Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
Исаинова Айжан Исаиновна
Қысқа мерзімдік жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
3. Физикалық география 3.1. Литосфера
Күні:
Сынып: 7 |
Мектеп: №86 ЖББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Исаинова А.И.
Қатысқандар саны: Қатыспағандар: |
|||
Сабақтың тақырыбы | Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
|
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сәйкес) |
7.3.1.1. литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды.
|
|||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:
Литосфера Жер шарының қандай қабығы екенін және Жердің ішкі құрылысын біледі.
|
|||
Оқушылардың басым бөлігі:
Литосфераның құрылымын жіктейді және литосфералық тақталаларды ажыратады.
|
||||
Кейбір оқушылар: Жер қыртысын құрайтын заттарды, тау жыныстарын талдайды.
|
||||
Бағалау критерийі
|
Білу, түсіну – Литосфера, оның құрылымы, құрамын анықтайды.
Қолдану – Литосфера құрамындағы тау жыныстарды кластерге салып, талқылайды. Талдау – Суреттер мен сызбалар арқылы мұхиттық және материктік жер қыртысының айырмашылықтарын ажыратады.
|
|||
Тілдік мақсаттар | Оқылым – мəтінді оқи отырып, литосфераның құрылысы мен заттық құрамын зерделейді.
Жазылым – Кескін картамен жұмыс жасайды, кесте толтырып, термин сөздерді жазады. Тыңдалым, айтылым – Бейнероликтерді,топтық жұмыс кезінде бір-бірін тыңдайды.
|
|||
Пән бойынша сөздер мен терминдер: Литосфера, жер қыртысы, мантия, ядро,магмалық, шөгінді, метаморфтық тау жыныстары, материктік жер қыртысы, мұхиттық мұхиттық жер қыртысы.
|
||||
Құндылық-тарға баулу | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау. | |||
Пәнаралық байланыс | Химия – жердің тектоникалық құрылымы, химиялық құрамы.
Биология – табиғат компоненттерінің бір-бірімен байланысы. Физика –жердің беті сыртқы және ішкі процестердің әрекеті. |
|||
Алдыңғы білім | Жер беті қабықтарын, литосфераны, жердің ішкі құрылысы туралы ұғымдарды біледі.
|
|||
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
||
Сабақтың басы
|
Сабақты ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын құру Үй тапсырмасын сұрау Бағалау: Мадақтау арқылы жүргізіледі. |
Интербелсенді тақта
|
||
Сабақтың ортасы
|
Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға бастау үшін бейнеролик көрсетеді. Бейнероликті көріп болған соң бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады:
Ø Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз? Ø Жердің құрылымы қандай қабаттардан тұрады? Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Жұппенен өз ойларын бөліседі. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді. INSERT әдісі арқылы бейнематериалдан керекті мағлұматты дәптерлеріне жазып алады. Тапсырма 1: Оқушылар мәтінді оқып литосфераның құрылысы анықтайды. 1 : Жер қыртысы 2 : Мантия 3: Ядро тақырыбындағы мәтінді оқып тапсырмаларды орындайды. Дескриптор: 1. 1. Литосфера бөліктерінің атауларын анықтайды. 2. Литосфера құрамын ажыратады. 3. Жер қыртысының құрылымын біледі. 2.
4. Мантия құрамымен танысады. 5. Мантия құрылысын жіктейді. 3.
6. Ядроның құрылысын біледі. 7. Ядроның құрамын анықтайды.
Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» тәсілі арқылы арқылы топтар бірін бірі бағалайды.
Картамен жұмыс: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы мұғалім оқушыларға атлас карталарын аша отырып, жер қыртысында кең таралған элементтер, тау жыныстары мен минералдарды картадан қарастыруға жетелейді. Оқушылар өз ойларын айтады. Тапсырма 2: Жеке жұмыс. «Тірек-сызба» арқылы «Жер қыртысының құрылысын» толтырыңыз.
Берілген тапсырмада оқушылар тірек – сызба жұмысы арқылы оқушылар жер қыртысының екі түрін ажыратып, жіктеп, тірек сызбаға жазу керек. (Материктік: шөгінді, гранит, базальт; Мұхиттық: шөгінді, базальт) Дескритор: 1. Жер қыртысының түрлерін біледі. 2. Материктік жер қыртысының құрамын ажыратады. 3. Мұхиттық жер қыртысының құрамын ажыратады. Бағалау: Оқушылар жұппен парақтарын ауыстырып, бірін бірі, «+»және «-» таңбаларын көрсету арқылы бағалайды. Тапсырма 3: Мұхиттық және материктік жер қыртысының айырмашылығы мен ұқсастығын анықтаңыз. Дескриптор Материктік жер қыртысының заттық құрамын анықтайды Мұхиттық жер қыртысының заттық құрамын анықтайды Материк және мұхиттық жер қыртыстарының ұқсастығын ажыратады Бағалау: оқушы өзің-өзі бағалайды. Тапсырма 4: Жұптық жұмыс. Оқулықты пайдаланып литосфера құрамындағы тау жыныстарын «Кластер құру» әдісін қолдану арқылы анықтап, талқылайды. Дескриптор: 1. Тау жыныстарының түрлерін ажыратады. 2. Шөгінді тау жыныстарын біледі және олардың түрлерін ажыратады. 3. Магмалық тау жыныстарын біледі және олардың түрлерін ажыратады. 4. Метаморфтық тау жыныстарын біледі және олардың түрлерін ажыратады. Бағалау: Оқушылар бірін бірі «бағдаршам» тәсілі арқылы бағалайды. |
Жердің құрылымы
https://youtu.be/sNIU1CfLB98 /3 минуттық көрсетілім/
Дүниежүзінің физикалық картасы
Тірек- сызба
Оқулық, презентация
|
||
Сабақтың
соңы
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Үйге тапсырма: Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы, термин сөздерді жаттау. |
|
||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпек-сіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||