Мүмкіндігі шектеулі балаларды, қоршаған ортаға бейімдеу

Бақберген Әсия

Баяндама

Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларды, қоршаған ортаға бейімдеу.

Педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі балаларды мінез-құлқындағы кемшіліктерді ескере отырып оқыту, олардың ой-өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне, яғни оқу, жазу, ортаға бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан да психикалық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу үрдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Ал танымдық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Мүмкіндігі шектеулі балалар даму жүйесінде ауытқушылықтар болғандықтан өз қатарластарынан артта қалған, қоршаған ортаға бейімделуі баяу, кейбіреулері денсаулығына байланысты ақырын қимылдайды, көбіне көңіл-күйі төмен болатындықтан да қатты сөйлегенді қабылдай алмайды.

Мұндай балалардың ата-аналарымен жұмыс істеудің де өзіндік қиыншылықтары бар. Мүмкіндігі шектеулі бала үйреткеніңді қабылдайды, дегенмен, бұл ұзақ жүретін процесс. Бірі түсінгенді екіншісі түсінбейді, бірін-бірі тыңдағысы келмейді, сабақтың өзін көңіл-күйіне қарай қабылдайды. Бұл балаларға қатты сөйлеуге болмайды, тек асқан шыдамдылықпен баланың тілін таба білу керек. Яғни, сабақ түсіндіру барысында әр балаға қабылдау деңгейіне қарай түрлі тәсілді қолдану керек. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет, яғни баланың жанына жақын заттарды еске сақтату, ойландыру, елестету, бала бойындағы түрлі қабілеттерін дамытумен тығыз байланысты.

Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, еске сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадыр-қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесуін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруге, яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетілуде. Жалпы, ақыл-ойында әртүрлі ауытқуы бар балалардың көбі толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шығады. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарым-қатынас жасай алмайды және бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді.

Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, жаратпау және еркелету эмоцияларын ажырата алады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, адам бетіне аянышты түрде қараумен білдіреді. Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балалар селсоқ, өзіне-өзі сенімсіз, кейбіреулері шектен тыс ызақор болып келеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болады. Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді.

Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақты, көбіне, олардың жанына жақын ойын түрінде өткізу тиімді. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық көңіл-күйі көбінесе ойын және еңбек іс-әрекетінде көрініс береді.

Ойын  арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын барысында балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  • Саморегуляция в познавательной деятельности у детей с задержкой психического развития. Автор. Н.В.Бабкина
  • Специальная педагогика и коррекционная психология. Неретина Т.Г.
  • . Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. Қарағанды: „САНАТ–Полиграфия“, 2008.
  • Захаров А.И. Психотерапия неврозов у детей и подростков. — М., 1982.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.