Қаржылық сауаттылық: Неге ол маңызды және неге оны дамыту керек?

Қазіргі заманда қаржылық сауаттылық – әрбір адамның өмір сапасын арттыратын және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізетін маңызды құралдардың бірі. Ол жеке қаражатты басқару қабілетінен бастап, экономикалық және қаржылық шешімдер қабылдауға дейінгі кең ауқымды қамтиды.

Әлемнің көптеген елдері қаржылық сауаттылықты ұлттық деңгейде дамытуға басымдық беріп, оны елдің экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы ретінде қарастырады. Бұл тақырыпқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза да ерекше назар аударып, қаржылық сауаттылықты арттыруды ел дамуының басты бағыттарының бірі ретінде атап өтті.

Қаржылық сауаттылық деген не және ол не үшін қажет?

Қаржылық сауаттылық – бұл жеке және отбасылық қаражатты басқарудың негіздерін түсіну. Бұл келесі тақырыптарды қамтиды:

  • Ақшаны ағындарын (кіріс пен шығындар) дұрыс жоспарлау;
  • Қаражат жинауды жоспарлау;
  • Қаржы құралдарын – инвестицияларды, сақтандыруды, депозиттерді және кредиттерді түсіну және қолдану, және т.б.

Қаржылық сауаттылықтың пайдасы:

  1. Қаржылық тұрақтылық. Қаржылық сауаттылық отбасылық бюджетте тәртіп орнатып, күтпеген шығындарға дайын болуға көмектеседі.
  2. Қаржы шешімдерін қабылдағанда сенімді болу. Алаяқтардың құрбаны болмауға, жоғары пайыздық кредиттерден аулақ болуға, инвестицияларды сауатты таңдауға мүмкіндік береді.
  3. Болашаққа сенімділік. Қаржылық сауатты адамдар қаржылық мақсаттарына жетіп, қартайған кезде қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.

Неге қаржылық сауаттылық қазіргі заманда маңызды?

Қазіргі заманның қаржылық жүйесі өте күрделі және жылдам өзгеруде. Ақша, инвестиция және несиені дұрыс түсінбеген немесе қалай жұмыс істейтінін білмейтін адам қаржылық шешім қабылдауда үлкен тәуекелге ұшырайды. Әр қабылдаған қаржылық шешімі, қараңғы құзғынға қадам жасағанмен бірдей.

Дамыған елдердің тәжірибесі:

  1. АҚШ: Gallup зерттеуіне сәйкес, АҚШ-та халықтың шамамен 57%-ы қаржылық сауатты деп саналады. Елде қаржылық білім мектептен бастап оқытылады. Сонымен қатар, халықтың 55%-ы инвестицияларға қызығушылық танытып, өз капиталын өсірудің жолдарын іздейді. Бұл қарапайым халық, медициналық қызметкерлер, мектеп мұғалімдері мен университет профессорлары, тіпті дала тазалау қызметінде жүрген жұмысшылар.
  2. Еуропа: Германия мен Нидерландыда қаржылық сауаттылық деңгейі 65%-дан асады. Бұл елдерде жинақтау мәдениеті жоғары дамыған, ал халықтың едәуір бөлігі жеке зейнетақы қорлары мен сақтандыру жүйелерін белсенді түрде пайдаланады.
  3. Азия: Жапонияда халықтың 71%-ы қаржылық сауатты деп танылады. Бұл елде жинақтау мәдениеті және ұзақ мерзімді инвестициялар – қаржылық тәуелсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.

Қазақстан және қаржылық сауаттылық: Президенттің көзқарасы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен. Ол атап өткендей, ел азаматтары қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдай білуі үшін және қарыз тәуелділігінен құтылуы үшін қаржылық білімді арттыру қажет.

Президенттің маңызды мәлімдемелері:

  • «Көптеген отандастарымыз төмен табыстың, қаржылық қиындықтардың және кредиттік қарыздың тұзағына түсіп қалған. Бұл жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және экономикалық ой-өрісін кеңейту.»
  • «Білім беру жүйесі – еліміздің дамуының басты құралы. Жастарымыздың қаржылық сауатын арттыру арқылы біз олардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.»

Сондықтан қаржылық сауаттылықты арттыру елдің экономикалық өсуінің және азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қаржылық сауаттылықты арттырудың нәтижелері

Қаржылық сауаттылық деңгейінің өсуі көптеген елдерде нақты оң нәтижелер берді:

  • Тұрғындардың әл-ауқатының артуы. Қаржылық сауатты адамдар дұрыс инвестицияларға, тиімді сақтандыруларға және ұзақ мерзімді жинақтарға басымдық береді.
  • Кедейлік деңгейінің төмендеуі. Мысалы, Австралияда қаржылық сауаттылық бағдарламалары енгізілгеннен кейін үй шаруашылықтарының қарыз деңгейі 15%-ға төмендеді.
  • Алаяқтықтан қорғаныс. Данияда қаржылық сауаттылық деңгейі жоғары болғандықтан, алаяқтық құрбаны болғандардың саны Еуропа елдері арасында ең төменгі деңгейде.

Қорытынды

Қаржылық сауаттылық – бұл жай ғана жеке қаражатты басқару емес, бұл экономикалық қауіпсіздік, тұрақтылық және өз болашағыңды құру қабілеті. Бүгінгі әлемде қаржылық сауаттылықсыз адам табысты өмір сүру үшін қажет дағдылардың көп бөлігінен айырылады.

Қазақстан азаматтары қаржылық сауаттылықты меңгеру арқылы өмір сапасын жақсартып, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізе алады. Ел басшылығының бұл мәселеге ерекше назар аударуы – біздің қаржылық сауатты ұлт болуымыз үшін үлкен мүмкіндік.

Бүгіннен бастап қаржылық сауаттылықты үйрену – ертеңгі табысты өмірдің кепілі!

 

Бұл мақала Mukaman.kz, қаржы саласында білім беру порталымен дайындалған.

Бұл порталда «қаржылық сауаттылық» атты пән қазақ тілінде қол жетімді. Mukaman.kz білім беру порталында «қаржылық сауаттылық» пәні, халық аралық беделді қаржы институттармен мақұлданған тақырыптарды қамтиды.

Осы https://mukaman.kz/courses/Financial%20Literacy сілтемеге кіру арқылы, қаржылық сауаттылық пәні туралы толығырақ ақпарат ала аласыздар. Онлайн курс сатып алу барысында nur20 атты промо код қолдану арқылы, 20% жеңілдік ала аласыздар. Ол үшін сіздерге тек бізбен WhatsApp (+7 747 130 20 20) арқылы байланысқа шығып, қаржылық сауаттылық Nur20 деп  жазсаңыз болғаны.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *