Көліктер
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
Пән: Кіріктірілген. Сөйлеуді дамыту, қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру
Өтпелі тақырып: «Қыс»
Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты:
Білімділік: Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорларын молайту
Дамытушылық: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу
Педагогикалық технология: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологияы, АКТ, ТРИЗ технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Кюзенер таяқшалары, АКТ, суреттер, Деньеш блоктары.
Әдіс-тәсілдері: қар кескіні, сұрақ-жауап әдісі, қайталау әдісі, практикалық әдіс,сыни ойдау, 4К моделі,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балаларды ұйымдастырылған оқу қызметіне даярлау.
Балалармен көңілді бимен сәлемдесу
Тәрбиеші: -Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді «қар кесегі» ойынынан бастағым келеді. Сендерге қар атысып ойнаған ұнайды ма?
Балалар: -Иә, ұнайды.
Тәрбиеші: -Келіңдер барлығымыз бірге ойнайық.
-Балалар қарды ашып қарап көрейікші, ішінде не бар екен?
Балалар: -Автокөлік, автобус, поезд, кеме, ұшақ.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар балалар, онда бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ? Ұйымдастырылған оқу қызметімізді басау үшін орнымызға отырамыз.
Тақтаға назар аударайық.
- Негізгі бөлімі
Видео «Көліктер» жайлы.
Тәрбиеші: -Балалар видеода не көрдіңдер?
-Қанша көліктер көрдіңдер.
-Мотоцикл әуеде ұшады ма?
Балалар: -Автобус, поезд, кеме, ұшақ.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізге Алан мен Қозықа қонаққа келді.
Алан мен Қозықа: – Сәлеметсіздер ме балалар, бізге сендердің көмектерің керек.
Тақтаға назар аударылады. (Алан мен Қозықа аспаннан жұлдыз аққанын көріп оны тапқысы келеді және сол саяхаттарына балаларды шақырады)
Алан мен Қозықа: -Достар бізбен бірге Қазақстанның қалаларына жұлдызды іздеуге саяхатқа шығып, көмектескілерің келеді ме?
Тәрбиеші: -Алан мен Қозықа ал саяхатымызды қандай қаладан бастаймыз?
Алан мен Қозықа: -Өзіміздің Көкшетау қаламыздан бастайық. Бірақ достар қалай ойлайсыңдар Көкшетауға қандай көлікпен барсақ болады? Қане барлығымыз бірге тандайық.
Балалар: -Автобус
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар!
Алан мен Қозықа:-Ал достар саяхатымызға аттанайық, бәрімізге сәт сапар тілеймін!
Алан мен Қозықа: – Көкшетау қаласының Бурабай өлкесіне келдік достар.
– Қарап көрейікші жұлдыз бар ма екен?
Тәрбиеші: -Қанекей дұрбімен қарап көрейікші. Таудың үстінен қарайықшы.
Балалар: -Жоқ
Тәрбиеші: -Балалар Бурабайда еліктер көп, солардың бірі Бэмби. Содан сұрап көрейік.
Бэмби: –Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер не іздеп жүрсіңдер?
Балалар: -Біз жұлдыз іздеп жүрміз.
-Мен жұлдыздың қайда екенін білемін, менің тапсырмаларымды орындасаңыздар қайда екенін айтамын.
Тәрбиеші: -Балалар Бэмбидің тапсырмасын орындаймыз ба?
Балалар: -Иә орындаймыз.
АКТ ойыны
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар! Қараңдар бізге жұлдыз қай қалада болуы мүмкін екенын көрсетті.
-Бұл қандай жер деп ойлайсыңдар?
Балалар: Каспий теңізі
Алан мен Қозықа: -Балалар Ақтау қаласына Каспий теңізіне қандай көлікпен баруымыз керек?
Балалар: –Поезд
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар.
Алан мен Қозықа: -Достар қараңдар Каспий теңізіне келдік. Судың астынан жұлдызды іздеп көрейік?
Балалар: -Жоқ
Тәрбиеші: -Бұл жерде де жоқ сияқты, бірақ бұнда алтын балық бар екен. Мүмкін ол бізге көмектесер.
Алтын балық:
–Сәлеметсіңдер ме, жоқ балалар мен білмеймін, бірақ менде сиқырлы таяқшалар бар, ол таяқшалармен ұшақ құрастыру арқылы жұлдызды таба аласыңдар.
Алтын балық тапсырмасы.
Тәрбиеші: -Балалар біраз шаршап қалған сияқтымыз,орнымыздан тұрайық біраз сергіп алайық.
Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы төменде жылтыраған бір зат көрінеді, мүмкін бұл жұлдыз шығар.
Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы біз қайда келдік.
Балалар: -Астана қаласына
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл біздің елордамыз Астана қаласы. Жұздыз осы жерге түсіпті ғой. Жұлдыз түскен жерге ерекше балабақша ашылыпты.
Алан мен Қозықа: Алаққай біз осы балабақшада қалайықшы.
Тәрбиеші: Алан мен Қозықа балабақшада қалуы үшін тапсырма орындауы қажет.
Нейро жаттығуы
Алан мен Қозықа: -Рахмет сендерге балалар.
Тәрбиеші: -Балалар біздің өзімізді балабақшамызға да кететін уақыт келген сияқты.
Алан мен Қозықа: -Сау болыңдар балалар.
- Қорытынды
Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізге кімдер қонаққа келді?
-Біз не туралы әңгімелестік?
-Көліктің қандай түрлері бар?
Балалар: –Алан мен Қозықа
-Көліктер жайлы
-Суда жүзетін көліктер, әуе көліктері, жерде жүретін көліктер
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718