Жасөспірім болу оңай ма?

«Жасөспірім болу оңай ма?»-деген сұраққа былай жауап берер едім: адам өміріндегі ең маңызды есте қалатын кезеңнің бірі-жасөспірімділік шақ.

Мен қазіргі уақытта 6-сынып оқимын, яғни 12 жастамын. Осы жаста жасөспірімдердің мінезі де, сабағы да, қоршаған ортамен тіл табыса алмай, көбінесе көңіл-күйі  болмай жүреді.

Жасөспірім болу оңай емес, өйткені олар өздерін кішкентай емес екенін біліп ересектерге еліктейді. Олар ата-аналарың аямай қымбат ұялы телефондарды, компьютерді, планшетті, велосипедті, мотоциклді, машинаны, әшекейлер және сәнді киімдер талап етіп отырады. Ата-аналары тыңбай еңбек етіп соңғы ақшаларын беріп тұрса да, жасөспірімдер алғыс айтуды ұмытып кетеді.

Жасөспірімдердің  ойынша,  ата-аналар міндетті. Осы кезенде жасөспірімдер өзімшіл болып келеді.

Қазіргі уақытта жасөспірімдерде интернет желісі, компьютер, планшет, теледидар,  телефон, әртүрлі әдебиеттер қол жетімді. Олар өздерін дұрыс жағынан дамытуға мүмкіндіктер жетерлік. Тек қана уақытылы психологиялық көмек көрсетіп, отбасы мен мектеп бірлесіп бағыт-бағдар  беру қажет.

Әрқашан жасөспірім болу оңай емес екенін барлығымыз есте сақтап жүрейік. Тек сол кезде ғана отансүйгіштік қасиеттер, адамгершілігі  мол, үлкендерді сыйлайтын,  кішіге үлгі болатын бала бола аламыз. Мен өзім ата-әжемді, ата-анамды, інімді өте жақсы көремін және құшақтаймын  немесе сүйемін.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.