Қазіргі журналистикадағы этикалық мәселелер: Объективтілік пен жауапкершілік

Секенова Айжан Қуанышқызы
Журналистика 1 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы

«Тұран» университеті, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа. Мақалада қазіргі журналистикадағы объективтілік, шынайылық, жауапкершілік пен тәуелсіздік мәселелері қарастырылады. Ақпарат бұрмалау, фейк жаңалықтар тарату, жаңа медиа этикасы, медиа сауаттылықтың рөлі мен халықаралық тәжірибе негізінде шешу жолдары ұсынылады. Журналистің кәсіби әдебі мен қоғам алдындағы жауапкершілігіне ерекше мән беріледі. Журналистиканың сапалы дамуы үшін этикалық нормаларды сақтау негізгі шарт ретінде ұсынылады.

Түйін сөздер: журналистика, этика, объективтілік, фейк жаңалықтар, медиа сауаттылық, жауапкершілік, жаңа медиа.

Аннотация. В статье рассматриваются вопросы объективности, правдивости, ответственности и независимости в современной журналистике. Анализируются искажение информации, распространение фейковых новостей, этика в новых медиа, роль медиаграмотности и применение международного опыта. Особое внимание уделяется профессиональной этике журналистов и их общественной ответственности. Соблюдение этических норм предлагается как важное условие качественного развития журналистики.

Ключевые слова: журналистика, этика, объективность, фейковые новости, медиаграмотность, ответственность, новые медиа.

Annotation. The article explores issues of objectivity, truthfulness, responsibility, and independence in modern journalism. It analyzes information distortion, the spread of fake news, ethics in new media, the role of media literacy, and solutions based on international practices. Special attention is given to journalists’ professional ethics and their social responsibility. Maintaining ethical standards is proposed as a crucial condition for the qualitative development of journalism

Keywords: journalism, ethics, objectivity, fake news, media literacy, responsibility, new media.

Кіріспе. Қазіргі журналистика қоғамдағы ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Ол ақпарат тарату арқылы қоғамдық пікір қалыптастырып, адамдарды маңызды оқиғалардан хабардар етеді. Алайда, ақпараттың шынайылығы мен журналистік этиканың сақталуы басты мәселелердің бірі болып қала береді. Журналистикадағы объективтілік пен жауапкершілік – сенімді ақпарат таратудың негізгі принциптері. Бұл мақалада қазіргі журналистикада кездесетін басты этикалық мәселелер қарастырылады. Ақпарат құралдары көбінесе белгілі бір саяси немесе экономикалық топтардың ықпалында болады. Бұл объективтіліктің бұзылуына және ақпараттың бұрмалануына әкеледі. Журналистер кейде фактілерді өзгертіп немесе белгілі бір мүдделерге сай жаңалықтарды жариялауға мәжбүр болады. Бұл аудиторияның сенімін төмендетіп, бұқаралық ақпарат құралдарының беделіне нұқсан келтіреді. Этикалық қайырымдылықтар мен жаман қылықтар адам жанында адамгершілік сападан туатын әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына көп рет қайталануы және оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды», — деп жазады [1].

Әлеуметтік желілер мен интернеттің дамуы ақпараттың таралуын жеделдеткенімен, жалған ақпараттың көбеюіне де себеп болды. Кейбір журналистер ақпаратты жеткілікті деңгейде тексермей, сенсация қуып, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратады. Бұл қоғамда жалған пікірлер мен түсініспеушіліктердің қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Кейбір БАҚ белгілі бір саяси немесе коммерциялық ұйымдардың мүддесін көздейді. Бұл жағдайда журналистер объективтілікті сақтаудан гөрі, белгілі бір тараптың пікірін қолдап, екінші тарапты қаралауы мүмкін. Мұндай тенденция қоғамда ақпаратқа деген сенімнің төмендеуіне алып келеді.Журналистер кейде ақпарат жинау барысында адамдардың жеке өміріне қол сұғуы мүмкін. Бұл әсіресе атақты адамдарға қатысты жиі кездеседі. Әр адам жеке өміріне құрмет көрсетілуін талап етуге құқылы, сондықтан журналистер ақпарат жинау кезінде этикалық шекараларды бұзбауы керек.

             Кейде журналистік этика тек ережелерге бағыну емес, адамның ішкі мәдениеті мен ар-ұятына байланысты болады. Заңмен рұқсат етілген дүниелердің бәрі бірдей адамгершілікке сай келе бермейді. Журналист белгілі бір жаңалықты жарияламас бұрын: «Бұл материал біреуге зиян келтіре ме? Қоғамға қандай пайдасы бар?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Бұл – тұлғалық жауапкершілік пен ішкі ар-намыстың белгісі.

Апаттар, қылмыстар немесе басқа да қайғылы оқиғалар туралы хабар таратқанда журналистер өте мұқият болуы керек. Құрбандар мен олардың отбасы мүшелерінің сезімдерін ескермей, шектен тыс эмоционалды немесе шок тудыратын суреттер мен видеоларды жариялау моральдық тұрғыдан дұрыс емес. Кейбір БАҚ коммерциялық мақсатта жұмыс істеп, рейтинг пен пайда табу үшін сенсациялық немесе жарнамалық сипаттағы жаңалықтарды көптеп таратады. Бұл оқырмандардың дұрыс ақпарат алу мүмкіндігін шектейді және журналистиканың басты міндеті – қоғамға қызмет ету принципін бұзады.

Журналистер азаматтардың мәселесін билікке жеткізіп, шенеуніктердің әрекетін халыққа жария етіп отырады. Бұл ретте журналистің адал әрі бейтарап болуы – қоғам үшін өте маңызды. Егер тілші біржақты көзқараспен хабар таратса немесе шындықты жасырып қалса, ол ақпараттың әділдігіне күмән тудырады. Билікке жалтақтамай, халық мүддесін қорғау – нағыз кәсіби журналистің қасиеті. Журналистиканың этикалық мәселелерімен күресте тек журналистердің кәсібилігі ғана емес, сонымен қатар қоғамның медиа сауаттылығы да маңызды. Көптеген жағдайларда жалған немесе бұрмаланған ақпараттың таралуына халықтың сын тұрғысынан ойлай алмауы себеп болады. Сондықтан әрбір азаматтың медиа сауаттылығын арттыру – этикалық журналистиканы қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Медиа сауаттылық адамдарға ақпаратты сараптап, оның дереккөзін тексеруге, манипуляциялық тәсілдерді тануға мүмкіндік береді. Мектептер мен ЖОО-да медиа сауаттылық бойынша пәндерді енгізу – болашақ ұрпақтың ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар табуына көмектеседі.

Қазіргі таңда ақпараттың негізгі бөлігі интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралады. Жаңа медиа журналистиканың дамуына үлкен үлес қосқанымен, этикалық мәселелерді де күшейтті. Интернеттегі әрбір қолданушы дербес ақпарат көзіне айналған кезде жалған мәліметтердің таралуы да жиілейді. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі «жылдамдық жарысы» шынайылық пен жауапкершіліктен жоғары қойылады. Жаңа медиада жұмыс істейтін контент жасаушылар үшін де этикалық нормалар қажет. Блогерлер мен инфлюенсерлер қоғамдық пікірге әсер ететін тұлғалар ретінде өз аудиториясына шынайы әрі пайдалы ақпарат ұсынуы тиіс.

Журналистік тергеу  журналистиканың ең күрделі әрі маңызды жанрларының бірі. Бұл жанрда қоғам үшін өзекті, көбіне жасырын ақпараттар ашылады. Алайда тергеу жүргізу кезінде журналист кейде құпия ақпаратты заңсыз жолмен алуы немесе жеке тұлғаның құқығын бұзуы мүмкін. Мұндай жағдайда журналист құқықтық және этикалық нормалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек. Этикалық мәдениет – қоғамдағы жалпы моральдық құндылықтардың көрінісі. Журналистика – осы құндылықтарды кең көлемде насихаттайтын сала. Мысалы, төзімділік, адам құқығы, әділеттілік, шыншылдық секілді қағидаларды ұстанатын журналистер өз аудиториясына да осы құндылықтарды жеткізеді. Олар шынайы ақпарат беру арқылы халықтың сыни ойлау қабілетін дамытып, фейк жаңалықтардан сақтануға үйретеді.  Тергеу журналистикасында дәлелдер мен дереккөздердің сенімділігі, ақпарат алудың заңдылығы және құрмет принципі алдыңғы орында тұруы тиіс. Бұл жанрда жұмыс істейтін мамандарға қосымша этикалық оқыту және заңгерлік кеңес беру ұсынылады.

Этикалық журналистиканың дамуы үшін халықаралық тәжірибелерге жүгіну маңызды. Мысалы, Скандинавия елдерінде медиа кеңестер арқылы БАҚ жұмысын қоғамдық негізде бақылау дәстүрі жақсы жолға қойылған. АҚШ пен Еуропадағы көптеген басылымдарда ішкі этикалық комитеттер жұмыс істейді және олар журналистердің қызметін тұрақты түрде бақылап отырады. Бұдан бөлек, BBC, Deutsche Welle, The Guardian сияқты алдыңғы қатарлы медиа ұйымдардың ашық этикалық кодекстері бар және оларды барлық қызметкер қатаң ұстанады. Қазақстанда да осы үлгілерді ескере отырып, отандық БАҚ-тың ішкі этикалық құрылымын дамытуға болады.

Қазіргі журналистиканың болашағы цифрлық платформалармен тікелей байланысты. Онлайн басылымдар, әлеуметтік желілер, блогерлік пен подкастинг – журналистиканың жаңа формалары болып отыр. Алайда бұл салаларда да этикалық стандарттарды сақтау аса маңызды. Блогер немесе контент жасаушы да аудитория алдында жауапкершілік сезінуі керек. Олар тарататын әрбір ақпараттың салдары болуы мүмкін екенін түсіну қажет.

Негізгі бөлім. Қазақстанда журналистиканың дамуы көптеген өзгерістерді бастан кешіруде. Мемлекет ақпараттық саясатты қатаң бақылауда ұстаса да, тәуелсіз журналистиканың қалыптасуы маңызды мәселе болып отыр. Елдегі журналистер ақпарат таратуда заң талаптарын сақтауға міндетті, бірақ кейде объективтілікке қол жеткізу қиынға соғады. Фактчекинг мәдениеті енді ғана дамып келе жатқандықтан, кейбір БАҚ-та жалған ақпараттың таралуы байқалады. Сонымен қатар, журналистерге қысым көрсету және цензура мәселесі де өзекті болып отыр. Сондықтан қазақстандық журналистикада этикалық нормаларды сақтау үшін қосымша реформалар қажет.

Журналистикадағы этикалық нормалардың сақталмауы қоғамда елеулі теріс салдарлар туғызуы мүмкін. Бұл тек жалған ақпаратқа сеніп қалу мәселесімен ғана шектелмейді. Ақпаратты бұрмалау мен манипуляциялау ұзақ мерзімді әлеуметтік, психологиялық және саяси қиындықтарға әкеледі. Журналистерге деген сенім – ақпарат құралдарының ең басты капиталы. Егер БАҚ үнемі біржақты пікір ұсынса немесе шындыққа жанаспайтын ақпарат таратса, халықтың сенімі азая бастайды. Бұл өз кезегінде фейк жаңалықтардың таралуына жол ашады, өйткені адамдар ресми ақпарат көздеріне сенбейтін болады. Қоғамда паранойя, алауыздық, пікірлердің поляризациясы пайда болуы мүмкін.

Медиа әлемі қарқынды дамып келеді. Сондықтан журналистердің де кәсіби білімі мен этикалық ұстанымдары үнемі жаңарып, жетілуі қажет. Арнайы семинарлар, тренингтер мен халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламалары этикалық нормаларды жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тәжірибелі журналистердің жас мамандарға тәлімгерлік етуі де саладағы мәдениетті нығайтуға сеп болады.

Ақпарат құралдары қоғамның саяси өміріне тікелей әсер етеді. Егер журналистер белгілі бір саяси топтың мүддесіне жұмыс істеп, екінші тарапты үнемі қаралап отырса, бұл әлеуметтік шиеленісті арттырып, қоғамда сенімсіздік пен наразылық тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда журналистика халықты біріктірудің орнына, керісінше, қоғамда жікке бөліну процесін жылдамдатады. Журналистердің жеке тұлғалардың жеке өміріне қол сұғуы, жалған айыптар тағуы немесе фактілерді бұрмалауы – адамның ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл әсіресе сот процесі жүріп жатқан жағдайларда маңызды. Егер журналист сот шешімін күтпей, өз бетінше “кінәлі” деп жария етсе, бұл азаматтың құқығын таптау болып есептеледі.

Этикалық нормалар сақталмаған жағдайда таралатын жаңалықтар кейде адамдардың психологиясына кері әсер етеді. Әсіресе балалар мен жастар арасында сенсациялық, агрессияға толы немесе үрей туғызатын ақпараттар психикалық тұрақсыздыққа, қорқыныш пен мазасыздыққа әкелуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті – ақпаратты дұрыс сүзгіден өткізіп, оны қоғамға зиян келтірмейтін формада ұсыну. Бұқаралық хабарламаға цензура жасауға жол берілмейді» [2].

Қазіргі таңда журналистика тек қағаз газеттер мен теледидар арқылы емес, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы кең таралуда. Бұл жаңа медианың этикалық стандарттарына ерекше көңіл бөлу қажеттілігін тудырып отыр.

Ақпарат таратуда алгоритмдер маңызды рөл атқара бастады. Жасанды интеллект ұсынылатын контентті сұранысқа байланысты іріктеп береді. Бұл адамның пікірін манипуляциялауға әсер етуі мүмкін. Журналистер мен редакторлар алгоритмдік шектеулерден тыс, өз аудиториясына жан-жақты, теңгерімді ақпарат ұсынуға ұмтылуы тиіс. «Азаматтардың ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету – журналистің ең бірінші парызы» [3].

Көптеген сайттар мен блогтар көрілім санын арттыру мақсатында шындыққа жанаспайтын немесе манипулятивті тақырыптарды жиі пайдаланады. Мұндай тәсіл оқырманды жаңылыстырады және журналистика беделін түсіреді. Этикалық журналистика үшін көрілім емес, сапалы және пайдалы контент бірінші орында тұруы тиіс. Интернет кеңістігінде жалған ақпаратты жою оңай емес. Сондықтан журналистер тек шынайы ақпарат таратып қана қоймай, жалған жаңалықтарды әшкерелеп, аудиторияны ақпаратты сын көзбен қабылдауға үйретуі қажет. Бұл жерде фактчекерлер мен медиа сарапшылардың рөлі арта түседі.

Қазіргі журналистикада этикалық мәселелердің өзектілігі күн өткен сайын артып келеді. Ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы журналистиканың қолжетімділігін арттырғанымен, сапа мен жауапкершілік мәселесін де күрделендіріп отыр. Ақпарат бұрмалау, фейк жаңалықтар тарату, бейтараптықтың болмауы, жеке өмірге қол сұғу сияқты жағдайлар журналистиканың қоғамдағы беделіне кері әсерін тигізуде. «Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды» [4].

Журналистиканың басты міндеті – қоғамға нақты, объективті және шынайы ақпарат ұсыну. Бұл үшін журналистер кәсіби этиканы берік ұстанып, фактчекинг мәдениетін дамытуы тиіс. Сонымен қатар, медиа саласының барлық өкілдері – редакторлар, БАҚ иелері мен мемлекет – этикалық нормаларды сақтауға мүдделі болуы қажет. Бұл қоғамда сенімді ақпарат кеңістігін қалыптастыру үшін маңызды.

Қазіргі таңда әрбір азамат медиа тұтынушы ғана емес, өзге адамдарға да ақпарат таратушы. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың лезде тарауы – медиа сауаттылықтың төмендігін көрсетеді. Сондықтан журналистика этикасын тек мамандар ғана емес, бүкіл қоғам болып ұғынуы керек. Мектептен бастап медиа сауаттылық негіздерін енгізу – болашақтағы ақпараттық қауіпсіздіктің кепілі бола алады. «Журналист ең алдымен, өзінің материалдарымен соттың шешімін ауыстырмауға, одан озып кетпеуге, кінәсы анықталмаған адамға кір жұқтырмауға тырысу керек» [5].

Қазақстандағы журналистиканың болашағы – жас мамандардың кәсіби дайындығы мен адалдығына байланысты. Университеттерде журналистік этика пәнін тереңдетіп оқыту, БАҚ саласында тәуелсіздікті сақтау және заңнамалық негізде жалған ақпаратпен күресті күшейту – саланың этикалық деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Кез келген журналист үшін ең басты байлық – оқырман, көрермен немесе тыңдарман сенімі. Сенім жоғалған жерде журналистиканың беделі де құлайды. Сондықтан сенім мен беделді сақтау үшін БАҚ өкілдері үнемі шындыққа сүйеніп, этикалық қағидаларды берік ұстануы қажет. Бұл – тек кәсіби бәсекелестікте емес, жалпы қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік.

Ақпараттық қоғамда тек шындыққа негізделген журналистика ғана халықтың сеніміне ие болып, қоғамның дамуына үлес қоса алады. Сондықтан журналистердің басты құндылығы – адалдық, жауапкершілік пен әділеттілік болуы тиіс. Қазіргі журналистика – қоғамның ақпараттық құрылымын қалыптастырушы, қоғамдық пікірді бағыттайтын маңызды сала. Дегенмен, журналистиканың этикалық мәселелері – әсіресе объективтілік, шынайылық, жауапкершілік пен тәуелсіздік қағидаларына қатысты сұрақтар бүгінгі таңда ерекше өзектілікке ие. Ақпараттың бұрмалануы, фейк жаңалықтар, жеке өмірге қол сұғу, сондай-ақ коммерциялық мақсаттар үшін қоғамға зиянды ақпарат тарату – журналистиканың беделіне нұқсан келтіретін негізгі этикалық проблемалар болып табылады.

Журналистикадағы этикалық стандарттарды сақтау журналистің ғана емес, жалпы ақпарат құралдарының міндеті. Сондықтан журналистердің кәсіби білімі мен моральдық жауапкершілігін арттыру, фактчекинг мәдениетін дамыту, тәуелсіздікті қорғау – маңызды қадамдар. Сонымен қатар, қоғамның ақпараттық сауаттылығын арттыру мен БАҚ арасында ынтымақтастықты күшейту арқылы журналистиканың қоғамға тигізер пайдасын арттыруға болады. Журналистика – бұл тек қана ақпарат беру ғана емес, ол сонымен қатар қоғамды басқаруға, халықтың білімін арттыруға және әділеттілік пен шындықты қорғауға бағытталған күш. Қоғамның тұрақты дамуы үшін журналистика этикасы мен оның кәсіби стандарттарын сақтау – әрбір журналистің, әрбір ақпарат құралдарының негізгі міндеті болып табылады. Тек осылай ғана біз дұрыс және шынайы ақпарат алу мүмкіндігін арттырып, қоғамдағы сенімділікті нығайта аламыз. Этикалық қайырымдылықтар мен жаман қылықтар адам жанында адамгершілік сападан туатын әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына көп рет қайталануы және оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды», — деп жазады [6].

Журналистика тек ақпарат таратумен шектелмейді, ол қоғамның ақпараттық ағымын бағыттайтын маңызды құрал болып табылады. Әрбір жарияланған материалдың қоғамға әсері зор, сондықтан журналистикадағы этикалық мәселелерге үлкен назар аударылуы тиіс. Объективтілік, шынайылық, тәуелсіздік, және жауапкершілік сияқты журналистиканың негізгі принциптері – ақпараттың дұрыстығы мен әділдігі үшін негіз болып табылады. Алайда, бүгінгі күнде ақпараттың бұрмалануы, фейк жаңалықтар, жеке өмірге қол сұғу сияқты этикалық проблемалар журналистиканың беделіне айтарлықтай нұқсан келтіруде.

Қорытынды.

Бұл мәселелерді шешу үшін журналистика саласындағы кәсіби стандарттарды сақтау, фактчекинг жүйесін нығайту, тәуелсіздікті қорғау, әрі БАҚ-тардың коммерциялық емес мүдделерден бас тартуы қажет. Журналистиканың қоғамға тигізер әсері мен жауапкершілігі аса маңызды, сондықтан журналистердің міндеті тек ақпарат жеткізу емес, сонымен қатар қоғамдық пікір қалыптастыруда әділеттілік пен шындықты сақтау болып табылады.Журналистикадағы этикалық стандарттарды сақтау – тек журналистердің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір ақпарат құралы этикалық принциптерді ұстана отырып, шынайы және сенімді ақпарат таратуы қажет. Тек осылай ғана біз қоғамдық сананың дұрыс қалыптасуына ықпал етіп, қоғамда әділдік пен сенімділік орната аламыз. Журналистика саласы тек қоғамды ақпараттандырып қана қоймай, қоғамның моральдық-этикалық құндылықтарын да нығайтуға септігін тигізетін маңызды сала болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. 195-196 бб.
  2. “Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы” Заң. //Егемен Қазақстан, 1991. 21 тамыз.
  3. Журналистің кәсіптік этикасының Кодексі // Журналист, №6, 1991. 9-12 бб.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1993, 5 б. 7. Теплюк В.М. Этика журналистского творчества. –Москва: Мысль, 1980. С. 27. 8. Теплюк В.М. Этика журналистского творчества. –Москва: Мысль, 1980. С. 29.
  5. Теплюк В.М. Этика журналистского творчества. –Москва: Мысль, 1980. С. 27.
  6. Теплюк В.М. Этика журналистского творчества. –Москва: Мысль, 1980. С. 29.
  7. Бектұрғанова, Ж. Қ. (2015). Журналистикадағы этика және мораль. Алматы: Жазушы.
  8. Тұрсынбекова, Г. С. (2020). Журналистикадағы әлеуметтік жауапкершілік мәселелері. Астана: Ғылым.
  9. Әбдіразақова, Б. К. (2018). Қазіргі Қазақстандағы журналистика: этносаяси аспект. Алматы: Қазақ университеті.
  10. Асылбек, А. М. (2016). Медиа саласындағы этикалық мәселелер: теория және практика. Алматы: Алматы кітап.
  11. Қанатбекова, Р. Қ. (2017). Журналистикада сенсация мен шындық: этикалық және құқықтық мәселелер. Астана: Қазақ ғылыми академиясы.
  12. Жүсіпова, Н. Б. (2019). Қазақ журналистикасының даму тенденциялары мен этикалық мәселелері. Алматы: Ғылым ордасы.
  13. Нұртасова, Ш. А. (2021). Интернет журналистика және оның этикалық нормалары. Алматы: Дәуір.
  14. Төлегенова, Ж. М. (2018). Журналистика мен қоғамдық пікір: этикалық мәселелер. Алматы: Қазақ университеті.
  15. Балақай, А. Ш. (2020). Журналистикада медиа сауаттылық пен этика: теориялық зерттеулер. Алматы: Қазақ жазушылары.
  16. Мұхтарова, Г. Б. (2022). Медиа және ақпараттық манипуляциялар: этикалық көзқарас. Астана: Білім.

Басқа мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × четыре =