ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРҒА МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Доскина Г1 ., Зайнишова С.Б2.

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРҒА МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жоғары медициналық колледж «Интердент»

 «AMD» Клиника

Егде жастағы адамдарға тән патологиялық өзгерістердің байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға біріктіруге болады:

Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті қосқанда).

Бір науқастың бойында екі немесе одан да көп аурулардың болуы. Егде  жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады.

Зерттеудің материалдары мен әдістері

Зерттеудің мақсаты: Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін анықтау. Мейіргердің жұмыс деңгейін анықтау мақсатында сауалнама ұйымдастырудың тиімділігін, мейірбикелердің жұмысын бағалау. Бұл мәселе бойынша қызметкерлердің пікірін анықтау арқылы сұрақтарға жауап алуға және зерттеу міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Зерттеу объектісі: 2021 жылы қыркүйек айында «AMD» Клиникасының, кордиалогия бөлімшесінде «Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін анықтау» мақсатында медицина қызметкерлерінен сауалнама алынды. Зерттеу негізінде сауалнама алуға жалпы 20 мейіргер қатысты. Сауалнама 20-51 және одан жоғары жас аралығындағы адамдар тобын қамтыды.

Міндеттері:

  • Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерінің теориялық және құқықтық аспектілерін зерттеу.
  • Егде жастағы науқастардажиі кездесетін мәселелерін қарастыру.
  • Мейіргерлік күтім бөлімшесінің құрылымын сипаттау.
  • Егде жастағы науқастарға және туыстарына мейіргерлік күтімжасаудағы мейіргердің рөлін талдау.
  • Стационар жағдайында ауыр науқастың туыстарымен жұмыс істейтін мейіргерге ұсыныстар жасау.

Зерттеу құралы: «AMD» Клиникасының кордиалогия бөлімшесіндемейіргерлерге сауалнама жүргізілді.

Сауалнаманың мақсаты егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімніңерекшеліктерін зерттеу және күтім жасау сапасын бағалау мақсатында, қаншалықты біліп, жұмыс істеп жатқандығы бағаланды.

Негізгі зерттеудегі медицина қызметкерлеріне арналған сауалнама 20 сұрақтан тұрды мейігерлердің деректерді (жынысы, жасы, білімі және т.б.), көрсетілген мейіргер көмегінің көлемі туралы сұрақтар блогын, осы бөлімшедегі мейіргерлердің жұмысы туралы пікірді, тамақтану сапасы және бөлімшеде болу жағдайлары туралы, мейіргер көмегінің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды қамтиды. Сұрақтардың әрқайсысы үшін бірнеше сәйкес келетін жауаптар ұсынылды.

Респонденттерге қолайлы болуы мен сауалнама нәтижелерін жақсарту үшін мейіргерлер үшін сауалнама қазақ тілінде дайындалды. Сауалнама анонимді түрде өткізілді. Сонымен қатар  медицина қызметкерлерінен алдын ала келісім сұралды. Сауалнама сұрақтары  1-ші  қосымшада келтірілген.

 Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін зерттеу мақсатында алынған нәтижелерді талдау

2022 жылы қыркүйек айында Алматы қаласында орналасқан «АМД» медициналық орталығында «Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін анықтау» мақсатында медицина қызметкерлерінен сауалнама алынды. Зерттеу негізінде сауалнама алуға жалпы 20 мейіргер қатысты. Сауалнама 20-51 және одан жоғары жас аралығындағы адамдар тобын қамтыды.

Сауалнаманың сипаттамасы:

«Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін анықтау» мақсатында 20 медицина қызметкерлерінен сауалнама алынды.

 

1-кесте.Респонденттердің жынысы бойынша сипаттамасы

 

   Саны %
Әйел 20 100
Ер адам
Қорытынды 20 100,0

 

Мейігерлердің көпшілігі  100 %- әйелдер 20 адам, ал ер адамдар 0% — ы құрады.

 

1-диаграмма:Жынысыңызды көрсетіңіз?

 

«Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін анықтауда» сауалнама жүргізу арқылы зерттеу мақсатында сауалнама нәтижелері

 

Зерттеу бойынша сауалнама жауаптарын қорытындылай келе мейіргерлерінің егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін зерттеу барысында және күтім көрсетудегі білім деңгейін анықтауда  респонденттерден алдымен зерттеу барысында демографиялық, жасын, жынысы, тұрғылықты мекен-жайы, білімі, әлеуметтік мәртебесі, табысының деңгейін қамтиды аумақтық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларға негізделген сұрақтар қойылды. Респонденттердің арасындағы жиі кездесетін жас мөлшері 41 — 50 жас аралығындағылар, яғни — 60% құрады. Жынысы бойынша респонденттер арасында әйелдер саны — 100% құрады. Мейіргер ретінде жұмыс өтілулері «20 жылдан астам» – 55% құрады. Респонденттердің білім деңгейі арнайы орта  — 95%, ал қалған 5% жоғары оқу орнын бітірген.

Респонденттердің егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері бойынша семинарға қатысқандар — 100%, ал семинарға қайта қатысуға дайын 35%, ал мейігерлердің жұмыс сапасын арттыруда жиі арнайы тренингтерге жиі қатысатыны — 45% құрады.

Енді медициналық диагностикалық қызметте мейігердің манипуляциясын жүзеге асыруда алгоритм бойынша әрекет ету қажеттілігі — 60%. Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері туралы білім мейігерлердің тәжірибесіне өте маңызды  — 100%, қосымша оқыту тәжірибемізге өте пайдалы — 65% болды. Пациенттерге психологиялық көмек беру мейігерлердің көпшілігі — 50%, Респонденттердің емделмейтін науқастармен жұмыс жасау кезінде мейігерге тән қасиеттер «мейрімділік» деп санаған  — 65% болды.

Респонденттердің мейіргерлерінің егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін зерттеу барысында және күтім көрсетудегі білім деңгейі  бағаланды,  жалпы санының нәтежесі 73% -ын құрады.

Қорытынды

Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерінекі кең тақырыпқа бөлуге болады; науқастарға тікелей көмек және жанама көмек көрсету. Науқстарға тікелей күтімі бағалауды, отбасылық күтімді, физикалық және психоәлеуметтік көмекті қамтиды. Науқстарға жанама көмек көрсету көп салалы топты және пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мамандандырылған және басқарушылық дағдыларды іс жүзінде қолдануды қамтиды. Мейіргердің күтімі материалдық және материалдық емес аспектілерінің тұрақты «процесі» ретінде қарастырылады. Күтімнің «материалды» аспектісі – олар қандай жағдайда болғанына қарамастан мейіргерлік күтім, ал «материалдық емес» күтім белгілі бір жағдайдың мән мәтініне немесе мәдени жағдайына сәйкес өзгертілуі, бейімделеуі мүмкін мейіргердің әрекеті ретінде анықталады.

Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің жасауда, мейіргерлер шешуші рөл атқарады.

Мейіргер осы салада қажетті білім мен дағдыларға ие болуы керек, сонымен қатар бірқатар қасиеттерге ие болуы керек, оларсыз науқастың қасында болу мүмкін емес: мейірімділік, мейірімділік пен жауаптылық, жанашырлық сезімі және жанашырлық қабілеті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Геронтология и гериатрия: учебник для студентов, врачей и социальных работников / под ред. А.А.Аканова.-Алматы, 2013.- 424 с.
  2. Б.С. Турдалиева., А.И. Игисенова., А.К. Абикулова., А.К. Ешманова. Егде жəне қарт жастағы адамдардың қажеттілігінің медициналық — əлеуметтік мəселелері// Вестник КазНМУ.-Алматы, 2016.-№4. — Б. 399-402.
  3. ИгисеноваА.И., МусаеваБ.А., ТаукебаевҚ.Б., БайказаковаМ.Т.Егдежастағыадамдарғакөрсетілетінгериатриялықкөмектіңмəселелері// ВестникКазНМУ.- 2014.- №1.- Б.432- 433.
  4. Қазақстан Республикасының демографиялық болжамы: трендтер, қауіптер, практикалық ұсыныстар – Астана, 2014 // http://www.akorda.kz
  5. Анашкина С.А. и др. Наблюдение и гигиенический уход за пациентами при экстремальных и терминальных состояниях. – 2017.
  6. Тезекбаева З. С. Здоровье пожилых людей и требования к услугам здравоохранения // Сборники конференций НИЦ Социосфера. – Vedecko vydavatelske centrum Sociosfera-CZ sro, 2014. – №27.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *