Ұлттық салт-дәстүрлердің тағылымы қандай?

Әр ұлттың өзінің салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары болады. Салт-дәстүр ұлт, халық үшін өмір, қоғамның заңы болып негізделген. Қазақ халқында салт-дәстүрді құрметтеген. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған. Мысалы той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік, ата салты болып саналады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Мысалы үлкенді, ата-ананы құрметтеу, көрімдік, кәде сұрау, байғазы, сүйінші, сәлем беру, құрдастық қалжың, ат тергеу, т.б. салт-дәстүрге жатады. Салт-дәстүр көрінісі әдет, ғұрып, ишара, дағды, ырым, тыйым және т.б.

Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Этнограф Сейіт Кенжеахметұлы ел есінен шығып бара жатқан ” бел көтерер”, “немеурін”, “құттық”, “биеқыстырмақ” тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының  350 түрін тауып, жүйелеп ашып көрсеткен. Соған орай ол “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” деген анықтамалы жинақ бастырды. Ол этнограф қазақтың салт-дәстүрлеріне өзара топтастыра білді.

  1. Отау көтеру дәстүрлері: “Той”, “Қалың мал”, “Киіт”, “Өлі-тірі”;
  2. Тәрбие дәстүрлері: “Шілдехана”, “Сүйіндір”, “Ат қою”, “Бауырына салу”;

3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері: “Ауызбастырық”, “Ат мінгізіп, шапан жабу”

  1. Еңбек дәстүрлері: “Асар” , “Көген той “, “Қолкесер”;
  2. Наурыз дәстүрлері: “Қыдыр ата”, “Наурыз бата”, “Әз”;
  3. Ислам тағылымдары: “Айт”, “Құрбан шалу”; 7.Қаза ғұрыптары: “Жаназа”, ” “Көңіл айту”, “Естірту”;

Жоғарыда аталып өткен дәстүрлеріміздің кейбіреуі қазіргі өмір салтымызда шығып қалған. Қазақ халқының тұрақтанған дәстүрінің бірі – жеті атасын білу. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім басқа рулармен байланысын білген.

Дәстүріміз болса, халық оң болады, дәстүр бұзылса, қоғамның тарихи даму сабақтастығы да бұзылады! Сондықтан да салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, есте сақтап, дұрыс жеткізе білу әрбір адамның қолында!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *