Жер қатынастарын реттеу
Қазіргі Қазақстан аумағында тұратын халықтардың жер қатынастарының даму тарихын, біздің көзқарасымызша шартты түрде бірнеше кезкңге бөлуге болады.Бірінші кезеңге ерте кезден Ресейге қосылғанға децінгі жер қатынастарының тарихи даиуын жатқызуға болады.Үшінші кезең-бұл кеңес кезінде жер қатынастарының дамуы мен қалыптасуы ,яғни 1917 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Соңғы төртінші кезең Қазақстанда жер реформасының басталуынан қазіргі кезге дейінгі кезең.
Республикада тарихи және құқықтық аспектілерде жер қатынастарын дамыту мәселелерін әр кезеңде бірнеше ғалымдар зерттейді.Мұнда олар әртүрлі тарихи кезеңдердегі жер қатынастарының ерекшеліктері мен көзқарастар танытады. Олардың ішінде :С.И.Ілиасов, С.Л.Масанов,С.З.Зиманов және т.б.
Қазір белгілі уақыттар өткен соң , шамалы тәжірибені жинақтау негізінде жер реформасы кезінде жіберілген көптеген қателіктер туралы айтуға болады.Алайда республикадағы нарықтық қатынастарға өту процесі жерге жеке меншіктің болмауына және нарықтық жер қатынастарын қалыптастыру қажеттіліктеріне тойтарыс берді.Президент қабылдаған 1994 жылдың 24 қаңтарында «Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы» және 1994 жылдың 5 сәуіріндегі «Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы»Жарлықтар жаңа жер қатынастарын дамыту,бұрын қабылданған заңдардың шектейтін ережелерін жою , алдағы заңнамалық процеске бағыт беру үшін мүмкіндіктер беру мақсаттарын иеленеді. 2003 жылы қабылданған ҚР жаңа жер Кодексі негізінен «Жер туралы»заңның заңнамасының нормаларын сақтады.Алайда оның басты жаңалығы ҚР ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншіктегі енгізуді реттейтін нормалар қабылдау болады.Мұнда жерді жеке меншікке ала алатыны туралы ережелер сақталады, жер учаскілерін жеке меншікке сатып алуда жеңілдіктер беріледі, яғни жеңілдікпен сатып алуда жеңілдіктер беріледі, яғни жеңілдікпен сатып алу бағасы учаскенің базалық ставкасының 75%-ын 09рады6 учаскелерді сатып алу 10 жыл бойы жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында қабылданған «жер туралы» екі заңда жер заңнамасының негізгі принципі-жерді Қазақстан халқының өмірі мен қызметінің негізгі , табиғи объектісі ретінде сақтау белгіленген.Жер-жер қатынастарының өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығын тарихи, табиғи –жаратылыс демографиялық , саяси және әлеуміттік экономикалық жағдайлар мен есеп алуды талап ететін құқықтық және жердің құқықтық қатынастарының ерекшк объектісі.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718