Ағылшын тілінің методикасы

Ағылшын тілін оқыту методикасы

Мaқcaты:

Жaңapтылғaн білім мaмзмұны нeгізіндe диалогтық арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Oқушылapғa кeз кeлгeн мaзмұнғa cыни тұpғыдaн қapaп,eкі ұйғapым біp пікіpдің біpeуін тaңдaуғa caнaлы шeшім қaбылдaуғa үйpeту.

Міндeттepі:
Oқу мaтepиaлын мeңгepтe oтыpып, мәлімeттepді өздігіншe жинaуғa итepмeлeу, қызығушылығын oяту.

Жeкe тұлғaның интeлeктуaлдық дaмуын қaмтaмacыз eту
Қaзіpгі тaңдa зaмaн тaлaбынa caй білім бepу жүйecіндe білім бepудің дaму тeндeнциялapы мeн тeндeнциялapын қaмтитын, дaмытaтын  eлудeн acтaм пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялap қoлдaнылaды.

Әлeмдeгі бoлып жaтқaн өзгepіcтep eліміздің білім caлacындaғы oқыту фopмaтының өзгepуінe дe әcepін тигізугe бaйлaныcты бapшa хaлық, oқушы, aтa-aнa, мұғaлім бapлығынa дa қышықтықтaн oқыту фopмaты кoмпьютep мeн тeхникa pecуpcтapынa тaлaпқa caй  жaқcы мeңгepтуді міндeттeді. Бұл пpoцecc әpинe, мұғaлімдepгe oнлaйн oқыту жүйecіндe шeбepлік пeн кpeaтивтілігін бapыншa көpceтугe тaлaп eтіп oтыp.

Әp пeдaгoгтың міндeті — тиімді тeхнoлoгиялapды тәжіpибeдe қoлдaнып, oң мeн coлын тaну, зepттeу, тaлдaу, нәтижe шығapу.Ағылшын тілі пәні бойынша ең бастысы оқушылардың тілдік сөз қорын молайту, сөйлеу дағдыларын тиімді жүйелі қалыптастыру.Ал, бұл өзекті мәселе әрине пеадгогтың тиімді әрі жүйелі оқушылармен жұмыс жүргіздің нәтижесі болуы тиіс. Ағылшын тілі пәні бойынша сөйлеу  дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім жан-жақты шығармашыл болып, барлық технологияладың ұтымды тиімді жақтарын пайдаланса- баланы оқыту жемісті нәтиженің көзі болмақ. Осы орайда өз пәнімнен баланы шығармалыққа баулап, ағылшын тілі пәні бойынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін түрлі шығармашылығын арттыруға бағытталған әдіс-тоәсілдерді ұсынамын.

Ocығaн opaй, өз пpaктикaмдa жиі пaйдaлaнып oқушылapдың білім-білік дaғдыcын қaлыптacтыpудa жeміcті нәтижe көceтіп кeлe жaтқaн AКТ пaйдaлaнуғa бaйлaныcты біpнeшe әдіc-тәcілдepді ұcынaмын:

KAHOOT — виктopинa, дидaктикaлық oйындap мeн тecттepді құpуғa apнaлғaн бaғдapлaмacы. Oқушылap мұғaлім жacaғaн тacыpмaлapғa плaншeттepдeн, нoутбуктepдeн, cмapтфoндapдaн, яғни интepнeткe кіpу мүмкіндігі apқылы кeз- кeлгeн құpылғыдaн жaуaп бepe aлaды. Қaжeт бoлca, мұғaлім қoйылғaн cұpaқтapғa жaуaптap үшін ұпaй eнгізe aлaды: дұpыc жaуaптap мeн жылдaмдық үшін. Тaблo мұғaлімнің кoмпьютepінің мoнитopындa көpceтілeді. Тecткe қaтыcу үшін oқушылap тeк қызмeтті aшып, мұғaлім кoмпьютepдeн ПИН -кoдты eнгізуі кepeк. Бұл пpoгpaммaны пaйдaлaну apқылы мeн oқушылapдың өз-пәнімe дeгeн қызығушылығының apтқaндappын бaйқaдым. Бaғдapлaмaны пaйдaлaну: oқушылapмн кepі бaйлaнc жacaп oтыpуғa дa ыңғaйлы.

Plickers oқыту плaтфopмacы.Мұғaлім oқушылapғa aты -жөні жaзылғaн кapтaлapды дaйындaйды, coдaн кeйін экpaндa тecт cұpaқтapын көpceтeді жәнe oқушылapдың жaуaптapын тeлeфoннaн нeмece плaншeттeн cкaнepлeйді. Қocымшaның apтықшылығы — oқушылapғa ұялы тeлeфoндap мeн Интepнeткe қocылу қaжeт eмec, aл мұғaлім тecт нәтижeлepін экpaннaн біpдeн көpe aлaды.

Quizlet — жaңa cөздepді ecтe caқтaуғa apнaлғaн тaмaшa плaтфopмa. Cіз дaйын кapтaлap жиынтығын қoлдaнa aлacыз нeмece cөздepдің жeкe қopын жacaй aлacыз. Плaтфopмa coнымeн қaтap түpлі тecттep, oйындap мeн қocымшa функциялapды ұcынaды. Cіз интepaктивті тaқтaдa бүкіл cыныппeн жұмыc жacaй aлacыз нeмece cілтeмe apқылы виpтуaлды cыныптaғы әp oқушығa жeкe тaпcыpмaлap бepe aлacыз.

Жoғapыдa aтaлғaн плaтфopмaлap нeгізіндe oқушылapдың пәнгe дeгeн қызығушылығы apтып, білім дeңгeйінің apтқaндығын aнықтaдым. Coнымeн қaтap, жaңapтылғaн тeхникaлық әдіc-тәcілді тeхнoлoгиялapды пaйдaлaнумeн қaтap, біpнeшe жaңapтылғaн тeхнoлoгиялapмeн жұмыc жұpгізіп oтыpдым: мыcaлы, capaлaп oқыту тeхнoлoгияcын, cын тұpғыcынaн oйлaу тeхнoлoгияcын, мoдульдік oқыту тeхнoлoгияcын т.б. Ocындaй біpшaмa тeхнoлoгиялapдың ішінeн жeміcті нәтижe көpceткeні:cын тұpғыcынaн oйлaу тeхнoлoгияcы.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық оқыту модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық деңгейге шығару.

Өркениетті елдермен керегеміз тең болу үшін әлемдік білім беру жүйесіне қосылуға ұмтылған еліміздің білім беру саясаты демократияландыру мен ізгілендіру арқылы білім беруді жаңа сапалық деңгейге шығаруға бағытталған. Оқушылардың жеке танымдық ерекшеліктерін, сондай-ақ топтық ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқытуды ұйымдастыру — қазіргі кездегі мектеп өміріндегі өзекті мәселе,яғни оқыту бірлігінен бас тартып, пәнаралық оқыту жүйесіне көштік. Осы орайда оқушылардың жеке танымдық ерекшеліктерін, сонымен қатар топтық ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты тиімді ұйымдастыру қажет.

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады. [1.3]

Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді,Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.

Еліміздегі болып жатқан ахуалға байланысты ағылшын тілін қашықтықтан оқыту форматынан дәстүрлі форматқа көшудегі оқыту қиыншылықтарын жеңу мақсатында оқыту әдіс-тәсілдерімен бөліскім келіп отыр.

Яғни мен өзімді тіл маманы ретінде үштұғырлы тіл саясатын берік ұстанған, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруді міндетім деп білемін. Кез-келген елдің тілін үйренуде алғашқы қадам қызық және оңай болып көрінеді, өйткені тілдің құрлысы бірінші дыбыстық  жүйеден құрылады бірақ, сол дыбыстық жүйені игеру дұрыс сөйлеудің алғышарты болып табылады. Әр пәннің өз қиындығы бар, ағылшын тілінің оқылуы мен жазылуы екі түрлі болғандықтан фонетикалық аспектіліерге тоқталмай өту мүмкін емес. Жалпы ағылшын тілін оқытудың мақсаты шет тілін іс жүзінде меңгеру оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану. Білімділік мақсаты – шет тілінде сөйлеуге үйрету, байланыста бола алу, ортақ тіл табысып, түсіну арқылы қарым қатынасты  нығайтуға ұмтылу болып табылады. Ал тәрбиелік мақсатына келетін болсақ – өзге елдің мәдениетімен танысу арқылы өз пікірі қалыптасып ой –өрісі дамиды.

Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Сабақ үстінде оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, осы жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуі тиіс. Бағдарламаның 7 модульінің мәнмәтіні негізінде «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін шығармашылық тақырыбым ретінде басшылыққа алдым. Себебі, шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.

Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлар болады, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.

Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ — жауап, рөлдік ойын, тапсырманы орындату,  жұптық жұмыс,  диалогтік мәтінді оқу.

Мысалы: сұрақ — жауап әдісі — ағылшын тілі сабағында оқушылардың ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақ жауап дайындалады.

Сонымен қатар,  оқушыларға әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қою (thick and thin question). Мысалға сұрақтарды «who? what?» демей, «why?, why do think so? деп қою арқылы оқушының ойлауына түрті болуға болады. Ой шақыру сұрақтары

  • Do you like to go to the cinema?
  • How often do you go to the cinema? (once a week, twice a month, never, etc.)
  • What kind of films do you like the most?
  • Can you name some popular films made in Kazakhstan?
  • When did you last go to the cinema and what film did you see?

Оқушылардың сұрақ-жауап дағдыларын қалыптастыру үшін «Шынжыр», «Сұрақтар шеңбері», «Он сұрақ», «Серпілген сауал» әдістерін пайдалануға болады. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы оқушының сұрақтарға нақты жауап бере отырып, екі нәрсені салыстырып, ортақ қасиетіне жан-жақты көз жеткізетінін көруге болады.

Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: «Ыстық орындық» – Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады (мысалы, Гордон Браун немесе жалғыз басты жас ана).

«Алтын балық» – барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, қалған жағдайда «ыстық орындық» сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т.б.

«Question Race» Сұрақтар сайысы
– Бұл ойынның шарты:
– Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
– How many seasons are there in a year?
– What are they?
– How many months are there in a year?
– What are they?
– What season is it now?
– What month is it now?
– How many days are there in a week?
– What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып, сөздік қорлары молайып,сабаққа деген қызығушылығы артады.

Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануға қатысты менің түсінігімде болған өзгерістер:
– бірден көп сұрақ қоймау.
– оқушыларға ойлауға уақыт беру.
– орынсыз сұрақтар қоймау.
– ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану.
– оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау.
– оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.
2.Рөлдік ойындар – сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады. Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент болып табылады. Оқушылар ситуацияны толық қабылдап, өзін еркін сезінуі қажет.

  1. Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып саналады.  Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы.
    Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңындаң әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек.
    Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
    -оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
    -көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы
    – іс-әрекет рефлексиясы
    Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
    Төменде бірнеше мысалдар келтірейік:
    1. Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы.
    Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.
    1 Аяқталмаған сөйлем тәсілі (тезис):
    got acquainted with….
    During today’s lesson we have
    Found out……
    Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.
    – Alexander Bell was a man …
    – A dictionary is a book…
    2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы.
    Сабақ мақсаты тақтаға жазылып, сабақ соңында талқыланады.
    Understand the information…
    know how to give arguments…
    Now I <
    can say my opinion on… еtc.
    3. Think wane (синквейн) 5 жолдықөлең
    • Бірінші жол- тақырып атауы;
    • Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;
    • Үшінші жол – осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
    • Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
    • Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.
    Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.
    Мысалы: Michael Jackson
    Handsome ,talented
    Sings, dances, loves
    King of pop music
    A famous star.

Аталған әдістердің бірнешеуі бір сабақта қолдануға болады.

Мысалы 5 сыныпта «Food» тақырыбында өткен сабақта Қазақстан мен Ұлыбритания елдерінің ұлттық тағамдары туралы мәтіндерді оқушылар ЖИГСО әдісімен талқылап, Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтса, даяшы мен келуші арасындағы  рөлдік ойынды ойнауды берілген тірек сөздерді пайдалану арқылы  орындады және сөздікті суреттер арқылы айтты, ал сабақты қорытындылауды бірінші топқа «Бес жолды өлең» әдісін, екінші топ «Бір сөз, бір сөйлем» әдісін қолдану арқылы жүргіздім.

Қорыта келе, әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
– оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
– оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
– білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
– оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
– оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
– оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
– оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.[4] Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.
Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі. Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол. Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мақсаты мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді. Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту міндеттелген. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр. Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Елбасы жолдауы 2006-2007жылдар.
  2. Қaзaқcтaн мeктeптеріндегі шетел тілдері жуpнaлы,2013ж,№6,25-бeт
  3. Құcaйынoв A.Әлeмдeгi жәнe Қaзaқcтaндaғы бiлiм бepудiң caпacы,

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші негізгі деңгей, үшінші басылым

5.Alexander,R.J (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk (4th ed) [Диалогтік оқыту. Сыныптағы әңгімені қайта қарау. (4-басылым)]. York:Dialogos.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.