Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Марибаева Аймен Айтхановна
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару
Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйе ұғымы мен негізгі нысандары және оның міндеттері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру
Сабақ міндеттері:
- Білімділік:Оқушыларды ОЖ ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Бастау» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету
- Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін, логикасын дамыту
- Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Өткенді пысықтау кезеңі
- Жаңа сабақ кезеңі
- Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
- Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
- Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту
- Өткенді пысықтау кезеңі:
- Компьютердің программалық жасақтамасына нелер жатады?
- ОЖ-нің негізгі міндеттерін атаңдар
- Интерфейс деген не?
- Қандай интерфейстерді білесіңдер?
- Қолданбалы программалардың міндеттері қандай?
- Программалау жүйелері не үшін қолданылады?
- Драйверлер не үшін қажет?
- Ядро дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ кезеңі:
Компьютердің программалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы программалардан және программалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік программалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система – ОС) негізгі болып табылады.
ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өндеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ – әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады. компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.
ОЖ-нің негізгі функциясы – осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
WINDOWS – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі-бағдарланған әдістемеге негізделген. ОЖ ортасының ерекшеліктері:
ü пайдаланушының интерфейсін стандарттау;
ü көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
ü жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
ü программалардың функциясын интеграциялау
ü көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбалы қатар орындау және бір программадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
ü графикалық режімді басым қолдану;
ü жергілікті желі және Іnternet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас
құралдары;
ü мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;
ü “Рlug and Play” технологиясы (қосатын құфылғыларды автоматты баптау).
WINDOWS – графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
WINDOWS-тің обьектілері – терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.
Шартбелгі – экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлық – белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Бума – экаранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл обьектілер қоймасы.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері – әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы – бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолак. Есептер тақтасында «Бастау» батырмасы, уақыт, күн, іске косылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
«Бастау» батырмасы – бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің «Бас менюі» пайда болады. «Бас меню» жеті пункттен тұрады:
- Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім
- Жуық арада ашылған құжаттардың 15-тен аспайтын тізімі
- Баптау
- Іздеу
- Анықтама
- Орындау
- Жүмысты аяқтау
- Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
- Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.
- Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
- Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.
- Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындау.
VI.Бақылау кезеңі
- WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
- Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?
- Бума дегенміз не?
- WINDOWS ОЖ қандай обьектілерібар?
- Есептер тақтасы дегеніміз не?
- Жұмыс үстелінде қандай нысандар орналасқан
- Шартбелгі дегеніміз не?
- Жарлық дегеніміз не?