Ұлттық салт-дәстүрлердің тағылымы қандай?
Әр ұлттың өзінің салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары болады. Салт-дәстүр ұлт, халық үшін өмір, қоғамның заңы болып негізделген. Қазақ халқында салт-дәстүрді құрметтеген. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған. Мысалы той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік, ата салты болып саналады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Мысалы үлкенді, ата-ананы құрметтеу, көрімдік, кәде сұрау, байғазы, сүйінші, сәлем беру, құрдастық қалжың, ат тергеу, т.б. салт-дәстүрге жатады. Салт-дәстүр көрінісі әдет, ғұрып, ишара, дағды, ырым, тыйым және т.б.
Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Этнограф Сейіт Кенжеахметұлы ел есінен шығып бара жатқан ” бел көтерер”, “немеурін”, “құттық”, “биеқыстырмақ” тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының 350 түрін тауып, жүйелеп ашып көрсеткен. Соған орай ол “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” деген анықтамалы жинақ бастырды. Ол этнограф қазақтың салт-дәстүрлеріне өзара топтастыра білді.
- Отау көтеру дәстүрлері: “Той”, “Қалың мал”, “Киіт”, “Өлі-тірі”;
- Тәрбие дәстүрлері: “Шілдехана”, “Сүйіндір”, “Ат қою”, “Бауырына салу”;
3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері: “Ауызбастырық”, “Ат мінгізіп, шапан жабу”
- Еңбек дәстүрлері: “Асар” , “Көген той “, “Қолкесер”;
- Наурыз дәстүрлері: “Қыдыр ата”, “Наурыз бата”, “Әз”;
- Ислам тағылымдары: “Айт”, “Құрбан шалу”; 7.Қаза ғұрыптары: “Жаназа”, ” “Көңіл айту”, “Естірту”;
Жоғарыда аталып өткен дәстүрлеріміздің кейбіреуі қазіргі өмір салтымызда шығып қалған. Қазақ халқының тұрақтанған дәстүрінің бірі – жеті атасын білу. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім басқа рулармен байланысын білген.
Дәстүріміз болса, халық оң болады, дәстүр бұзылса, қоғамның тарихи даму сабақтастығы да бұзылады! Сондықтан да салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, есте сақтап, дұрыс жеткізе білу әрбір адамның қолында!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718