Білім алушыларды ынталандырудағы сабақты жоспарлау

Мыржыбаева Улжалгас Бектургановна
Түркістан облысы, Жетісай ауданы «Х.Доспанова №28 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі

Қазіргі таңда білім алушыларды сабаққа ынталандыру үшін сабақты жоспарлаудың тиімді  жақтарын саралау маңызды. Бұл ретте сіз өз тәжірибеңізге негізделген сабақ жоспарын құрып қана қоймай, шеберлігіңізді шыңдап, ізденіс жолындағы жаңа бастамаларға қол жеткізу  қырыңыздан таныта аласыз.

Мұғалімдердің күнделікті білім беру үдерісінде ең тиімді құрал ретінде қарастырылатын  маңызды іс-әрекеттерінің бірі ол өзінің тәжірибе кеңістігін жетілдіру ісі болып табылады. Бұл орайда ең алдымен мұғалім өзінің болжамы бойынша тиімділікті арттыратын негізгі іс-әрекеттерін айқындауы қажет.Мұғалім ұстанымы оның көзқарасымен ұштасып, шешім қабылдауына және әрекетке көшуіне серпін береді.

Сабақ — әрбір мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы екендігін ескере келе, ой көкжиегіңіздің кеңейте отырып әр сабағыңызды тиімді жоспарлау арқылы білім сапасын арттырып, өзіңіздің тәжірибеңізді жинақтап, жаңашыл идеяларыңызды одан әрі дамыта аласыз.Ал сабақты тиімді жоспарлау-оқушыларыңыздың сапалы білім алу кепілі екенін сіз жақсы білесіз.Ендеше жаңартылған білім беру аясында заманауи сабақты қалай жоспарлау керектігі жайында тоқтала кетейін.

Сіздің күнделікті сабақ жоспарыңыз бір сыныптың сипаты мен суреттелуі, былайша айтқанда бүгін оқушы нені білуі керек, нені үйренуі керек деген сауалдарға жауап беретіндей болуы керек.Сіз бүгінгі сабағыңыздың мақсатына сай сабақ құрылымын, тапсырма түрлері мен уақытты есепке алып жасайтын болсаңыз оқушының ынтасын оятуға арналған ең алғашқы қадамға аяқ басқан боласыз.Сол мақсатқа жетуге тиімді әдіс-тәсіліңіз көмектессе, ал жетелеуші құралдар ол үй тапсырмасы мен тест түріндегі түрлі тапсырмалар болып табылады.

Жақсы құрастырылған сабақ жоспары ол оқушының қызығушылығын оңай оята алады. Мысалы, әдебиеттік оқу сабағында мұғалім түрлі дағдыларды қамтитын тапсырмалар құрастыруды жоспарлай алса, (оқылым, айтылым, жазылым, зерттеу) онда қолжетімділік аудио-бейнематериалдармен қоса ақпарат көздерін табуға көмектесетін жасанды интелектті қолдануға дейінгі ауқымдылықты қамтитын сабақ болады.Жұмыс барысында тіпті ең қарапайым етіп құрылған сабақтардың өзі сабақ жоспарының ең тиімді форматы болып саналады.

Сабақ барысында мұғалімнің  түрлі жағдаяттардан шығуына көмектесетін әдістер  бар. Ол-дереккөздерден сілтемелер қою. Яғни мұғалімнің ойы кейде өзге адамдардың ықпалымен бөлініп, жоспарлы сабақ барысынан жаңылып қалған жағдайларда осы сілтемелер оның сабақ жоспарына қайта ілесіп кетуіне көмектеседі.

Сабақ жоспарындағы тапсырмалар оқушының танымдық белсенділігін арттырады. Сондықтан сыныпта шағын топтар мен үлкен топта, жеке, жұптық жұмыстарды жүргізуде мұғалім тапсырмаларды дұрыс бөліп қоюы қажет.Мысалы: мұғалімнің сыныпта оқыған тапсырмасын жалпы сыныптық тапсырма деп қарастырса, онда оқушыларға талқылау ұсынылады. Бұл оқушылардың өз кезегінде жаңаны теория жүзінде оқып қана қоймай, тәжірибе жүзінде талқылауына жол ашады, есте сақтауы үшін септігін тигізеді.

Білім алуда ынталандыруға жетелейтін тағы бір әдіс-тапсырма беруді ұйымдастыру әдісі.

Сыныпта 3-4 оқушыға берілетін шағын топтық жұмыс тапсырмалары, сабақ жоспарына бағытталған семинар тапсырмалары оқушылардың бір уақытта орындайтын әр түрлі тапсырмаларын құрайды.

Жеке тапсырмалар көбіне жазылым дағдысында, әсіресе математика мен қазақ тілі сабақтарында көркем жазу мен есептерді тиімді тәсілдермен тез шығаруда оқушылардың бағалау өлшемшарттарында ерекше ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Осындай ынталандыру тапсырмаларының бірі келісімді жұмыс, тәжірибе алмасу тапсырмалары. Бұл жағдайда оқушылар берілген тапсырма көлемін ескере отырып, оны белгіленген уақыт аралығында орындайды, ынтымақтастықта жұмыс жасайды, бірігіп шешім қабылдайды және бір-бірінен үйренеді. Бұл да білім алушыларды үйренуге, үйрене отырып үйретуге бағыттайды.

Жоспарға сәйкес материалдар жинау барысында кейде оқулықтың шекті түрінен тыс таңдаулы кітаптарды қолдану-тиімділікті арттыратынын ескерген жөн.Себебі білім алушы күнделікті алдындағы оқулыққа қарағанда жаңаша дүниені көргенде ерекше қызығушылығы оянып, оқып-үйренуге ынтасы артады. Мысалы, кейбір сабақтар әдеби оқулықтармен қатар  қиял-ғажайып ертегілер, ақын-жазушылардың шығармалары мен  т.б энциклопедия түрлерін қамтиды. Бұл да ынталандыруға апаратын жолдың аз ғана үлесі деуге келеді.

Білім алушыларды әрі қарай ынталандырудың тағы бір қадамы оларға берілетін кері байланыс пен мотивация. Өйткені әрбір мотивация жетістікке жетудің бір қадамы.Қадам неғұрлым көп болса, жетістік баспалдағына шығу жолы да айқын.Бұл да оқушының әрі қарайғы білім алуы үшін қарастырылатын бағалау терминін құрайды.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.[МАН 51б]

Сондықтан оқуды бағалауда оқу үшін бағалап жатқандығыңызды әр сәт сайын естеріне салып отыру қажет.

Білім алушыларды сабақта ынталандыруда мұғалімге ең қажеті —  кәсіби дағды. Яғни әр мұғалім өз сабағының мақсатын әзірлей алуы керек. Сабақ барысында дербес оқушыларды, сын тұрғысынан ойлай алатын  оқушыларды анықтап соған сәйкес қолданатын әдіс-тәсілін білуі маңызды. Қалай оқу керектігін үйрету, оқу үдерісінде барлық оқушыларды тыңдай білуі, бақылай алуы қажет. Мұғалімнің білім алушылармен ынтымақтастық оқу ортасын қалыптастыруда өз тәжірибесіне өзгеріс ендіре алуы, түзетуде икемділік таныта білуі, білім алушылардың оқу қарқынын жоспарлай алуы, жаңаны, жарамды материал мен дерекөздерді табуы, тапсырмалар жүйесін құруы, оқу, үй тапсырмасы мен сыныптан тыс тапсырманы үйлестіре алуы, сабақ уақытын ұтымды жоспарлауы,білім алушылардың алға жылжу қарқынын саралауы, рефлексивтік практик болуының кепілі. Жазбаша есепке жүйелеуі үшін оқуды және оқу үшін бағалауды тиімді ықпалдастыра жүргізуі қажет. Білім алушыларды оқу іс-әрекетіне ынталандыру-олардың қызығушылығы мен бейімділіктеріне әсер ете білу деген сөз. Осылайша сабақты рефлексивтік практик ретінде жоспарлай алсаңыз олардың оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыруға деген ұмтылысы пайда болады

Оқушыларды ынталандарудағы тағы бір тәсіл ол білім алушының жұмысын қадағалау және апта сайын жеткен жетістіктерін айтып, марапаттау. Сыныпта  әлсіз оқушының өзін назардан тыс қалдырмай,мақтауға тұрарлық жақтарын қарастыру, ата-анасына жақсы пікірлер қалдырып отыру. Оларға барынша шынайы болып, өмірден алынған мысалдармен өз тарапыңыздан  ынта-жігеріңізді таратып, үміттерін оятыңыз. Бірсарынды сабақ өткізуден қашық болыңыз.

Шығармашылыққа бағытталған іс-шараларды қатар алып жүруді жоспарлаңыз. Ең қызықты өткен сабақ тапсырмаларын кейінгі сабақтарға қосуды ұмытпаңыз. Білім алушының шағымын, уәжін азайту мақсатында оларға іс-әрекетіңізді түрлендіріп,аздап өкілеттік беріп қоюға да болады. Кей-кейде ол-сіз, сіз-ол болып рөл ауыстыруға да болады. Өкілеттікке ие білім алушылардың белсенділерін өз міндеттеріне сай жұмыс бөліктерін орындату арқылы да апта қорытындысының айшықты нәтижесіне қол жеткізуіңіз ынталандырудың бір түрі болып табылады. Кейбір оқушыларда қабілеттеріне деген сенімсіздігі, қорқынышы болады. Мұндай қорқынышты жеңу үшін оларға әрдайым адамдардың өздеріне жараса қателіктері болатынын, қателіктер арқылы сабақ алып, бірге жеңіске жетуге болатын түсіндіру маңызды.

Сабағыңызды жоспарлаудан тыс тағы бір тиімділік- тақырыпқа байланысты  өмірден алынған  қызықты оқиғаларды  баяндау, олардың жеке өміріне қаншалықты байланысы бар екенін ұғындыру болып табылады. Олардың әрбір талпынысын бағалау және  көтермелеу керек.

Дереккөздер:

  1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған мұғалімге арналған нұсқаулық 3 (негізгі) деңгей.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *