметтік желілер, блогтар, подкасттар, бейнежазбалар және тағы басқа форматтар жатады. Оның басты ерекшеліктері:
Саясатта – саяси науқандар мен қоғамдық қозғалыстардың ұйымдастырылуына, халықтың пікірін жедел таратуға мүмкіндік береді (мысалы, Араб көктемі немесе азаматтық белсенділік формалары);
Білім беру саласында – ашық онлайн курстар, видеодәрістер, ғылыми контенттің таралуын қамтамасыз етеді;
Мәдениет пен тілге ықпалы – жаңа мәдени трендтер мен жастар сленгінің қалыптасуына әсер етеді, ұлттық тіл мен дәстүрдің цифрлық кеңістікте қалай сақталатыны – өзекті мәселе.
Негізгі бөлім. Дәстүрлі медиа (газет, радио, теледидар) – кәсіби журналистикаға сүйеніп, ақпаратты алдын ала тексеру арқылы таратады. Ал цифрлық медиа – жылдам әрі ашық, бірақ кейде фактчекингке салғырт қарайды. Бұл жалған ақпараттың таралу қаупін арттырады.
Сонымен қатар дәстүрлі медиа көбіне біржақты хабар берсе, цифрлық медиа – диалогтық форматта, көп көзқарасты біріктіре отырып жұмыс істейді.
Цифрлық медиа – бұл интернетке негізделген, цифрлық технологиялар арқылы таралатын ақпараттық өнімдердің жиынтығы. Бұған жаңалық сайттары, әлеуметтік желілер видеохостингтер, подкаст платформалары, блогтар және т.б. жатады. Оның негізгі сипаттары:
Дәстүрлі БАҚ ақпарат таратудың негізгі құралы ретінде ұзақ уақыт бойы үстемдік еткен болса да, цифрлық медиа оның орнын тез арада басуға ықпал етті. Дегенмен, бұл жерде екі медианың бір-бірін толықтырып, ортақ жұмыс істейтін тұстары да бар. Мысалы, дәстүрлі медиа цифрлық құралдарды пайдалану арқылы ақпаратты тарату тиімділігін арттырады, ал цифрлық медиа өз кезегінде журналистика саласына жаңа әдістер мен тұжырымдарды енгізді. Цифрлық медиаға қарағанда дәстүрлі БАҚ белгілі бір редакциялық бақылау мен сапа стандарттарына бағынады, алайда цифрлық медиа ақпаратты тарату жылдамдығы мен шектеусіз қолжетімділігі арқылы өзінің басымдылығын көрсетті. [2]
Цифрлық медиа қазіргі таңда саясатқа да терең әсер етуде. Әлеуметтік желілердің өркендеуі арқылы қоғам мүшелері өз пікірлерін көпшілікке жеткізе алады, бұл саяси процестерді жеделдетеді. Сонымен қатар, цифрлық медиа саяси партиялардың таңдаушылармен өзара әрекеттесу тәсілдерін де өзгертті. Мысалы, президенттік немесе парламенттік сайлау кезінде кандидаттар әлеуметтік желілер мен онлайн платформалар арқылы өздерінің бағдарламаларын таныстырып, халықпен тікелей байланыс орната алады. Бұл процесстердің ықпалы ретінде интернетте тұратын фейк-ньюс пен саяси манипуляциялардың көбейюі де байқалады. Цифрлық медиа жедел ақпарат алмасуға мүмкіндік беріп, халықтың саяси белсенділігін арттырады, бірақ оның негативті ықпалдары да жоқ емес. Жалған ақпараттардың таралуы, арандатушылықтар мен пікірлерді бұрмалау жиі кездеседі.
Цифрлық медиа қоғамның мәдени дамуына, сонымен қатар әлеуметтік қатынастардың өзгеруіне әсер етеді. Бүгінгі таңда көпшілігі әлеуметтік желілер арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, өзара пікір алмасып жатыр. Бұл бір жағынан адамдар арасындағы байланыс шекараларын кеңейтсе, екінші жағынан, ақпараттың тым көптігі мен оның сапасының төмендеуі мәдени деңгейдің төмендеуіне де әкелуі мүмкін. LES Media платформасындағы мақаласында Анна Дурандина жаңа медиаға мынадай анықтама береді: «Жаңа медиа – бұл 20-шығасырдың аясында компьютерлік, цифрлық және желілік коммуникациялар мен технологиялардың пайда болуын білдіреді. Соңғы кездері жаңа технологиялар мен ғаламтордың пайда болуынан медиа саласы түрленіп,
жаңаруда. Алайда, онлайн жарияланатын материалдар жаңа БАҚ-тың мінездемесін бере алмайды. Бұл жерде жаңа медианың негізгі тұғыры – интерактивтілік екенін айтуға тиіспіз» Оның пайымдауынша, интерактивтілік (ағылш. interaction – өзара қарым-қатынас)
– бұл нысандар арасындағы өзара қарым-қатынастың сипаты мен деңгейін ашып беретін ұғым. [3]. Жаңа медиадағы интерактивтілікті цифрлық жүйенің (бағдарламаның, сайттың) қолданушының іс-әрекеттеріне жауап
беруі деп атауға болады. Соның нәтижесінде экрандағы бейне және аудиожазбада, мәтінде өзгеріс пайда болады. Қазіргі кезде қолында смартфоны бар, ғаламторды пайдалана кез-келген адам жеке сайтын, блогын,әлеуметтік желідегі парақшасын ашып, ақпарат тарата алады. Ол кез-келген ақпаратты мәтінмен, аудио немесе бейнежазбамен жариялай алады. Анна Дурандина цифрлық технологиялардың, гаджеттер мен ғаламтордың дамуы нәтижесінде жаңа медиамен бірге медиаөнердің пайда болғанына нақты дәлелдер келтіреді. «Медиаөнер дегеніміз – өнердің бір
түрі. Оның өнімдері заманауи ақпараттық және медиатехнологиялардың (бейнежазба, бейнетүсірілім, мультимедиялық технологиялар, ғаламтор) көмегімен жасалып, көрерменге ұсынылады. Медиаөнер қолданылатын
технологиялардың типі мен формасына қарай бірнеше жанрға бөлінеді: бейнеарт, саунд-арт, медиаинсталляция, медиаперформанс, медиаландшафт, желілік өнер (нет-арт), телекоммуникациялық өнер, цифрлы құндылықтардан алыстап, жаңа трендтер мен өмір салтын қалыптастыруға ықпал етіп жатыр.
Цифрлық медиа сонымен қатар ұлттық тілдердің сақталуына және олардың басқа тілдермен ықпалдасуына әсер етеді. Әсіресе, тілдік жағынан көпұлтты қоғамдарда түрлі тілдердегі контенттер, көп жағдайда, мемлекеттердің мәдениетаралық байланыс орнатуына ықпал етеді. Бірақ, бұл процестердің қатарында белгілі бір тілдер мен мәдениеттердің жоғалып кету қаупі де бар. Әлеуметтік желілердің көптігі мен халықаралық ауқымы арқылы контенттің жеңіл қолжетімділігі адамзат мәдениетінің бірегейлігіне қауіп төндіруі мүмкін. [4].
Цифрлық медиа экономикада да өзгерістер алып келді. Мысалы, жаңа медиа бизнестің жаңа түрлерін пайда болды: блоггерлік, әлеуметтік медиа маркетинг, инфлюенсерлік кәсіп және т.б. Бұл жаңа мамандықтар адамдарға өздерінің шығармашылықтарын ақша табуға айналдыруға мүмкіндік береді. Инфлюенсерлердің қоғамдағы ықпалы ерекше: олар тек жарнамалық контент жасаумен ғана шектелмей, сонымен қатар өз аудиториясына әлеуметтік, саяси немесе мәдени мәселелер туралы пікір білдіреді. Бұл жаңа кәсіп түрлері цифрлық медиа платформаларының экономикаға деген әсерін көрсетеді.
Сонымен қатар, цифрлық медиа арқылы едәуір жаңа маркетинг стратегиялары пайда болды. Бұрынғы дәстүрлі жарнамалау тәсілдері бүгінгі күні әлеуметтік желілер мен интернет платформалары арқылы жоғары дәрежеде қолданылып отыр. Бұл компанияларға өз өнімдері мен қызметтерін көпшілікке жылдам әрі тиімді түрде таныстыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық медианың болашағы көптеген тұстарда оның техникалық жетістіктеріне, қолданушы мәдениетінің деңгейіне, сондай-ақ құқықтық реттеу жүйелерінің тиімділігіне байланысты болмақ. Технологиялық дамудың үрдістеріне жасанды интеллект, блокчейн технологиясы, деректерді үлкен көлемде өңдеу және виртуалды шындық сияқты бағыттар кіреді. Мысалы, жасанды интеллект негізінде цифрлық медиа платформалары ақпаратты болжау, таңдауды автоматтандыру және пайдаланушының қызығушылығына бейімделген контент ұсыну мүмкіндіктеріне ие болады.
Цифрлық медиа қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн білім беру платформалары, бейнесабақтар, вебинарлар, цифрлық кітапханалар — бұлардың барлығы оқытудың жаңа формаларын ұсынуда. Оқушылар мен студенттер интернет арқылы қажетті ақпаратқа оңай қол жеткізе алады, бұл өз кезегінде білімге деген қолжетімділікті арттырады.Қазақстанда да соңғы жылдары цифрлық білім беру қарқынды дамуда. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептер мен ЖОО-ларға цифрлық технологиялар енгізіліп, электрондық оқулықтар мен платформалар қолданылуда. [5]. Бұл жаңалықтар ауыл-аймақтардағы білім беру сапасын арттырып, оқыту үдерісін заманауи деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.Сонымен қатар цифрлық медиа оқушылардың өзіндік білім алуына, ақпаратты іздеуге, өңдеуге және бағалауға дағдылануына жағдай жасайды. Мұндай дағдылар ХХІ ғасыр адамы үшін аса маңызды. Алайда бұл құралдарды дұрыс пайдаланбау — зейіннің төмендеуі, ақпаратты сын тұрғысынан талдай алмау секілді проблемаларға да әкелуі мүмкін.Цифрлық медианың адам психологиясына әсері туралы зерттеулер саны артуда. Әлеуметтік желілерге тәуелділік, өзін басқалармен салыстыру, негативті пікірлерден күйзеліс — бұлар әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі.Интернет пен медиа тұтыну нормаларының болмауы ұйқы режимінің бұзылуына, әлеуметтік оқшаулануға, тіпті депрессия мен мазасыздықтың артуына себеп болуы мүмкін.[6] Әлеуметтік желілерде идеал өмір мен сұлулық стандарттарының үнемі көрсетілуі көптеген адамдарда өзіне деген сенімсіздік пен қанағатсыздық сезімін тудырады.Бұған қоса, интернеттегі анонимділік кибербуллинг, троллинг сияқты агрессивті мінез-құлықтың көбеюіне жол ашады. Бұл мәселелерге қарсы тұру үшін цифрлық этиканы оқыту, медиасауаттылықты арттыру, ата-аналар мен педагогтардың ақпараттық кеңістікте балаларға бағыт беріп отыруы маңызды.
Цифрлық медианың кеңінен таралуы заңдық және этикалық сұрақтарды да алға тартты. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, жеке деректердің қорғалуы, авторлық құқықтар және онлайн агрессияға қарсы күрес — бұлар кез келген елдің күн тәртібіндегі маңызды мәселелер.
Қазақстанда 2021 жылдан бастап «Жалған ақпарат таратқаны үшін» қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл заң интернет қолданушыларына ақпарат таратқанда жауапкершілікпен қарауға негіз болады. Сонымен қатар, БАҚ туралы заңнамаға цифрлық медианың енуі де заңдық тұрғыда нақтылануда. [7].
Алайда заңдардан бөлек, қоғамда цифрлық этика нормаларын қалыптастыру да қажет. Яғни, интернет қолданушылар бір-біріне құрметпен қарап, ақпаратты тексеріп таратып, авторлық құқықты сақтауы тиіс. Бұл процесте цифрлық медиасауаттылықты арттыру — негізгі құралдардың бірі. Мектептер мен ЖОО-ларда арнайы курстар мен тренингтер ұйымдастырылуы қажет.
Бүгінгі таңда цифрлық медианың келесі кезеңге — толыққанды трансформацияға өту сәті орын алып отыр. Контент өндіру тәсілдері өзгеріп, жеке тұлғалар да ақпараттық нарықтың белсенді ойыншысына айналды. Бұрын тек журналистер мен редакторлар ғана ақпарат тарата алса, қазір блогерлер, влогерлер, TikTok және YouTube контент жасаушылары мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдарға ықпал ете алады.
Сондай-ақ, жасанды интеллект арқылы мәтін жазу, видео жасау, тіпті дауыс генерациялау мүмкіндіктері кеңеюде. Бұл бір жағынан контент өндірісін жеңілдетсе, екінші жағынан фейк контенттің көбеюіне де себеп болуы мүмкін. Deepfake технологиялары арқылы жалған бейне мен дыбысты жасау — болашақтағы басты қауіптердің бірі.
Сондықтан жаңа технологиялармен бірге жаңа бақылау, тану және реттеу құралдары да қажет. Халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер осы салада ынтымақтасып, цифрлық кеңістіктің қауіпсіз әрі сенімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Қорытынды: Цифрлық медиа – бүгінгі ақпараттық қоғамның негізгі тіректерінің бірі. Ол дәстүрлі медиа құрылымдарын қайта қарап, коммуникацияның жаңа моделін қалыптастырды. Дегенмен, бұл трансформация бірқатар қауіп-қатерлерді де қоса алып келді. Цифрлық медианың болашағы оның ашықтығы мен тиімділігіне, қоғамның медиасауаттылығына, сонымен қатар құқықтық реттеу жүйесінің тиімділігіне байланысты болмақ. Цифрлық медиа – ақпарат тарату мен тұтынудың жаңа мәдениетін қалыптастырды. Ол қоғамның сандық сауаттылығын арттырумен қатар, жаңа сын-қатерлерге де жол ашты. Болашақта цифрлық медианың тиімді дамуы – медиасауат, этика және технологияны дұрыс пайдалануға байланысты. Дәстүрлі және цифрлық медианың бір-бірін толықтыра отырып дамуы – ақпараттық кеңістіктің сапалы қалыптасуына негіз болмақ.
Ақпараттық қоғамның дамуымен бірге медиа саласы да түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бүгінгі таңда ақпарат дәстүрлі БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар онлайн платформалар, әлеуметтік желілер, блогтар арқылы таралуда. Бұл үдеріс «цифрлық медиа» деген жаңа ұғымның қалыптасуына алып келді. Цифрлық медиа тек ақпарат тарату құралы емес, сондай-ақ қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне ықпал ететін күшке айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Оспанов Е.Т. Академиялык жазылым негіздері. Оку куралы. Алматы: «Білім» баспасы,
- -340 б.
- Баяхметова А.А., Дусенбина М.Ж..
- академического письма. Учебное пособие.-Костанай: КГУ имени А.Байтурсынова, 2019. — 106 с.
- Академическое письмо для историков: учебное пособие для студентов, обучающихся по программе магистратуры по направлению подготовки 46.04.01 «История» / Ю. Е. Бут.-Екатеринбург: Издательскийотдел УрГПУ, 2019 — 224 с.
- Казакстан білім зерттеушілерінін одеп кодексі. 1-і басылым. Нур-Султан: Білім беру саласындаты зерттеушілердін кзакстандык котамы, 2020. — 68 б.
- Грофф Джеральд. Как писать убедительно: искусство аргументации в научных и научно-популярных работах: пер. с. Англ. -М.:Альпина Паблишер, 2014. -250 с.
- Исследовательской работы в туризме. Учебное пособие. А.:КазАСТ, 2021. -164 с.
- Айешова Г.А. Основы научно-исследоваельской работы: учебное пособие, 2019.
- Паранько С.В., Нигматуллина К.Р. Медиа как сообщества в новой цифровой реальности//Век информации. -2018. №1
- С. 226-227. 2. Дурандина А. Что такое новые медиа? // LES Media// 2018 –URL: https://les.media/articles/436125- chto-takoe-novye-media-for-landing (Дата обращения: 21.11.2020.
- ) Шамшурин Д. Цифровые медиа как фактор культурной глобализации// Международный научно-исследовательский журнал. -2018. — №6 URL: https://research-journal.org/culture/cifrovye-media-kakfaktor-kulturnoj-globalizacii/) (Дата обращения: 21.11.2020)
- Schram S. Remediation: Will New Media Eat Older Media Alive? // Masters of Media. 4 September. URL: http://mastersofmedia.hum.uva.nl/2010/09/04/remediationwill-new-media-eat-older-media-alive/ 5
- Дроздов Д. Журналистика на цифровом перепутье: от репортера до журналиста-медиа. «Международная журналистика-2018: глобальные вызовы, региональное партнерство и медиа» атты VII халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Минск, Беларусь мемлекеттік университеті, 2018, БМУ ЭК. -89б.
- Athique A. (2013). Digital Media and Society: An Introduction. Cambridge, UK: Polity Press. Lindgren S. (2017). Digital Media and Society. London: Sage. Mosco V. (2017). Becoming Digital: Toward a Post-Internet Society. London, UK: Emerald Publishing . 7. Соловьева О. Телевидение превращается в развлечение для престарелых. –Мәскеу: ng.ru, 2020. 19 мамыр. On-Line нұсқасы. 1б. URL: https://www.ng.ru/economics/2020-05-19/4_7864_tv.html (қаралған күні: 19.11.2020) 8. Тілеубай Т. Газет пен гаджеттің текетіресі: кім жеңеді? //Нұр-Сұлтан: Astana aqshamy, 2019. 2 ма