Елдің болашағы кімнің қолында?

ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ КІМНІҢ ҚОЛЫНДА?

Тәуелсіздік –  таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, бабалар аңсауы. Халқымызға еркін, бейбіт өмір оңайлықпен келе қойған жоқ, бұл бәрімізге мәлім. Демек, ата- бабамыздан қалған баға жетпес зор мұраны, кең байтақ жер мен тыныш өмірді сақтап қалу ендігі кезекте, өскелең жас ұрпақтың мақсатына айналуы тиіс деп білемін. Тарихымыз бен ел есінде мәңгілікке қалған ұлы тұлғалардың сыйлаған тәуелсіздігі, қазіргі жастардың жарқын болашағына жол ашып беруде. Ендеше, бұл мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, келесі ұрпаққа бұдан да жақсы өмірді құрып жеткізу, ел дербестігін мәңгілікке қалау борышымыз!

Қазіргі таңда сапалы білім алуға, ақысы жоғары жұмысқа орнығу үшін барлық жағдай жасалуда. «Үкімет тарапынан көмек аз беріледі» деп айтудың орнына, керісінше неге жаңа инновацияларды енгізіп, орынды идеяларды ұсына отырып, көмектесіп жібермеске? Жастар тарапынан білімқұмарлылық, еңбекке деген құлшыныс пен айналасына пайда әкелу деген ниет болса, ел экономикасына тигізер пайдамыз зор болып, елдің ірге-тасын биік қалап, атын барша әлемге танытып, дамыған елдер қатарына қоса алатынымыз айдан анық. Сол сәтте ғана жастардың өз мемлекетінен өзге шет елдерге миграция жасау статистикасының көрсеткіші азаяды, ал халық жағдайы тек жақсара түседі деп санаймын.

Мен өмірімнің болашағын дәл осы мемлекетте көремін, және оның барынша дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Осы себептен, осы ойды айналамдағы қоғамыма насихаттау мақсатында және өзімді алға жетелейтің уәждемелік сөз негізінде, келесі өлең шумақтарын шығарып, қағазға бастырдым.

 

Тыныш, азат өмір оңайлықпен келді ме?

Көп жатыр ғой тәуелсіздік сөзінде…

Қанша еңбек, қаншама тер төгілді

Сақтаймын мәңгі, бұның бәрін есімде…

 

Тарихым, тегім осы жерде болғанда

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Еңбек етіп, елге деген пайдам тисе

Өмірімде артық бақыт табам ба?!

 

Еліміздің болашағы өз қолымызда,

Адаспайық жастар, өмір жолымызда.

Ұлы Абай айтқандай кірпіш болып

Қаланайық керекті боп орнымызға.

(Тасболат Сабина)

Вам может также понравиться...

комментария 3

  1. Еркебулан:

    Елдің болашағы біздің қолда

  2. Оте жаксы жазылған 👍

Добавить комментарий для Айша Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *